Билет №22
1. Науқас В., 25 жаста дәрігерге өзін нашар сезінетініне шағымданып келді. Дәрігер пациент сөзін бөліп, асықтырып, пациентке өз жағдайын толық айтып беруіне мүмкіндік бермей уақыты жоқтығын айтып, қабылдауды кейінге қалдырды.
А. Медициналық сұхбаттасуды жүргізу барысында қандай қателіктер орын алды?
B) Сұхбаттасудың нақты кезеңдеріне тоқталыңыз.
Жауабы:
А) Сұхбат барысындағы қателіктер – дәрігердің науқасқа үстемдік көрсетуі, яғни, науқастың шағымдарын дұрыс тыңдамай, шағымдарын нақтылау, сырқат және өмір анамнездерін жинамауы.
Әдетте науқастар өздерін мұқият тыңдайтын, асықтырмайтын,емдеу шарасына қатысты мәліметтерді хабардар етіп отыратын және оған қатысуға мүмкіндік беретін дәрігерді іздейді. Бұл науқастың өз дәрігеріне деген сенімді болғысы келетінің белгісі.
В) Медициналық сұхбаттасудың нақты кезеңдері:
1-кезең дәрігер науқаспен байланыс орнатады;
2-кезең дәрігер пациенттің келу себебін анықтауға тырысады немесе оның себебін анықтайды;
3-кезең дәрігер сөздік немесе физикалық тексеру немесе екеуін бірдей жүргізеді;
4-кезең дәрігер мен науқас,науқастың денсаулығына қатысты маңызды жайттарды талқылайды;
5-кезең дәрігер кейінгі жүретін қосымша тексеруді немесе емдеу шараларын нақтылайды;
6-кезең кеңес беруді,әдетте дәрігер аяқтайды.
2. Сіз аурухана хирургиялық бөлімше дәрігерісіз.Жедел аппендицит операциясы жасалынған науқасты ауруханадан шығару қарсаңында және алдағы алты айда өмір салтына және тамақтануына кеңес беруіңіз керек.
А. Науқастың дәрігердің ұсынысын түсінетініне және оларды қадағалайтынына анықтау үшін қандай тәсілдер қолданған жөн.
В. Кері байланыс дағдысының артықшылығы дегенді қалай түсінесіз?
Жауабы:
А) Науқастың дәрігердің ұсынысын түсінгенін және оны қадағалайтындығын анықтау үшін кері басланыс жасау және қорытындылау тәсілдері қолданылады.
В) Кері байланыс жасау арқылы науқастың дәрігер айтқанын қаншалықты дұрыс түсінгенін тексереміз. Ол үшін науқастан дәрігер айтқан бірнеше ұсыныстарды, науқастың қайталауын сұрап,дұрыс түсінбесе қайтадан түсіндіреміз. Науқастың тексерілуінің нәтижесін қортындылап, науқаспен қоштасамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |