Дифференциялдық әдіс. Бұл әдістің дифференцияльдық аталуы латынның «дифференция» - айырмашылық деген сөзінен алынған. Әдістің мәні мынада: өлшенетін шама мен дәлдігі белгілі басқа шама арасындағы айырмашылық анықталынады және өлшенетін барлық шама тікелей өлшенбейді.
Ұзындықты өлшеу мысалын қарастырайық (бұл әдісті ұзындықты өлшеуде салыстыру әдісі деп атайды). Қандай да бір прибормен дененің ұзындығын тікелей бағалау әдісімен анықтауға болатыны белгілі. Ал енді ұзындықты дифференциальдық әдіспен өлшегенде дәлдігі жоғары, белгілі нәрсені таңдап аламыз да өлшенетін шаманы онымен қатар қоямыз. Содан соң олардың айырмашылықтары өлшенеді. Енді дәлдіктің қандай болатынын көрейік.
Біздің қолымыздағы прибордың барлық жағдай үшін салыстырмалы қателігі 0,1%-тен аспайтын болсын. Егер өлшеген дененің ұзындығы 210 мм болса, онда оны тікелей бағалау әдісімен өлшегендегі қателігі 0,2 мм-ден аспайтындай нәтиже алады.
Айталық, өлшенетін денемен қатар қойылған өлшемнің ұзындығы 200 мм. Eкі ұзындықтың айырмасы —10 мм. Енді ұзындықгың айырмасы да сол дәдікпен өлшенеді. Онда, өлшеу қателігі 10 мм-дің 0,1%-тін құрайды, яғни 0,01 мм. Өлшенген дененің барлық ұзындыққа қатысты салыстырмалы қателігі шамамен 0,005%.
Өлшеу барысында әр түрлі белгілер мен сигналдардың сәйкес келуіне негізделген өлшеу әдісі—сәйкестеу әдісі болып табылады. Бұл әдіс уақыт және радиотолқын сигналдарын қабылдауда кеңінен қолданылады.
Жоғарыда айтылған әдістер өлшеу техникасының негізі болып табылады. Практикада олар шуларды болдырмау, өндірісте шығынның болуының алдын алу үшін пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары
1.Өлшеуді қандай сипатына қарай жіктейді?
2.Тікелей өлшеу қалай жүргізіледі?
3.Жанама өлшеу қалай жүргізіледі.
4.Бір физикалық шаманы өлшеу үшін тікелей де, жанам да өлшеу әдістерін қолдануға болады ма?
5.Нөлдік әдіспен қалай өлшейді және бұлай өлшеу қандай процеске негізделген?
6.Дифференциялдық әдіспен қалай өлшейді және бұлай өлшеу қандай процеске негізделген?
7.Тікелей бағалау әдісімен қалай өлшейді және бұлай өлшеу қандай процеске негізделген?