№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
97
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу
жүргізген И.В. Захарова мен Р.Р. Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6
топқа
бөледі. Олар мынадай: 1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп, матадан тіккен
жəне қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім – тақия. 2. Матадан тігілген
кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей. 3. Киізден тігілген бас киім
– қалпақ. 4. Қалың матадан тігілген башлық (күлəпара). 5. Тері қапталған жылы бас
киім – бөрік. 6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім – тымақ.
Қазақтың ұлттық киімдері рухыңды көтеріп, ізгілікке тəрбиелейді. Киізден
жасалатын киімдер: байпақ, кебенек, киіз етік, киіз қалпақ, пима. Теріден жасалатын
киімдер – сырт киімдер: бота ішік,
тай жақы, тон. Бас киімдер: бөрік, құлақшын,
малақай, тақия, тымақ. Жүннен жасалатын киімдер – жабағы күпі: жадағай шапан,
жүн қолғап, жүн шұлық, түйе жүн кеудеше.
Əйелдердің бас киімдері. Қазақ əйелдері жасы мен отбасы жағдайына
байланысты өзіндік ерекшелігі бар бас киімдер киген. Олардың жазғы, қысқы
түрлері болады. Əйелдердің негізгі бас киімдері: бөрік, жаулық, желек, кимешек,
күндік орамал, қарқара, сəукеле, тақия, шəлі (жібек, шілтер, оюлы жəне т.б.) Тақия.
Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі – қыздардың
тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сəйкес келуге тиісті.
Ерлердің бас киімдері. Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік
төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ
түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді. Тымақ – аңның, малдың терісінен
тігілген қысқы бас киімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы
етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл. Плотников 1859-1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың
бізге жеткен кейбір түрлері мынадай:
жаба салма тымақ; қайырма тымақ; жекей
тымақ.
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы-лақтың бұйра терісінен
тігіп киеді. Қысқы бас киім.
Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, барқыт
тəрізді қымбат маталардан жасалатын бас киім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал
терісі ұсталатын бөріктің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе
алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі конус тəрізді биіктеу. Сал-
серілер бөріктеріне үкі таққан. Жалбағай, башлық, күлəпара. Бұлар қазіргі кезде
ұшыраспайды. Оларды тымақ тəрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен.
Бір-біріне ұқсас бас киімдер. «Күлə» парсы тілінен аударғанда бас киім деген
мағынаға ие.
Матадан астар салынып, тігілетіні – күлəпара, қысқа киетін түрі –
жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде
түріктер «башлық» деп атаған.
Бас киімге байланысты ырымдар. Бас киімді іліп қояды, кез-келген жерге
тастамайды, астыға басып отырмайды. «Бастан бақ таяды» деп саналған. Қыз бала
басына ақ-қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жауласудың, қара – қайғының белгісі.
Жалаңбас жүріп, ас-су əзірлемейді. Бас киімді айырбастамайды. Соңғы жылдары
ұлттық киімдерді заманауи үлгіде шығаруда жақсы бастаулармен көзге түсіп жүрген
бірнеше ұлттық сəн орталықтары шаңырақ көтерді. Солардың қатарында қазақтың
өзіндік құнды əшекейлерін, бірегей ою-өрнектерін өз туындыларында қолданып,
сонау сақ кезіндегі киім үлгілерін жаңғыртып келе жатқан – «Мария Ханым» ұлттық
киім салоны. «Мария Ханым» салонының бағыты – ұлттық киім жəне ұлттық
үлгілерінің негізінде өркениет талғамына сай қазіргі заманғы киім тігу.
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
98
Қазақстан жеңіл өнеркəсібінде өзінің ерекше
бағыт-бағдарымен таныла
бастаған бұл киім салоны қазақ халқының дəстүрлі киім үлгілерімен қатар, ежелгі
тайпалармен байланысты мифтік кейіпкерлердің киім үлгілерін де насихаттап
келеді. Шебер суретші-дизайнер Галина Нагуманованың айтуы бойынша, қолөнер
шеберлерінің ежелгі əдісін сақтай отырып, сол бейнелерді жаңа үлгіге келтіріп,
қазіргі сұраныс пен талғамға жауап беретіндей киім тігу негізін алға қойған мақсат
болып отыр. Ерлерге, əйелдерге жəне балаларға арналған жаңа стильдегі, сонымен
қатар, жоғары сапалы ұлттық киім əзірлеуді «Мария Ханым» тігіншілері мəртебе
санайды. «Ерке-нұр» кəсіпорыны 1997 жылы шаңырақ көтерген.
Негізгі бағыты
ұлттық киім жəне ұлттық киім үлгілерінің негізінде өркениет талғамына сай қазіргі
заманғы киім тігеді жəне балаларға арналған жаңа стильдегі жоғары сапалы киім,
əртүрлі арнайы жұмыс киімдері мен сувенирлер шығарады.
Қыздар көйлегі бүрмелі, тік етек, қос етек, үш етек көп қатарлы деп бірнеше
түрге бөлінеді. Тік етек, кең етек көп қатарлы деп бірнеше түрге бөлінеді. Тік етек,
кең етек көк көйлекті əжелер, бүрмелі көйлекті орта жастағы əйелдер, таспа
жүгірткен бүрмелі қос етек көйлекті жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш
қатармен қатпарлы көйлекті жаңа түскен келіншектер мен бойжеткен қыздар киген.
Қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген ғалымдардың бірі Э. Рассохина қазақ
киімдері негізінен сəндік – мерекелік болып келетіндігін, бірақ осы сəнділік оның
атқаратын қызметтерімен органикалық үйлесімділікте болатындығын негіздейді.
Мəселен, киімдердің жиектеріне сəнділік тұрғысында
безендірілген сызбалар мен
оқа жіптер оның етегін тозудан сақтайды. Үлбірден жасалған ішіктер мерекелік
тұрғысынан жəне үлбірін сақтап тұру үшін барқытпен тысталды. Теріден жасалған
белдіктер сəндік үшін жəне мықты ұстап тұру үшін металл тілімшелермен
əшекейленді. Осындай тұжырымдарды ой елегінен өткізу қазақ ұлттық киімдерінің
атқаратын қызметін төрт топқа (практикалық, ақпараттық, ғұрыптық, эстетикалық)
бөліп қарастыруға септігін тигізді:
1. Практикалық – суықтан, ыстықтан, желден, шаңнан т.с.с. қоршаған ортаның,
табиғаттың түрлі əсерінен қорғауы; көлікке (ат, түйе т.б.) отыруға; көшіп-қонуға,
(шапанын жастанып, жамылып, оранып ұйықтау жəне т.б.),
малшылық, егіншілік
өмірге жүріп-тұруға ыңғайлы болуы;
2. Ақпараттық – адамның əлеуметтік тегі мен қоғамдағы қызметін (байлар,
хандар, сұлтандар, батырлар, сал-серілер, қожа-молдалар, бақсы-балгерлер киімдері
жəне т.б.) отбасылық жағдайын көрсетуі (қыз, келін, бəйбіше, балалы əйел жəне т.б.
киімдері) кəсіптік жұмыс туралы (аңшы, малшы жəне т.б. киімдері), ата-тегі, руы
туралы ақпарат беруі (арғын үлгісі, кіші жүз үлгісі жəне т.б.) ою-өрнектері арқылы
тілек білдіруі (əнші шапанына салынатын таңдай өрнегі – дауысың құстың
сайрауындай əдемі болсын дегені);
3. Ғұрыптық дəстүрлік – сыйлық тартулық (иығына шапан жабу дəстүрі;
елшіліктер арасындағы құрметті сый; «Шен-шекпен алу»; жағалы киім беру: («Тоғыз
тару»); магиялық (адам қайтыс болғанда шапан тарту; дүние салған адамның
шапандарын бірге жерлеу); ырымдық (тіл-көзден, бəле-жаладан қорғау); салықтық
(ат-шапан айып тарту);
4. Эстетикалық-киімдердің ою-өрнектермен əшекейленуі; тігіспен, кестемен,
жапсырмамен, алтын зермен безендірілуі); аң терісімен (бұлғын, сусар, ақкіс, түлкі
жəне т.б.) əрленуі;
асыл тастармен, металл тілімшелермен үкі тігілуі, желбіршек,
желбезектердің салынуы.
Достарыңызбен бөлісу: