''Газондармен жүрмеңдер'' экологиялық танымжорығы
Сабаққа қойылатын талаптар: 1. Сабаққа қойылатын бағдарламалық-әдістемелік талапты дәл және шығармашылықпен орындау, сабақтың типін сауатты анықтау, тақырыптың осы бөлімді оқытудағы орны, басқа тақырыптармен байланысын, әрбір сабақтың ерекшелігін көре білу
2. Әр жастағы оқушылардың сабаққа қабілеттіліктерін, олардың тәрбиесі мен дамуын, класс ұжымының қалыптасу деңгейін, оқушылардың талаптары мен қызығушылықтарын есепке алу, білімдеріндегі олқылықтарды бағытты жоюды есепке алу.
3. Оқушыларға білім (білім, жалпы сабақтық және арнайы іскерлік пен дағды, таным қабілеттерін және өздігінен білім алуға дайындығын қалыптастыру), тәрбие (көзқарас, өз-өзін тәрбиелеуге дайындықты және дұрыс тәртіп пен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру) және психикалық дамуын (зеиін, қабылдау, есте сақтау, ойлай білу, елестете алу, тіл, эмоционалды жігерлік, деңгейін дамыту) білім міндеттерімен бірге ойластыру және шешу. Сабақтың негізгі міндеттерін айқындай білу класс ұжымының мүмкіндіктерін нақтылау.
4. Сабақтың құрылымы мен жүру жағдайын таңдау, ол сабақтағы уақытты тиімді пайдалану мен міндеттерді нәтижелі шешуге көмектеседі.
5. Сабақтың сарамандық және мамандыққа баулу бағытын қамтамасыз ету, оқушылардың алған білім дағдыларын реалды пайдалана алуына жағдай жасау.
6. Сабақ әдістері мен тәсілдерін таңдау деңгейін кеңейту, әдістердің үйлесімділігін қамтамасыз ету: сөздік, көрнекілік және іс-тәжірибелік, проблемалық ізденіс әдістерін мұғалімнің тікелей басшылығымен оқушылардың өз бетімен жұмысы, сабаққа деген жауыпкершілікті, тәртіпті және басқа оқытудың құнды мотивтерін белсеңділендіреді.
7. Сабақта жеке және топпен жұмыс істеудің үйлесімділігін қамтамасыз ету.
8. Оқушылардың пәнге деген қатынасын білім деңгейі бойынша саралап оқыту және олардың мүмкіндіктерін болжау негізінде жүзеге асырылады.
9. Оқушылардың оқуға деген саналы, белсеңді қарым-қатынасын, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыра алуын қалыптастыру. Жақсы ұйымдастырылған сабақ пен тәрбиенің нәтижесін бақылау және бағалау.
Жұмыс кезінде класс ұжымына сүйену негізінде дұрыс қарым-қатынас жасау арқылы жеке оқушыны тәрбиелеуде мұғалімнің нақты мақсатқа жетуіне болады.
Үй тапсырмасының мазмұны мен көлемін анықтау,ол үшін мұғалім қордағы уақытты ескеруі керек. Оқушыларға шамадан тыс көп тапсырма берілмейді, тапсырманы тиімді орындау әдісін қарастыру арқылы оқыту негізінен сабақта жүргізіледі, үйдегі тапсырманы мүмкіндігінше қысқартқан дұрыс.
Сабақтағы гигиеналық және эстетикалық жағдайлар жұмыстағы тиімділікті арттырады.
Әртүрлі оқыту құралдарын (оқулықтарды, көрнекіліктерді, ТОҚ, ақпараттық құралдарды, т.б.) тиімді, кешенді, орынды пайдалану ойластырылады.
Сабақтың жоспарынан ауытқымау, оқу жағдайына байланысты өзгерістер бола қалған жағдайда қордағы қосымша дайындалған әдістемелік нұсқауларға сүйеніп, сабақтың өзгерістерін ешқандай белгісіз жүргізу.
Сабақты өздігінен талдау арқылы (сабақтар жүйесінде де) білім, білік, дағдылардың қалыптасу деңгейі анықталады, нәтижені қойылған педагогикалық міндеттермен салыстыру, сабақтағы негізгі жетістіктер мен кемшіліктердің себебін анықтауға мүмкіндік береді; келесі сабақты жоспарлағанда өткен сабақтағы өзін талдаудың қорытындысын ескерген дұрыс.