Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Білім, білік, дағдыларды бақылау, бағалау жүйесі



бет29/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Білім, білік, дағдыларды бақылау, бағалау жүйесі.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген оқу жұмысын бақылау-бағалаудың бес балдық жүйесі, оқушыларды ''үлгерімі жақсылар'' мен ''үлгерімі нашар'' деп жіктеп, соңғыларда мектептен шеттету немесе сыныпта екінші жылға қалтыру тәжірибесі мектеп дамуының белгілі бір кезеңінде қалыптасқаны белгілі.


Мектепте оқушының жеке тұлға ретінде өздігінен дамуы мен тәрбиесіне және оқу жұмысын мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығы, гуманизациялау принциптері негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезенде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол диагностикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқаруы тиіс. Бұл қызметтерді рейтинг жүйесінде қамтамасыз ететіндей мүмкіндіктер мол. Себебі бұл жүйеде:

  • оқу іс-әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс бастауыш кластан басталуы тиіс;

  • мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесін бақылап бағалаудың және мұның кемшіліктерді анықтау, түзетудің әдістері мен тәсілдерін үйретуге, бақылаудың дұрыс эталондарын, бағалаудың нормалық критерийін, оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін меңгертуге,жұмыс нәтижесін, оларда өз мінез-құлығын дұрыс бақылап бағалау дағдысын қалыптастыруға, ырықты зейінін тәрбиелеп жетілдіруге бағытталады; өз деңгейін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеу білігінің негізі қаланады;

  • бүкіл бақылау-бағалау үрдісі әр оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғары жауапкершілік сезімін тәрбиелеуді, оқу үрдісінде жеке тұлға ретінде дамуы жағынан оның артта қалып қоймауын, тұтас алғанда, сыныптағы әр оқушы үшін жақсы көңіл-күй ахуалын қамтамасыз ететіндей дәредеде ұйымдастырылып жүргізіледі.

Дамыта оқытудың түпті мақсаты әр пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға үнемі нысана, тірек болып отырады. Мысалы, пәндерді дамыта отырып оқытудың түпкі мақсатының бірі оқушыларда әртүрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару, бір объекті қызметінің әртүрлі қырлары бар екенін көріп ажырату, объектінің басқалармен байланысын анықтау; мәнді белгілерден мәнсіздердін ажырату; объектілерді айырма белгілеріне қарап жіктеу, ұқсас белгілері бойынша топтау, бақыланған құбылыстарды жалпылау, белгілі әрекет-тәсілдерді таныс емес жағдайларға қолдану, т.б. осылар жалпы интеллектуалдық біліктерді қалыптастыру десек, осы ''тізімнің'' өзінде-ақ оқу материалын оқытудың логикалық, ғылыми, практикалық әдістері мен тәсілдері анық көрінеді.
Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына еңгізу. Мұның өзі оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді.
Бұл әдістер мұғалімнің ''дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі'' ретінде қоюы, ''жекеліктен жалпыны тауып шығару'', қалыптасуы тиіс ''әрекеттің жалпы моделін'' құру, ''Аналогтарды пайдалану'', ''объектінің жаңа қызметін көру'', т.б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденісіне жетектейтін іс-әрекетке қосатын, оқушыны ''өз көзқарасының авторы'', ''іс әрекет біліктері мен дағдылардың шебері'', ''белсенді ізденгіш'' ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Ойын, рөлдік, имитациялық ''конференция'', ''саяхат'', ''дөңгелек үстөл'', ''сахна'', т.б. сияқты оқу жұмысын ұйымдастырудың ''дәстүрлі емес түрлері'' деп аталып жүрген сабақтар оқушыларды ұжымдық еңбекке тәрбиелеп, олардың өз жасына лайық жеңіл әлеуметтенуін қамтамасыз етеді. Оқушыны әлеуметтендіру дамыта оқытудың тағы бір түпкі мақсаты.
Қазір дамыта оқытуға тән бұл сияқты әдіс-тәсілдер, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері мектеп тәжірибесінде кең қолданылып жүр. Тек, олардың сыртқы белгілерімен әуестеніп, түпкі мақсат, міндеттері назардан тыс қалмағаны жөн.

Дүниетану ұғымдары мен түсініктерінің


қалыптасуы мен дамуы.

Мұғалімнен тапсырма алғаннан кейін оқушылар оны жүзеге асырады. Нәтижесінде олардың санасында объектінің немесе табиғат құбылысының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады. Түсінік балалардың санасында көрнекі бейнелер түрінде туады және нақтылы сипатта болады, бірақ бұл бейнелер қарапайым қабылдауға қарағанда біршама жалпылама түрде болады.


Мұғалім түсінікті тереңдету және кеңейту үшін оқушылардың алдына заттың немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін анықтайтын сұрақтар қояды. Мәселен, ІІ класта ''Жапырақ неге сарғаяды?'' тақырыбы бойынша: Қандай ағаштардың жапырағы түсіп жатыр? Түскен жапырақтардың түсі қандай? Барлық ағаштардың жапырақтарының түсі өзгерген бе? Ағаштардың жапырақтарын салыстырыңдар, олар несімен өзгешеленеді? Қылқан жапырақты ағаштардың жапырақтары қандай?
Осы сұрақтарға оқушылардан жауап алған соң, жапырақтың түсінің неге өзгеретіндігін, оған жасыл, қызыл, сары түс беретін не екендігі жөнінде түсінік беріп, түскен жапырақтардан (әртүрлі ағаш, бұта, шөптесін) бір – екіден жапырақ жинату. Әңгіменің соңында әр оқушы өзі жиған өсімдігін айтып, қорытынды жасалады.
І класта ''Күндіз'', ''Түн'' тақырыптарында балалар табиғат құбылысы ретінде осы құбылысты бақылап, алғашқы түсінік қалыптасады. Ал І кластағы осы түсінік ''Күн жүйесіндегі планета'', ''Жердің тәуліктік айналуы'' тақырыбында ғылыми негізде нақты түсінікке айналады. Оқушылар ''күн'' мен ''түннің'' ауысуы жайлы қорытынды жасай алады.
Сонымен, мұғалім балаларды заттардан немесе құбылыстардан белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, сонан кейін түсініктерін кеңейту үшін бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері мен қасиеттерін салыстырып, олардың ең маңызды ерекшеліктерін анықтауға үйретуі керек. Өз кезінде К.Д. Ушинский ''салыстыру кез- келген ұғымның және кез- келген ойлаудың негізі болып табылады'' деген болатын.
Мысалы оқушылар ағаштарды салыстырғанда (қылқан және жапырақты) бірінші кезекте олардың жалпы белгілерін: тамыры, діні, бұтақтары, жапырақтары бар екендігін атап өтулері керек. Олар содан кейін, осы жалпы белгілерін салыстыра отырып, негізгі айырмасы жапырақтарында екендігі, қылқан жапырақты ағаштардың жапырақтары қылқан түрінде болатындығы жайлы қорытындыға келеді.
Түсініктерді қалыптастырудағы маңызды қадам – балалардың заттың ең маңызды белгілерін айыра білуі болып табылады. Мәселен, олар барлық жапырақты ағаштардың жапырақтары, ал қылқан жапырақтылардың қылқаны болатының ерекше атап айтулары керек. Немесе барлық төбелердің басы, етегі, беткейлері болады, бірақ әрбір төбенің биіктігі және формасы жөнінен айырмашылығы болады.
Балаға заттың мәнсіз белгілерінің немесе қасиеттерінің өзгеруі осы заттын белгілі бір ұғымға тиістілігіне әсер етпейтіндігін түсініндіру керек. Мысалы, жапырақты ағаш биік немесе аласа, жуан немесе жінішке, ұшар басы үлкен немесе шағын болуы мүмкін, бірақ бәрібір ол қылқан жапырақты ағаш емес жапырақты ағаш болып қалады.
Онан әрі мұғалім оқушыларға заттарды олардың маңызды белгілеріне қарап, оқушыларға заттың өзін атауды ұсынады: онша биік емес өсімдік, бірнеше жіңішке діндері бар, бұтақтарында қылқан немесе кәдімгі жапырақтары болуы мүмкін. Немесе: жер бетінің қандай формасында көкжиек түзу сызық, байқарлықтай көтерінкі, не ойынқы жері жоқ.болып көрінеді. Сонымен заттын маңызды белгілері оқушыларға заттың өзін дұрыс анықтауға көмектеседі.
Маңызды белгілер мен қасиеттерді анықтауға байланысты жүйелі жұмыс жүргізу балалардың жеке табиғат объектілері туралы саналы түсініктерінің қалыптасуына әкеледі.
Түсініктердің болуы адамға заттардың өздері болмағанда олардың бейнелерін пайдаланып сөйлеуге мүмкіндік береді. Оқушылар көз алдында болмаса да сыныпта төбелер туралы әңгімелейді, төбенің схемасын сызады, немесе үйдегі, табиғаттағы, тіршілік бұрышындағы бақылауларына сүйене отырып, алдарында не өзі, не бейнесі болмаса да, қандай да бір жануарлар туралы айтып береді.
Сонымен оқушылардың психикалық іс-әрекетінде заттардың бейнесі болып табылатын көру, есту, қозғалыс, сезім,иіс, дәм және басқа да түсініктері өте маңызды орын алады.
Жұмыстың келесі кезені – балаларда белгілі бір ұғымдардың қалыптасуы. Оқушылардың айқын және дәл түсініктерінің болуы бұл ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқадан ажырататын маңызды белгілері кіреді. Дүниетануда ұғымдардың екі түрімен кездесеміз. Географиялық ұғымдарға жеке және жалпы ұғымдар, биологиялық ұғымдарға түр және туыс ұғымдар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет