Төртінші қазынамыз: индуст-
риялық-инновациялық экономика.
Индустриялық бағдарлама – біздің
экономикамыздың болашағы.
Бүгінде біздің жеріміздің байлығы
бүкіл халықтың игілігінде жəне соған
қызмет етеді, халықтық əл-ауқаты-
ның тұрақты артуына жағдай туғыза-
ды. Халықаралық сарапшылардың
бағалауы бойынша, осы жылы Қа-
зақстан минералдық ресурстарды
басқару жөніндегі əлемдік рейтинг-
те 19-шы орын алды. Біз жаһандық
дағдарыстардың тағылымын жақ-
сы меңгердік. ХХІ ғасырда барлық
табысты ұлттардың жолын индус-
триялық əлеует пен инновациялар
айқындайды. Сондықтан индустрия-
лық-инновациялық дамудың жоғары
нəтижесі – Тəуелсіз Қазақстанның
экономикалық бекемдігінің басты
мəселесі.
Индустрияландырудың
алғашқы «бесжылдығын» жүзеге
асыра отырып, біз 200 мыңнан ас-
там жұмыс орны құрылған 700 мүл-
дем жаңа кəсіпорын салдық. Оған
біз 2 триллион 100 миллиард теңге
жұмсадық, бірақ бұл кəсіпорындар
тек биылғы жылдың өзінде 2 трил-
лион 300 миллиард теңгенің өнімін
өндірді. Осылайша, салынған қаржы
қазірдің өзінде өзін өзі ақтап жатыр.
Бесінші қазынамыз: Ұлттық бай-
лығымыздың, əл-ауқатымыз бен
əлеуетіміздің түп негізі – Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамы.
Қазақстан мен қазақстандықтар-
дың қолындағы қазіргі барша қазы-
наға біз тер төге еңбек етудің ар-
қасында жеттік. Еңбек əр адамды
мейірбан, ал елді ұлы етеді. Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамы – Тəуелсіздікті
нығайту жолындағы күрделі жұмыс
барысында туған біздің қазақстан-
дық идеямыз.
Алтыншы қазынамыз: еліміздің
жүрегі, тəуелсіздігіміздің бойтұмары,
əсем қаламыз – Астана.
Бүгінде Астана – мемлекет қуа-
тының архитектурадағы бейнесі.
Оның жаңа орамдарында, алаң-
дарында, саябақтары мен сəулет-
керлік інжу-маржандарында біздің
Тəуелсіздігіміздің Ұлы Тарихы ай-
надағыдай көрінеді. Сондықтан Ас-
танаға деген сүйіспеншілік – əрбір
қазақстандықтың біздің ортақ Ота-
нымыз – Қазақстан Республикасына
перзенттік сезімі. Бұл Жаңа қазақс-
тандық патриотизмнің алтын арқауы.
Жетінші қазынамыз: Қазақ елінің
абыройын асқақтатып, бүкіл əлемді
мойындатқан жаһандық жауап-
кершілігі мен барша адамзаттық бас-
тамалары.
Тəуелсіздіктің алғашқы күндері-
нен бастап біздің еліміз өзін əлемге
жауапкершілікке берік егемен дер-
жава ретінде танытты. Əлемдік қо-
ғамдастық біздің жаһандық ядролық
қауіпсіздікті, мəдениеттер мен дін-
дердің үнқатысуын нығайту туралы
бастамаларымызды жоғары баға-
лайды. Үстіміздегі жылы Қазақстан
Иранның ядролық бағдарламасына
қатысты келіссөздер үдерісіндегі
серпінділікке қол жеткізуге өзінің
үлесін қосты. Алматыда өткен көп-
жақты келіссөздердің екі раунды
көп жағдайда сенімсіздіктің сеңін
бұзса, ол Женевадағы уағдалас-
тықтарға алып келді. Астана ЭКС-
ПО-2017 Бүкілəлемдік көрмесін өткі-
зуге дайындық жүргізуде. Осының
барлығы біздің Тəуелсіздігіміздің
баға жеткізгісіз табысы, оның нақты
жемістері мен перспективалары.
Жылға бергісіз күндер, ғасырға
бергісіз жылдар болады. Біз үшін өт-
кен 22 жыл дəл осындай кезең. Біз
үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа,
жығуға емес, жығылмауға ұмтыла-
тын елге айналдық. Ертеңгі ұрпақ
бізге бүгінгі ісімізге қарап баға бе-
реді. Осы Жеті Қазынамызды дəріп-
теп, дамыта білсек, ұрпақ алдында
жүзіміз жарқын, мерейіміз үстем бо-
лады.
Біз «Қазақстан-2050» Стратегия-
сының ұлы мақсаттарына ұмтылдық.
Əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің
қатарына қосылуға қадам бастық.
Оған бізді адастырмай апаратын
жалғыз жарық жұлдызымыз – Темір-
қазығымыз бар. Ол – тəубе дегізетін,
тəу ететін біздің ұлы Тəуелсіздігіміз.
Тəуелсіздік – жасампаз халқымызға
сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр,
көңіліне шуақ құятын кəусар бұлағы-
мыз. Біз кемеңгерлігі мен көрегендігі,
бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қа-
тар өрілген Мəңгілік Елімізді мақтан
тұтамыз. Тəуелсіздіктің туын тігу ба-
қыты мен оны баянды етіп, нығайту
міндеті біздің маңдайымызға жазыл-
ды.
Біз Мəңгілік Елдің іргетасын қа-
ладық. Мəңгілік Елдің жүрегіне
айналған мəңгілік Астанамызды
тұрғыздық. Мəңгілік мызғымас эко-
номика қалыптастырып, Мəңгілік
өшпес жылнама жаздық. Мəңгілік
болашаққа жол салдық. Осының
барлығы тəуелсіздігіміздің тартуы,
азаттығымыздың асыл қазынасы.
Тəуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз
ғұмырлы болсын!
Мəңгілік Еліміздің келбеті сəнді,
еңбегі мəнді болсын!
Күллі халқымызға берекелі бірлік
пен баянды тірлік тілеймін!
БІЗДІҢ САУАЛ
ТӘУЕЛСІЗ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЖЕТІ
ҚАЗЫНАСЫ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күніне арналған
салтанатты жиында сөйлеген сөзінен
4
Елбасы жолы
Президенттік
жүйе тарихынан
«Президент» сөзі латын тілінен аудар-
ғанда «алдында отырған адам» дегенді
білдіреді. Бұл саяси институттың дамуы
XVIII ғасырдың соңында алғашқы демок-
ратиялық жүйенің қалыптасу кезеңінен
бастау алады. XVIII–XX ғасыр аралығын-
да президенттік институт республикалық
билік қалыпы мен демократиялық жүйенің
басты алғышарттарының бірі болды. Ал,
Республика көнеден бері бар құрылым
еді. Көне грекиялық, Рим (б.з.д. VI–Iғ.ғ.)
болды. V–XVғ.ғ. орта дəуірлік ғасырларда
Италия аймағында көптеген республика-
қалалар (Венеция, Генуя, Флоренция) ғұ-
мыр кешті. Ал, 1572 жылы Недерландияда
провинциялар құрама республикасы пай-
да болды. Сонымен қоса, республикалық
құрылым ағылшындар елінде де (1649-
1660) өз ғұмырын жасап келді. Алайда,
осы мемлекеттердің бірі де заманауи
үлгі бойынша басқарылып келген емес.
Алғашқы заманауи республикалар яғни,
президенттің басқарумен жүзеге асқан ме-
лекеттер Жаңа Əлемде ғана қалыптасты.
Оның пайда болуына монархиялық құры-
лым мен колонизаторлық жаншудан əбден
шаршаған халықты азаттыққа жетелегісі
келген күш қайраты тасыған жастардың
жаңа еркін елді құруға деген ұмтылысы
сеп болды. Осы себепті, Ел басшылары
ұрпақтан ұрпаққа тиесілі болатын билік
жолымен емес, мемлекеттің Бас заңнама-
сы – Конституциясы негізінде халық таң-
дауымен сайлану құқықығына ие болды.
Республикалық құрылымның басты мақса-
ты – кепілдендірілген конституция, демек,
демократиялық қатынастармен қамтама-
сыз ету президенттік институтқа жүктелді.
Бүгінгі заманауи заманда президенттер
жаһанның көптеген мемлекеттерін бас-
қарып келеді. Олар мемлекеттің сыртқы
жəне ішкі қатынастарында мемлекет аты-
нан өкілдігіне ие, мемлекеттік тəуелсіздік
пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Мысалы, Германия, Италия, Израил ел-
дерінде президент негізгі өкілеттілік қыз-
метті ғана атқарады. Ал, мемлекеттің
басты «адамы» канцлер немесе премьер-
министер. Көп елдерде, мəселен Ұлыбри-
тания, Дания, Швеция, Испания, Жапония
сияқты мемлекеттерде монархиялық от-
басылық билік жүйесі əлі де өз күштерін
жоймаған. Корольдік династиялар ел
билеушілер атанғанымен барлық мемле-
кеттік қызметті парламент пен министр-
лер кабинетіне жүктеп қойған. Ал ең көне
əлемдік демократиялық елдер Франция
мен АҚШ президенттері кең ауқымдағы
өкілеттілікке ие.
Тұңғыш Президенттер
1789 жылы Америка құрама штат-
тарының алғашқы президенті Джордж
Вашингтон болды. Осы оқиғадан кейін
Жаңа Əлем елдерінде президенттік инс-
титуттар қарқынды түрде даму қарқын
алды. 1807 жылы – Гайти, 1814 жылы –
Парагвай, 1816 жылы – Аргентина, 1817
жылы – Чили, 1819 жылы – Колумбия,
1821 жылы – Коста-Рика жəне Перу, 1824
жылы – Мексика, 1825 – Боливия, 1830
жылы – Венесуэла, Эквадор мен Уругвай,
1835 жылы – Никарагуа, 1839 – Гватема-
ла, 1841 жылы – Гондурас пен Сальва-
дор, 1844 жылы – Доминикандық респуб-
лика президенттік билікті мойындады.
Еуроподағы тұңғыш Президент яғни,
1848 жылы Францияны билеген Луи На-
полеон Бонопарт, Швейцарияның алғаш-
қы Президенті Й.Фурер болған еді. Ал
Азия бойынша 1911 жылы тұңғыш пре-
зидент болып Қытай халықтық республи-
касының мемлекет басшысы болып Сунь
Ятсен тарихта қалды. 1923 жылы Мұста-
фа Кемал Ататүріктің батасымен Туркия
мемлекетінің тұңғыш Президенті атанды.
Қазақстан Республикасы-
ның Тұңғыш Президенті
Тəуелсіздік алған алғашқы жылдары
президенттік билік институтын Қазақстан-
ға енгізу саяси жүйенің тұрақты болуын
қамтамасыз ету үшін ең оңтайлы шешім
еді. 1991 жылы 10 желтоқсанда Н.Ə. На-
зарбаев Алматы қаласындағы Республи-
ка сарайында көп ұлтты республика хал-
қына адал қызмет етуге, Конституцияға
бағынуға, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына кепіл беруге, Қазақстан
Республикасы Президентіне жүктелген
міндеттерді атқаруға ант берді. Ол жиыр-
ма жылдан астам уақыт бойы өзінің анты-
на берік болып келеді.
Бүгінде Қазақстан заманауи демокра-
тиялық мемлекет ретінде жаһан жұрты
алдында танылған. Бұл жетістіктерімізге
1990 жылдың 24 сəуірінен бері ел басын-
да жүрген Н.Назарбаевтың да үлесі бар
екенін мойындауымыз керек. Қиын-қыс-
тау кезінде елдің болашағына бағдар бо-
латын мемлекет үшін маңызды құжаттар-
ды қабылдады. Мəселен, Семей ядролық
полигонын жабу, ядролық держава мəрте-
бесінен бас тарту, жаһандық жəне өңірлік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дə-
йекті қызметі бір төбе.
Тəуелсіз Қазақстан Республикасының
дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық
қауіпсіздік, мемлекеттік басқару жəне
биліктің бүкіл тармақтарының өзара
əрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемле-
кеттіліктің қалыптасуы Н.Ə. Назарбаев
есімімен тығыз байланысты. Оның бас-
шылығымен конституциялық құрылыс
процесі жүзеге асты. Қазақстанда демок-
ратиялық институттарды құру Н. Назар-
баевтың аса зор еңбегі болып табылады.
Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау
жəне сайлану құқығы, партиялар мен
қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін
бостандығы сияқты азаматтық қоғамның
мызғымас құндылықтары конституциялық
нормаларға айналды. Оның басшылығы-
мен дағдарысқа тап болған қазақстандық
экономиканы өзгертуге бағытталған аса
ауқымды шаралар іске асырылды.
Н. Назарбаевтың экономист жəне сая-
саткер ретіндегі жеке беделі елде қолай-
лы инвестициялық ахуалдың қалыпта-
суына, көптеген мемлекеттермен жəне
халықаралық қаржы институттарымен
қарқынды экономикалық ынтымақтасуға
игі ықпал етті. Республикада ауылды да-
мытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй
құрылысын дамытуға жəне т.с.с. бағыт-
талған ірі əлеуметтік бағдарламаларды
іске асыру басталды. Ол индустриалды-
инновациялық даму стратегиясын əзір-
леді, инвестициялық жəне инновациялық
қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшы-
лар арасында «қазақстандық үлгі» тер-
мині пайда болды.
Мемлекет Басшысы мəдениеттердің,
діндердің, өркениеттердің жүйелі сұх-
баттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі.
2003, 2006 жылдары Астанада əлемдік
діндер көшбасшыларының съездері та-
бысты өтті. Қысқа мерзім ішінде халықа-
ралық ынтымақтастық тұжырымдамасын
қалыптастырды. Оның көптеген бастама-
лары кең халықаралық жаңғырық тапты
əрі мойындалды. Мəселен, Н.Ə. Назар-
баев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай
Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуразия
одағы сияқты халықаралық құрылымдар-
ды дүниеге əкелудің бастамашысы. Ол
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясын-
да құруды ұсынған Азиядағы өзара ық-
палдастық пен сенім шарлары жөніндегі
кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей
бастады.
2010 жылы Қазақстан əлемдегі ең ық-
палды Еуропадағы қауіпсіздік жəне ын-
тымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ)
төрағалық қызметіне кірісті.
ЕҚЫҰ тарихында тұң-
ғыш азиялық мемле-
кет, тұңғыш ТМД мем-
лекеті, тұңғыш түркі
тілдес ұлтты Қазақс-
тан төрағалық еткенін
мақтанышпен айтуға
болады. Саммит қо-
рытындысы бойынша
қабылданған
Астана
декларациясы əлемдік
саясатқа
«Еуразия-
лық қауіпсіздік» жəне
«Астана рухы» ұғым-
дарынан көрініс тап-
қан қауіпсіздік пен ын-
тымақтастықтың жаңа
түсінігін енгізді.
Елбасының «Қазақстан-2030» страте-
гиясы мемлекет дамуының басым бағыт-
тарын айқындады. 2006 жылғы халыққа
Жолдауында Қазақстанның бəсекеге қабі-
летті елу елдің қатарына кіру стратегиясы
белгіленді. 2012 жылы Н.Ə.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптас-
қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында бəсекеге
қабілетті 30 ел қатарынан көрінуді көз-
дейтінін мəлімдейді.
Жəне, 2010 жылы ҚР Президенті Н.На-
зарбаев Ұлт Көшбасшысы мəртебесіне ие
болды. Демек, өмірінің соңына дейін оны
президенттік билік мəртебесінен ешкім
айыра алмайды.
Ол ғылымның дамуына, білім беру
жүйесін реформалауды іске асыруға қо-
мақты үлес қосып келеді. Ол Қазақстан
халықтары ассамблеясының жетекшісі
(1995) жəне Дүние жүзі қазақтары қауым-
дастығының төрағасы (1992), сондай-ақ
Орта Азия мен Қазақстан халықтары-
ның достығы қорының құрметті төрағасы
ретінде елде азаматтық келісім ахуалын
орнықтырып, Еуразия кеңістігінде, күллі
əлемде бейбітшілік пен татулықты сақтау-
ға, халықаралық, саяси, экономикалық,
мəдени ынтымақтастық аясын кеңейту
үлесін қосып келеді.
Сонымен бірге, Президент тəуелсіздіктің
толыққанды шежіресін жазу міндетін «Та-
рих толқынындағы халық» атты мемле-
кеттік бағдарлама аясында тарихшы ға-
лымдар алдына талап етіп қойды.
Түйін. Елбасы əлемдегі дамыған мем-
лекеттердің бай тəжірибесін таразы-
лай отырып, тəуелсіздігін жаңа алған
еліміздің жаһандық өркениет көшіне
қосылуының бірден-бір дұрыс жолын
нұсқап жəне жүзеге асырып келеді. ҚР
Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы
Н.Ə.Назарбаевтың ел дамуына, мемле-
кеттің өркендеуіне қосқан үлесі жайын-
да шежірелер мен еңбектер əлі де жа-
зылатынына күмəніміз жоқ. Оның елі
үшін еткен ерен еңбегі кейінгі жастарға
үлгі, өмірі өнеге, тұлғасы құрметке ла-
йықты екені хақ.
Жанар ЕЛЕШОВА
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ МЕРЕКЕЛІ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН ОСЫМЕН ЕКІНШІ МӘРТЕ АШЫП
КЕЛЕДІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРА-
СЫНДА БІЛМЕЙТІН АДАМ КЕМДЕ-КЕМ БОЛАР. ДЕГЕНМЕН, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛЫП,
ЕЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ, ТІПТІ ӘЛЕМНІҢ БЕЙБІТ ӨМІРІ ҮШІН ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАННЫҢ ТҰЛҒАСЫН ТАҒЫ ДА ӨЗГЕ
ҚЫРЫНАН ТАНЫП-БІЛУ АРТЫҚ БОЛМАС.
Қызықты фактілер:
– Біздің Президент ТМД елдері арасынан
бірінші
болып жыл сайын халқына жолдау жасайды.
– Н.Назарбаев Қазақстан Халық ассамбл
еясын құр-
ды. Атаулы институты басқа мемлекеттер
де жоқ.
– Н.Назарбаев (И. Каримовты есепте
мегенде)
тəуелсіздік алғалы бері ауыспаған жалғыз
мемлекет
Басшысы.
– Н. Назарбаевтың туған күні мемлекеттік
Астана
күнімен тұстас келеді.
– Н.Назарбаев құрметіне Қырғызстанда,
Украина-
да, Туркияда ескерткіштер қойылған.
– Оның есімімен Иордания, Түркия, Шешенстан
Республикасында көшелер аталады. Жəне
де Шешен
елінде лицей де ҚР Тұңғыш Президентінің атында.
МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ
5
Тәуелсіздік - ел тұғыры
Мереке Амантай,
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті
Тәуелсіз Қазақстанның
өркендеу жолы
Дəрия ғой дархан қазақ кеңдігің,
Ерлеріңмен қолға тиді елдігің.
Тəй-тəй басып, қаз-қаз тұрып қатарлап,
Өзге елмен тереземіз тең бүгін.
Отаным, алты алаш ардақты елім,
Етек жиып, есейіп кемелдендің.
Билік пенен бірлікті ұштастырған,
Асыл аға, Елбасы кемеңгерім.
Əлемге жар салғызды азаттығым,
Жемісін көрдік міне азат күннің.
Ұлан-ғайыр атырап жерімізбен,
Қатарына қосылдық қанаттының!
Елімнің есіл ерлері
Тəуелсіздік – алашымның өр мұңы,
Тəуелсіздік – қазағымның ерлігі.
Тəуелсіздік – алтын күні қазақтың,
Елім деген батырлардың ерлігі.
Бөгенбай мен Наурызбай, Қабанбайлар,
Танытқан заманына теңдігімді.
Салқам Жəңгір, Жалаңтөс, Райымбектер
Күрескен алу үшін елдігімді.
Исатай, Махамбеттер елім деген,
Алты алашым, айбыным, жерім деген
Ағынтай, Жоламан мен Жəнібектер
Ертеңіне үміт артқан сенімменен.
Ербол, Қайрат, Лəззат пен Сəбиралар,
Желтоқсанның кешегі саңлақтары.
Ұлт үшін ұрандатып отқа түскен,
Қыршыннан қиылған боздақтары.
Қазағыма алып берген күн мен айды,
Батырларын болашақ ұмытпайды.
Тəуелсіздік жолында қыршын кеткен
Ер есімін ұрпақтар ұлықтайды!
Мейрам Айдын
С.Торайғыров атындағы
ПМУ студенті.
Бәрі сенің
арқаңда
Тəуеелсіздік
Арайлы таңдай құлпырдың
Қара түнек түнге ұқсаған ұлтымның
Жігерін жанып,
Жалындай шапшып бұлқыдың.
Тəуелсіщдік
Сағындырған жыл құсы
Шад-шадыман сəбилердің күлкісі.
Енді сені орға жыға алмайды
Бұаңдаған жатжұрттықтар күлкісі
Көрмедім ме,
Желтоқсанның сұмдығын
Табалады, жазалады кімді-кім.
95-те аштым өмір есігін
Азаттықтың көтергенде түндігін
Тəуелсіздік
Жігерімді қайрады.
Таңда бұлбұл тамылжытып сайрады,
Азаттықтың,бостандықтың белгісі,
Көк аспандаəн ұраным ойнады.
Таңғаламын
Өңімбе əлде түсімбе?!
Ажарланды 20 жылдың ішінде
Астанамыз арайланды нұрланып,
Ұқсағандай күг дидарлы мүсінге.
Тəуелсіздік
Бəрі сенің арқаңда
Туымда бар, əнұраным, елтаңбам,
Болашаққа азат ел боп ұмтылдық,
Бəрі сенің арқаңда.
Тәуелсіздікті жырлаған ақындар
әлеміне сапар шеккен Мереке АМАНТАЙ
Хафиз Қайролла
Күн сайын өршіп жалынын алып барады от,
Жазықсыздарды жазмыш қылды қаралы оқ.
Жүзіңде тұрды аппақ қардағы қан сынды,
Жадыңда жүрген жазылмас мəңгі жара боп.
Бейбітшіліктің бұзылмас үшін қаймағы,
Батырың мерт боп, ақының намыс қайрады.
Мұздарды жарып, толқындар соқты жарға кеп,
Ақтарылғанда азалы зарым ойдағы.
Азаттық алып жадырап жатты сан аймақ,
Жауқазын гүлдеп жайнады көктеп талай бақ.
Жан аямаған жастардың жігер күшімен
Тəуелсіздіктің ақ таңы атты арайлап.
Əуезді əнің көкке өрлей ұшып қалықтап,
Көшбасшыңменен көшіңді түзу бағыттап,
Төрт көзің түгел алпауыт елге айналдың
Бостандықтағы бозторғай үнің шарықтап.
Тарлан тарихтың ашылды айқын жыр беті,
Текті ұрпағыңның соған арналды құрметі.
Егемендіктің тұғырын төмен түсірмеу –
Қазақ атаулы əрбір адамның міндеті.
Ұлтжанды жастар, ұлттың шұғыла нұрысың,
Дін менен тілді ұлықтап жатсаң – ұлысың.
Ал егер біздер еркіндік туын құлатсақ,
Адам дейтұғын атымыз онда құрысын!!!
ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ
ЖАСАМПАЗДЫҒЫ МЕН МӘҢГІЛІГІНДЕ
Қазақ Елі сан ғасырлар бойы аңсап
келген тəуелсіздікке 1991 жылы жетті.
Сондықтан да бұл күн – барша қа-
зақстандықтар үшін ұлы мереке. Бұл
күн – қилы қиын замандарды, сенімсіз
күндерді жəне ел егемендігі үшін құр-
бан болған ерліктер мен төгілген көз
жастарды еске салады. Биыл – 1986
жылдың ызғарлы желтоқсан күн-
дерінде болған оқиғаға 27 жыл. Сол
күндердің көзін көрген жандар үшін
Ел Тəуелсіздігінің құны қымбат, олар
үшін «тəуелсіздік» қастерлі ұғым. С.То-
райғыров атындағы Павлодар мемле-
кеттік университеті Қазақ тілі кафедра-
сының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор
əрі Желтоқсан оқиғасының куəгері, сол
күнгі алаңға шыққан жастардың бірі
болған А.Ф. Зейнулина оқырманмен
Отанымыздың тəуелсіздігі турасында-
ғы жүрек толғанысымен бөліседі.
– «Тəуелсіздік» деген мен үшін ұлы ұғым
болып есептелінеді. Біздің бала кезімізден
кеңес дəуірінде алған біліміміз, тəрбиеміз
өте жақсы болды. Əр заманның өз ерек-
шелігі, жақсылығы болады. Сол заманның
өзіндік идеологиясы болады. Біз кеңестік
дəуір идеологиясымен өмір сүрдік. Ол за-
ман да жаман болған жоқ. Өйткені, біз сол
кезеңдегі біліммен, көзқараспен бақытты
ғұмырымызды кештік. Мен өскен ауылда
14 ұлттың өкілдері тұрды. Міне, осы 14
өкіл өзінің ұлттық тəрбиесін алып өсті. Мен
мектепте қазақ тілінде білім алдым. Бірақ,
қазақ сыныбында оқитындардың аздығы,
теле хабарлардың қазақ тілінде аз тара-
тылуы сияқты мəселелер отбасында ай-
тылғанымен, ондай мəселелерге біз көңіл
бөлмедік. Бұл мəселе алдымнан тек жоға-
ры оқу орнына түсуге келгенде ғана кезікті.
Менің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен
сабақ берген ұстазым Рымтай Омарқы-
зы Рыспаева өте мықты мұғалім болды.
Ұстаздан алған білімімді тереңдету мақ-
сатында Павлодар қаласына қазақ тілі
əдебиеті пəнінің мұғалімі мамандығы
бойынша оқуға келдім. Мұнда қазақ тілі
мұғалімі түгілі қазақ тілінде білім беретін
топтардың жоқ екенін білдім. Мектепті
үздік тəмамдадым, қолымда алтын ме-
далім бар. Мектепті жақсы бітірген бала-
ларды Ресейге қарай жіберуге асығатын.
Мені Омбыдағы Авиациялық институтына
жібермек болды. Дегенмен, мен үмітімді
арқалап қазақ мəдениетінің орталығы Ал-
маты қаласына білім алуға кеттім. Қыздар
педагогикалық институтында қазақ тілі
мен əдебиеті бойынша белгілі жазушы,
ғалымдардың алдынан дəріс алдым. Ға-
бит Мүсірепов, Фариза Оңғарсынова,
Зейнолла Қабдолов, Мəриям Хакімжано-
ва, Əмина Мəметова, Ісмет Кеңесбаев,
Сейілбек Исаев сынды қазақтың дарын-
ды тұлғаларынан сабақ алып, толыққан-
ды ұлттық қазақи тəрбие алдым.
Ал енді 16-17-ші желтоқсан оқиғасына
келер болсақ, ол бір күнде ұйымдасты-
рылған оқиға емес. Қазақ даласында екі
жүзден аса көтерілістер болды десек, сол
күнгі желтоқсанның ызғарлы оқиғасы көп
уақыттан бергі жиналып келген жараның
жарылған күні еді. Мысалы, сол кезде
Алматы қаласында қазақ тілінде білім
беретін жалғыз ғана №12 мектептің бо-
луы, жəне соның жабылуына шақ қалған
кезі еді. Ұлттық құндылықтарымызды жо-
ғалтып алар шақтың алды еді. Ал, Д. Қо-
наевтың алынып тасталып, орнына басқа
ұлттың өкілін қазақ еліне басшы етіп қоюы
шыдамның ұшар нүктесі еді. Ал алаңға
жастардың шығып кетуіне келер болсақ,
жастар албырт, жаңашыл, ұйымшыл ке-
леді. Сол желтоқсан күндері де жастар
студенттері, жұмысшысы болсын ұлттық
идеология мүддесі үшін алаңға шықты.
Біз жастар алаңға талаптарымыз орын-
далады деген сенімімен шықтық. Бізді
ұрады, қудалайды деген титтей де ой біз-
де болған жоқ. Есерсоқтар, маскүнемдер,
нашақорлар алаңға шықты деп бізге айып
та тағылды.
Сондықтан, мен үшін 16 желтоқсан
күні ең алдымен қаралы күн болып есеп-
телінеді. Өйткені, ондағы жастардың көз
жасы мен төгілген қаны, ащы зары бар.
Ал екінші жағынан Қазақ Елінің жаңа за-
манға аяқ басып, яғни Тəуелсіз Қазақс-
танның заманауи өмірі, жаңа қоғамдық
бетбұрыстың басталған күні. Қазақ жас-
тары өз ұлттық мүдделері үшін алаңға
шығып, ерлік көрсетті. Алаңда қазақ зия-
лылары Əзірбайжан Мəмбетов, Мұхтар
Шаханов, Олжас Сүлейменов сынды
азаматтарымыз төбе көрсеткені бізге күш
берді. Желтоқсан оқиғасының ақиқаты əлі
ашылған жоқ. 27 жыл өтсе де желтоқсан
оқиғасына қатысқан адамдардың толық
тізімі шықпаған. Шындық əлі айтылады.
Жылда жаңа есімдер шығып жатыр, ақи-
қат ашылады, баға берілетін болады. Қа-
зақ елінің Тəуелсіздік орнауына төгілген
соңғы қантөгіс желтоқсанның ызғарлы
күндері болса, оны тарихшылар мен əде-
биетшілер жазуы керек. Бұрын Қазақстан
тарихы 16 беттен тұрса, бүгінде тарихы-
мыз том-томдап жазылып жатыр.
Ендігі Тəуелсіздігімізді сақтап қалу жо-
лындағы көтерілісті – рухани көтеріліс деп
айтар едім. Жаңа заманның көтерілісі –
ол ұлттық құндылығымыз үшін күрес.
Ол үшін біріншіден, ана тілімізге құрмет,
көркем ойлау, шешен сөйлеуді жолға қой-
ғанымыз жөн. Екіншіден, дəстүрлі ислам
дінін дəріптеу маңызды. Үшіншіден, салт-
дəстүрлерімізді жаңғырту, бұрыс, асыра
сілтеп жүргізілетін салттарымызды түзету
керек. Демек, ұлттық салт-дəстүрлер инс-
титутын құрып, теологтар мен тарихшы
мамандары тарапынан қазақ дəстүрлері
туралы кітаптар жазылуы қажет. Төртінші-
ден, қазақтың ділін, яғни ұлттық мінез-
құлқымызды сақтауымыз тиіс.
Осы ұлттық құндылықтарымызды сақ-
тап қалу үшін ең бастысы, отбасы тəр-
биесі өте маңызды. Екіншіден, қоғамдық
тəрбие, яғни, жастар үшін айналасын
қоршаған ортаның ықпалы зор. Үшінші-
ден, ұлттық тəрбиенің жастарға əсері
мол болатыны сөзсіз. Ұлттық тəрбие де-
геніміз – ұлттық идеология, ұлттық мүдде.
Ол – Елбасының, үкіметтің,
жергілікті əкімшіліктің, Қазақ Елінің қойып
отырған идеологиясы. Ал, сол идеоло-
гияда міндеті түрде ұлттық тəрбие болуы
керек. Міне осы үшеуін қосып, бірге алып
жүрер болсақ, онда біз балалар, жастар,
қоғамның əр мүшелері арқылы елдігімізді
құруда өз еңбегімізді сіңіре аламыз,
Тəуелсіздігімізді сақтай аламыз! Біз қазір
елдің Тəуелсіздігін сақтайтын идеология-
ны құрудамыз.
Бүгінде Қазақстанды əлем таниды де-
сем қателеспеймін. Мəселен, мен өзім
Франция, Италия мемлекеттерінде бол-
дым. Оларға Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев-
ты, Астананы айтсам, олар Қазақстанды
бірден танып жатады. Əлемге танылу
үшін елді танытатын ұлы істер жасалыну
қажет! Мəселен, елімізді əлемге таныта-
тын брендтер керек. Мысалы, Франция-
ны бүкіл əлем Эйфель мұнарасы арқы-
лы тани алады. Мəселен, Баянауылдың
Жасыбайы, Көкшетаудың Оқжетпесі,
Алматының қызыл апорты, біздің ұлттық
тағамымыз, ойымыз өзі брендке айналуы
керек. Мысалы, өзбектер ешнəрсе істе-
мей-ақ өздерінің ұлттық брендін жасайды
олардың ала тақиясы мен өзі көп нəрсені
білдіреді. Сол сияқты біздің елімізді таны-
татын брендтер керек.
Ел Тəуелсіздігі тұғырының мықтылы-
ғы – көп ұлтты халқымыз бен қазақ ұл-
тының зерделі білімінде, ынтымағы мен
бірлігінде, ұлттың құндылықтарының жа-
сампаздығы мен мəңгілігінде екенін ұмыт-
пауымыз қажет!
|