Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Ахмет Байтұрсынов, «Қазақ қалпы»



Pdf көрінісі
бет83/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Ахмет Байтұрсынов, «Қазақ қалпы»:
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, 
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ. 
Жел соқса, құйын соқса, жылжи беру 
Болғандай табан тіреу еш нəрсе жоқ. 
Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, 
Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. 
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, 
Алалық алты бақан дертпен кірдік. 
Бейне бір құдіретті сынағандай, 
«Сақтар деп сақтар болса» сертпен жүрдік. 
Жат жақты жаратқанға күзеттіріп, 
Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік. 
Білдірдік елдің сырын, ердің құнын, 
Еліріп ерегеске екі-үш күндік. 
Кіреді тентек есі түстен кейін, 
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік. 
Əлі де саңылаусыз салтын бағып, 
Түрі жоқ іс ететін пəлен дерлік. 
«Ұлы той – көппен көрген» жалғыз мен бе, 
Деп отыр, не болса да жұртпен көрдік. 
Осы өлеңді оқи отырып, санама еріксіз ұялаған мақал-мəтелдер: 
Бір жеңнен қол, бір жерден сөз шықпаса, 
Алалы алтыбақан дерт кіреді. 
Тентектің есі түстен кейін кіреді. 
Саңылаусыз салт баққан, түрі жоқ іс етеді. 
Еспесі жоқ қайық мінген, кешпесі жоқ теңізде қалқиды. 
Түсіне қарап, ішінен түңілме, 
Күшіне қарап, ісінен түңілме. 
Табан тіреуің болмаса, жылжи бересің жел қуса. 
Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» кітабында мақал-мəтелдерге 
мынадай анықтама берілген: «Мақал дегеніміз – тақпаққа жақын, салт-санасына 
сəйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шынайы келеді. 
Мысалы: 
1. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. 
2. Асың барда ел таны, беріп жүріп, 
Атың барда жер таны, желіп жүріп. 
Мəтел дегеніміз – кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. 
Мəтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тəжірибеден шыққан ақиқат түрінде 
айтылады. Мəтел ақиқат жағын қарамай, əдетті сөз есебінде айтылады. 
Мысалы: 
1. Өзі тойса да, көзі тоймайды. 
2. Көппен көрген – ұлы той. 
3. Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!» 
Міне, Ахметтің осы ережелерін еске түсіре отырып, «Қазақ қалпы» өлеңінен 
мағынасы терең, қысқа да қонымды, маңызды да мағыналы сөздер кездестірдім. 
Көптеген ұстаздарға тəжірибе түрінде таратып, берілген сөздерді мақал деп 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
90
қабылдай ала ма деген сұрақтар қойылды. Бірнеше мұғалім берілген мақалдың 
мағыналарын өздерінің түсінігінше ашты. Өзімнің түсінігім бойынша мынадай 
ойлардың жиынтығы деп бекіттім: 
«Бір жеңнен қол, бір жерден сөз шықпаса, 
Алалы алтыбақан дерт кіреді» деген мақалды: 
«Алтау ала болса ауыздағы кетеді, 
Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген ескі мақалмен сəйкестендірдім. 
Адамдар арасындағы алауыздық, бірліктің жоқтығы, қастықтың, алалықтың 
көптігінде ойдағы іс, қолға алған жұмыстың орындалмасы анық. 
«Тентектің есі түстен кейін кіреді» – негізгі бар мақал болғанымен, өлең 
сөздерінде шумақтың бір тармағы ретінде орын тауып, дұрыс қолдана білген. 
«Əлі де саңылаусыз салт бағып, Түрі жоқ іс етерлік пəлен дерлік», - деп 
басталатын соңғы шумақтан: «Саңылаусыз салт баққан, түрі жоқ іс етеді», - деген 
өзіме өте ұнаған мақал шықты. Өмірі мен түсінігі жоқ, көрінгеннің сілтеуімен, аузы 
жеңіл айтқыштардың айтқанынан шыққан ырымдар мен тыйымдардың дегенімен 
жүріп, болмашыны көңілге түйген адамның ісінің не түрі, не маңызы, не болмысы 
жоқ ой туары анық. Бұл мақалды ойы терең ойлы адам бірнеше түсінікте түсіне 
алады. 
«Еспесі жоқ қайық мінген, кешпесі жоқ теңізде қалқиды» жəне «Табан тіреуің 
болмаса, жылжи бересің жел қуса» деген мақалдарды өлең жолдарының мына бір 
тармақтарынан алдым. 
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, 
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ. 
Жел соқса, құйын соқса, жылжи беру 
Болғандай табан тіреу еш нəрсе жоқ. 
Мағынасына келер болсақ, «Еспесі жоқ қайық мінген, кешпесі жоқ теңізде 
қалқиды» деген мақал бос қиялға берілген адамның оймен ісін тындырып, жоспары 
жоқ жөні жоқ, бастары жоқ, соңы жоқ істі армандауы. Істер ісін теңіз десек, жүрер 
жұмысты ескекті қайық дейміз. Сол күрделі жұмысқа ешбір дайындықсыз бастау 
алып, теңіздің түбіне қайықпен кетер, яғни ісін бастамай жатып, құрдымға кетер 
дегенді білдіреді. 
Ал «Табан тіреуің болмаса, жылжи бересің жел қуса» атты мақалды мен екі 
мағынада түсіндім. Алғашқысы, белгілі жан-жақты ойластырылған ісің болмаса, əр 
нəрсенің басын бір шалғаныңмен желдей есіп жүре бересің, көптің басын шалып, 
керексіз болып қаласың деген. Ал екіншісі, қазіргі заман сұрауына байланысты 
жоғарыда тіреуің болмаса, істеген ісің мен ойлаған жұмысың өрге баспайды. 
Кереметтей дүние жасағаныңмен соныңды құптайтын тіреуің болмаса, өмірің соны 
іздеумен өтетінің, жел қайдан соқса сонда ұшатын қаңбақтың кейпін киетінің сөзсіз. 
Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» өлеңінің өзі тұрғанымен бір мақал деуге 
болады. 
Түсіне қарап, 
Ішінен түңілме, 
Күшіне қарап, 
Ісінен түңілме. 
Мақал түрінде алар болсақ: «Түсіне қарап ішінен түңілме, Күшіне қарап, ісінен 
түңілме». Қандай нəрсе болса да сыртқы кейпіне немесе істеген ісіне қарап бағалай 
алмаймыз. Алып болғанымен ісі мардымсыз, ойлы болғанымен тапқаны жарамсыз 
адамдар да көп. Ал, күтпеген адамнан таудай тапқырлы, ұтымды ойлар шығары 
сөзсіз. Осы өлеңді шығарарда Ахмет те осыны меңзеген болар. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
91
Осы мақалдар мектеп мұғалімдеріне таратылды. Қатысқан мұғалімдер саны – 
17. Мақал деп танығандар – 16. Мағынасын аша білгендер, мағынасын 
жобаластырғандар – 16. Осы санға қарай отырып, мақал деуге лайық деген 
қорытындыға келдім. Ғаламторға салып тексерген едім, мақалдардың қаншама мың 
саны шықты, бірақ, ішінен осы мақалдарды кездестірмедім. Сол себепті осы жобама 
арнайы осы тақырыпты алдым. 
«Мақал – сөздің мəйегі» демекші, мақал қазаққа көптік етпейді. Ахмет 
өлеңдерінің мазмұнында қаншама мақалдың мағынасы жатыр. Ақын көп, өлең көп, 
бірақ өкінішке қарай, қазыналы өлең жолдары өте аз. Ескінің ақыны деп қарайтын 
Ахметтің өлеңдері ХХІ ғасырға жаңалық болды. Қаншама ғылыми жобаға тақырып 
болып отырған ақын шығармашылығын қазына демегенде не дейміз?! 
Мектеп бағдарламасындағы өлеңдерінде тамыры терең ойлы астар жатыр. 
Өзімнің ғылыми жобамның тақырыбын «Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ қалпы» 
өлеңіне «тығылған» мақалдар» деп алуым да жайдан-жай емес. Осындай зерттеулер 
арқылы əдебиетке деген құшынысым артты. «Жындыны есіртетін бір ауыз сөз
жындыны басатын да бір ауыз сөз» дегенді естуші едім. Осы бір ауыз сөз дегеніміз – 
мақал емес пе? 
Бір ауыз сөз – асқақтатып ойыңды, 
Бір ауыз сөз – аласартып бойымды. 
Бір ауыз сөз – құлшындырып өмірге, 
Бір ауыз сөз – басар сол бір жойқынды. 
Ертеректе билер мен шешендер, ғалымдар мен ғұламалар, дарындылар мен 
даралар айтқан сөздер бүгінге өсиет, мақал болып, халық сөзіне айналып жатыр. 
Бірақ, Ахметтен туған мақалдардың иесі тек қана Ахмет болып қалады. Себебі, 
Ахметтің құлашы кең өлеңдерін, əлемге əйгілі ақыл сөздерін дəл осындай етіп ешкім 
де қайталай алмайды деп ойлаймын. Бір мақал табылса – бір ғаламаттың, бір ойдың 
дүниеге келгені. «Түсі игіден түңілме» демекші, Ахметтің өлеңін зерттеу барысында 
бір кереметке қол жеткізерімді білдім. Мақалды кез-келген адам ойлап таба бере 
алмайды. Ал, өлеңді мақалмен астастыра білетін ақын жоқтың қасы. 
Ғылыми жобаның тақырыбын «тығылған мақал» деп алуымның себебі осы. 
Жоғарыда айтылғандай, қазақ – мақалшыл халық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай ғана 
түйіні болған мақалды қорытып айта білу де өнер. Өлең жолдарынан шыққан осы 
мақалдар болашақта жастардың аузында айтылып жүріп, біреутің игі ісінің 
бастамасы болып жатса, тек қуанар едім. Себебі, осы мақалдарды өзің ойымдағы 
қазыналы кітапшама түйіп қоярым анық. 
Артық іздеусіз, алдымда күнделікті оқып жүрген осы бір өлеңнен осындай 
байлық табармын деп ойламаппын. Бұл ғылыми жоба мен үшін байлық! Санамды 
селт еткізіп, ойымды өрге жетелеген, қазақ əдебиетіне деген ізденісімнің одан əрі 
арта түсуге мүмкіндік жасаған идеяны іздеуімді тоқтатпай жалғастырарым сөзсіз. 
Сөз соңында айтарым: 
Ахмет! Өлмейсің сен, өлмегенсің! 
Тіліңнен балың тамған сөз мергенсің! 
Анаңның қазақ тілін биік етіп, 
Орыстың шүлдіріне ермегенсің! 
Қазақтың мақалдарын өлеңге ұстап, 
Өзгенің таптауына бермегенсің! 
Мен сені биіктегі туым етем, 
Сен нағыз батыр тұлға, ер екенсің! 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет