Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Жеке географиялық ұғымдарға – Ертіс, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Семей сияқты т.б. мысалдарды келтіруге болады.. Жалпы



бет30/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Жеке географиялық ұғымдарға – Ертіс, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Семей сияқты т.б. мысалдарды келтіруге болады..
Жалпы географиялық ұғымдар - өзен, қала, тау, ауыл, төбе, т.с.с.
Жалпы ұғымдар терминдермен, ал жеке ұғымдар атаулармен немесе жалқы өсімдермен айтылады.
Биологиялық түр ұғымдары - қоян, шырша, көктікен. Биологиялық туыс ұғымдары жануар, қылқан жапырақты өсімдік, гүлді өсімдік.
Туыс (биологиялық) немесе жалпылама (географиялық) ұғымдардың барлық маңызды белгілері әрбір объектіге, яғни жеке немесе түр ұғымына да қатысты. Бірақ, әрбір объект маңызды туыстық немесе жалпы белгілерден басқа оларды жеке (немесе түрлік) ұғымға жатқызатын өзіндік дербес қасиеттерге ие болады. Мысалы, Ертіс өзенінің кез келген басқа өзендер сияқты жалпы белгілері: бастауы, арнасы, оң және сол жағалары, салалары, сағалары бар. Ертістің жеке белгілері: басталуы Қытай жеріндегі тауларда жатыр, құятын жері Обь өзені. Қытай жерінен Қара Ертіс деген атпен Зайсанға құяды да, одан Ертіс деген атпен Обьқа құяды.
Жұмыс үстінде балалардың назарын жеке географиялық ұғымның жалпы ұғыммен, түр (биологиялық) ұғымының туыс ұғымымен (аю – жануар, шырша - өсімдік, Семей - қала т.с.с.) байланысына аударып отыру қажет.
І класта балалар туыс ұғымын да түр ұғымын да игереді. Олар бунақденелілер, балық, қосмекенді, жорғалаушы, құс, сүтқоректі ұғымдарымен танысқанда терек, аю, шеріртке, тырна, бақа, тасбақа, бүркіт сияқты түр ұғымдарына қарағанда анағұрлым кен туыс ұғымдары туралы білім алады. І сыныптың дүниетану бағдарламасы оқушылардың негізінен биологиялық ұғымдарды түсініп игеруін талап етеді.
І - ІV кластарда оқушылар адам, табиғат, қоғам ұғымдарымен танысады. Бұл ұғымдар сыныптар бойынша күрделеніп, толығып отырады. Сыныптар бойынша олардың мазмұны бір-бірін толықтырады, қасиеттері, белгілері, сапалары жалпыдан жекеге қарай ерекше белгілерімен айқындалып қаралады.
Ұғымның мазмұнын дәл ашуды анықтама деп атайды. Кез – келген ұғым сөзбен айтылады. Ұғымға байланысты жұмысты әрқашан да балалардың сөздік қорын молайтумен ұштасып отыруы керек.
Оқушылардың санасындағы ұғым кеңейіп және тереңдеп отыру үшін мұғалім сабақта бір ұғымды бірнеше қайтара оқып, оны жаңа мазмұнмен байытып, тереңдетіп және кеңейтіп отырады.
І класта жануарлардың әрбір тобының күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы тіршілігімен танысып отырады. Бір топқа жататын жануарлардың тіршіліндегі ұқсастық пен айырмашылықты, ерекшелікті анықтау арқылы ұғым қалыптасады.
Дүниетану ұғымдарын қалыптастыруда сарамандық жұмыстар мен тәжірибелердің үлкен мәні бар. Бұл жұмыстар алған білімді қалыптастырады, бекітеді.
Сонымен, сезім мен қабылдаудан түсінікке, ал одан әрі ұғымға дейінгі жол оқушылардың санасында болмысты оның маңызы, заңды байланыстарымен қоса толық бейнелеуге баратын жол болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет