Мінез-қылықты белгілер
- Өзіне ыстық жеке заттарын тарату;
- Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға келу;
- Тамаққа тәбетінің шамадан тыс артуы немесе күрт төмендеуі;
- Ұйқы уақытының өзгеруі;
- Киім киісіне мән бермеуі;
- Сабаққа себепсіз қатыспау;
- Әлсіздіктің, үмітсіздіктің, өмірден түңілудің белгілерін таныту;
- Сенімсіз, үрейлі белгілерді көрсету.
Жағдайлы белгілер
- Әлеуметтік оқшауланған болса;
- Тұрақсыз ортада тұруы, түсініксіз жағдайлар, ішімдік ішетін адамның
болуы, үнемі ұрыс-керіс, жанұядағы тұрақсыздық;
- Зорлық зомбылықтың куәсі болу, өзін зорлаудың құрбаныретінде
сезіну;
- Ауыр жағдайды бастан кешірген болса.
ІІ.Суицидалды мінез-құлықты алдын алуда жүргізілетін психологиялық жұмыстар
Бұндай кезде психолог мамандар не істеу керек? Біріншіден: - әлеуми психологиялық процестерді (суицидтік мінез-құлықтың басымдылығын) психологиялық тәсілдер арқылы зерттеу (тест, сауалнама т.б.).
-суицидтік мінез-құлықтың пайда болу себебін анықтау және осы проблемаға қатысты арнайы кештер ұйымдастыру;
-қолайлы ұжымдық атмосфераны орнату;
-психологиялық анализ жасау, суицидтік мінез-құлықты зерттеу;
-реабилитациялық жұмыстар жүргізу (өз-өздеріне қол жұмсауға талпынған адамдар үшін);
-профилактикалық жұмыстар жүргізу, суицидтік әрекетті алдын-алу.
2.1. Оқушылармен жұмыс
1. Диагностикалық жұмыстар
2.Коррекциялық жұмыстар
3.Кеңес беру жұмыстары
4.Психопрофилактикалық жұмыстар
Достарыңызбен бөлісу: |