Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Танымжорықтарды өткізу әдістемесі



бет53/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Танымжорықтарды өткізу әдістемесі.
Танымжорық өтер алдында мұғалім оқушыларды танымжорықтардың мазмұнымен, мақсатымен, жоспарымен, өзбетімен жасалатын жұмыстардың тапсырмаларымен таныстырып, үлестіреді. Сол сияқты табиғатта өзін ұстау ережесі, маршрутпен қозғалыс кезінде белгілі тәртіпті сақтауды үйретеді, таныстырады.
Оқушыларды топтарға бөліп, танымжорықтарға қажетті құралдарды атау керек. Жалпы тапсырмаларды бүкіл класс оқушыларына,жекелеме тапсырмаларды жеке оқушыларға хабарлау қажет. Танымжорықта нені қалай, қайтіп бақылау керектігі, бақылау қорытындысын қалай көркемдеу жөнінде түсіндіріледі.
Негізгі талап- танымжорықшылардың белсенді жұмысын ұйымдастыра білу, оқушыларды тыңдаушы және көрермен етіп қалдырмау керек. Осы мақсатта өзбетімен жеке зерттеу тапсырмалары беріледі, олар: іздеу, жинау, тарату (материалды), табиғат құбылысын бақылау, нақты өлшемдер жасау т.б.
Ары қарай жиналған материал қаралып, бақыланғандары жөнінде әңгіме жоспары құрастырылады. Өңдеу жұмысын, қорытындыны мектепте жасайды. Кейде қорытынды танымжорықтың соңында жүргізіліп, нәтижесін жұмысты көркемдеген кезде жазады.
Зерттік жұмыстар жүргізілсе, оқушылар белсенділігі жоғары болады. Жұмысты орындау, табиғат объектілері мен құбылыстарын бақылау, өзбетімен танымжорықта көрген-білгендері жөнінде қорытынды жасау балалардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жергілікті жер материалдары негізінде зерттік жұмыстар жүргізу, бақылау жүргізу оқушыларда нақты түсініктер қалыптастырып, білімнің өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді.
Танымжорықтағы қысқа уақытта үлкен материалды қабылдатуда иллюстрациялық әдіс үстемдік жасайды. Дегенмен қажет болғанда зерттік жұмыстарды енгізген дұрыс. Ұзақ уақыт сөзбен түсіндіру және тақырыптан ауытқудан аулақ болу керек. Ұзақ сөздік түсіндіру қажет болса, жинағандарды сараптап отырғанда, немесе танымжорық жасау алдында жүргізуге болады. Танымжорықта шамадан тыс көп терминдер және атаулармен оқушыларды таныстырудың қажеті жоқ. Бастауыш класс оқушылары 8-10 объектіні қарастырғаны жеткілікті. Танымжорықтардың мақсаты- табиғаттағы қарым-қатынастар мен байланыстарды анықтау, ашу. Атауларды оқушы есін ''былғап'' шаршатпайтын етіп берген дұрыс. Терминдерді әдебиеттерді нұсқау арқылы да үйретуге болады.
Келесі талап, ұсақтарды естен шығармай, әртүрлі объектілерді дұрыс көрсете білу. Ірі объектілер ерекше көрсету техникасын талап етпейді. Ұсақ объектіні көрсету қиынырақ (ұсақ бунақденелілер, өсімдіктердің кейбір ұсақ бөліктері және т.б.). Мұндайда оқушыларды мұғалімнің айналасына шеңбер жасай , бір-біріне кедергі келтірмейтін жағдайда тұрғызады.
Танымжорықтарда білім алынады, оларды жәй серуендерге айналмауы тиіс. Оқушылар бақылағандарын ұмыт қалмас үшін дәптерге немесе блокнотқа жазуды үйрету керек.
Оқушыларды жинаған материалдарын класс бөлмесінде сараптап, кептіріп, ыңғайлы орналастыра алуға баулу. Ол үшін мұғалім нені алу керектігін, қалай алу керектігін түсіндіреді. Әйтпегенде көпшілік материалдар жарамсыз болып, қолдануға жарамай қалуы мүмкін. Алуға болмайтын объектілерге кейбір сирек кездесетін түрлер жатады: меруертгүл, ерте гүлдейтін өсімдіктер, т.б. Жиналатындар мақсатты түрде алынуы керек. Осы жұмыстар оқушыларда табиғатты қорғау дағдысын және экологиялық тәрбиені іс жүзінде қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет