Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Дүниетанудан өз сабағын талдау үлгісі



бет60/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Дүниетанудан өз сабағын талдау үлгісі.

  1. Оқушылардың сабақ оқуының реалды (нақты) мүмкіндігінің сипаттамасы қандай? Осы сабақты жоспарлауда оқушылардың қандай ерекшелігі ескерілді?

  2. Өткен сабақтармен байланысы қандай, осы сабақтың келесі сабақтармен байланысы қалай болатындығы. Сабақта өзекті болған негізгі қандай міндет? Міндеттерінде кластың, оқушылардың жеке топтарының ерекшеліктері ескерілген бе?

  3. Таңдап алынған сабақтың құрылысы сабақ міндеттерін шешуде тиімді болды ма? Уақыт дұрыс бөлінген бе? Сабақ кезеңдеріндегі ''байланыс'' ойластырылған ба? Негізгісі ерекшеленген бе?

  4. Жаңа материалды ашуда таңдалған әдістер қалай үндестік тапқан? Оқыту әдістерін негіздеп ашыңыз. Оқушыларға саралап қараудың керектігі бар ма? Ол қалай жүзеге асты, неліктен?

  5. Білім, іскерлік, дағдыны тексеру қалай ұйымдастырылған? Ол қандай формада және қандай жолдармен жүргізілді? Неге?

  6. Кабинет және ондағы оқыту құралдары қалай қолданылды? Неге?

  7. Сабақ бойы оқушылардың жоғарғы еңбек қабілеттері қалай ұйымдастырылды?

  8. Сабақтағы жақсы психологиялық атмосфера, пікірлесу қалай қамтамасыз етіліп отырылды? Мұғалім тәрбие жұмыстарын қалай жүзеге асырды?

  9. Оқушылларды шектен тыс жүктемелеуді болдырмау үшін сабақта және үй тапсырмасына уақыт қалай бөлінді?

  10. Күтпеген жағдай болып қалғанда қолданатын қосымша әдістемелік ''жолдар'' ойластырылған ба?

  11. Барлық міндеттер іске асырылды ма? Не орындалмады, неліктен? Орындалмағанның орнын толтыруды мұғалім қай уақытқа жоспарлайды?



Сабақ талдау үлгісі.

  1. Сабақ типі.

  2. Сабақтың мақсаттары мен міндеттері: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.

  3. Сабақтың жабдықталуы (мұғалім, оқушы үшін), оның мақсат-міндеттерге, сабақ мазмұнына сәйкестігі.

  4. Кластың сабаққа дайындығы.

  5. Сабақтың құрылысы: негізгі кезеңдері мен оларға бөлінген уақыты, сабақтың бір кезеңінен келесісіне көшу.

  6. Кезеңдер бойынша мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асырылуы:

А) Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру тәсілдері, сұрақтардың құрылуы: анықтау, оқушылар жауабын толықтыру, үй тапсырмасын тексеруде көрнекіліктерді пайдалану. ''Бақылау күнделігімен'' жұмысты тексеру, оқушылар жауабын бағалау, оны дәйектілеу.
Ә) Жаңа тақырыпты түсіндіру, осы кезеңде оқушылардың таным әрекеттерін ұйымдастыру. Жаңа тақырыпқа көшу, тақтаға жазу, түсіндірілген материалдың мазмұны – оның түсініктілігі, жүйелілігі, өмірмен және іс-тәжірибемен байланыстылығы, сабақтағы ғылыми көзқарас сұрақтары және табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, жаңа материалды түсіндіруде бақылау нәтижелерін пайдалану.
Б) Сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдердің сапасы, олардың оқушылардың жас ерекшеліктері мен мазмұнына сәйкестігі, әңгімелесу мен баяндау элементтерінің үйлесімділігі, сабақта оқушылардың таным белсенділігін арттыратын жұмыс формалары, бұрын қалыптасқан табиғат туралы білімдері мен ТОҚ-рын сабақта қолдану, сабақтағы жағдаяттық сұрақтар мен қызықты мәліметтер, оқушылардың жеке жұмысы мен топтық жұмыстарының үйлесімділігі.
В) Сабақта өтілген материалдың қалай игерілгендігін тексеру жолдары.

  1. Мұғалімнің әрекеті: материалды игеруі, тіл мәдениеті, класпен қарым-қатынас мәдениеті, жұмысқа қызығушылығы, тіл байлығы, шеберлігі.

  2. Оқушылардың әрекеті: жұмысқа араласуы, қызығушылық дәрежесі, өздігінен жұмыс істей алуы, белсенділігі, тәртіптілігі.

  3. Гигиеналық ережелерді сақтау, сабақта оқушылардың еңбекке қабілеттілігін қалай қамтамасыз еткен?

  4. Сабақтың нәтижелілігі: сабақтың мақсатына жетуі, оқушылардың білім сапасы, игерілгеннің сапалығы мен беріктігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет