Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Қорқыт ата мəңгі есте сақталады



Pdf көрінісі
бет85/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Қорқыт ата мəңгі есте сақталады. 
2000 жылы қараша айында «Қорқыт ата 
кітабының» 1300 жылдығына арналып Қорқыт ата кешені ашылды. Сырдария 
өзенінің жағасында орналасқан монументалды композиция қобыз бейнесіндегі үш 
көктастан тұрады. 
Көктастар арасындағы ашық аралықта қолында қобызы бар, желмаяға мінген 
Қорқыт ата бейнеленген. Ескерткіш авторлары: Ж. Исмағұлы, сəулетші Б. Ибраимов. 
Үнемі оқып үйрену үшін кейінгі жас ұрпақтарға үлкен мəні бар «Қорқыт ата 
кітабын» қазақшаға аударған жерлесіміз Ə. Қоңыратбаев атамыз. 
Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтірілген. «Қорқыт ата 
кітабының» екі түрлі нұсқасы бар. Бірін – Дрезден (Германия), екіншісін – Ватикан 
(Италия) нұсқасы дейміз. Дрезден нұсқасында 12 түрлі оқиға желісі болса, Ватикан 
нұсқасында соның алтауы ғана бар. Əзірге көп тілге аударылып, көбірек зерттелгені 
– Дрезден нұсқасы. Қорқыт атаның мұрасын зерттеген ғалымдар Ш. Уəлиханов, М. 
Əуезов, Ə. Диваев, В. Бартольд, Ə. Марғұлан, Ə. Қоңыратбаев, М. Байділдаев. 
Қармақшыдан 18 шақырым жерде, Сырдарияның жағасында мазар болған. 
1925 жылы опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзенінің суы шайып кеткен. Қазір 
орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ə. Диваев, А. Кастанье, И. Лерх 
зерттеулеріне негіз болған. Бізге «Түркістан альбомы» жинағында жарияланған 
фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы 
шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6-8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
94
көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік 
сəулет құрылысы үлгісімен салынған. 
Қорқыт темір жол бекетіне жақын, Оғыз заманында туып-өскен атамыздың 
сүйегі жерленген тұста биік дөңнің басына кезінде Қармақшы ауданын басқарған, 
Сыр елінің қайраткері Елеу Көшербаевтың зор ықпалымен мазардың бұрынғы 
орнына қазіргі заманғы мемориалдық есірткіш орнатылды. Ескеркіш белгілі 
сəулетші Б. Ибраевтың жəне С. Исатаевтың жобасымен салынған. 
Ескерткіш темір бетоннан жасалған, биіктігі 8 м, 4 тік көктастан тұрады. Əрбір 
көктас əр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпы тастарға ұқсайды. Жоғарғы жағы 
кеңейе келіп, шөміш ішінде түйісетін көктастар қобыз бейнесін меңзейді. Түйісер 
түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз 
сарынымен үндес дыбыс шағарады. 
Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағы мəңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт 
атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын «түйе табан» 
өрнегімен безендірілген. Əрбір көктастың үшкілдене біткен төбесі күмбезге 
ұқсатылып, ерекше сəулеткерлік үйлесім тапқан. 
1997 жылы егемен еліміздің тарихында алғаш рет Елбасымыз Н.Ə. 
Назарбаевтың қолдауымен, сол кездегі облыс əкімі Б. Сапарбаевтың басшылығымен 
Қорқыт атаны кеңінен насихаттау мақсатында бүкіл түркі тілдес елдердің ғылым, 
өнер, мəдениет қайраткерлерінің қатысумен «Қорқыт жəне түркі əлемі» атты 
ғылыми конференция өткізілуіне байланысты ескерткішті қайтадан қалпына келтіру, 
жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Қазір шырақшысы бар, қонақ үй, мұражайы бар үлкен тарихи да, мəдени де 
аумақты кешен екені белгілі. Мұражай қорында 700-ге жуық экспонат (ежелгі 
ескерткіш заттар, қамшы, ер, бабалаларымыздың тұтынған заттары, қобыздың 
түрлері, садақтың сабы т.б.) сақталған. Қорқыт ата өмір сүрген дəуірдің тарихы мен 
мəдениеті жайлы мəліметтер береді. 
Ескерткіштің күн бетінде темір жол, теріскей бетіне үлкен магистралды қара 
жол өтеді. Жерді таңдауы көңілге ұялатады. Əрі-бері өткен жолаушылардың қай түрі 
болса да ат басын тартпай, өтіп кетуі мүмкін емес. Ол ата-баба аруағын, халық 
рухын сыйлағандықтан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет