Жастар газеті 11 (48) 25 желтоқсан, 2013 ж



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2017
өлшемі5,56 Mb.
#6760
1   2   3   4

Отандастарына 

арнауы

Жалпы  алғанда  Шоқай  бұл  ұсынысқа  оң  қарағанмен 

радиодан  сөз  сөйлеуге бірден келісе  қоймады. Өйткені 

оның  ойынша,  Түркістанның  жергілікті  халқына  арнап 

сөз сөйлеу мен Түркістаннан тыс жердегі шетелдіктерге 

баяндама жасау арасында алабөтен айырмашылық бар 

еді.  Түркістандықтарға  өз  Отаны  туралы  баяндама  жа-

сайтын  кезінде  бар  нəрсеге  өте  мұқият  болып,  өлкенің 

саяси шындықтары туралы қателіктерге бой ұрмауы ке-

рек  еді.  Олай  болмаған  жағдайда  баяндаманың  пайда 

орнына зиян келтіруі мүмкін болды. Сол себепті неміс-

терге  тұтқынға  түскен  түркістандық  əскерлермен  кез-

десіп олардың ұлттық мəселелердегі ой-пікірлерін біліп 

алу қажет деп шешті. Содан кейін ғана түркістандықтарға 

арнап бір баяндама жасауға болар еді.

Шоқай Берлинге қарай аттанбас бұрын екі күнге үйіне 

соқты.  Берлин  сапары  үшін  қажетті  дайындық  жасады. 

Түні  бойы  жазу  машинкасымен  жазу  жазды.  Таңертең 

ертемен Парижге кетті. Келгеннен кейін тағы да жазды. 

Шілде  айының  ортасында  Парижден  Берлинге  қарай 

əскери  көлікпен  жолға  шықты.  Шоқай  Берлинге  бара 

жатқанында  кеңес  дəуірінде  өскен  түркістандық  жас-

тармен алғаш рет кездесетіндіктен қатты толқыды. Бұл 

кездесулер,  əсіресе  1922  жылдан  бері  шетелде  Түркіс-

тан туралы жазған мақалаларындағы тұжырымдарының 

дұрыс бұрысын анықтауға мүмкіндік беретін болды. Сол 

мақалаларында  Түркістаннан  шалғай  жерде,  Еуропа-

ның кіндігінде тек кеңес баспасөзінде орын алған мəлі-

меттерге сүйене отырып, қорытындылар мен тұжырым-

дар жасады. Түркістанға бара алмағандықтан, олардың 

қанша  дəлдікпен  айтылғанынан  бейхабар  еді.  Тұтқын-

дармен  сөйлескен  кезінде  осы  мəселені  анықтауға  ты-

рысты. Сондай-ақ немістерге тұтқынға түскен түркістан-

дықтардың толықтай кеңес жүйесінде білім алып өскен 

жастар  болуы  да  оны  қызықтырған-ды.  Сол  тəрбиенің 

түркістандық  жастарды  қандай  сипатта  қалыптастырға-

нын байқау мүмкіншілігіне қол жеткізді де. Шоқай əсіресе 

олардың өзі туралы ойларын білгісі келді. Бірақ жастар-

дың  өзі  туралы  білетініне  күмəнді  еді.  Ол  бұл  туралы 

ойларын былай ортаға салады: «…Тұтқындармен кезде-

сетін болғандықтан толқып тұрмын. Олармен түсінісетін 

ортақ бір тіл таба аламыз ба… Алайда сол жастар мен 

туралы  ешнəрсе  білмейді.  Ешнəрсе  де  естімеді.  Менің 

шетелдегі  іс-əрекеттерімнен  де  бейхабар.  Сондықтан 

да өте толқып тұрмын». Бірақ Шоқай Берлинге келгенін-

де  соғыс  тұтқындарымен  бірден  кездесуге  мүмкіншілігі 

болмады. Лагерлерге барып аралау үшін алты аптадай 

күтуіне тура келді. Шоқайға лагерлерді көріп қайту үшін 

неліктен  дереу  рұқсат  берілмегендігі  туралы  ешқандай 

дерек жоқ. Дегенмен, бұған немістер басып алған кеңес 

территорияларын  басқару  туралы  НСДАП  пен  Сыртқы 

Істер  Министрлігі  арасындағы  билік  тартысының  себеп 

болғандығы даусыз.

Тұтқындармен 

кездесу

Шоқай шілде айының ортасында Берлинге келген кез-

де  тұтқындармен  жүздесу  мəселесінде  билік  таласына 

тап болды. Шамасы Шоқайдан радио арқылы түркістан-

дықтарға қарата сөз сөйлеуін сұраған Шығыс министрлігі 

де, Ресей Комитеті де емес еді. Шоқайға мұндай өтініш 

жасаған  нацистік  өкіметтің  Үгіт-Насихат  Министрлігіне 

қарасты «Винета» ұйымы болуға тиіс. 1941 жылдың көк-

темінде листовка, брошюра жəне грампластинкалар ар-

қылы кеңестерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу 

үшін  құрылған  «Винета»  ұйымы  радио  хабарларымен 

айналысатын еді. Соғыстан бір аптадай бұрын орыс, ук-

раин,  кавказ  жəне  түрік-татар  халықтарының  он  шақты 

өкіліне қызыл армия қатарындағы жауынгерлерді əскер-

ден қашуға шақырған үндеулерді оқытып, грампластин-

каларға  жазды.  Бұл  пластинкалар  кейіннен  радиодан 

жарияланды.  Міне  осы  жағдай  біздің  шоқайтанушылар 

мен тарихшыларды Шоқайдан түркістандықтарға қарата 

радиодан сөз сөйлеуін сұраған мекеменің «Винета» ұйы-

мы болуы тиіс деген қорытынды шығаруға жетеледі. Бі-

рақ Шоқай мұнда сөз сөйлемес бұрын түркістандық тұт-

қындармен кездесуді қалады. Ал мұндай кездесуді іске 

асыратын «Винета» ұйымы емес еді. Кездесуге рұқсатты 

беретін өкімет органы Шоқай Берлинге келген кезде жаңа 

белгіленіп жатқан болатын.

17  шілде  күні  Шығыс  Министрлігінің  құрылуымен  бір-

ге  кеңес  тұтқындары  жөніндегі  билік  Гросскофтан  Ро-

зенбергке  өтті.  Сонымен  Шоқай  Берлинде  Гросскоф 

басқаруындағы  Ресей  Комитетінің  түркістандық  тұтқын-

дарға  жауапты қызметкері  фон  Хентигтен  емес, Розен-

бергтің  Шығыс министрлігінің  кеңестік  түркі  халықтары-

нан  жауапты  қызметкері  фон  Мендеден  рұқсат  алатын 

болды. Ал Шығыс министрлігінің болса тұтқындар мəсе-

лесінде Ресей Комитетіне қарағанда басқаша жоспарла-

ры бар еді. Шоқай бұл жоспарлардың жүзеге асырылуын 

күтуге  мəжбүр  еді.  Осындай  дамушылықтарға  байла-

нысты Шығыс министрлігі тамыз айында тұтқындармен 

айналысатын бір комиссия құрды. Бұл комиссияның ба-

сына  НСДАП-тың  «СА»  полкінен  штрумбанфүрер  Гей-

бель тағайындалды. Бастапқыда бұл комиссияға тұтқын-

дармен ұлттарына қарай айналысу үшін жеті адам кірді. 

Татар, башқұрт жəне фин тұтқындар үшін Ахмет Темир, 

Түркістанның өзбек, қазақ, қырғыз жəне түрікмен тұтқын-

дары үшін Уали Каюм, солтүстік кавказдықтар үшін Али 

Кантемир, əзірбайжандар үшін Мехмет Бей, грузин жəне 

армиян  тұтқындар  үшін  екі  кісі  жəне  Мұстафа  Шоқай 

белгіленді.  Мұсылман  жəне  түркі  тектес  тұтқындармен 

байланысты қызметкерлердің төрағасы болып тағайын-

далған  Шоқай  өзіне  көмекші  жəне  аудармашы  ретінде 

Уəли  Каюмды  таңдады.  Комиссия  мүшелеріне  міндеті 

тұтқындарды ұлтына қарай анықтау жəне тұтқындармен 

сөйлесіп мəлімет жинау қызметі жүктелді. Тұтқын комис-

сиясы  алғашқы  жұмысына  бастау  үшін  26  тамыз  күні 

Ганофер маңындағы Өрбке жəне Берген-Белсен тұтқын 

лагерьлеріне қарай жолға шықты.

Өмір мен өлім 

арасында

Шоқайдың  Берлинде  бір  жарым  ай  жатып  тебіреніс-

пен күткен кездесулері ақырында жүзеге асты. Бірақ ла-

герьлерге  жеткенінде  Шоқай  күтпеген  жағдайлар  оның 

көңілін су сепкендей басты. Лагерьлерде тұтқындар өмір 

мен өлім арасында арпалысып жатқан еді. Азық, сусын 

жəне  пана  жоқтың  қасы  болды.  Сондай-ақ,  олар  неміс 

əскерлерінің  нацистік  əсіре  нəсілшілдіктен  туындаған 

қан-құйлы зұлымдығына тап болып жатты. Нацистік əс-

керлер əсіресе татарлар мен түркістандық тұтқындарды 

қит етсе атып тастаудан тайынбайды. Бұл жағдайлар Шо-

қайға ауыр тигені соншалық, оларды көргенше өліп кет-

кенді артық санады. Кейіннен жұбайына жасырын жібер-

ген хатында соғыс тұтқындарының жүрек сыздатар ауыр 

жағдайын  егжей-тегжейлі  баяндады.  Оның  айтуынша, 

неміс əскерлері тұтқындарды мазақ ететін жəне ұнамсыз 

бір əрекеті үшін атып тастайтын еді. Аштық əбден өзек-

ке түскен əскерлер өлген жолдастарының жүректері мен 

бауырларын жеп тірі қалудың амалын жасауда екен. Жұ-

байына жолдаған хатында Шоқай өзі куə болған мұндай 

жан түршігерлік көрініс алдында өзінің адам екендігінен 

ұялғандығын атап өтеді. Осылайша Шоқай лагерлердегі 

алғашқы күннен-ақ нацисттермен бірге кеңестерге қарсы 

Түркістанның саяси құқықтары үшін күресудің мағынасыз 

жəне тіпті зиянды екендігін аңғарды. Соған қарамастан 

өзі  де  тұтқын  сипатында  болғандықтан,  тұтқын  комис-

сиясындағы  қызметін  жалғастыруға  мəжбүр  болды.  Бі-

рақ өз қалауынан тыс атқаратын бұл қызметіндегі басты 

мақсаты – неміс армиясының Кеңестер Одағына қарсы 

жүргізіп  жатқан  соғысында  жеңіп  шығуын  қамтамасыз 

ету емес, тұтқындардың ауыр жағдайын біршама да бол-

са жақсарту болды.

Ол бүкіл жұмыс уақытын, тіпті өмірінің қалған бөлегін 

осы  мақсатқа  арнады.  Шынында  да  соғыстың  алғашқы 

апталарында  тұтқындардың  жағдайы  сұмдық  ауыр  еді. 

Өйткені  бастапқыда  лагерлерде  жиналған  жүз  мыңда-

ған тұтқындардың мəселелері мен қатар кеңестік шығыс 

халықтарынан  шыққан  тұтқындардан  көмекші  отрядтар 

ұйымдастыру  ісі  де  ойластырылмаған  еді.  Бұл  кезең-

ге  байланысты  жасалған  зерттеулер  де  лагерьлерде 

азық-түлік жеткіліксіздігі мен барактардағы денсаулыққа 

зиянды лас жағдай салдарынан, сондай-ақ нацисттердің 

нəсілшілділдігінен туындаған зұлматынан мыңдаған тұт-

қынның өлім құшқанын растайды.



Қазақ бауырларына 

араша болуы

Шоқай тұтқын лагерьлерін аралау кездерінде көптеген 

мұсылман  тұтқынның  орынсыз  нақақ  атылып  тасталы-

нуына кедергі болды. Əсіресе мұсылмандардың сүндет-

телгеніне  байланысты  мұсылман  тұтқындарды  неміс-

тердің еврей деп ойлап, оларды мазақ еткен. Шоқай бір 

жолы  лагерьлерді  аралап  жүргенінде  отыз  бес  мұсыл-

ман  тұтқынның  тек  қана  сүндеттелгені  үшін  атылайын 

деп тұрғандығын көрді. Ол дереу бұл іске араласып, əс-

керлерді ажал аузынан арашалап қалды. Сондай-ақ ал-

дағы уақыттарда да бұған ұқсас қателіктерге жол бермеу 

үшін  бұл  мəселе  жөнінде  неміс  басшыларын  хабардар 

етуге тырысты. Шығыс министрлігі Неміс Қарулы Күштері 

қолбасшылығы жəне СД өкілдері қатысқан бір жиналыс-

та мұсылмандардың сүндетке отырғызу дəстүрі туралы 

мағлұмат  берілді.  Бұл  мағлұматты  кімнің  бергендігі  ту-

ралы ешқандай дерек болмаса да, Шоқайдың бұл жина-

лыстың өткізілуінде үлкен ықпалы болуы əбден мүмкін. 

Неміс ғалымы Мюхлен 1941 жылдың тамыз айынан бас-

тап сүндетті болғандықтары үшін мұсылмандарды атып 

тастау оқиғаларының азайғанын айтады.

Шоқайдың тұтқындардың ауыр жағдайын жақсартатын 

қолында ешқандай билік жоқ еді. Қолынан келер шара – 

немістердің  басшылық  орындарына  баяндама  хат  жі-

беріп, бұл жағдайдың жақсартылуын сұрау ғана еді. Қуə 

болған  оқиғаларының  ауыр  сындарды  тілге  тиек  еткен 

бір  баяндама  дайындады.  Онда  былай  деді:  «Сіздер, 

немістер, өздеріңізді Европаның ең өркениетті жəне мə-

дениетті халқы ретінде көресіздер. Егер сіздердің мəде-

ниеттеріңіз менің осы көргендерім болса, мен де сіздерге 

тұтқындардың басындағы дəл сондай ауыртпалық жəне 

апатпен əдіре қалуларыңды тілеймін. Сіздер ХХ-ғасыр-

да,  Шыңғыс  ханның  ХІІ-ғасырда  жасағынан  да  бетер  іс 

жасап жатырсыздар». Ол бұл баяндамасын Уəли Қаюм-

ға  неміс  тіліне  аудартып  тиісті  офицерлерге  тапсырды. 

Баяндаманы  алған  офицер  Шоқайға  ойын  шектен  тыс 

батылдықпен білдіргенін айтты. Бұған Шоқай: «Егер сіз 

осыған байланысты мені атып тастайтын немесе дарға 

асатын болсаңыздар мен дайынмын. Мұндай өркениетті 

қоғамда  өмір  сүргеннен  өлгенді  артық  санаймын.  Мен 

осы  сұмдық  көріністерге  байланысты  өмірге  деген  құл-

шынысымды жоғалттым», – деп жауап қайтарды.

Шоқайдың лагерь шарттарының жақсартылуы жолын-

дағы ескертулері мен ұмтылыстарының зая кетпегендігін 

деректер  анықтауда.  Зерттеуші  Мюхленнің  айтуынша, 

1941 жылдың тамыз айынан бастап кеңестік мұсылман-

дарының топ-тобымен өлім оқиғалары айтарлықтай дə-

режеде азайды. Легионда болған бір тұтқын Шоқайдың 

лагерьлеріне  келіп  кетуінен  кейін  жағдайларының  жақ-

сарғандығын атап өтеді. Шоқайдың аралап кетуінен кейін 

лагерьде  тұтқындардың  тазалық  үшін  монша  мен  душ 

мүмкіншіліктерімен  көбірек  қамтамасыз  етілді  жəне  та-

ғамдары жақсартылды деседі. Шоқай тұтқындардың ла-

герьлердегі ауыр шарттарына төзе алулары үшін көңіл-

күйлерінің  көтеріңкі  болу  керектігін  жақсы  түсінді.  Бұл 

үшін ең алдымен тұтқындарға өзінің қолында ешқандай 

билік жоқ екендігін жəне немістердің нацистік идеология-

сының  зұлымдығынан  туған  өз  пессимизмін  көрсетпеу-

ге тырысты. Содан кейін олардың көңіл-күйлерін көтеру 

үшін біле тұра өтірік айтып, жалған уəделер берді. Ма-

рияға жазған хаттарының бірінде былай дейді: «Менен 

жəрдем  күткен  маған  үміт  артқан  осы  бақытсыз  байғұс 

жандарға ешқандай көмек көрсете алмағандығыма бай-

ланысты жан азабын шегудемін. Мен оларға көмектесуге 

уəде берудемін жəне оларды жұбату үшін біле тұра өтірік 

айтамын». Шоқайдың бұл мəселеде аз да болса табысқа 

жеткендігін тұтқындардың бірінің естелігінен байқаймыз.

Жалғасы келесі санда

Эльмира АБЕТЖАНОВА

МҰСТАФА  

КІМНІҢ  

ҚОЛЫНАН  

ҚАЗА  

ТАПТЫ?

МҰСТАФА  

КІМНІҢ  

ҚОЛЫНАН  

ҚАЗА  

ТАПТЫ?

6

Алаш ардақтылары



7

Сəкен  Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин, 

Ілияс Жансүгіровтер жылқы жылы (1844) 

туған. Қаракерей Қабанбай батырдың да 

(1690),  Жамбыл  Жабаевтың  да  (1846) 

туған жылы – жылқы. Жəне Дулат Исабе-

ков,  Сейтқазы  Матаев,  Əділ  Тойғанбаев, 

Талғат  Айтбайұлы,  Жолдасбек  Нүсенов 

осы жылы дүниеге келгендер.

Қонақ  күтуден  жалықпайтын  Жылқы 

жылы туылғандардың өмірі қызыққа толы 

болады. Жүрген жерін думанға айналды-

ру  –  олардың  табиғатында  бар  қасиет. 

Олар  шығармашылыққа  жақын  жандар. 

Жер тарпыған тұлпар үшін бос шабыстың 

пайдасы шамалы. Жай желіспен де алға 

оза шабуға болады. Сол желістің жеңісіне 

күмəн келтіруге болмайды. Жылқы жылы 

туылғандар – «арбаға жегілген ат» сияқ-

ты.  Жұмыстан  ешқашан  да  жалықпай, 

таңертеңнен кешке дейін бір тыным тап-

пайды.


ҚАЗАҚША ЖЫЛ САНАУ

Халықтық  жыл  санау  есебінде  12  жыл 

аты бар болса, олар туралы деректер VIII 

ғасырдағы  «Күлтегін»  ескерткіштері  мен 

ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқари-

дың еңбектерінде кездеседі. Қазақша жыл 

санау  мен  жыл  қайыру  кестесі  бойынша 

жылдар  бірінен  соң  бірі  былай  атала-

ды:  тышқан,  сиыр,  барыс,  қоян,  ұлу,  жы-

лан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз 

жылы.  Жыл  басы  қазақтарда  тышқаннан 

жəне Наурыз айының 22-сінен басталып, 

ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жас-

ты  құрайды.  Алайда,  адамның  алғашқы 

мүшелі – 13 жас. Біз енді əр жылдың қыс-

қаша анықтамасына тоқталсақ.



Тышқан  жылы.  Қазақтар  тышқан  жы-

лын  береке,  ырыстың,  татулық  пен  ты-

ныштықтың  жылы  деп  санайды.  Тышқан 

жылының  мыңдаған  жылдық  тарихына 

назар  аударсақ,  оның  көп  жылы  аштық-

сыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшы-

лықта өткен. Қанжығалы Бөгенбай батыр 

тышқан жылы (1684) туса, Төле би тыш-

қан жылы (1756) қайтыс болған, алғаш Қа-

зақ ордасы 1456 тышқан жылы құрылған.



Сиыр  жылы.  Тышқан  жылынан  кейін 

кіреді. Сиыр жылында дау-жанжал, қиын-

дықтар  мен  ауыртпалықтар  көп  болған. 

Қариялар соны жиі айтып, сиыр жылында 

сəтсіздіктер бола қалса, «Биыл ауыр жыл 

ғой. Мұның бəрі содан ғой», – деп өзін-өзі 

жұбатып жатады. Ырым-нанымға сəйкес, 

сиыр  жылы  туғандар  бұл  жылы  сиырды 

бауыздамайды.  Көп  халық  сиыр  жылы-

ның дастарханына сиыр етін, одан жасал-

ған тағамдарды қоймайды.

Барыс жылы. Сиыр жылынан кейін кі-

реді.  Оның  ауыртпалығы  да,  жақсылығы 

да  аралас.  Бұрындары  барыс  жылында 

есте  қалатын  елеулі  оқиғалар  болмаған-

дықтан оны жайсыз жыл санамайды, жа-

мандамайды. Біздің ұлық пайғамбарымыз 

Мұхаммед (с.ғ.с.) барыс жылы туып (570), 

ұлу жылы қайтыс болған (632). 1937-1938 

жылғы  саяси  қуғын-сүргін  де  осы  барыс 

жылында болып, 1986 жылғы Алматыда-

ғы Желтоқсан оқиғасы барыс жылына тұс-

тас  келді,  Мұстафа  Шоқай  барыс  жылы 

туып,  жылан  жылы  қайтыс  болды  (1890-

1941).


Қоян  жылы.  Барыс  жылынан  кейін  кі-

реді.  Бұл  жыл  жұт,  аштық,  ауыртпалық, 

бейнетпен қазақ халқының есінде қалған. 

1867-1868 жылы жалпақ қоян жұты, 1879-

1880  жылы  үлкен  қоян  жұты,  1891-1892 

жылы  кіші  қоян  жұты,  1915-1916  жылы 

тақыр қоян жұты болды. Қазақ даласында 

көп  мал  қырылып,  адамдар  өлді.  1962-

1963 жылдары да малды аудандарда көп 

мал қырылды. Қазақ еліне Ақтабан шұбы-

рынды, Алқакөл сұлама заман 1723 қоян 

жылы келді. Қоян жылы Абылай хан өмір-

ге келді (1711 ж.)

Ұлу жылы. Қоян жылынан кейін кіреді. 

Қазақтар ұлу суда өсетіндіктен, бұл жылы 

астық, шөп мол болады деп, оны жайлы, 

жұмсақ  жыл  санайды.  Алайда,  ұлу  жы-

лында да қиындықтар болған.

Жылан  жылы.  Ұлу  жылынан  кейін  кі-

реді. Қазақ халқында: «Жылан жылы жы-

лыс болды», – деген сөз бар. Шыңғыс хан 

шабуылы  1221  жылан  жылы  Отырарды 

алды, 1926-1929 жылы Қазақстанда кəм-

песке  болды,  1941  жылы  неміс-фашист 

басқыншылы-ғы  жылан  жылы  басталды, 

Октябрь революциясы (1917-1918) жылан 

жылымен тұстас келді, Абай жылан жылы 

туып, ұлу жылы өмірден өтті (1845-1904).



Жылқы жылы. Жылан жылынан кейін 

кіреді.  Ел  есінде  жылқы  жылы  болған 

ауыртпалық, қайғылы оқиғалар жоқ. Жыл-

қы  жылы  туғандар  бұл  жылы  жылқыны 

бауыздамайды.  Қой  жылы.  Жылқы  жы-

лынан кейін кіреді. Қазақтар қой жылын – 

жақсы  жыл  санайды.  Қой  жылы  халыққа 

жайлы  болған,  молшылыққа  кенелген. 

1966-1967  қой  жылы  Қазақстанда  мил-

лиард  пұттан  астам  астық  алынды.  Құ-

нанбай қажы қой жылы туып, Шоң би қой 

жылы қайтыс болған. Қазақстан 1991 қой 

жылы тəуелсіз ел атанды, Ахмет Байтұр-

сынов та қой жылы (1873) дүниеге келді.



Мешін  жылы.  Қой  жылынан  кейін 

кіреді.  Қазақтардың  пайымдауынша, 

ол  –  жайсыз  жыл.  Бұл  жылы  бүліншілік, 

сəтсіздіктер  мен  жағымсыз  оқиғалардың 

көп  болуы  мүмкін.  Сол  себепті  қазақтар 

мешін  жылынан  қорқып  отырады.  1920 

жылы қазақ даласында көп мал қырылып, 

бұл жыл – «Тас мешін» деп аталды. 1931-

1932 жылғы алапат аштық та мешін жылы 

болып, Ақ орда хандығы 1428 мешін жылы 

құлады, мешін жылы (1680) Əз-Тəуке хан 

таққа отырып, ел биледі.



Тауық жылы. Мешін жылынан кейін кі-

реді. Халық бұл жылды да ауыр жылдар-

дың  бірі  санайды.  Өйткені,  тауық  жылы 

қауіп-қатер жиі бол-ған, халық көп ауырт-

палық  көтерген.  1920-1921,  1932-1933 

тауық  жылдары  жұт,  аштық,  1968-1969 

тауық жылы құрғақшылық болды. Əл-Фа-

раби (870-950), Міржақып Дулатов (1885-

1935),  Мұхтар  Əуезов  (1897-1961)  тауық 

жылы туған.



Ит жылы. Тауық жылынан кейін кіреді. 

Мешін, тауық жылындағы ауыртпалық ит 

жылы  жеңілдейді.  Мысалы,  1933  жылы 

аштық тиылған, 1945 жылы соғыс аяқтал-

ған. Қаныш Сəтбаев ит жылы туған (1899-

1964 ж).


Доңыз жылы. Ит жылынан кейін кіреді. 

Жыл  санаудың  жəне  жыл  қайырудың 

соңғы жылын Қазақстанның кей жерінде, 

кейбір  түркі  елдерінде  қара  киік  жылы 

деп атайды. Халық бұл жылы пəле-жала 

көп болады деп ойлайды. Алайда, доңыз 

жылы  көп  жағдайда  қазақтарға  жайлы 

болған.  Қазақ  –  жоңғар  соғысындағы  үл-

кен жеңіс – 1729 доңыз жылы болды.

Жылқы – ақсүйек əрі мəрте-

белі  жануар.  Сондықтан 

биылғы  жыл  басқа  жыл-

дармен  салыстырғанда 

əйелдер  қауымы  үшін  өз 

мерекелік  костюмдеріне 

салмақты  жауапкершілік-

пен  қарайтын  жыл  бол-

мақ. Киіміңізден ешқандай 

мін  табылмағаны  жөн. 

Сонымен  қатар  ондағы 

артық  заттар  сіздің  сəнді 

киіміңіздің  əрін  келтірудің 

орнына бар болмысыңызға 

жараспай қалмасын да ал-

дын ала ойланыңыз.

Қандай  көйлек  таңдаса-

ңыз  да  матаның  сапасына 

аса  мəн  беріңіз.  Мата  бар-

қыттан,  жібектен  немесе 

жүннен  болса  да,  оның  са-

палы  болғаны  жөн.  Қанша 

əдемі əрі сəнді болса да син-

тетикалық  матадан  тігілген 

киімдерге  қызықпаңыз.  Ою-

мен немесе сəнді гүлдері-

мен  сəнделген  көйлектер 

сіздің дене бітіміңізді ерек-

ше етіп көрсетпек.

Ал  ер  адамдарға  дəл 

осындай түстегі галстуктер 

таққан жарасады. Қара-көк, 

қою  көк  түсті  классикалық 

костюм мен мұқият үтіктел-

ген  жейде  үйлеседі.  Əрине, 

сауатты  қиылған  шаш  үлгісі 

мен  жылтыраған  туфлидің 

орны өз алдына бөлек.

Егер  сіз  жай  маталарға  қызық-

пасаңыз, есіңізде болсын: табиғи 

былғарыдан  жасалған  киімдер-

мен Жаңа жылды қарсы алғанның 

да  əсері  басқаша.  Бəрі  де  сіздің 

талғамыңыз  бен  таңдауыңызға 

келіп тіреледі. Былғары киімдерді 

əдемі жинақы сөмкелермен жəне 

сəнді  аксессуарлармен  сəйкес-

тендіру керек. Аяққа əрине, был-

ғары  етік  немесе  сəнді  туфли 

киіңіз. Өкшесінің биік болғаны дұ-

рыс.


Х а н ы м д а р -

ға  көйлек  кию  міндетті  емес. 

Сəнді  белдемшемен  кеудешені 

үйлестірсеңіз  де  көріксіз  көрін-

бейсіз. Тырысып тұратын шалбар 

мен  жылтыры  басымырақ  кеуде-

шеге де қызықсаңыз болады.

Киіміңіз жеңіл жəне романтика-

лық  болғаны  дұрыс.  Айтпақшы, 

шаш үлгіңізді үстіңіздегі киімге үй-

лестіруді де естен шығармаңыз.

Массагет 

сайытынан алынған

2014 жыл – көкшіл жылқының жылы. Сондықтан биылғы жылғы мерекелік кештерге мамандар 

көк, көкшіл және жасыл түсті киімдер киюге кеңес береді. Онымен қоса ашық көк түс пен қайың 

түсі де, аспан түсі мен теңіз түсі де жарамды деп табылады. Сәнгерлер мерекелік отырыстарда 

осы түспен дайындалған киімдердің арасында сұр және басқа да жағымды түстердің болғанына 

қарсы емес. Тек басты түстерді көк түс етіп таңдап алуды естен шығармау керек. Әрине, егер 

биылғы жаңажылдық сәннің көшінен қалмаймын десеңіз ғана...

Жылқы жылы төрге шық

Жылқы жылы – жұтсыз дейді қазақ халқы. Жыл-

қы  жылы  –  жылан  жылынан  кейін,  қой  жылынан 

бұрын келетін мүшел есебінің 7-ші жылы. Жылан-

ды  Азия  халықтарының  (қазақ,  өзбек,  түркімен, 

қырғыз,  ұйғыр,  ноғай,  моңғол,  қытай,  жапон,  т.б.) 

көпшілігінің күнтізбелерінде қолданады. 12 жылда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет