Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет52/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81
Танымжорыққа дайындық.
Танымжорықтардың әр тобының өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, оны ұйымдастырушы мен оқушылардан арнайы әзірлікті талап етеді.
Дайындық жұмыстары тақырыптық және жылдық жоспар құрудан басталады, оның тақырыбы, уақыты белгіленеді. Танымжорық өткізер алдында мұғалім арнайы әдебиеттерден оны өткізу жөнінде танысып, жоспарын белгілейді. Мұғалім танымжорық жасалатын жермен танысады. Жүретін жолды, тоқтайтын орынды анықтайды. Алдын ала жасалған жоспарды танымжорық жасалатын жердегі ерекшеліктерге сүйене отырып түзетеді. Танымжорықта зерттелетін объектіні анықтап, олардың сипаттамасы құрылады.
Жылда оқушылар келетін мұражайларға танымжорық жасағанда да алдын ала келіп көрген дұрыс. Ондағы экспонаттар ауыстырылған болуы, немесе басқа жаңа экспонат әкелінуі мүмкін. Ол мұғалімге қиыншылықтар әкелуі мүмкін, сондықтан алдын ала келіп танысқан дұрыс.
Танымжорықтардың маршрутын анықтаған соң, оның жоспары мен жүргізу әдісін белгілегеннен кейін оның конспектісін құра бастайды.. Онда оқушылармен өткізілетін өзбетімен бақылау жұмыстарының мазмұны анықталып, тапсырма карточкалар құрастырылады. Конспект құруда оқушылармен өткізілетін қорытындылау әңгімелесу сұрақтары, зерттеулердің қорытындысын жазу үлгісі, т.б. ойластырылып, сабақ конспектісі жазылады.
Танымжорыққа қажетті жабдықтар.
Танымжорық нәтижелі өту үшін оны жабдықтау қажет. Кейбір құралдар барлық танымжорықтарға қажет, құралдардың бір бөлігі оқушылардың белгілі бір тобына үлестіріледі.
Кез-келген танымжорыққа әр оқушыға блокнот, немесе жазу жазатын дәптер, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қарындаш алу керек. Басқа құралдар танымжорықтың тақырыбы және тапсырмасының сипатына байланысты болады.
Географиялық, геологиялық танымжорықтарға қажетті жабдықтар: тұсбағдар, жергілікті жердің сұлбасы, геологиялық балға, күрекше, метрлік рулетка, термометр, бұрыш өлшегіш транспортир.
Биологиялық және экологиялық танымжорықтарға қажетті жабдықтар: қазғыш пышақ, қайшы, лупа, пинцет, материалды жинап алуға арналған 1-2 банка, газет қағаздары бар папка, суға арналған сачок, ауа сачогы, морилка, эмальды ыдыс, энтомологиялық пробиркалар.
Танымжорықтардың мақсаттары мен тақырыптарына байланысты бұл тізім өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет