м2 , ересек балалар - 50 м2 , яғни 8 есе артық.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4 см, 10 жаста - 7 см, ересек адамда - 10-12 см.
Кеуде қуысынын пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Соңдықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастаганнан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда кабырға аралық еттердің өлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.
Бала
|
Жасы
|
|
6
|
7
|
10
|
12
|
15
|
17
|
Ер бала
|
1200
|
1400
|
1630
|
1975
|
2600
|
3520
|
Қыз бала
|
1100
|
1200
|
1460
|
1905
|
2530
|
2760
|
Бала неғүрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылык көп болады. Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылғы 1 – кесте
Баланың дем алуды реттеу кабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйым ылығын құрады.
Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді (2- кесте ). Тыныс алу жилігінің адамның жасына сай өзгеруі 2- кесте
Жасы
|
1 минөттен тыныс алу жиілігі, рет
|
1
|
44
|
5
|
26
|
15-20
|
20
|
20-25
|
18
|
25-30
|
16
|
30-35
|
18
|
Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың, өмірі үшін ауадығы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадаң өзгеше. (3-кесте)
Тыныс ауасының құрамы 3 кесте
|
Газдардың мөлшері, %
|
Газдар
|
Сыртқы ауады
|
Дем шығарған ауада
|
Азот
|
78
|
78,8
|
Оттегі
|
20,92
|
16-17
|
Көмір қышқылы
|
0,033
|
3-4,5
|
ші кестеде көрсетілген газдардан басқа дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі болады. Дем шығарған ауаньң температурасы сыртқы ауадан жоғары болады, сондыктан сыртқа
айдалатын ауадағы азотгың пайыздық мөлшері сәл көбірек, бұл жылытылғаннан кейін азот молекулаларынъң кеңеюіне байланысты. Ауадағы азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ. Олар пайдаланылмай сыртқа кайта айдалады. Бұрын бұл газдар адам организмі үшін маңызы жоқ дейтін еді. Ал қазір ұшақ, тік ұшақ, зымырандарды пайдаланып ғарыш кеңістігінің жоғарғы қабаттарына шыққандар үшін қажет екендігі анықтадды. Сондықтан үшқыш пен ғарышкерлердің, суға сүңгушілердін, дем алатын ауасының қүрамында азот, гелии бар 16-іш кестедегі көрсеткіштерден дем алатын ауаның құрамъндағы оттегінің азайып, көрісінше, көмір кышкьл газының көбейетіні анык көрінеді.
Ересек адам 1 минөтте өкпесінен 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына баиланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмакты болса, соғүрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, үзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минөтте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л.
Бірак бұл заңдылыкты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер + вентиляция - желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір к.ышқылының сыртқа айдалуы байқалады.
Ересек кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатьн болса, балаларда пайыздық мөлшері анағұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1,7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір кышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияга байланысты. Ал денеден айдалатын көмір кышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шакқанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.
Тыныс алудың нервтік және гуморалъдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.
Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопакша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстаға дем алу мен шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарынын козғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің кызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газының тыныс орталығына әсері екі іүрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін канның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хемореценторларға әсері.
Бұлардан баска да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінін де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның кабырғасындағы және кабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның
нейрондарының қызметін тежейді де. дем алу тоқтап, дем шьғару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, кайтадан дем аду басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тірлік те жойылады.
Дем алу мсн дем шығаруды реттеуге мижарты –шарларының қыртыстары да қатысады Адам жаттығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялык иогтар ұзақ уакыт тынысын токтата алады.
Спортпен шұғылданатын адамдардың тыныс алуының минөттік көлемі 200 литрге дейін болатыны мәлім, ал спортпен айналыспайтын адамда ол не бары 70-80 л ғана болады. Ми қыртыстарының тынысты реттеуге қатысуының дәлеліне спортшылардың жарыс алдында, студенттгердің емтиханға кірерде тынысы жиіленетіні мысал бола алады.
Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық
талаптар.
Отгегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болғанда, организмде физиологиялық біраз өзгерістер пайда болады. Ал егер тым аз болса, онда ол өзгерістер ауруға айналады. Тауға шыққанда адам оттегісі аз ауамен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілер өзін нашар сезінеді, бастары1 ауырып, "жүректері айныйды", бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болады. Денесі шыныққан спортпен шұғылданатын мықты кісілердің өзінде 5 - 6 км биіктікте жоғарыда айтылған белгілер байқалады. Әлі құрығаны сонша, тіпті қолын да козғалта алмай қалады.
Мұндай өзгерістің алдьмен адамда өте күшті козғыштық - "эйфория", яғни жоғары дәрежеде көңіл шаттануы байқалады да. содан соң ол парықсыздық, немқұрайлыққа айналады. Эйфория кезінде адам себелсіз қатты күліп, шаттанып, айғайлап, әндетеді, бірак өз қылығындағы өзгерістерді аңғармайды. Мысалы, ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар таяқшаларды сызады, ұшқыш не істеп жатқанын түсінбей, бір кадрға бірнеше суретті түсіре береді. Оттегінің қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай алмайды. Сондықтан ұшақтардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп жасалынған. Содан барып жолаушылар арнайы жаттығудан отпесе де үшактарда ұзақ уақыт ұша алады.
Организмге оттегінің мөлшерінің әсерін байқау үшін арнайы барокамералар жасайды. Ішіндегі ауаны сору арқылы оттегінің мелшерін қажетінше азайтады. Мұндай жағдайда деммен шыққан ауаньң, қанның, несептің, тіпті жұлын сұйығының құрамын да өлшел білуге болады. Айта кететін жағдай, белгілі шамадагы таза оггегі адамды тез дұрыс калпына келтіреді.
Ұрық анасыньң жатырында оттегімен плацента арқылы қаматамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен қызмет атқармайды. Бала туыларда оның анасымен байланысы токталады, сондықтая егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмір қышқыл газы көбейеді де, баланың дем алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп те кетуі мүмкін.
Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, жүрегі соғып тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы не өте әлсіз, не дұрыс емес.
Туа болған асфиксия тыныс жолдарының бекітіліп қалуына немесе жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы қызмет атқармағандықтан организмге оггегінің аз жеткізілуіне байланысты. Асфиксияның, жеңіл түрлері туа болуы мүмкін және жүре келе жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде отыра беруіне байланысты болуы мүмкін.
Таза немесе 50 % оттегімен дем алу жүрек туберкулез ауруларында жағымды әсер етеді. Дегенмен оттегінің мөлшері жеткіліксіз болса да, тым көп болса да адам өміріне қатер туғызады. Яғни адам өмірі "тіршілік газының" мөлшеріне байланысты. 3 атмосферадан жоғары қысыммен таза оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Қалыпты жағдайда азот оттегін сұйылтатын заттың рөлінде болады. Ал 4 атмосфералық қысьм кезінде азот есірткі іспетті әсер етеді. Адамда мастану, орынсыз көп сөйлеу, күлкішіл, ақылының нашарлауы, тіпті бұзылуы, бұлшық еттердің қызметінің дұрыс бағытталмауы,
ұмытшақтық пайда болады. Сонымен қатар, ауаның құрамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және криптон) да қысым күшейгенде есірткідей әсер етеді.
Адамньң дем алатын оттегісі белсенді емес, ол белсенді болып, белок, көмірсутегі мен майлар мен қосылуы үшін химиялық жолмен өзгеруі тиіс. Бұған белсенді химиялық органикалық заттар - ферменттер қатысады. Қоректік заттардың клеткаларда тез тотығуына оксидаза ферменті қатысады.
Оттегінің қаннан альвеола қуысына, ал көмірқышқыл газының альвеола қуысынан қанға өтуі газдардың парциалдық қысымына байланысты. Парциалды қысым
-газдардың қосындысындағы белгілі бір газдың үлесіне тиетін қысымның мөлшері, яғни ол газдардың жиынтығындағы әрбір жеке газдың пайыздық мөлілері. Өкле қуысындағы оттегінін парциалды қысымы веналық қандағы оның қысымынан 2 есе кеп болады, ал көмірқышкьш газы - біраз кемдеу. Осыған байланысты оттегі альвеолярлық қуыстан канға. ал көмір қышкыл газы қаннан альвеолярлық қуыстарға диффузды жолмен ауысады. Мұның нәтижесінде оттегінің мөлшері 16 %-ға дейін кемиді де, көмір қышкыл газы 4 %-ға дейін көбейеді. Ал ұлпалардағы оттегі мен көмірқышқыл газдары бұған керісінше болады да. қанмен клеткааралық сүйықтарда газдар алмасады.
18 жастағы жігіттер оттегінің аздығына сезімтал болады.
Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене енбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде - 4 л, футболистерде - 4,2 л, боксерлерде -4.8л, қайықшыларда - 5,5 л. Тыныс алу жиіліг: спортсмендерде минөтіне - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі.
Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасынъң құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыңыс алу мүшелерін жаттыктыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстеддің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен шығармаған жөн.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымластырғанда есте сақтайтың тағы да бір жағдай - дене еңбегі мен дене шьнықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дүрыс болуын кадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондықтан мектеп жұмысында сабақ кестесін жасағанда бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерің жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза аузда тәулігіне 3 сағаттан, ал басауыш сынып окушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде үйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйыктауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді.
Сондынқан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.
Осы жазылғандарды қорыта келе, балалардың сабақ окитын, еңбек ететін ұйдегі белмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың
бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды.
Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына жағымды әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет: оқушы партада отырып, екі қолын бүйіріне таянып терең дем алып және дем шығарады. Мұндай гимнастика баланың сабаққа ынтасын арттырады.
Қарастырылған сұрақтар.
тыныс алу дегеніміз не?
адам немен тыныс алады? Әдебиет – 16. 17.
№ 12 Тақырып Мектеп мүлігіне қойылатын гигиеналық талаптар 1.Компютердің алдында отыру талаптары
Компютерде жұмыс істеу ережелері
Көзді тынықтыруға арналған жаттығулар кешені 4.Компютерді қосу
мақсаты: Компьютер алдында дұрыс отыру ережелерімен таныстыру мазмұны: Компютердің алдында отыру талаптары
Сіздің жұмыс орныңызда дербес компютердің құрамдас бөліктері – жүйелік қорап, пернетақта, тінтуір және монитор орналасқан.
Аппараттармен, кабелдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр тогынан зардап шегуе әкеп соқтырып, аппараттарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
Сондықтан:
Жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға; Қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге; Бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге; Монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға; Дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, техникалық қолдау орталығына жүгіну қажет.
Жұмысты бастамас бұрын:
жұмыс орнында көзге көрінетін ақаулар жоқтығына көз жеткізіп алыңыз;
көру сызығы экранның ортасына келетіндей, пернетақтаны еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға ыңғайлы болатындай етіп орналасыңыз.
2.Компютерде жұмыс істеу ережелері
Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда арқа және мойын бұлшықеттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауыруы мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеткі көзбен бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс.
Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес: құныспай тік отырыңыз деген осы жерде орынды!
Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болуы, тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор экраны арасындағы қашықтық 70 см-ден аз болмау тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.
3.Көзді тынықтыруға арналған жаттығулар кешені
Халықаралық стандарт бойынша, монитор алдында жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты сағат сайын үзіліс жасап отыруы тиіс.
Монитордан теріс қараңыз да, көзіңізді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз. Көзіңізді недәуір жиілікпен және амплитудамен ашуға тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соңында, қатты таңғалғандай, 10 рет көзіңізді кең ашып, қабағыңызды түйіңіз.
Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелет уқалаңыз. Бұлай еткенде, оң қолыңыздың саусақтары оған қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені көзге «қызмет ететін» бұлшық еттер мен тамырларға әсер етеді.
Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынадай. Терезеге қараңыз. Арқаңыз бен мойныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабығыңыздың арасына қараңыз.
Көздеріңізді еркін ұстап, жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналы жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы жасаңыз.
Көздеріңізді жабыңыз, 30 секунд бойы оларды саусақ ұштарымен уқалаңыз.
Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз.
Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді 10-20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне кіріңіз. Басына рама шеңберіне салынған көріністерді елестетіп, содан соң раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге аттаныңыз. Осы бір жақта өзіңіздің жаныңызға жайлы мекен тауып алып, сол жерге жайғасыңыз. Денеңізді еркін ұстап, қалай жақсы тыныққаныңызды сезініңіз.
Компютер алдында күніне 5 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Ең дұрысы - осы уақытты түске дейін және түстен кейін деп екіге бөліп алу. Балалар үшін бұл режимнің талаптары қаталдау: 1-сынып - 10 минут, 2-7- сыныптар - 15-20 минут, 8-9-сыныптар - 25 минут, 10-11-сыныптар - әрбір 30 минут сайын 5 минуттық үзіліс жасап 50 минут қана.
Әр сағат сайын көзге арналған жаттығулар жасап, әрекет түрін өзгертіп отырыңыз, орныңыздан тұрып, шай, су ішіп келуге болады. Егер тұруға болмайтындай «шұғыл» жұмыс істеп отырсаңыз, тым болмаса, басыңызды айналдырып, құйрық бұлшық еттірімен аяқтың басын көтеріңіз.
Үзіліс жасалған кезде бөлмеңізді желдетіп алыңыз.
Компютерді қосу
Компютерді қосар алдында желідегі кернеу компютер талап ететін керенуге сәйкес келетін - келмейтінін тексеріп алу қажет (көптеген компютерлер кіріс кернеуінің түрлі мәндері, мысалы 220 немесе 110 В болғанда да жұмыс істей береді). Қажет болған жағдайда компютердегі кернеу айырып-қосқышын дұрыс дұрыс қалыпқа келтіру керек.
Егер компютер үздіксіз қорек көзі құрылығысы арқылы қосылған болса, онда оны компютерге кернеу жеткізу режиміне ауыстыру қажет. Ал егер компютер тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты қосу керек.
Компютердің мониторын қосу.
Шеткері құрылғыларды (принтер, сыртқы модем, сканер және т.б.) қосу.
Компютерді қосу.
Осыдан кейін компютер бейне бетінде компютердің жабдықтарын тексеру. Компютер қалай жұмыс істейді және қайда қолданылады?
Дербес компютерлер ең кеңінен қолданылатын компютерлер қатарына жатады, олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолдану аясы кеңейіп келеді. Дербес компютерлер желіге біріктіріле алады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ мәліметтер базаларына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары көмегімен компютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсисмилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер банктерінен ақпарат ала алады.
Компютерлерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз.
Жүйелік бағдарламалардың негізгі компютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компютердің барлық құрылғыларын басқаратын, компютер құрылғылары және адам мен компютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады.
Қарастырылған сұрақтар.
Компютер қалай жұмыс істейді және қайда қолданылады?
Компютер алдында қалай отыру керек? Әдебиет – 17. 18.
№ 13 Тақырып Дұрыс тамақтану.
Зат алмасуы, жас ерекшеліктері. 2.Белоктың алмасуы, жас ерекшеліктері. 3.Майдың алмасуы.
4.Көмір суының алмасуы. 5.Туздар мен судың алмасуы.
Денедегі судың маңызы, жасқа байланысты мөлшері.
Қуаттың және негізгі заттың алмасуы, жас ерекшеліктері.
1.Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және оганизмнің негізгі қызметі. Зат алмасуы тоқталасымен тірлік жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар кореттік заттар, тұздар мен су кіреді де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған днеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады.
Белоктың алмасуы. Азықтың ең құнды бөлігі белок, өйткені белокпен ғана тамақтанса, адам біраз уақыт өмір сүре алады, ал белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Белок ыдырағанда май мен көмірсу түзіледі. Егер белокты ( айталық, сүттің белогын) тікелей қанға жіберсе, адам уланады. Кейбір адамдарға сиыр сүті, жұмыртқа жақпайды, себебі бұл тамқтардағы белок ішек-қарын арқылы ыдырамай, сол күйінде қанға өтеді. Белоктың құрамында азот, күкірт, амин қышқылдары бар, ал май мен көмірсуында олар жоқ. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. (1- кесте).
3.Май мен қөмірсуының алмасуы. Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, өттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі.
Көмірсуының организмдегі маңызы мен қажет мөлшері. Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т.б. іспетті моносахаридттерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1%.
Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12%-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат- гликогенге айналады. Егер 0,12%-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруда бүйрек кріседі. Мұны глюкозурия деп атайды.
Қарастырылған сұрақтар.
дұрыс тамақтану дегеніміз не?
дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі маңызы ? Әдебиет – 17. 18.
Дәріс № 14 Зәр шығару жүйесі қызметі және оның жасқа сай ерекшеліктері
Зәр шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.
Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 мин. Олардың әрқайсысының сырты боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың озі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер алғашқы иірім каналдарына айналады.
Несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1)Нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация), 2) Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция), 3) Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрциялық қызметі. Мұнда амиак, сутегі иондары, креатинин т.б. заттар сонғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырады.
Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан эфферентік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі.
Энурез. Несептің денеден рефлекторлы еріксіз түрде шығарылуы емшектегі балада болатын жағдай, ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. Екі жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі де рефлекторлы еріксіз несеп шығару тоқталуы тиіс. Томендегі суретте зәр шығару мүшесі – бүйректің суреті бейнеленген.
10 – сурет
1— сол бүйрек ; 2— қабықты зат ; 3— оң бүршік ;
4— бүршік пирамиданың бүршік ; 5— қақпасы ;
6— бүршік лоханка ; 7— сол несеп көпіршік ;
8— бас жақ несеп көпіршік ; 9— түп несеп көпіршік ; 10— денесі ;
11— тұқымдық көбікше ;
12— алдына келетін без жыныс мүше ; 13— дене жыныс мүше ;
14— түбір ;
15— жұмыртқа ағыстар ; 16— қосымша жыныс мүше ; 17— кішкене бас ;
18— кішкене жұмыртқа кішкене жұмыртқа ; 19— бөлігі
Қарастырылған сұрақтар.
зәр шығару дегеніміз не?
зәр шығаруды қандай мүше атқарады? Әдебиет – 18.19.
№ 15-Тақырып Аяқ киім және киім гигенасы .
Киім және аяқ киімді күту ережелері және оған қоятын талаптар
Киім және аяқ киімді дұрыс таңдау талаптары
Киімді жіне аяқ киімді дұрыс таңдап, оны күтуге үйрету.
Аяқ киім киюге ыңғайлы, аяқты қыспайтын, әрі үлкен болмауы тиіс. Аяқ киім тар болса, ол саусақтардың деформациясына, құрғақ күстенуге, үлкен болса ұажалу мен сулы күстенуге алып келеді. Аяқ киімге ең жақсы материал тері, ең нашар резина болып табылады. Жазда сандалдар мен корссовкалар киген ыңғайлы. Жас
өспірімдер үшін аяқ киім үлгілері көптеп шығарылуына байланысты, оны таңдауда еш қиындық кездеспейді. Қысқы аяқ киім поролоннан не аң терісінен болғаны жақсы, себебі олар жылуды сақтай алатын материал ретінде белгілі. Қыста жүн шұлықтар кейген дұрыс. Аяқ кейімді үнемі кептіріп, тазартып, шұлықты үнемі жуып, әрі кептірген дұрыс. Жазда жалаң аяқ жүрген өте пайдалы.
Ішкі киімдер адам денесімен жанасқандықтан, оған ерекше талаптар қойылады. Іш кейімді аптасыа бір рет жуу қажет. Майка мен трусиларды күнделікті жуып, таза етіп қою қажет. Олар оңай жуылатын матадан, әсіресе мақталы матадан тігілген дұрыс. Синтетикалық матадан жібек матадан капрон, нейлондардан тігілген тиімсіз, әрі зиянды. Олардың гигроскопиялық қаситеі нашар, тері майы мен терді нашар сіңіреді. Сондықтан олар күнделікті жуды қажет етеді.
Қарастырылған сұрақтар.
сабақтағы оқушылардың кейім үлгісі қандай?
аяқ кейімнің тарлығы неге жаман?
Әдебиет – 20.
Достарыңызбен бөлісу: |