Жас ерекшелік психологиясы



бет22/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Лонгитюдтік әдіс.Бұл әдіс арқылы бір ғана индивидтің өміріндегі алуан сәтінде зерттеуге бағытталған.Балаларды ересектік жасқа жеткенге дейін бақылап,ересектік жасқа жеткенде қандай қасиеттер сақталатынын,қайсысы жоғалатынын анықтауға болады. Лонгитюдты зерттеу-сол бір сыналушының дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу. Мысалы: психология тарихында А.Газелл 165 баланы 12 жыл бойы лонгитюдты бақылағаны туралы айтылған. Зерттеушілер индивидті əрбір апта, ай сайын зерттей отырып, дамудың кейбір процесстерін дəл қарай алады. Сонымен қатар лонгитюд ұзақ өмір бойы болатын өзгерістерді де зерттейді. Мысал ретінде Льюис Терманның жүргізген 20 ж.ж. «дарынды» балаларды зерттеудің класикалық əдісі əлі күнге дейін қолданылуда. Соған қарамастан лонгитюдті əдістің теріс жақтары да бар. Мысалы, интеллектілі зерттеу кезінде зерттеуге қатысушылар оларға ұсынылатын тестті біле отырып, алдын-ала жаттығу арқылы өздеріндегі прогресс деңгейін көтеруге тырысуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеушінің практикасында лонгитюдті зерттеуді қанша рет жүргізе алатындығы да əсер етеді. Бірақ соған қарамастан, лонгитюдті əдіс көмегімен жеке тұлғалық дамудағы өзгерістер туралы ақпараттар алуға болады. Бұл əдіс əсіресе, «қолайсыз» жанұядағы балаларды зерттеуде, жанұялық динамиканың бала қалыптасуына əсерін зерттеуде, əлеуметтік жүйе реформасымен қамтуда кеңінен қолданылып келеді.
Психологиялық тестілеу.Зерттеулерде көбіне интеллект тесттері қолданылады. Дамуды зерттеу барысында тұлғаны бағалауды да қолданылады. Балаларды тестілеу көп жағдайда сауалнама қағазы арқылы, ата-анасының толтыруымен жүргізіледі. Балалардың да өз бетімен толтырылуына берілуі керек. Мысалы, «Менің əкем əрдайым...»деген аяқталмаған сөйлемді жалғастыруы керек. Даму мəселелерін зерттеуде əдетте «проективті»тесттер қолданылады. Бұл кезде балаларға əр түрлі мағынадағы суреттер беріліп, ондағы суретке байланысты баланың бір жағдаймен байланыстыруына, интерпретациялауына ұсыныс жасайды. Жауап беру кезінде балалар өз ойларын, ұстанымдарын, сезімдерін кірістіре отырып суретті түсіндіруге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет