Сопақша ми –жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2, 3, 5 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасақан және 9-11 ми нервтерінің ядролары орналасқан.
Вароли көпірі – сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Ол үстіңні жағында ортаңғы мимен , бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. Көпірден 5,6 ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан 7, 8 ми нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 г. 7 жасқа келгенде артқы мидың дамуы аяқталуға жақындайды.
Сопақша мидың арт жағында мишық орналасақан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртұы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейрондардан құралған: 1 –сыртқы, молекулярлық, 2-ортаңғы, ганлиялық, 3-ішкі, түйіршік қабаттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ затан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері-тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың құртында сұр заттан құралған екі ядро бар. Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сақтау.
Қорытып айтсақ, мишық тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Ортаңғымивароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған, көзді қозғаушы және шығыршық нервтерінің, қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.
Ортаңғы ми ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус,ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды.Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді.Гипоталамус дененің жоғарғы дәрежелі вегатаривтік орталығы болып саналады.Мұнда зат алмасуын,дененің температурасын,аштық және шөл сезімдерін,
барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп,ол нейросекреттер гипофиз безінде белсендіреді. Сондықтан гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкісекрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық та бар.
Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және сер гектігін реттеуге қатысады.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді. Жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлының белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады. Торлы құрылымның әсерінен жұлының байланыс жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсендіріліп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқығы кетеді. Торлы құрылымының әсеріне байланысты рецепторлардан келген арнайы мәлеметтер ми сыңарларында талданып, дүрыс ұғым пайда болады. Ми сыңарлары мен торлы құрым бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тек қана торлы құрылым ми сыңарларың белсендіріп қоймай, керішінше ,ми сыңарларыңның қыртыстары да торлы құрылымға белгілі шамада әсер етеді.
Торлы құрылымының мишыққа әсері оның ми сыңарларына ететін әсерлеріне барабар. Оның жұлынға әсері 2-3 жаста әлі де болса толық қалыптаспағандық ,жұлын рефлексінің пайда болуы жуңілденбейді де, керісінше ,қиындалады, бірақ ми сыңарларына әсері ересек адамға ұқсайды. Торлы бөлімнің қызметі бастауыш сынып оқушыларында толық қалыптаспаған.