Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Қазақ қызының ұлттық көйлегінің пішім бөлшектері



Pdf көрінісі
бет89/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Қазақ қызының ұлттық көйлегінің пішім бөлшектері. 
Ерте заманнан 
ұлттық көйлектерді аса бай əшекейлеп, сəнді етіп тіккен. Ұлттық көйлектер жібек, 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
99
креп-сəтен, креп-шифон маталарынан тігіледі. Көйлекті пішкен кезде пішу жоспары 
берілген матаға қарап жасалады. Бір қабат матаны оның бет жағы бойынша пішеді. 
Егер мата қабатталып пішілсе, онда оның бет жағы ішіне қаратылады. Пішім 
бөлшектерінің үзік сызықтары мен белгіленген жағы төмен қаратылып салынады. 
Əдіп секілді бөліктер пішу жоспарында нөмірленбейді. Олардың өлшемдері нұсқама 
мəтініндегі пішімдемеде көрсетіледі. Бөліктерді тегіске жəне бүктемеге арналған 
қосымша қалдырып пішкен дұрыс. Ең алдымен көйлектің кеуде жəне бөксе орамын 
жəне жеңінің ұзындығын білу керек. Матаның сапасын да ескерген жөн. 
Киім пішу – тігін бұйымдарын дайындау үрдісінің ең маңызды кезеңі. Тігін 
бұйымдарын пішкен кезде мынадай талаптарды қатаң сақтау қажет. Ең алдымен, 
матаны пішуге дайындайды, яғни матаның беттік жəне теріс жақтарын, матада 
ақаулардың бар-жоғын, сондай-ақ бойлық жіптің бағыты анықталады, барынша 
тиімді пішілуі үшін матаның ұзындығы мен ені өлшенеді. Сонан соң матаны мұқият 
үтіктеп, таңдалған сызбаның жайылмасына байланысты беттік жақтары ішке 
қайтарылып бүктеледі. 
Мата көбінесе бойлық жіптері бойынша бір шеті мен екінші шеті беттестіріліп, 
бүктеледі. Тігетін қазақ көйлегіне жұмсалатын мата шығыны, 1 м шифон, 1,5 м 
органза, 3 өрнек, 3 м тесма, 2 шашақ, 1 м сəтен, 90-80 нөмірлі инелер, 2 орам «идеал» 
жіп қажет. Пішім үлгілерін матаға үлкенінен бастап орналастырып, содан соң 
кішісіне қарай көшеді. Мұндай жағдайда жіптің бағыттарын сақтауды, бүктеу 
сызығын біріктіруді жəне тігістерге арналған қосымшаны есептеуді, пішім 
бөлшектерінің матаға тиімді орналасуын қадағалау қажет. Көйлектер əр түрлі 
маталардан түрліше əрлендіріле тігіледі. Киімді дайындау кезінде қол жұмысы
машина жұмысы, үтіктеу жұмыстары атқарылады. 
Ұлттық киім – бай тарихи-мəдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы 
əдет-ғұрып, салт-дəстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар 
етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның 
басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуіне 
байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін 
еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ 
дəуірінен бастау алады. Қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, 
орта ғасырларда түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілу мен 
пішілу тəсілінде сабақтастық сақталған. 
Киімдердің етек-жеңіне рəміздік ұғымды тұспалдайтын ою-өрнек элементтерін 
салу, үкі тағу жын-перілерден, пəле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды, магиялық 
күш əсер етеді деген сенімнен туған. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қол 
өнердің біразы жаңа əдіс тауып, жаңа түрге ие болды, дегенмен сол тамыры терең 
ұлттық сəн өнері үлгілерінің кейбіреулері əлі де қолданыста бар дəстүрлі түр-
формасын, қасиетін жоғалтқан жоқ. Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі 
қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен 
көшпелі тіршілікке сəйкес қалыптасқан. 
Ұлттық киімнің барша сымбатында, ою-өрнегінде, əрбір əшекейде 
халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ол – біздің 
ұлттық мəдениетіміз. Жоғарыдағы зерттеушілердің зерттеулеріне қарағанда қазақ 
қызының көйлегіне үлкен бір өзгеріс ХХ ғасырдың басында енген. Жаңа үлгі 
бойынша иығы қиғаштап, денеге қонымды етіп пішіліп, жеңі ойылып салынып, жең 
ұшына қаттама салынған. Арқа мен иыққа бүрмелі тігіс жасалып, денеге шақтап 
тігілген, өңірше бөлігі өрнектеліп, кестеленіп, əшекейленген. Қазақ көйлегі ғасырлар 
бойы қалыптасты. Əрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтті. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
100
Сондықтан көненің көзі ретіндегі барлық киімдерді жете білуіміз керек. Біз 
көйлектерді зерттей отырып тарихқа үңілеміз. Сол заманғы халықтың хал-ауқатын 
көреміз. Қазақ қызының ұлттық көйлегі ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, 
заманына сай түрлері, формасы өзгеріп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет