Жас ерекшеліктер физиологиясы



бет5/9
Дата15.11.2023
өлшемі0,49 Mb.
#124161
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қыртыс асты ядролар. Ми сыңарларыңың ақ заттарын ішінде қыртыс асты ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маныздысы-бозарған ядро, қауызды ядро және құйрықты ядролар.
Бозарған ядро қозғалу кезінде көмекші қимылдарды қамтамасыз етеді және ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша қимылдар көбейіп, бұлшық еттің тонусы төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда қолдың қажетсіз еріксіз тырбандаған қимылдары пайда болады, беті тыржияды тағы басқа қимылдар туады. Ондай еріксіз қимылдар мысалы, хорея ауруымен ауырған адамдарда байқалады.
Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бұлшық еттің тонусы күшейіп, көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Ондай адамның беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз, бір-біріне сәйкестелмейді.
Құйрықты ядро мен қауызды ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бұлардың бұлардың қызметі күшейгенде бозарған ядроның қызметі төмендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мұндай паркинсон ауруындағы тәрізді белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарлағанда хореяға ұқсас кемшіліктер пайда болады.
2-3 жаста қыртыс асты ядроларының молшері ересек адамның молшерінің 40%- ындай болады. Оның нейрондары бұл мерзімде әлі болса дифферцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі) үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген, сондықтан балалардың қимылдары әлі де болса ыңғайсыздау, дұрыс бағытталмаған.
4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай болады.
7-13 жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің ядроларына жуықтайды.
Үлкен ми сыңарлары(ми жарты шарлары). Үлкен мисыңарлары мидың ең үлкен ең маңызды бөлімі адам миының барлық салмағының 80 пайызын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиард нерв клеткалары бар, яғни орталық жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сыңарларында орналасқан. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.
Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық , төбе, шүйде және самай.
Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы және артқы сайлары орталық немесе Роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орналасқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген.
Орталық сайдың артында төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігін маңдай бөлігінен бөліп тұратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бұл аталған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.
Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе ми қыртысы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қапталған нерв клеткаларының аксондарынан тұрады.
Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі және оның құрамында нейроглиялар да болады.
Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады әрі оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрондардан 10 есе артық болады.
Ми жарты шарларыиың жалпы колемі 1700-1800 см\ бірақ оның 2/3 бөлігі қатпарларында орналасқан, тек 1/3 бөлігі сайларының үстіңгі жағынан орын алады.
Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейроидардан тұрады: 1.Молекулярлык қабат ми қыртысының ең үстінгі жағында орналасқан ұсақ
иейрондардан құрылған.

    1. Сырткы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида және көп бұрышты иейрондардан тұрады.

    2. Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар.

    3. Ішкі түиіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ неирондар. 5.Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы.

  1. Көп пішінді клеткалар қабаты үш бұрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардан тұрады.

  2. Бұл қабат жіп тәрізді өте үзын нерв торшаларынан тұрады, кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді.

Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер бар: сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жарты шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады:

  1. Организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-қүлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы — бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;

  2. Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.

Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырмашылығы анықталған болатын. Мидың сол жагындағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінін, бұзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қатысы барлығы байқалды.
Мидың оң жақ жарты шарына немғұрайлы көзқарас туып, ол қосымша бөлік деген ұғым пайда болды, бірақ кеиіннен бүл пікірдің қате екендігі анықталды. Егер оң жақ жарты шар зақымдалса, көру қабілеті, кеңістікті аңғару сияқты қызметтер кеміген.
Мидың оң жағының психикага да қатысы бар.
. Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, ал сол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметгерін атқаратынын Р. Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер анықталды.
1985 жылы В. Л. Бианки ғылыми зерттеулер жұмысының және арнайы клиникалық бақылаулардың нөтижесінде оң жақ жарты шар дедукция (лат. дедукция жалпылықтан жекелікке шығару), яғни жалпылықтан жекелікке қарай бағытталған тәртіппен талдауды басқарады. Ал сол жақ жарты шар индукция (лат. индукция — жекешеден жапылыққа шығару) тәртібімен, яғни жеке-жеке талдаудан жалпылауға көшеді, біріктіріп жинайды.
Бұ л зандылықтар да екі жарты шарлардың бірлескен қызметінің дүние танудағы маңызын көрсетеді. Адамзаттың тарихи дамуының нәтижесінде осындай үйлесімді дүние тану заңдылықтары қалыптасып, адамңың сана-сезімі жетілдірілді. Сонымен бірге, мидың ойлау және сейлеу жүйелері жақсы дамыды.
Жалпы, 7-13 жас арасы баланың ми қыртыс қызметінің бірсыпыра жоғарылаған мерзімі. Бұл кезде ол көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын толық бақылауына алады.
Сондықтан баланың көзіне қарап, көңіл-күйін білу қиындайды, баланың қимылдары жылдам, ақыл-ойы, ойлау қабілеттері болады. Ойлау қабілеті тікелей сөз әсеріне байланысты дамиды.
13-18 жас арасында ми қыртысыньң үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді.
Дегенмен байланыс бөлімінің миелинденуі әлі аяқталмайды, қыртыстағы нейрондардың серпімділігі әлі де болса төмен, қозу тежелуден басымырақ келеді. Сергек кезін дегі ЭЭГ-сында 10%-дай тета ырғактары болады. 13-16 жас арасында маңдай бөлімінің, дамуы аякталып , ЭЭГ-сы ересек адамдардікіндей. Баланың белсенді зейіні 30-40 минөттей. . 17-18 жаста ми қыртысының құрылымдық дамуы аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады. Көпшілік ғалымдардың мәліметіне қараганда, ми қыртысының қызметінің дамуы 50-60 жасқа дсйін байқалады.
Шеткі жүйке жүйесі, Ш е т к і жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың үлпаларына, клеткаларына тараған нерв клеткалары мен нерв талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі с о м а т и к а л ы к {лах.сома ~ дене; анималдық дсп те атайды) жоне вегетативтік (ішкі мүшелерді нервтендіретін) жүйке жүйелеріне бөлінеді.
Соматикалык жүйке жүйесі оргакизмнің сыртқы мүшелерін және сырт тұлғасы нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатика лық және п а р а с и м паткалық жүйке жүйелерінен тұрады. Бүл екеуінің қызметі бір-бірне қарама-қарсы: егер сипатикалық жүйке жүйесі мүшенің қызметін күшейтсе, парасимпатикалық жүйке
жүйесі оның қызметін, керісінше, төмендетеді. Сөйтіп антагонистік өсер етуі арқылы мүшелердің қызметін қалпына тез келтіріп, организмнің функциялық түрақтылығын сақтайды.
Соматикадық жүйке жүйесі қозғаушы және сезгіш нерв талшықтарынан тұрады.
Олар қаңқа еттерін нервтендіреді жөне бүкіл организмді сезгіш талшықтармен қамтамасыз етеді. Соматикалық жүйке жүйесінің нерв орталыктары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлык бөлімдерінде орналасқан. Тек аралық мида ғана соматикалық. нерв жүйесінің орталықтары болмайды. Жұлынның алдыңғы мүйіздерінің қозғалтқыш клеткаларының аксондары немесе ми нервтерінің қозғаушы ядроларының клеткалары оның қозғаушы талшықтарын құрайды. Бүлар орталық нерв жүйесінен шығып, каңқа еттерін нервтендіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесі козғаушы және нейросекреторлык нерв талшықтарынан тұрады. Олар жүректің етін, ішкі мүшелерді және қан тамырларын нервтендіреді. Вегетативтіх жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасады. Олардың талшықтары ядролардан шыққаннан кейін, нерв импульстерін шеткі вегетативтік түйіндерде орналасқан шеткі жүйке жүйесінің нейрондарына өткізеді. Нерв импульстерін қабылдаган екінші нейронның талшықтары жұмысшы мүшелерге жетеді. Ягни вегетатнвтік жүйке жүйесінен өтетін нерв импульстері 2 бөлімнен тұрады: біріншісі - орталык нерв" жүйесінде орналасқап нейроннан шеткі нерв жүйесінің түйіндеріне дейінгі преганглионарлық бөлім; екіішісі - шеткі түйіннен жұмысшы мүшеге дейін 2-ші иейрон арқылы нерв импульстерін өткізетін п о с т г а нглионарлық бөлім.
Вегетатидтік жуйке жүйесі. Ол симпатикалық және ,парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады (8-сурет). Симпатикалық жүйке жүйесі орталық және шеткі (перифериялык,) бөлімдерден тұрады. Оның нерв орталыктары жұлынның І-көкірек омыртқасымен Ш-бел омыртқасының арасында орналасқан. Жүлындагы нерв клеткаларының аксондары алдыңғы түйіндердің орталықтары арқылы өтіп, жұлын нервтерімен ұштасады. Олардың преганглиялық талшықтары симпатикалық шекара бағанасына ауысады. Симпатикалық жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, нервтер мен нерв өрімдерінен тұрады.
Нерв жүйесіндегі козу мен тежелу . Орталык тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне . - нейрондағы қозу мен тежелуге - негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Тек қозу кезінде ғана неирондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді.
Тежелу кезінде, керісінше, нсйронньң қозуы томендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда -болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының озгеруіне , байланысты. Екеуінде де энергия жүмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген.
1862 ж. И. М. Сечиюв орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттеи келе, оның 2 түрлі болатынын тапқан: пресинапстық және постсинапстық тежелу.
Пресинапстық тежелудің негізі XIX ғасырдың 70-80 жылдары ашылды.
Сондықтан оның механизмі әлі де зерттелуде. Қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де, нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.
Постсинапстпқ тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы тежегіш нейрондардын, болуына байланысты. Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады. Әрбір нерв клеткаларында көптеген
қоздырушы және тежеуші синапстар болады. Олардың бір-бірімен байланысынан нейронда не қозу, не тёжелу байқалады.
4. Рефлекс және оның түрлері
Нерв жүйесінің қызметінің негізі - рефлекс. Р е ф ле к с деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады..
И. П. Павлов барлык рефлекстерді ш а р т т ы және ш а р т с ы з рефлекстер деп бөлген.
Рефлекторлы дога, оның бөлімдері. Рефлекс кезінде козудың жүретін жолып рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың саиына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше болімнен тұрады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет