Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет92/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
102
Т. Жүргенов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов мемлекеттік жоғары награда – Еңбек 
Қызыл Ту ордендерімен марапатталады. Халық ақындары (ішінде Нартай да бар) 
əртүрлі еңбек ұжымдары арасында ұлттық орындаушылық дəстүрлерді танытып, 
айтулы табыстарға жетеді. 
Мəскеуден қанат байлап, елге қайтқан Нартай Шиелі төңірегіндегі ақын-
жыршылар мен əнші-күйшілердің басын құрап, көркемөнерпаздар үйірмесін 
ұйымдастыра бастайды. Бұл əйгілі 1937 жыл еді. Кейін осы көркемөнерпаздар 
үйірмесі ансамбльге, ансамбльден концерттік-эстрадалық бюроға, ақыр соңында 
облыстық филармонияға айналады. 
Нартай Бекежановтың көркемдік жетекшілігімен жемісті еңбек еткен бұл 
бригада Ұлы Отан соғысы жылдарында шығармашылық қанатын кең жая түсті. Осы 
жерде айырықша атап өтетін нəрсе: бұл – халық ақыны ұйымдастырған 
республикадағы бірден-бір сауық отауы еді, оны халық «Нартай ансамблі» деп атап 
кетеді. Ақын өз төңірегіне Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 
талантты термешілер мен əншілерді, күйшілер мен бишілерді жинап, халықтық өнер 
дəстүрін сақтап қана қалған жоқ, оны жаңа биіктерге көтерді. Жастарға өзі білетін 
ескі мақамдар мен жырларды үйретуден жалыққан жоқ. Бір ғажабы, қазіргі көзі тірі 
«Нартай ансамблі» мүшелерінің айтуына қарағанда, Нартай қарауындағы əншілерге 
өз əндерін орындатуға ықылассыз болыпты. Қарапайымдылығы ма, əлде қиын 
иірімді əндерді келістіріп айта алмай, қиюын қашырады деп қорықты ма екен – ол 
жағы белгісіз. Осының салдарынан – автордың өзі əдейі үйретпегендіктен – Нартай 
əндерін əртүрлі жағдайда айтып жүретін халге жеткен. 
Нартайдың ақындық, композиторлық, əншілік өнерінің шарықтау биігі Ұлы 
Отан соғысы тұсына дөп келеді. Ол фашизм сұмырайларын əшкерелеген, халықты 
жеңіске үндеген, соғыс ауыртпалығын сипаттаған көптеген шығармаларды дүниеге 
келтіреді. Солардың ішінде «Алтын көкем», «Жеңіс жыры» атты əндері ерекше 
бітіммен көзге түседі. 
Ақынның соңына ерген шəкірттерінің сөзіне қарағанда, ескіше, жаңаша хат 
сауаты бар Нартай өлең-жырларды алдын ала жазып, жаттап алуды əдет етпеген. 
Өмір бойы суырып салмалық, импровизаторлық дағдысынан танбаған. Ол əрбір 
өлең-жырын əртүрлі мақаммен айтып отырады екен. Əндерінің көбін атап-түстеп 
түсіндірмеген. Осының салдарынан əртүрлі иіріммен айтылатын əуендер ел ішіне 
жалпылама «Нартай əндері» деген атпен тарап кеткен. Қазіргі орындаушылар ол 
əндерге өзінше ат қойып айтып жүр. Солардың ішінде «Бастау», «Толқын», 
«Нартайдың соңғы термесі», «Бейбітшілік», т.б. əндер бар. Сөйтіп, Нартай əндері – 
шын мəнісінде халық əндеріне айналып кеткен. Кейінгі зерттеушілер ол əндердің 
саны елуге жуық деседі. 
1945 жылы күз айында Алматыда ұлы ақын Абайдың 100 жылдық тойы өтеді. 
Бұған Мəскеу мен Ленинградтан, одақтас республикалардан атақты əдебиет 
қайраткерлері жиналады. Қызылордадан шақырылған Нартай Бекежанов опера жəне 
балет театрында өткен салтанатты жиыннан соң гармонын ұстап, сахнаға шығып, 
өзінің ақын туралы жырын төгеді: 
Ардақты Абай ақын Арқадағы, 
Терең ой, алғыр шабыт бар қадарлы. 
Артында нақыл болып қалған сөзі, 
Алтындай сақтаулы тұр қалтадағы. 
Осы жолы Алатаудың етегінде ол М. Əуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. 
Ғұлам, т.б. көрнекті жазушылармен суретке түседі. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
103
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда да Нартайдың шығармашылығы тоқтап 
қалған жоқ. Бейбітшілікті, бейбіт еңбекті қорғау тақырыбына əлденеше əн мен 
жырын арнайды. 1951 жылғы 20-21 қыркүйекте Алматыда өткен бейбітшілікті 
жақтаушылардың республикалық конференциясына қатысып, сөз сөйлейді. 
Жасы ұлғайып қалған ақын-əнші өміріндегі зор белес – 1949 жылы мамыр 
айында Мəскеуде өткен қазақ əдебиеті мен өнерінің екінші онкүндігіне қатысуы еді. 
1936 жылғы онкүндікті ұлы Жамбылдың ашқаны белгілі. Осының алдында ғана 
онкүндікті ашу кезегін кімге беру керектігі сөз болғанда, көпшілік осы онкүндікке 
қатысуға шақырылған үш халық ақыны – Шашубай, Кенен, Нартайдың біреуі 
сөйлеуі керек деп ұйғарған. Жеме-жемге келгенде, Ілияс Омаровтың ұсынысымен
басшылар Нартайға тоқтаған. Үстіне жасыл масаты шапан, басына құндыз бөрік 
киген ақын қолына гармонын ұстап, жұртшылық алдына шығып, аңыратып қоя 
берген: 
Шарықтап əнім кетсін сан қияға, 
Мақтасам туған елді, саз сыя ма? 
Сарқылмас бақыт берген, өнер берген – 
Айтамын мың бір алғыс партияға! 
Нартай Бекежановтың ақындық, композиторлық, əншілік еңбегі көзі тірісінде 
əділ бағасын алады. 1939 жылы оған Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткер атағы 
беріліп, сол жылы КСРО Жазушылар одағы мүшелігіне қабылданады. 1945 жылы 
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. Осыдан кейін көп ұзамай, 1954 жылдың 
17 желтоқсан күні Нартай Бекежанов дүниеден өтті. 
Атақты халық ақыны Нартай Бекежановтың осы уақытқа шейін үш кітабы 
жарық көрген, олар: «Домбыра сазы» (1950), «Өлеңдері мен айтыстары» (1956) жəне 
«Өсиет» (1982). 
Қазір Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Нартай атымен аталатын Нартай 
ауылы бар, онда Нартайдың атымен аталатын мұражай халыққа қызмет етіп келеді. 
Бұл мұражайда ақынның барлық қырларынан жан-жақты танып білуге толық 
мүмкіндік бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет