Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет84/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

ЕРБОЛАТОВА Перизат Ерболатқызы, 
№199 орта мектебінің 3 сынып оқушысы, Төребай би ауылы, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЕЛЕМЕСОВА Эльвира Сексенбайқызы, 
№199 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Төребай би ауылы, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҚОРҚЫТ 
Кіріспе. 
Сыр бойы – тұнған тарих. Мұнда ерте замандардан мұраға қалған 
тарихи жəне мəдени ескерткіштер көп. Сыр елінің өткендегі өмірі мен тарихы, 
мəдениеті халық арасында айтылып жүрген жыр, аңыздар ретінде сақталған. Сыр 
өңіріндегі көненің көзіндей қала, мазар, мортық, асарлар, тас мүсін, ескерткіштер 
көп. Тіпті олардың құм басып көміліп, белгісіз болып кеткені қаншама? 
Табиғатты тамашалауға барған кезде төбе басында тұрып, мұғаліміміздің бізге 
үлкен аппақ күмбезді: «Анау Қорқыт бабамыздың ескерткіші», - деп көрсеткен 
болатын. Сол кезде маған ой келіп: «Қорқыт баба кім болған? Қойылған ескерткіш 
қандай екен?» - деген сияқты сұрақтар оралды. 
Ғылыми жұмысты жазар алдында əжем екеуміз аудан орталығымен Қорқыт 
баба кесенесіне бардық. Жолдың сол жағында шығысқа қарай аппақ кесене көзге 
көрінді. 
Кесенеге барар жолда: «Түркі ұлыстарының арасында Қорқыт атадан даңқты, 
одан асқан кісі жоқ еді», «Менмен, тəкəппар адамды тəңірі сүймейді», - деп 
жазылған сөздерді оқыған кезде кішкентай жүрегіммен үлкен түпсіз терең, ғаламат 
баба сырын ұғынуға менің ойым жете ме екен деп толғандым. Сол кезде ішімнен: 
«Баба, сізге басымды иемін», - деп тағзым етіп, кесенеге қарай беттедім. 
Кірген кезде оң жағында мұражай, сол жағында шырақшы бөлмелері бар екен. 
Сосын алға қарай жүріп, баспалдақпен жоғары көтерілгенде бабаға арналып 
салынған үлкен ескерткішті көрдім. Алғаш əжеммен бірге барғанда Арал мен 
Байқоңыр арасындағы туризмді қалай дамытуға болады деген мақсатпен келетін 66 
ел өкілдерінің келу құрметіне орай ол жерге жөндеу жүргізіліп жатыр еді. Кейін 
мұғаліміммен барған кезде мұражай ішіне кіргенде алғаш естіген қобыз сарыны мені 
бабамен тілдестіргендей болды. 
Бүкіл түркі тілдес халықтарының ұлы бабасы Қорқыт атаның туып-өскен 
Отаны, кіндік қаны тамған жері – Сыр елі. Ерте заманнан Сыр бойын жайлаған оғыз 
қыпшақ тайпасының арасында дүниеге келіп, көреген көсемі, сөз бастар шешені 
атанған Қорқыт ата бүкіл түркі тілдес халықтарына ортақ. 
Қорқыт ата 8-9 ғасырларда өмір сүрген, шамамен 95 жыл жасаған. Халық 
шежіресі мен тарихи мəліметтерде Қорқыттың əкесі оғыз тайпасының Қамы деген 
руынан шыққан салауатты, парасатты кісіні, ал анасы қыпшақ қызы болған. 
Қорқыт ата өлімнен қашып, дүниенің төрт бұрышын кезіп жүргенде мінген 
түйесі Желмаяны аңыз бойынша оған сыйлаған шешесінің туыстары көрінеді. Анасы 
Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүреді. Жылына бір рет толғақ қысып 
отырады екен. 
Қорқыт дүниеге келер алдында үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз 
қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі 
билеген. Осыған орай баланың атын «Қорқыт» деп қойған дейді. 
Қорқыт туар кезінде, 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
93
Қара аспанды су алған, 
Қара жерді құм алған. 
Ол туарда ел қорқып, 
Туған соң əбден қуанған, - деген өлең соны білдіреді. «Қорқыт» сөзінің 
аудармасын Ə. Қоңыратбаев: «Хор – құтты, құт – адам», - деп көрсетсе, С. 
Қасқабасов «Өмір сарқылды, адам өлді» деген мағынанны білдіреді деп санайды. 
Қорқыт атаның өлуі туралы аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, 
үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен, ұйықтап кеткен 
сəтінде судан кішкентай қайрақ жылан шағып өлтіреді дейді. 
Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге 
көзқарасын, «ажал айтып келмейді» деген тұжырым қалған. 
Қорқыт атаның тууы, өлуі қандай ерекше болса, қобызының өзі де сондай 
ерекше: 
Қарағайдың түбінен, 
Қайырып алған қобызым. 
Үйеңкінің түбінен, 
Үйіріп алған қобызым. 
Қыл құйрығын тұлпардың, 
Ішек қылған қобызым. 
Тау текенің мүйізін, 
Тиек қылған қобызым. 
Ортекенің терісін, 
Сауыт қылған қобызым. 
Ақ түйенің сүтіне, 
Сылап алған қобызым. 
Сырыңды ашып, 
Үніңді сынап алған қобызым, - Қорқыт атаның киелі қобызы, міне, осылай 
жасалған. Аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет