Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


''Қыс'' тақырыбындағы 1 класқа арналған танымжорық сабағын жоспарлау үлгісі



бет54/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81
''Қыс'' тақырыбындағы 1 класқа арналған танымжорық сабағын жоспарлау үлгісі.
Мақсаты: қыс мысалында өлі және тірі табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы ұғым мен түсініктерді қалыптастыру, дамыту.
Міндеттері: табиғаттағы қысқы өзгерістер жөніндегі ұғым мен түсініктерді қалыптастыру. Жаз,күз өзгерістері жөніндегі білімдерін бекіту. Кейбір құралдармен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру ( қар қалыңдығын өлшейтін құралмен, күркшемен т.б.). Логикалық ойлау, талдай алу, зейін тұрақтылығы мен есте сақтауды дамыту.
Табиғатты зерделей алу іскерлігін қалыптастыру: бақылау жүргізе алу, табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды анықтау, қорытынды жасай алу, нәтижені көре білу. Табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке, тапсырылған іске жауапкершілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ типі: '' Қыс'' бөліміне кіріспе
Сабақ түрі: Танымжорық - іскерлік ойын
Пән аралық байланыс: Ана тілі, математика, еңбек
Жабдықтар: Қар қалыңдығын өлшейтін рейка, күрекшелер, жемтақта, жем, тапсырмалар жазылған карточкалар, ауа райын белгілейтін шартты белгілер
Дайындық жұмыстары:
І. Танымжорық жасалатын жерді және баратын жолды анықтау
ІІ. Класты микротоптарға бөлу
ІІІ.Жабдықтарды дайындау
ІУ.Жұмысқа тапсырмалар мен нұсқауларды дайындау
У. Фольклорлық материалды таңдау, халық болжамдары, жұмбақтар, мақалалар, өлеңдер, ойындар
УІ. Жемтақта әзірлеу
Жоспар:

  1. Класты ұйымдастыру ( тапсырмаларды тарату, жол )

  2. Негізгі бөлім

а) Кіріспе әңгіме ( танымжорық жасалатын жерде) –2 минут.
ә) Абайдың ''Қыс'' өлеңі – 2 минут
б) Бақылау жүргізілетін жерге бөлу, істелетін жұмыстармен таныстыру – 3 минут
в) Кіші топшалардың бақылау жүргізуі – 15 минут

  1. ''Ауа райы'' топшасы - өлі табиғат

  2. ''Өсімдіктер'' топшасы -өсімдіктер дүниесі

  3. ''Жануарлар'' топшасы- жануарлар дүниесі

  4. ''Экологтар'' топшасы – адам және табиғат

г) Табиғаттағы байланыстылықты анықтаған қорытынды есептері – 8 минут
ғ) Бақылаулар бойынша қорытындылар – 2 минут
д) Фольклорлық бет: ''Халық айтқан…'' – 5 минут
е) Қозғалмалы ойын ''Екі аяз'' – 5 минут



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет