Жаратылыстану институты


кесте №11. Физикалық өлшеу нәтижелерін графиктік әдіспен өлшеу



бет20/39
Дата26.12.2023
өлшемі12,4 Mb.
#143420
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
fiz kuraldar umkd f-22-1у 3

4 кесте






11. Физикалық өлшеу нәтижелерін графиктік әдіспен өлшеу
Дәріс жоспары:
1.Нәтижелердің графиктік бейнесі
2.График салудың ережелері

Көптеген физикалық өлшеулер қандайда бір физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті эксперименттен алынған мәліметтер арқылы тексеруге негізделген.Физиқалық шамалардың өзара тәуелділіктерін графиктік әдісті қолдана отырып өңдеуде интерполяциялық түзулер және ең аз квадраттар әдісін пайдаланады.


Нәтижелердің графиктік бейнесі. Осыған дейін біз барлық өлшеулер тобы жасалынып Дәріс жоспары:
1.
болғанша өзгермейтін жағдайдағы физикалық шаманы өлшеуді қарастырған болатынбыз. Бірақ, өлшенетін шаманың өзі де өлшеу уакытында оған байланысты басқа шамалардың өзгеруінің әсерінен өзгеріп отыратын жағдай да болуы мүмкін. Мысалы, ертіндініңтығыздығының температураның өзгеруіне байланысты өзгерісі, сұйықтың тұтқырлығының температураға байланысты өзгеруі, т.с.с. Демек, у шамасы х шамасына теуелді. Онда х-тің өзгеруімен у те өзгереді. Әрбір жағдайда қарастырып отырған өзара тәуелді шамалардың арасындағы байланысты айқын түрде көру үшін өлшеулер нөтижесін графиқ түрінде берген қолайлы болады. Ол үшін екі жұп шама өлшенеді: х және у (x112,y2;....,xn,yn). Одан соң табылған мәндерді графикке түсіріп, барлық нүктелерге де жақын өтетін қисық табылады. Графикті құру кезіңде келесі талаптар орындалуы тиіс:
а) міндетті түрде тік бұрышты координата жүйесін пайдалану керек. Әдетте, горизонталь ось бойына тәуелсіз айнымалыны, яғни эксперимент жасаушының өзі беретін шама орналастырылады да, ал вертикаль оське анықталынатын шама орналастырылады.
б) масштаб таңдауда :
Біріншіден-эксперименттік нүктелер бір жерге
шоғырланбауы керек, олар графиктің барлық ауданына орналасуы қажет. Мысалы, магнит өрісінің индукциясының В кернеулікке Н тәуелділік графигін екі түрде кескіндеуге болады.

а) сызбасынан информацияны толық қабылдау қиындау болады.
Екіншіден – масштаб қарапайым әрі ыңғайлырақ болу керек. Сызбаның әрбір торы өлшенетін шаманың 0,1; 0,2; 0,5; 1; 2; 5; 10; және тағы басқа (2,5, 3; 4; 7: және т.б. басқалары емес) бірлігіне сәйкес келуі мүмкін. Ыңғайлы етіп таңдап алынбаған масштабта сызылған графикте эксперименттік нүктелерді түсіру көп уақытты керек етеді.
в) ондық көбейткіштерді өлшем бірлігіне енгізген ыңғайлырақ болады, сонда графиктегі сандады 10 000; 20 000; және т.б. немесе 0,0001; 0,0002 және т.с.с. деп жазбай-ақ 1; 2; 3; ... деп жазуға болады.

Координата осінде шаманың белгіленуі немесе аталуы мен өлшем бірлігін көрсету керек, санымен бірге ондық көбейткіш те өлшем бірлігіне қатысты болады: Е-1011 н/мм2;


г) эксперименттік нәти желерді графикте бейнелеудің тәсілі олардың кездейсоқ қателігі белгілі ме, соған байланысты болады. Егер ол белгілі болса, (көбінесе ол белгісіз болады) онда нәтижелер нүкте түрінде белгіленеді, ал егер белгісіз болса, онда оны графикте келесі түрде белгілейді: Горизонталь бойынша жартылай қрестің өлшемі абсцисса осі бойынша сенімділік интервальша тең , ал оның вертикаль жартылай өлшемі ордината осі бойынша сенімділік интервалына тең (масштабы өлшеу қателіктерінің мөнін кем дегенде бір осьтің бойында қалдырылатыңцай етіп таңцап алынуы тиіс). д) эксперименталдық нүктелер арқылы ең ыңғайлы қисықты жүргізу. Нүктелерді бір-біріне тікелей қосуға болмайды, өйткені х пен у арасында секірмелі тәуелділік пайда болады (бұл жағдай өте сирек кездеседі).



Графиктегі кисық барлық нүктелердің арасымен өтуі керек, сонымен катар сызықтың астыңғы бөлігінде қалатын нүктелер саны мен үстінде қалатын нүктелер саны да шамалас болуы керек. Графикте бейнеленетін қисықты эксперименттік нүктелер арқылы ең ыңғайлы етіп жүргізу мәселесін ең аз квадраттық әдіспен шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет