4 класс, дүниетану''Орман өсімдіктері мен жануарлары, орманды қорғау'' тақырыбын экологиялық бағыттауда оқушылыр алдында тудыратын жағдаяттың үлгісі:
Мақсаты: Жағдаят тудыру арқылы оның себебін іздеу, болдырмау жолдарын қарастыру, аталған жағдай болғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын ойластырғызу. ''Ормандағы барлық кәрі ағаштар кесілді. Құстар орманды тастап кетті. Бунақденелілер көбейіп кетіп, жас ағаштарды құрттар жеп қойды. Орман жойылып кетті.''
Сұрақ: - Кәрі ағаштарды кесу мен орманның жойылуының қандай байланысы бар?
- Орманды құстар неге тастап кетті?
- Орман неге жойылды?
Орман жойылып кетпес үшін не істеу керек еді?
Орманды қайтіп қалпына келтіруге болады?
Жуықтап алғанда оқушылардың шешімі: Кәрі ағаштар орманды суықтан, желден қорғайды. Кәрі ағаштарды кескенде ондағы құстардың ұялары да бұзылды, құстар орманды тастап кетіп қалуынан бунақденелілер көбейіп кетіп, жас ағаштарды құрттар жеп қоюынан және суықтан өліп қалуынан орман жойылып кеткен. Кәрі ағаштардың қурап қалғандарын ғана кесіп, кесілген ағаштардың орнына жас ағаштар отырғызу керек еді.Құстарды орманға үйір етіп, оларға қыста ''құс асханасын'' ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасап, орманда тұрақтандыруға болар еді. Орман жойылғаннан кейін барлық құрт жеген ағаштарды кесіп, әртүрлі ағаштарды араластырып отырғызу жұмыстарын ұйымдастырған дұрыс. Аралас орман бунақденелілерге тұрақты болады.
Сабақта тақырыпқа байланысты экологиялық сөздіктер пайдалану. 3 класс, дүниетану, ''Таза ауа- денсаулық кепілі'' тақырыбы бойынша тақырыпты экологиялық бағыттауда экологиялық термин ретінде ''қышқыл жаңбырдың'' пайда болуы туралы мәлімет беруге болады. Өндірістік, транспорттық газдардан, химиялық заттардан атмосфераның ластанып, жаңбыр, қардың жерге ''қышқыл'' күйінде түсуі. Мұндай жауын-шашын өсімдіктер мен жануарларға, топыраққа, құрылыстар мен адам денсаулығына қауіпті зиян келтіреді. Улы газдардан атмосферадағы жауын- шашынмен бірге су қоймалары да ластанады,оны мекендеуші тірі ағзалар да уланады, біртіндеп құрып кетеді, су өлі суға айналады. (жылжымалы тірек сызбасы арқылы түсіндіруге болады).