МЕНШІК ИЕСІ:
С.Торайғыров
атындағы Павло-
дар мемлекеттік
университеті
Редактор:
Жанар Елешова
Дизайнер: Н. Яницкая
Тілшілер: Н. Рабилова,
М. Амантай.
Ақылдастар алқасы:
Қ.Алдабергенов, Ж. Бижан,
А.Тойшыбайұлы, Г. Кенжебалина.
Редакция мекен-жайы:
Павлодар қ., Ломов көшесі, 64,
каб.427-А, тел.673648
• ГАЗЕТ Қазақстан Республика сы ның
Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -
лігінде есепке алынып (04.12.2008),
ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.
• ГАЗЕТ бетіндегі автордың
мақала лары, хаттары редакция ның
көзқарасын білдірмейді
• ГАЗЕТ Павлодар облыстық
«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-
да басылды. Павлодар қ., Ленин к.,
143 үй, тел. 61-80-26
• ГАЗЕТ айына бір рет шығады,
таралымы 500 дана.
Тапсырыс № 5289
Желтоқсан
қандай
ай?
Қыстың бірінші айы. Бұл
айдың атауы «жел» жəне «тоқ-
сан» деген сөздің қосындысынан
шыққан дейді этнографтар. Өйткені
жел жəне тоқсан үш ай желді бола-
ды деген мағынаны білдіреді. Ежелгі
түріктер де бұл айды жел айы деп
атапты («ҚКЭ»,12 том, 369 бет, 1974
ж). Желтоқсан айында қыс күшіне
енеді. Боран соғады. Желтоқсанның
22-інде күн барынша қысқарады.
Ол – «күнің тоқырауы». Қырбастың
қызылы. Бұл – желтоқсанның басын-
да болатын алғашқы аяз. Текенің бұр-
қылы (бұрқағы). Желтоқсанның қатты
боран соғатын соңғы онкүндігінде киік
текесінің маталуын осылай атайды.
Желтоқсанда туғандар Қаныш Сəт-
баев (3.12. 1910), қырғыз жазушысы
Шыңғыс Айтматов (12.12. 1926).
Қуанышқа толы мереке
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.
Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе
жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Қазақтар үшін жаңа жылды қарсы алу
наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңел-
ген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі
тарихи басылымдарда Жаңа жылды
əшекейлі шыршамен қарсы алу дəстүрін
Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде
I Петрдің енгізгені, дəл осы жылы Ре-
сейде жаңаша жыл санау басталғаны,
I Петрдің өзі басқарған Мəскеудегі мей-
рамның таңға дейін созылғаны жазылып
жүргенімен, бірқатар этнограф-тарих-
шылар қыпшақтар шырша мерекесін
тойлағанын, жаңа жылдың – көш-
пелілердің де байырғы мейра-
мы екенін жазады.
Шырша
тарихынан
Мұрат Əджінің «Қып-
шақтар» атты кітабын-
да «Шыршалар мере-
кесі» деген тарау бар.
Оның жазуынша, ме-
реке ең басында құ-
дайлар мен аруақ-
тар мекені – жер
шарының
тура
кіндігінде тіршілік
еткен Жер – Су-
дың (Иерсу)
қ ұ р м е т і н е
арналыпты.
Жер – Судың
жанында ақ
сақалды Үл-
кен (Ульген)
есімді
шал
жүрсе керек. Түркілер оны үнемі əдемі қы-
зыл шекпен киіп жүрген қалпында көріпті.
Мұрат Əджінің дəлелдеуінше, ежелгі ал-
тайлықтар шыршалар мерекесін 25 жел-
тоқсанда, Күннің Түнді «жеңген» кезінен
бастап, түркілер Күннің қайта оралғаны-
на қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын
жаудырыпты, оған тəу етіпті. Дұғалары-
мыз Тəңірінің құлағына шалынса деген
үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы –
шыршаны үйлеріне əкеліпті. Бұтақтарына
неше түрлі əсем шүберектер байлапты.
Сонан соң дөңгелене қол ұстасқан қал-
пы шыршаны айналып: «Түн кетіп, Күн
келсін», деп əн салған. Осылайша Мұ-
рат Əджі бауырымыз Жаңа жыл түніндегі
«үлде мен бүлдеге» бөленген шырша ме-
рекесінің І Петр патшадан да əріде бол-
ғанын баяндап, ол түркілер дəуірінде сол
халықта тойланған деп дəлелдейді.
Белгілі этнограф – тарихшы Ақселеу
Сейдімбек Жаңа жылдың көшпенділер
мейрамы екендігі туралы былай дейді:
«Өмір – тіршілікте шарттылықтар өте көп.
Сол шарттылықтардың ең ғажабы, адам
баласының уақытты межелеуіне қатыс-
ты. Мəселен, осы күндері бүкілхалықтық
қуаныш ретінде тойланып жатқан Жаңа
жыл мейрамын алайықшы. Қалыптасқан
ұғым бойынша, Жаңа жыл, яғни1-ші қаң-
тар, Иса пайғамбардың туған күні. Бүкіл
христиан əлемі осылай деп түсінеді жəне
тойлайды. Орыстар православ сенімінде
болғандықтан, бұрынғы Юлиан күнтіз-
бесінің межесі бойынша, желтоқсанның
25-і Исаның туған күні деп тойлайды. Мен,
бір қызықты пікір айтайын. Осы Жаңа
жыл тойы арысы Еуразияның ежелгі көш-
пелі скиф-
сақтарының,
бергісі бүгінгі
түркі халықта-
рының, оның
ішінде, қазақтар-
дың да байырғы
мейрамы деп есеп-
теймін».
Жаңа жылды тойла-
ғанда бұл мерекенің
де көшпенділер па-
йымымен байланысты
екендігін аңғаруға болады. Бұл дерек-
тер бүкіл халықтың жадының игілігі бола
алмауда. Дегенмен, В.В.Цибульскийдің
«Луно-солнечный календарь стран Вос-
точный Азий», М.Ысқақовтың «Халық
календары», Х. Əбішевтің «Аспан сыры»
атты кітаптарында осы деректер қызықты
баяндалады.
Қалай десек те, Жаңа жылға терең діни
мəн-мағына бермей, оны алдағы уақыт
көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық кү-
тетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін,
келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат,
міндеттерімізді белгілейтін мереке ретін-
де тойлауға əбден болады. Мəселен, Ке-
ңестік өкімет Жасыл шырша мейрамына
жаңа реңк кіргізіп, халыққа өзгеше мүдде,
мақсат ұялатты. «Елу жылда ел жаңа»
демекші, заман да адамзатқа өз талабын
ұсынса керек. Жаңа жылды үміт, сенім
мерекесі ретінде тойлағанымыз, ескі
жылды ризашылық сезіммен шығарып
салып, Жаңа жылды тəтті тілек, ақ бата-
мен қарсы алғанымыз абзал.
Жаңа жылды қай халық қалай қарсы алады?
ДемAll
8
Ұлыбританияда алғаш
ашық хаттарды (открыт-
ка) шығарған ел болып
есептеледі. Сондықтан да
Жаңа жылда осы елдің
əр жанұясы таныстарын
ашық хат арқылы құттық-
тағанды ұнатады.
Қытайда жаңа жыл
мерекесі көшеде бара-
бандар, темір тəрелке-
лер соғылып, фейер-
верктер атылып, жаңа
жыл салтанатын биле-
ген айдаһарлар шеруі
бастайды екен. Дастар-
қанға туралған нарцис
гүлін қою дəстүрге ай-
налған. Жаңа жыл ме-
рекесі он бес күнге со-
зылады. Бұл қаңтардың
аяғы мен ақпан айының
басына келеді.
Қазақстанда
жыл
басы мерекесі наурыз
айында
тойланады.
Бұл қазіргі күн есебі
бойынша наурыздың
22-ші жұлдызына сəй-
кес келеді. Бұл күні
адамдар жұмыс істе-
мейді, сапарға шық-
пайды, кір жумайды,
ешкімді ренжітпейді.
Барлық үйде мерекелік
дастарқан жайылады.
Бұл күні күн мен түн
теңеседі.
Венгрияда дастар-
қанға үйрек пен тауық
еті қойылмайды. Се-
бебі венгрлер құстар-
дың барлығын «Бақыт
құсының»
туыстары
деп есептейді екен.
Голландияда жаңа
жыл кешіндегі дас-
тарқанға жүзім салып
пісірген нан тағамы
қойылады. Бұл тағам
жылына бір-ақ рет да-
йындалатын көрінеді.
Ф и н л я н д и я д а
жаңа жыл кешінде
тұрмыс құрмаған бой-
жеткендер кебістерін
иықтарынан
асыра
лақтырады, кебіс есік-
ке тұмсығымен тисе,
сол жылы жолы бо-
лып, сол жылда тұр-
мысқа шығады деп
есептеген.
Бирмада жаңа жыл-
да да күн ыстық болып
тұратындықтан, адам-
дар бір-бірінің үстеріне
су шашып құттықтай-
ды екен. Сондықтан
осы күні үсті-басы су
болған адамдарды жиі
ұшаратуға болады.
Кубада сағат 12-ні
соққан кезде, əркім 12
түйір жүзім жейді екен.
Е в р е й л е рд і ң
жаңа жыл – Рош
Хошан қазан, қа-
раша
айларын-
да
тойланады.
Бұл күні адамдар
алма мен нанға
бал жағып жейді.
Бұл жаңа жылда өміріміз балдай тəтті бол-
сын дегені. Жаңа жыл таңы діндарлардың
қойдың мүйізінен жасалған труба арқылы
адамдарды синагогқа құдайдың алдында
өткен жылда жасаған кемшіліктері, күнəла-
ры болса кешірім сұрауға шақырудан баста-
лады. Осыдан кейін Жаңа жылды күнəдан
тазарып, жаңадан бастауға мүмкіндік туады.
Оңтүстік Америка-
дағы Эквадор елінің
халқы жаңа жылда
сабаннан жасалған
қарақшыны ескі жыл-
дың символы ретін-
де далада жағылған
отқа өртеп жібереді.
Францияда
адам-
дар жаңа жыл кешінде
жомарт болуға құмар
келеді екен. Бұл күні
мейрамханалар адам-
дарды тегін тамақтан-
дырып қана қоймай
кетерінде сыйлықтар
береді екен.
Үндістанда
жаңа
жыл – Дивали жарық
пен оттар мерекесі деп
аталады екен. Айтса
айтқандай осы күні қа-
лалар мен ауылдардың
барлығы оттың ішінде
тұрғандай жарқырап ке-
тетін көрінеді. Жарығы
сөніп тұран бірден-бір
терезені көре алмайды
екенсің. Əйел адамдар
көшеге шығып жерге
түрлі оюлы суреттер
салып, оларға ұн, то-
пырақ сеуіп, шырақтар
жағып
көркемдейтін
көрінеді.
Италия халқы ескі
жылдың соңғы сағат-
тарында
ешкіммен
ренжіспеуге
жəне
ешкіммен қарыз ақша
алмауға
тырысады
екен. Жаңа жылдың ал-
ғашқы түнінде үйлерін-
дегі сынған ыдыстарын,
ескірген жиһаздарын
аулаларына шығарып
тастайды екен.
Болгарияда са-
ғат тілі 12-ні соқ-
қанда барлық үйде
жарық сөне бас-
тайды. Сол кезде
əркім көңілі қалаған
адамымен 3 минут
бойы сүйіседі екен.
Дастарханға
мін-
детті түрде самса
қойылады екен.