Билет №23
1.Онкологтың консультациясында жатыр мойны обыры диагнозымен 60 жастағы әйел келді. Диагноз туралы ақпарат бергеннен кейін дәрігер одан әрі жоспарын екі жақты талқылады, емдеу шараларын ұсынды. Бірақ науқас өзінің жағдайы туралы ешкімге айтпауын және ешқандай емдеу шараларын жасамауды өтінді.
A) Науқаспен сұбаттасу барысында қандай қарым-қатынас әдісі қолданылу керек?
Жауап: Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынастың бірнеше модельдері бар:
ақпараттық (импассивті дәрігер, толығымен тәуелсіз науқас);
интерпретативті (сендіретін дәрігер);
кеңес беру (сенім және өзара келісім);
патерналистік (қорғаншы дәрігер).
Мұндай жағдайда интерпретативті әдісті қолдану керек.
Сонымен қатар, дәрігер науқаспен вербальды және вербальды емес қарым – қатынас орнату керек. Вербальдыға мысал ретінде «Бүгін сіз көңілсіз сияқтысыз, бір нәрсе сізді мазалап тұр ма?», «Өкінішті», «Үйде немесе жұмыста болып жатқан жағдайлар сізді мазалап тұр ма?» деген сөз тіркестерін пайдалануға болады. Ал вербальды емес коммуникацияға науқаспен көзбен контакт жасау, науқасты тыңдағанды білдірту үшін, жылы кейіп танытып, «иә», «дұрыс», «мхм» дегендей қолдау көрсету немесе басын изеп құптап қою. Сонымен қатар, дәрігер науқасты белсенді тыңдап, ол әңгімесін бітірмегенше тыңдау қажет. Науқас әңгімесін аяқтап болғаннан кейін ғана дәрігер өз пікірін білдіре алады. Ең алдымен науқасқа эмпатиясын көрсету керек. Ол дегеніміз науқас қиындығына ортақтасуы, науқаспен психологиялық контакт орнатуы. Науқастың көңіл-күйін көтеру үшін «Иә, сіздің басыңыздағы мәселе өте қиын, бірақ жақсы бір тұсы...» дегендей позитивті күшейту керек. Дәрігер барынша науқасқа қолдау көрсете алса, «дәрігер-науқас» коммуникациясының тиімділігі артады.
2. 20-жылдық тәжірибесі бар невропатолог соңғы жылдары жұмысқа өзінің зауқы болмай жүргендігін байқайды. Науқастар оны мезі қыла бастады.
A) Бұл жағдайда дәрігердің психологиялық жағдайы қандай ?
B) Психологиялық жағдайдың қандай типтері және фазалары бар?
А) Эмоционалдық күйреу
В) Эмоционалдық күйреудің 3 типі болады:
I тип - эмоцияның « сөнуі » , « өшуі » . Барлығы өз орнында , қалыпты көрінгенімен , бірақ жан дүниеде мұңаю , бос қалу сезіледі.
II тип - науқастармен кикілжіңге түсу . Алғашқыда дәрігер науқасқа деген жағымсыз сезімдерін жасыруға тырысады , бірақ шыдамы тауысылып бар ашуын науқастан алады .
ІII тип - өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы . Қызығушылығын , құндылығын , жоғалтқан адамның немқұрайлығы қоғамға , жанындағыларға қауіпті болуы мүмкін
Эмоционалдық күйреудің 3 фазасы болады:
1.« Қысым түсу » фазасы - эмоционалды күйреудің алғы шарты ретінде , мазасыздық күйінің тұрақты болуы , мұның салдарынан көңіл күй түсіп , ашуланшактык байқалады ( ашуын баса алмау жалпы барлық іс - әрекетін бақылай алмау ) және депрессивті реакция көрініс береді .
2. « Қарсыласу » фазасы - бұл кезенде эмоционалды факторлар әсерінен қашу коммуникацияға « қатыспауға тырысу » байқалады . Эмоцияны үнемдеу , эмоцияны шектеу нәтижесінде дәрігер наукас карым - қатынасыі қысқарып , оның үстірттік немқұрайлылық сипаты басым болады .
3.« Қажу » фазасы - бұл фазада адамның күш - қуаты , көңіл - күйі төмендеп , үмітсіздік , мазасыздық пен болашаққа сенбеу байқалады . Мұның бәрі зейінділіктің және психикалық іс - әрекеттің бұзылуы , есте сақтаудың төмендеуі , соматикалық симптомдардың пайда болуына алып келеді .
Достарыңызбен бөлісу: |