Табиғаттағы экологиялық танымжорықтар. Экологиялық танымжорықтардың өз ерекшеліктері бар. Олар білімділік мақсаттан басқа экологиялық мәселелерді де шешеді. Оқушыларға табиғаттағы жағдайды бұзушылықты анықтауға арналған пайдалы жұмысты орындауға арналған қандай да бір тапсырма беруге болады. Ол ластанған территорияны анықтау, танымжорық жасалып тұрған жердегі адам ізінен жердегі жасыл өсімдік жамылғысының жағдайы т.б. Танымжорық алдында жүргізілген әңгіме оқушыларды қызықтырады, табиғатты қорғау ісіне өзінің міндетті түрде қатысуы керектігін ашады. Кез- келген танымжорық алдында оқушыларды табиғаттағы элементарлы өз-өзін ұстау ережелерімен таныстыру керек. Оларға жасыл желектің жағдайы қандай екендігі жөнінде тапсырмалар беріп, бақтағы немесе ормандағы шөптің тапталып қалу дәрежесін, өзен, су қоймаларының ластануын анықтатуға болады. Осындай жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттырып, пайдалы істерге жетелейді, табиғатқа аяушылықпен қарауға тәрбиелейді.
Қаладағы құстармен көптеген пайдалы танымжорықтар өткізуге болады. Бақтар мен скверлерде әруақытта күтпеген қызықты тіршілік етушілерді кездестіруге болады. Тіпті күнде көріп жүрген құстарды құстарды кездестіргенде,танымжорықтарда көптеген жаңалықтарды байқауға болады.
Танымжорықтар кезінде оқушыларға топырақтағы құрттар, бақалар, құрбақалар, көптеген бунақденелілер-инеліктер, соналар, шегірткелер, құмырсқалар жөнінде әңгімелеу керек. Оқушыларға оларды жинауды ұсынбаған дұрыс. Балаларға тірі табиғаттың әсемдігін көре және бақылай білуді үйреткен жөн, оларды кепкен өлі объект түрінде көрсеткеннен, тірі кезінде жан- жақты бақылатқан тиімді.
Экологиялық тәрбие кезінде басылымдардан әртүрлі объектілердің қазіргі критикалық жағдайы жөнінде хабарлар жасап, оларды қорғау және қалпына келтіру жолдары жөнінде мәліметтер беріледі.
Бірнеше экологиялық танымжорықтардың жоспары:
''Адам және табиғат'' танымжорығы 1. Бұл территорияның ерекше екендігі, орналасуы, алып жатқан ауданы.
2. Негізгі мәселелері : келушілердің тигізетін зияны, өндірістік ластаулар.
3. Ормандарда жақын маңдағы тұратын адамдардан болатын тапталулар. Тапталу дәрежесі, топырағы мен шөптерінің жағдайы.
4. Ормандағы, бақтағы ағаштардың жағдайы. Зақымданған ағаштар.
5. Табиғатта бақылау жүргізу. Ормандағы, бақтағы құстар.
6. Табиғаттағы тәртіп ережелері. Ормандағы тынығу, оның артықшылығы. Территорияның жағдайын бағалау, ластану дәрежесі. Тұрмыстық қоқыстар мен тынығушылардың іздері.
Табиғатты қорғау мәселелері. Табиғатты қорғаудағы әрбір адамның әрекеті. Табиғат қорғау ісіндегі адамдардың ролі : жасыл патруль, өндіріс қалдықтарын шығаруды бақылау, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау.