Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Дүниетануды оқытудың материалдық базасы



бет79/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Дүниетануды оқытудың материалдық базасы.

Көрнекті құралдарды қолдану сабақтың тиімділігін арттырады, кіші мектеп жасындағылардың өзбетінше дайындық жасауын ұйымдастыруға жағдай жасайды, таным қабілетін дамытады.



  1. Сабақтың тиімділігін арттырады

  2. Таным қабілеттерін дамытады.

  3. Есте сақтауды.

  4. Салыстыру, бақылау, қорытынды жасауға үйретеді.

Негізгі материалдық базаны 3 топқа бөлуге болады:

  1. Класс бөлмесіне арналған көрнекі құралдар

  2. Тірі табиғат мүйісі.

  3. Оқу тәжірибе үлескісі және геоғрафиялық алаң.

Класс бөлмесіне арналған көрнекі құралдар


І. Тірі, өлі табиғат. Техникалық құралдар Демонстрациялық (сурет, кесте, модель) Көмекші (тәжірибелік аспаптар)

  1. Өлі табиғат құралдары сабақтарда үлестірмелі және демонстрациялау ретінде қолдануға болады. Демонстрацияға арналған көрнекі құралдар көлемді, бәріне көрінетін, эстетикалық талғамдарға сай болу керек. мысалы, 4 сыныпта ''Мунай'' тақырыбын өткенде оның коллекциясын қолдануға болады. Мунайдың табиғи түрі, оның өнімдерін оқушылар көре алады. Улестірмелі материалдар арнайы желікте болғаны дұрыс. Керекті көрнекіліктерді әр партаға таратып, олардың физикалық касиеттерін оқушылар анықтай алады.

  2. Көмекші құралдарға тәжірибелік жұмыстарға арналған құралдар және аспаптар жатады.

  • химиялық стакан, пробирка, шыны таяқша, шуқырақ, кристаллизатор.

  • штатив, пробиркаға арналған ұстағыш.

  • май шам, электроплита, спиртовка

  • термометр, таразы, сызғыш, түсбағар, барометр анероид

  • микроскоп, ұлғайтқыш әйнек.

ІІ. Тірі табиғат бұрышы.
Мұғалім тірі табиғат мүйсіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін кеңейтеді. Олардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады.
Тірі табиғат мүйісіне бөлме өсімдіктері, аквариум, террариум, құстар, сүтқоректілерді ұстауға болады.
Бөлме өсімдіктерінен (агава, алоэ, аспидистра, аспарагус, бальзамин, бегония-рокс, глоксиния, кактус, кливия, паларгония, традесканция, фикус, иризине, калла және т.б. Тікелей сынып бөлмесінде орналастыруға болады.
Маңызы:

  1. Өсімдіктердің негізгі бөліктерімен таныстырады.

  2. Көбею жолдарымен.

  3. Қоршаған ортаға бейімделулерін көрсету.

  4. Жер шарындағы өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.

Әрбір өсімдіктің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, Отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар оқыған жылдарында барлық өсімдіктерді күткенде олардың ерекшеліктерін біліп қана қоймай, күтуге қажетті практикалық дағдыларды да алады. Мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген іскерлік қалыптасады, бақылау дәптерлеріне тіркеп отырады.
Аквариумдар арқылы оқушылар су асты патшалығының бір бұрышын көре алады. Бақылау жүргізіп, олардың тіршілігі мен мінез-құлығы туралы, сонымен бірге су ортасына алуан түрлі бейімделулері туралы қызық деректер алады.
Аквариумда валлиснерия, бакаоты, су мүгі, мүйіз жапырақ, балыкот, элодея өсімдіктерін өсіруге болады. Көптеген балықтар (голец, табан балық, тұқы, қара балақ, ақ қайран, уклейка) жақсы тура береді. Көп талғамды керек етпейтіндер гуппилер, сәмсершілер, алтын балық, кометалар, шілте қүйрықтылар, телескоптар, т.б. ұстауға болады.
Кейбір су жәндіктерін - үлкен су сүйгішті, су қандаласын, кәдімгі үлкен ұлуды жеке ұстаған дұрыс.
Аквариум балықтар тіршілігін, шабақтардың бірте-бірте дамуын, температура мен қоректенудің балықтардың өсуі мен дамуына әсерін, қоректенуге байланысты шартты рефлекстің пайда болуын, балықтар тәбетпен жейтін жемнің тізімін жасауды, балықтардың ауа райын болжауын бақылауға мүмкіндік береді.
Терррариумда әртүрлі хайуанаттар: құрбақа, шөп, көл, бөген бақасы, жалды тритон, кәдімгі су жылан, дала тасбақасы, сергек және тірі туатын кесіртке ұстайды. Қосмекенділер үшін террариумда шалшық және күн сәулесінен жасырынатын пана болуы керек.
Жеке бөлмеде құстарды ұстауға болады: шымшықтар, қараторғайлар, қызыл-сауырторғайлар, чечеткалар, пайыз торғайлар, қарғалар жақсы көндігеді.
Сүтқоректілер: тиін, кірпі, теңіз шошқасы, аламан, ақ тышқан, ұстау үшін түбі жылжылмалы астаушасы және суаратын ыдысы бар түрлі мөлшердегі торлар қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет