Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет27/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Біріншіден, оқу жоспарына сай зерделенетін пәндердің барлығыда білімдік және тәрбиелік рөлі жағынан бірдей маңызға ие болып, осы күнге дейінгі тәжірибеде орын алып келген ''мынау негізгі'', ''мынау қосымша'' пән деп бөлінбей оқытылады. Мысалы, тіл, математика – негізгі, музыка, бейнелеу өнері, еңбек, дене шынықтыру - қосымша пәндерге жатқызылып келгені мәлім.
Екіншіден, оқушылар тек пәндік білім, білік дағдылардың белгілі бір жиынтығын меңгерумен шектелмей, бұған қоса оқу және сөйлеу (ауызекі, жазба тіл) әрекетін, өзін - өзі ұстау, мінез-құлық мәдениетін, этикалық, эстетикалық, адамгершілік нормаларын, яғни оқушының тәрбиелік деңгейін сипаттайтын және қалыптасуында әр пән белгілі бір рөл атқаратын құндылық қатынастарды меңгереді.
үшіншіден, білім мазмұнының жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлануы білім беруді ізгіліктендірудің міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, оқытуды шамадан тыс идеологизациялауға жол бермейді, саясаттандыруды болдырмайды.
Сондықтан білім берудің басты міндеттері:

  • оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаға (мектеп – осындай орта) үйренуін, онда жаңа әлеуметтік мәртебе – оқушы мәртебесінің қалыптасуын;

  • оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас т.б. сияқты әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруін;

  • айналадағы дүниемен дара-тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларды меңгеруін;

  • білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Дүниетану пәні мазмұны ''Адам'', ''Қоғам'', ''Табиғат'' деп аталатын, үш блокпен құрылады; пәнді оқытудың басты мақсаты айналадағы дүние туралы оқушыда біртұтас көзқарас қалыптастыру және ондағы адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу.
Өзінің мазмұны, қисыны және құрылымы жағынан пән мынандай елеулі ерекшеліктермен сипатталады:
Біріншіден, ''Адам'' блогы жаңа. ''Дүниетану''оқулығында, біздің мектептеріміз тарихында адамды, оның айналадағы дүниемен қарым-қатынасымен (''адам – материалдық және рухани мәдениет'', т.б.) жан-жақты қарастырып, оқушыларға таныстыруды бастайтын алғашқы пән екендігін атап көрсеткен жөн. Мұнда бұл ұғымдардың мәні абстрактылы түрде қалмай, оқушының өзін-өзі тануы деңгейінде объективті және субъективті тұрғыдан реалды көрініс беріп нақтылануына баса көңіл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет