«Саяси мәдениет» түсінігі: оның мазмұны және азаматтық қоғам тұжырымдамасы контекстінде қолданылуы
Саяси ғылымда жастарды қандай қоғамдық әлеуметтік топ екеніне анықтама берушілер өте көп. Олардың әрқайсысы жастардың тобының әлеуметтік, физиологиялық, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік – саяси не т. б. сапасына назар аударып, қоғамның жеке ерекшеліктерін айқын әлеуметтік
демографиялық тобына жатқызады. [69]
Жастардың саяси-әлеуметтік бейімделу мәселесі тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар тарапынан жүргізіліп отырған жастар саясатынын қалыптасу процессіне шолу жасалады.
Қазіргі біздің заманымызда ойы ұшқыр, мінезі салмақты, қоғамға лайықты тұлға қажет. Ол тұлға әрқилы жағдайға өз көзқарасын білдіре алатын, өзінің ой- пікірі бар, саяси сауатты болу керек. Тұлғаны қалыптастыратын - әрине қоғам, орта, тәлім – тәрбие, білім, өнер, еңбек. Осы ретте мемлекетіміз жастарға, олардың саяси жетіліп, дамуына ерекше мән беріп отыр. Жастар саяси жағдайларға уақытында және қажетінше хабардар болуықажет. Өйткені елде не болып жақтанын анықтап, бағамдап, оны өзінше бағалайды. Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан, жастардың саяси әлеуметтік жағдайларын қайта қарап, оның саяси механизмдерін реттеу бүгінгі күннің басты тақырыбы. Жастар алдыменқоғамдық саяси ортада қызмет көрсетеді. Олардың саяси, экономикалық тұрғыда қалыптасып, мемлекеттін дамудың тетіктерін меңгерулері Егеменді Қазақстан үшін маңызы өте зор, өйткені жаңа мемлекетіміздің іргетасын қалау үшін оған шығармашылық ой қажет. Біз жастар саясаты мемлекет пен қоғамның, партиялар мен қозғалыстардың негізгі саяси бағыттарының алғашқы қатарында болуы керек деп санаймыз. Тарауда жастар мәселесіндегі басты мақсат – жастардың саяси, көзқарастарын жетілдіру, белсенділігін арттыру, қоғамдағы рөлін айқындау, жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы теориялық - әдістемелік негіздері жүйелі түрде зерделенді. Жастар қоғамның өнімі, түрленуші күші. Өмір шындығын дұрыс түсініп, қабылдау да өскелең ұрпаққа дұрыс саясат қажет. Сондықтан елімізде жаңа саяси- әлеуметтік жағдайға байланысты ғылыми негізделген, жүйелі жастар саясатын жүзеге асыру мақсаты тұр. Зайырлы мемлекет жастары – саяси
сауатты, рухани, әмдени, әлеуметтік тұрғыда жетілген қоғамда өз орнын
айқындай білу керек.
Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1, 5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. [70] Қоғам туралы ой-пікірлер көне
дәуірде де болды, ал "азаматтық қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында аза маттық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т. б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстңі пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады. [71]
Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар меәнлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеялар ды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. [72] Ешкім ешкімгөез түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтқы қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама- қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық - демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс -әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы депқарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым- қатынастар болуын талап етеді. [73] Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия
деп үстіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты
қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-
зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс- әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкi мемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдердеғдажй а бiршама басқаша.
Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды. [74]
Азаматтық қоғам мемлекет әлеуметтік құрылымдардан бөлініп, қоғамдық өмірдің салыстырмалы түрде дербес саласы ретінде оқшауланған кезде пайда болады. Азамақттықоғамның қалыптасуы жаңа заманнан басталып, бірнешеғасырға созылды. Бұл үрдіс әлі бір мемлекетте толық аяқталған жоқ. Азаматтық қоғам белгілі бір жағдайларда ғана пайда болады. Азаматтық қоғамды құру үшін мемлекеттің өзі құқықтық болуға тиісті. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамға қарсы тұрмайды, керісінше оның әрекет
етуі мен
үшдінамуы
қолайлы жағдайлар туғызады.
Азаматтық қоғамның белгілері:
Құралдар өндірісі иелерінің болуы;
Заң үстемдігін жариялау және сақтау;
Нақты қызмет істейтін және тиімді үкіметтік емес ұйымдардың өмір сүруі;
Әр түрлі адамдар мен әр түрлі көзқарастағы тұрғындардың шыдамды болуы. Бұл қоғамдағы плюрализм деп аталады;
заңсыз үстемдікке жетуін болдырмау. Егер
мемлекеттің қоғамында осы аталған топтардың барлығы табылса ғана мықты азаматтық қоғам құруға болады.
Азаматтық қоғам адамдардың белсенділігін арттырады. Саяси ғана емес, әлеуметтік, рухани, адамиқабілеттері мен мүмкіндіктерін толық іске қосуға кеңінен жағдай жасайды.
Сонымен азаматтық қоғамның қағидаттары мен қалыптасуы және өмірлік іс - әрекеті мыналар болып табылады:
Экономикалық еркіндік, меншіктің көпнысандылығы, нарықтық қатынастар.
Адам мен азаматтың табиғи құқықтарын сөзсіз тану және қорғау.
Биліктің заңдылығы және демократиялық сипаты.
Заң мен сот төрелігі алдында жұрттың барлығының теңдігі.
Билік тармқатарының бөлінуі және олардың өзара іс -әрекеті қағидаттарына құрылған құқықтық мемлекет.
Саяи және идеологиялық көптүрлілік, жариялы оппозицияның болуы.
Сөз бен баспасөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі.
Мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы, олардың өзара міндеттері мен жауапкершілігі
Таптық дүние, әріптестік және ұлттық келісім.
Өмір сүрудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін тиімді әлеуметтік саясат.
Азаматтық қоғам құру мәселесі кеңестік жүйенің құшағынан шыққан елдердің бәрінде де кеңінен сөз болуда. Азаматтық қоғамның тұжырымдамасын жасап, оның мәнін, мазмұнын, қызметі мен құрылымын анықтауға, азаматтық қоғам институттарын жетілдіруге және оның мемлекеттік органдармен қарым – қатынасын айқындауға барынша белсенді талпыныс жасалуда.
«Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш- жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн әжне зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi». [75]
Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамадағaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекет пен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турдеғaнa өзара iс -қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады.
Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты.
Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты. [76]
Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор. [77]
Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элеме нт бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым- қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т. б. Осылардңы ішіндегі ең
күрделісі, ең түпкіліктісі — адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс- әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік - экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уқаыты шектелмейді, өлкеге -аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Қоғам — мемлекетке әтуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам.
Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің ара қатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Республика Конституциясы Кқасзта ндағы қоғамның барлық даму
сатыларын мемлекетке
ғбыандырмастан (оның айғағы — онда
Қ« оғам»
бөлімнің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншікпен жеке меншікті (6-баптың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси
әралуандылықты (5-бап) әжне тағы басқа Конституцияда бекітілген
қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады. [78]
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Азаматтық қоғам туралы осы заманғы түсінік - әлеуметтік-философиялық және саяси-құқықтық ақыл ойдың тарихындағы олардың ұзаққа созылған эволюциясының нәтижесі, тиісінше олардың сан қилылығы мен сәйкессіздіктері осымен түсіндіріледі. Осы орайда, аталған ұғымның тарихына талдау жасай келе, төмендегілерге назар аударғымыз келіп отыр.
Азаматтық қоғамды теориялық зерттеулерде оның мағынасының негізгі екі дәйектемесін, осы ұғымның екі әр түрлі түсінігін бөліп қарауға болады.
Барынша дәстүрлі, алайда ғылым сахнасынан кетіп бара жатқан көзқарасқа сай «азаматтық қоғам» жеке меншік пен мемлекеттің пайда болуымен байланысты дүниеге келді. «Азаматтық қоғам» ұғымы бұл жерде қоғамның белгілі бір жғадайына сипаттама үшін пайдаланылады және жеке тұлғаны ң негізгі құқығы мен бостандығы заңмен қамтамасыз етілген және саяси қорғалған, ерекше типтегі мемлекетпен теңестіріледі осыған орай оны өркениетті, яғни азаматтық қоғам деп санауға болады.
Азаматтық қоғамның екінші түсіндірмесі азаматық қоғам туралы қоғамның белгілі бір саласы - мемлекеттік емес қатынастар мен құрылымдар ретінде ұғынумен байланысты. Бұл жерде әр түрлі: азаматтық қоғамның қоғам ретінде, жалпы алғанда оның ерекше бөлімі ретінде, оның барлық мүшелерінің әлеуметтік сипаттамасы ретінде және т. б. сияқты нұсқалары болуы мүмкін.
«Азаматтық қоғам» термині алғаш рет қай кезде қолданылғандығын айту қиын. Дегенмен, азаматтық қоғам түсінігі алғаш Аристотель («societias civilis») еңбектерінде кездеседі, ол оны саяси қауымдастық ретінде пайдаланды. [79] Кейінірек бұл ұғым ортағасырлық Еуропа және Жаңа уақытта басқа мәнге ие бола бастайды.
Алайда, көптеген ойшылдар ерте дәуірде «азаматтық қоғам» ұғымын немесе айтылуы, ойы, мазмұны жағынан соған жақын терминдерді пайдаланса да, бұл ұғымға ертедегі ойшылд ар менқазіргі авторлардың беріп отырған түсініктері бірдей емес. Бұл жағдай демократияны, бостандықты, азаматтың құқығы мен міндеттерін әр түрлі ұғынумен түсіндіріледі.
Т. Гоббс заманауи мемлекет пен саясиқоғамды тең деп есептеді. Т. Гоббс іліміне сәйкес қоғамдық келісім қоғамның емес, мемлекеттің құрылуына алып
келеді. Ал, Дж. Локк болөскаіме«т» пен «қоғам» ара -жігін өкрсетуге
тырысады. Ол үшін билікті қоғамға беру, билікті өкіметке берумен бірдей емес
[80].
Азаматтық қоғам тұжырымын қалыптастыруда Гегельді ерекше айтуымыз керек. Себебі, ол осы теорияның негізін қалаушылардың бірі. Гегельдің пікіріне сәйкес, азаматтық қоғамның бойында мыналар бар: 1) талап-тілек жүйесін (бір индивид ретінде де, барлқы азамат ретінде де), қанағаттандыру еңбек істеу арқылы жүзеге асырылады; 2) жеке меншікті қорғау және оның бостандығына кепілдік беретін,әділ сот; 3) жекелеген тұлғаның игілігі «құқық ретінде қаралуын және жүзеге асырылуын» [81, р.103] қадағалайтын полиция, және корпорация – берілген істі немесқеабілетті оған кіргендердің барлығына артықшылық пен абырой сыйлайтын «мемлекеттің адамгершілік тамырын ұсына отырып» [81, р.106], сол немесе басқа мүдделер бойынша жалпыға бірдей нығайтылатын бірлестік.
«Азаматтық қоғам» ұғымын екі жақты пайдалану дәстүрі: бірінші жағдайда – жалпы мемлекетпен тңе стірілді (алдындағы кезең желілерінің жалғасы болып табылатын) әлеуметтік организмнің дамуының белгілі бір
деңгейі ретінде; басқа жағдайда – мемлекеттен ұбрын па йда боғлан
құрылымдар мен институттардың жиынтығын қамтитын айрықша сала және ішінара одан тәуелсіз бола алады. Осы екінші ұғым азаматтық қоғамның келесі кезеңіне талдау беру үшін негіз болады. Осы екі талдауды үйлестіруге тырыса отырып Гегель оның азаматт ық қоғаммен өзара байланысында мемлекетке басымдылық берді.
Маркстің теориялық пайымдаулары барлық уақытта оны азаматтық қоғамды тек еңбек өндіріспен айырбас, яғни экономикалық даму саласымен теңестіруге алып келіп отырды.
Азаматтық қоғамды әлеуметтік организмді мемлекеттен тыс ерекше сала ретінде түсіндіру, А. де Токвильдің және оның америкалық демократияны зерттеуінің арқасында Еуропада кең етек жайды, бұл сол заманда әзірленген қоғамдық шарт және азаматтық қоғам теорияларының негіздері және қағидаттары іске асыратын шындыққа айналды.
А. де Токвилңді пікіріне сәйкес, азаматтық қоғамның мемлекеттен айырмашылығы, - бұл мәжбүрлеу үшін емес, ерікті таңдауға, билікке емес, адамгершілік беделге лайқыты сала. Сонымен қатар ол жақсылық пен зұлымдықты біреуін екіншісіне қарама -қарсы қоймайды, керісінше мемлекет демократиялық болып табылатын жағдайдағы олардың өзара әрекеттестігінің жемістілігін басып көрсетеді.
Батыстық саяси ой ғылымының тағы бір тармағы азаматтық қоғам идеясының маңыздылығын саяси мәдениет арқылы барлық құндылықтарды белсендіру мүмкіндіктері мен қызмет етуін жақсарту тұрғысынан қараған кезде ерекше сезіле бастайды деген пікірдіұстанады. Саяси мәдениет құндылықтар жүйесін қалыптастырудың жетекші субъектілері болып табылады.
Бірақ азаматтық қоғам институттарының қалыптасу мәні мемлекеттік емес, саяси емес ұйымдардың құрылуымен ғана қорытындылана ма?
«Мемлекеттік тәртіп қара бастың қамы үшін ғана емес, адамның дамуы үшін құрал ғана» болғандықтан мемлекет өзінің құқықтық және әлеуметтік міндеттерін кңе йтеді емес пе [82]. Не болмаса «азаматтық қоғам»
«мемлекеттік еместің» эквивалентті ұғымы (не болмаса» азаматтық емес қоғам»
- «мемлекет» ұғымы) болып табыла ала ма?
Жауап әдеттегідей теріс сипатта болып келеді, өйткені «азаматтық қоғам»
«мемлекет» түсінігі сияқты мазмұны механикалық тұрғыда шектеледі. Мұндай анықтама өзінде жағымсыз элементті ұстайды, ол бір жағынан анықтама туралы қисынды қағида талаптарын бұзады, ал екінші жағынан «мемлекеттік» және «саяси» ретінде мазмұнды шектейді.
Бұған қоғамдағы демократиялық жүйенің одан әрі дами түсуі кепіл болса керек. Алайда, осындайқоғам туралы біздің ой -өрісіміз тек батыстық таным аясында шектеле меә, лде өзіміздің төл тарихымызда бұл туралы пікірлер болды ма? Әрине, болды. Оны ұлтымыздың рухани жаршысын а айналған Әбу Нәсір әл-Фараби, Әбу аудин әл -Жаућари, Жүсіп Баласағұни, Асан қайғы Сәбитұлы сияқты данагөй ойшылдарымыз бен білімпаз шайырларымыздың, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиенбет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәттіқара, Бұқар сияқты ақын-жырауларымыздың, Шоқан Уәлиханұлы, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ғалым-философтарымыздың еңбектерінен көруге болады.
Қорытындылар болсақ, азаматтық қоғам – қоғам дамуының ең биік сатыларының бірі, қоғамдық жүйелердің басқа элементтеріне сәйкес, яғни өзін- өзі басқаратын қоғамдық институттардың осындай байлығын қалыптастыра отырып, адамның басымдылық орнын (өзінің құқығымен, бостандықтарымен және міндеттерімен) қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңдегі батыс, ресейлік және отандық зерттеушілер көзқарастары жан-жақты талданған. Осы әлеуметтік құбылыстың бір мәнді түсінігі әзірше жоқ, ал әдебиеттерде ұсынылған анықтамалар өте көп және әр түрлі. Солай
болса да, өкптеген зерттеушілер азаматтық қоғамды еркіндіктің өсуі және
әлеуметтік теңдіктің кеңеюі арқылы да, сондай-ақ мемлекеттің өзін құрылымсыздандыру мен демократияландыру арқылы да оның мемлекетпен біте қайнасуын белгілейтін бағзы бір құндылықтардың бірыңғай жүйесі екендігімен келіседі. Азаматтық қоғамның бұл ұғымы мағынасында өзінің күрделілігі бойынша, Э. Дюркгеймнің «әлеуметтік ынтымақтастығынан» немесе М. Вебердің «капитализм рухынан» онша көп айырмасы жоқ.
Отандық және шетелдік арнайы әдебиеттерде азаматтық қоғамның негізгі тұжырымдамасын талдауға, азаматтық қоғамды зерттеудің көпғасырлық дәстүрі объектінің өзінің тарихи өзгергіштігіне орай, әзірге қандай да бір бірыңғай және жалпылама маңызы бар тұжырымдама жасауға мүмкіндік бермейді, сондықтан ұғымның түсінігі, оның құрылымы мен міндеттері оның тарихи тағдыры туралы айтыс-тартыс жалғасып келеді [83].
Азаматтық қоғам аясында саяси мәдениеттің болуының өзі азаматтық қоғам шегінде оның саяси мақсаттары (басқа да мақсаттарымен қатар) бар екендігін куәландырады. Оның үстіне, азаматтық қоғам ол - биліктің онсыз өз қызметтерін атқара алмай қалатын формальды емес, бейресми тәжірибелерінің жиынтығы. Сондықтан азаматтық қоғамға берілетін көптеген анықтамаларда оның саяси емес деген дефинициялары, азаматтық қоғам мемлекет емес және өзіне бір де бір мемлекеттік институт пен оның құрылымын қамтымайтындығын көрсетеді.
Бір зерттеушілер оныәлеуметтік -экономикалық, мәдени дамуға белгілі дәрежеде қол жеткізген және өркениеттің барлық белгілерін (нарықтық экономика, демократия, адам құқығын қадағалау және т. б. ) тұтастай қоғамдық жүйе немесе социеталды қауымдастық ретінде сипаттайды. Мысалы, А. Одинцова азаматтық қоғамды жеке адамдар мен олардың топтарының қол
жеткізілген қоғамдық дамуға пара -пар өкп қырлы қажеттіліктері мен
мүдделерінің жүзеге асуы орын алатын қоғамдық қатынастардың (экономикалық, әлеуметтік, саяси және т. б. ), формалды және формалды емес құрылымдардың жиынтығы деп қарастырады. Оның үстіне ол қазіргі заманғы азаматтық қоғам өзінің ажырағысыз элементі ретінде құқықтық мемлекетті де қамтитындығын айтады [23, 41-б. ].
Зерттеушілердің келесі бір тобы, «тар» әдістің жақтаушылары азаматтық қоғамды мемлекетке және басқада формалданған құрылымдарға қарсы тұратын социумнің ерекше саласы ретінде қарастырады. Қазіргі кезде кең тарау алған бұл екінші көзқарас, азаматтық қоғамды мемлекетке қатысы бойынша кең автономияға иеленетін (екіқұрамдас бөлік ретінде зерттеледі: «мемлекеттік емес қоғамдастық» және «мемлекеттік емес жеке өмір») және қоғамның мемлекеттік емес өмірі ретінде, немесе оның жеке саласы ретінде, не болмаса жария саласы ретінде түсіндіреді.
Үшінші бағытқа осы заманғы азаматтық қоғамды нақты «үшінші сектор» ретінде қарастыратын зерттеушілер жатады. Азаматтық қоғам дегенде олар тек
«үкіметтік емес, мемлекеттік емес ұйымдар қауымдастығын», яғни қайырымдылық, этикалық, экологиялық, мәдени және сол сияқты ерікті қауымдастықтарды «саяси» және «экономикалық» қоғамдастықтан бөле отырып, қоғамдық мемлекеттік емес ұйымдардың жиынтығы деп ұғынады[24, 56-б. ].
Қазақстан жағдайында азаматтық қатынастардың мәнін тар және шектеулі түрде түсіну қоғамның әлеуметтік негізінің бұзылуына, индивидуализацияға, ұзақ жылдарда қазақ даласында қалыптасқан адамдар арасындағы өзара ынтымақтастықтың ыдырауына алып келуі мүмкін. Сондықтан, азаматтық қатынастарды дамытуға жан-жақты, кешенді тұрғыдан қарау қажет. Оның үстіне ресми түрде қоғамға енгізіліп отығран индивидуализм реттеуші әлеуметтік институттарға сәйкес келмейді, яғни жүздеген жылдар бойына қалыптасқан мінез-құлықтың стандарттарына қайшы келеді. Басқаша айтқанда, қазақ қоғамындағы құндылықтар жүйесін еуропалық құндылықтар жүйесімен салыстырғанда екеуінің арасында айтарлық айырмашылықтар бар екендігін көреміз.
Бұл пікірімізді отандық саясаттанушы С. Ш. Мұсатаевта дәлелдей түседі:
«азаматтық қоғам мемлекеттік органдардың қызметінен тәуелсіз жүретін әлеуметтің өзін-өзі ұйымдастыру деңгейін сипаттап, тұрғылықты халықтың түрлі формадағы саяси-әлеуметтік белсенділігінің жиынтығын білдіреді» [19, 54-б. ].
Қалай болғанда да Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы ең алдымен дәстүрлі мәдениетке, тарихи қалыптасқан мінез-құлық ерекшеліктеріне және ұлттық мүддеге сүйене отырып жүретіндігі анық.
Азаматтық қоғам - мемлекеттегі барлық дерлік салалардың қарқынды дамып өсуіне және олардың ішкі және сыртқы саясатта өз негізін белсенді түрде танытуға бірден-бір ықпал етуші күш болып табылады. Осы орайда, соңғы жылдары біздің елде, жалпы бүкіл әлемде, азаматтық қоғам және ондағы саяси мәдениеттің маңызы мәселесіне деген қызығушылық айтарлықтай көріне бастады. ДемекҚ, азақстандағы азаматтық қоғамның алғышарттары мен келешегіне қатысты мәселелер оңды шешілуі елдегі саясиәдемниеттің деңгейімен байланысты.
Бүкіл әлемдік ғылымда азаматтық қоғамды мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен тығыз байланыстағы, қоғамдық қарым-қатынастардың кешені ретінде қарастыру көзқарасы кеңінен тараған. Оған келесілер кіреді:
үтрде, өздігінен қалыптасқан, алғашқы өзін -өзі басқаратын
адамдардың бірлестіктері (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіби, шығармашылық, этникалық, діни және т. б. бірлестіктер); мемлекеттік емес экономикалық, әлеуметт ік, рухани, адамгершіліктік әжне басқа да қоғамдық қатынастардың жиынтығы;
мемлекеттік билік пен саясаңттытікелей килігуінен заң арқылы қорғалған, дербес индивидтердің өзін-өзі басқару және ұйымдастыру салалары.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның ерекшелігі оның қалыптасуының әлі де жалғасып келе жатқан трансформация жағдайында жүзеге асып жатқанында.
Себебі, саясиәне ж экономикалық элиталар азаматтық қоғамды
қалыптастыруды ынталандыруға дайын екендігін еш байқатпайды, ал орта тап саны жағынан аз болғандықт ан бұл шаруаны жасай алмайды, осы тұрғыда негізгі ауыртпалық анағұрлым көп мөлшердегі әлеуметтік қабаттың иығына түседі. Олардың белсенділігінің айқын дәлелі, Қазақстанда қазіргі кезде он мыңдаған қоғамдық ұйымдардың белсенді қызмет етуі, (көпшілігі – кішігірім сипатта) айта кететін жайт, бұл ұйымдар биліктің айтуымен емес, қайта кәдуілгі қатардағы азаматтар бастамасымен құрылған.
Ғалымдардың пайымдауынша И. Г. Гердңе, рдМі ентескьенің, Де
Токвильдің көз қарастарынынан негіз алған саяси мәдениет тұжырымдамасы батыстық қоғамдық ойда өткен ғасырыдың 50-ші жылдарындақалыптаса
бастады. ұБл концептіге бірінші болып анықтама берген жүйелі к-
функционалдық мектептің өкілі, 1956 жылы өзінің «Салыстырмалы саяси жүйелер» [84] атты еңбегін жариялаған американдық политолог Габриэль Алмонд. Аталған еңбекте бастапқы ұғым «саяси іс -әрекетке деген бағыттың өзіндік бейнесі» түрінде қарастырылған. Сонымен қатар Алмонд бағыттың үш түрін бөліп көрсетеді: танымдық (саяси жүйе туралы, оның өкілдері мен қызмет ету механизмдері туралы мәліметтерге ие болу); эмоционалды (бір жүйеге, оның іс-әрекеттері мен көшбасшыларына қатысты сезімдер, көңіл- күйлер мен күйзелістер); бағалау (бір жағынан құндылықтардың критерийлері мен үлгілеріне, екінші жағынан саяси институттар мен құрылымдардың қызметі туралы келіп түсетін ақпаратқа және нақты саясаткерлердің іс- әрекетіне деген сезімдер мен көңілдеріне ой-пікірлер мен пайымдаулар).
Аталған атқарылған жұмыстар кейін кеңейтіліп, тереңдетілді де нәтижесінде азаматтық қоғамның тұжырымдамасына қосылды. Осы симбиоз 1963 жылы жарқы көрген Алмондтың Принстон университетінде (АҚШ) жұмыс істейтін әріптесі Сидни Вербамен қоса жазылған кітабында ашылып танылды. Саяси мәдениет түсінігінің астында «саяси жүйеге және оның жеке бөліктеріне қатысты арнайы саяси бағыт-нұсқауларды» түсініп, авторлар саяси мәдениеттердің типологиясына нақтылай тоқталды, олар батыстық ұлттық мәдениеттерге жасаған сараптамасының негізінде үш танымал және кең таралған түрін ерекше анықтады [85].
Саяси мәдениеттің бірінші түрі, қалған түрлеріне қарағанда ең қарапайым, дәстүрлі құндылықтарға негізделген, «патриархалды» немесе «парохиалды» деп аталды (ағылшын тілінен parochial – приходтық, ал күнделікті мағынада: шектелген, қарапайым). Бұл типтің атауының өзі оның мағынасын ашып отыр, осы типтегі адамдар бізңдітүсінігімізге жақын «Сен тимесен мен тиме» мақалына сәйкес өмір сүріп, саясат жөнінде еш білімі жоқ және ол білімді игеруге деген ынтаңсыныжоқтығымен сипатталады. Әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық (діни) және саяси білімдері жіктелмеген, ал саяси жүйемен байланысты үміттері жоқ.
Саяси мәдениеттің екінші түрін авторлар «тәуелділік» немесе «бодандық» (ағылшын тілінен subject – тәуелді, бағыну, бодан болу) деп қарастырады. Бұл тип өкілдері саяси жүріс тұрысы қалыптасқан, осы жүйеге тиесілі «ойын ережелерімен» таныс және оларға бағытталуға тырысады (output-қа бағытталу). Бірақ та «осы жүйені өзіне киіп көру», саяси үдерістің белсенді, қызығушылық танытқан қатысушысы болу (input-ке бағытталу) арманы туындамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |