Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Тірі ағзалардың табиғи объектілері



бет37/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Тірі ағзалардың табиғи объектілері.
Бастауыш бағдарламасында тірі табиғат объектілерін оқытуға баса назар аударылады. Жиі пайдаланылатыны өсімдіктер (жабайы, ауылшаруашылық және бөлме), кейде жануарлар да пайдаланылады. Сабақта оларды пайдалану үшін алдын ала дайындап қою керек.
Тірі өсімдіктер. Тал, терек, қарақат және т.б. өсімдіктердің кішірек сабақтары; сәбіз, қызылша, шалқанның тамыржемістері; құрғақ жемістер мен жабайы және мәдени өсімдіктердің тұқымдары (ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер, көкөністер мен астық тұқымдастар, т.б.). Оларды таратпа материал ретінде де пайдалануға болады.
Сабақта бөлме өсімдіктерін кеңінен пайдалануға болады: бегония, традесканция, пеларгония, гортензия, кактустар, бальзамин т.б.
Аквариум өсімдіктерін де пайдалануға болады. Оларды өсімдіктер мен жануарлар арасындағы газ алмасу байланысын көрсету үшін пайдалануға болады. Олардың ішінде кең таралғаны: элодея, қауырсынжапырақ, мүйізжапырақ т.б, аса көп күтімді талап етпейтін өсімдіктер.
Гербарийлер. Оларды сабақта демонстрациялап көрсету үшін немесе сарамандық жұмыстарды оқушылар орындаған кезде таратпа материал түрінде пайдалануға болады. Кепкен өсімдіктер түрін өзгертетінін ескеріп, оларды басқа құралдармен үйлестіріп қолданған дұрыс.
Тірі объектілер мен жануарлар жинақтамасы. Бастауыш мектепте тірі объектілер мен жануарлар жинақтамасы арқылы жануарлар оқылады. Оқушылар мысық, ит, тышқандарды, құстарды тірі күйінде бақылай алады. Тірі табиғат бұрышында балықтарды, кейбір жорғалаушыларды (кесірткелер мен тасбақаларды) және бунақденелілерді ұстауға болады.
Ұсақ жануарларды, бунақденелілерді оқыту олардың кепкен жинақтамалары арқылы жүргізіледі.
Сүтқоректілерден бақылау жүргізуге кірпіні алуға болады.
Құстарды бақылау ұя, жемтақта жасап ілу арқылы жүзеге асады.
Ылғалды препараттардан бақаның көбею кезеңдерін көрсететін, кесіртке, балық, т.б.
Құстар мен кейбір сүтқоректілердің тұлыптарын да демонстрациялауға болады.
Модельдер. Көлемді оқу модельдері (макеттер, муляждар) реалды обьектілерді көрсететін көрнекіліктер жиыны. Олар натурал обьектілер мен суретті көрнекіліктер арасындағы орынды алады, абстрактілі ойлауға көмектеседі. Сабақтың барлық кезендерінде қолдануға болады. Кейбір өсімдіктердің жемістерін көрсетуге ыңғайлы муляждар бар, атап айтқанда алманың, алмұрттың, қарақаттың, саңырауқұлақтардың т.б.
Приборлар. Олар сабақта табиғат құбылыстарын жасап көрсетуде, сол сияқты сарамандық жұмыстар мен тәжірибелерді орындауда пайдаланылатын құралдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет