Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, таңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару ) белгілі шамада қызмет атқарады. Бұл кезде ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйелері қызметін күшейтеді. Мысалы: тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді.
Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркенуі болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлерінен жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін тітіркендіргіш деп атайды. Олардың әсерінен
организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физиикалық, химиялық, физико- химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалықтітіркендіргіштердеп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т.б) және электрлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, тұздар және олардың ерітінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.
Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ерітінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осостық қысымы, ионодардың және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің әсерін жатықызуға болады. Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қозу аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді.
Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны тежелудеп атайды. Тежелу де қозу істепті тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.
Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлікқұбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңарту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын қуат клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне традиенттік қатынасы деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш-аденозинүшфосфор қышықылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны жұмсайды.
Тыныштықтағы клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе тыныштық тоғы деп атайды.
Қызмет атқаратын клетканың мембранасы мен тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық тоғы 50-90 мВ-қа дейін болады.
Нервтер мен нерв талшықтары.Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв талшықтары деп атайды. Нерв талшықтары екі түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелинді болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді.
Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калийиондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе ұозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. әрекет потенциалы,нерв импульстері, қозу
толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы: нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секунда 100 әрекет потенциалы, немес 100 нерв импульстері немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды.
Мұндай жағдайда бір ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талышқтарын олардың диаметріне байланысты үш топқа бөледі: А, В,С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м . В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін. Қозуды өткізу жылдамдылығы 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке; қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізетін және орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды. Ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш неме эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.
Шеткі және орталық жүйке жүйкелерінің құрылысы, қызметі және дамуы Жүйкежүйесініңмаңызы.Адамның жүйке жүйесінің маңызы оның
қызметіне қарай былай анықтауға болады:
мүшелердін бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады.
денедегі барлық мүшелердін және мүшелер жүйкелерінің қызметін реттейді.
организмді сыртқы ортамен байланыстырады.
сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді.
денедегі барлық клеткаладың,ұлпалардың,мүшелерін, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Жүйкежүйесініңқұрылысы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі немесе перифериялық (лат.периферикус-шеттік) жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады .Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан,ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық ,салмағы 37-38г.Жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төменгі ұшы шашақтанып I және II бел омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне екі жұлын нервтеріне айналады. Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді.
Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. әрбір бөлім дененің өзіне жерлерін нервтендіреді.
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті, ал 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.
Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан. Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.
Жұлын-1 - орталықтан және орталыққа тербелісі, 2 – жұлынның оң жақ және сол жақ жарты бөліктері, 3 – жылға
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты.
Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне
байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-тамырлары, ас қорыту, зәр шығару рефлекстер).
3 – суретте
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді.
Бұларға 1 иісғ 2 көру, 3 көз қимылдатқыш, 4 шығыршық, 5 үшкіл, 6 бұру, 7 бет, 8
дыбыс, 9 тіл-жұтқыншақ, 10 кезеген, 11 қосымша, 12 тіласты нервтері жатады. Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық,
ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады. Төмендегі 4 - суретте мидың құрылысы бейнеленген.
4 - сурет
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г. Жаңа туған ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе ұлғаяды. Бастауыш сынып оқушыларының миының салмағы 1250-1300 г, ересек адамда 1400-1450 г. Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миының салмағы ересек адамның миының салмағының 4/5 бөлігіндей болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.