Жаратылыстану факультеті


Терінің құрылысы мен маңызы



бет37/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Терінің құрылысы мен маңызы. Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эпидермис, ортаңғысы дерма және ішкісі гиподерма деп аталады. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.
Tepi асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Tep бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа
және шап терісінде көбірек болады.
Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.
Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді.
Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады.
Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тері арқылы (термен) бөлініп отырады. Тері газдардың алмасуына қатысады, оттектің сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Тері – сезім мүшесі.
Терінің құрлысы. Тері үш қабаттан: сыртқы, ішкі әне шел қабатынан тұрады (1сурет). Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организмдегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.
Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің
бұл қабаты қан тамырлармен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.
Тері бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде – адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Тері майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді.
Шаш және тырнақ – бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет