«жас ерекшелік психологиясы»


Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде қалыптасады



бет3/5
Дата25.11.2022
өлшемі1,54 Mb.
#52589
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жас ерекш 12 (копия)

Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде қалыптасады.

Өзіндік ерекшеліктерді білу қажеттілігі, өзіне деген қызығу, өзі туралы ойлану- жеткіншек кезеңінің ерекшелігі.

Жеткіншектік жаста теориялық рефлексивті ойлау дамиды. Бастауыш жасында қалыптасқан операциялар формальды-логикалық операцияға айналады.

Жеткіншек интеллектуалды тапсырманы шеше отырып болжам жасай алады. Проблеманы шешуде түрлі бағыттарды іздеуге ұмтылады. Классификация, аналогия, жалпылау сияқты операциялар дамиды. Теориялық рефлексивті ойлау ерекшеліктері жеткіншектерге абстарктілі идеяларды талдауға мүмкіндік береді.

Өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл кезең бойында сақталады.

Өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл кезең бойында сақталады.

Жеткіншектер өздерінің қабылдау, есте сақтау, сөйлеуі, ойлауларын дамытуға тырысады.

Жеткіншек шақ – әрдайым өзін тануға деген құштарлықтарын, өз бойынан жаңа қырын ашуға бейімдейді.

Мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады.

Өзіндік сананың ерекше формалары: ересектік сезімі және «Мен тұжырымдамасы» пайда болады. Ересектік сезімі - өзіне ересек адам ретінде қатынаста болу, өзін ересек адам ретінде сезіну.

«Мен тұжырымдамасы» - өзі туралы ішкі үйлескен көзқарастардың, бейнелердің жиынтығы.

11-12 жаста өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық пайда болады, кейін өзін-өзі тану күрделеніп, тереңдетіледі. Жеткіншек өзінің ішкі әлемін ашады.

11-12 жаста өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық пайда болады, кейін өзін-өзі тану күрделеніп, тереңдетіледі. Жеткіншек өзінің ішкі әлемін ашады.

Жеткіншектік жаста өзіндік бағалау өзінің деңгейі бойынша төмен және тұрақсыз болады.

Жеткіншек жастағы «Мен» бейнелері әр түрлі. Физикалық «Мен» өзінің сыртқы көрінісі, тартымдылығы, өзінің ақылы, әр түрлі салалардағы қабілеті туралы көзқарастарының жиынтығы біріге отырып, «Мен тұжырымдамасының» – шынайы «Менін» қалыптастырады. Өзін, өзінің түрлі қасиеттерін тани отырып «Мен концепциясының» когнитивті компоненті қалыптастырылады. Шынайы «Менмен» қатар идеалды «Мен» болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет