Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет179/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   248
ЖАҢА ƏЛІППЕМЕН 
САУАТТАНДЫРУ ЖАЙЫНДА
Жаңа  əліппе  мен  сауат  аштыру  əдісі  араб  əліппесі  мен 
сабақ беруден едəуір өзгеше болмақ. Араб əліппесін қанша 
бұраған мен дыбыс əдісінен басқаға келмейтін. Араб əліппесі 
мен сауаттандыру үшін Америке əдісі, бүтін сөз əдісі қолайлы 
деушілік иə əдіс жағынан сауатсыздық, иə қазақ бұзарлық, 
орысша «Шарлатаныстбо». Мұны бұрыннан айтып келеміз.


468
469
Жаңа əліппеге көшкен соң сауаттандыру əдісін түрленді-
руімізге  болады,  соны  əдістерді  мектебіміздің  тұрмысына 
үйлестіріп,  тəжірибеден  өткізіп  беру – теқникұмдеріміз 
бен  тəжірибе  мектептеріміздің  міндеті  осы  жолға  биыл 
Қызыл ордадағы қазақ інстытоты түсіп отыр. Келер сандар-
да інстытоттың жаңа əліппені жаңа əдістерге қалай жанас-
тырған тəжірибелерін жазып отырмақшымыз. Əзір сол тəжі-
рибеге сүйеніп, қандай əдістерге бет беруіміз керектігін сөй-
лемекпіз.
Сауаттандыру  əдістері: 1) тілдің  ырайына, 2) Імланың 
жайына, 3) Əріптің түріне қарай болады.
Мектеп  жасына  жетпеген  балаларға,  мектеп  жасындағы 
балаларға, ересектерге ұстаған əдістеріміз əр түрлі болу ке-
рек. Мұның үстіне арапша қат таныған адамға жаңаша қат 
танытуға жəне орыстарға қат таныту əдістері қосылады.
1.  Мектеп  жасына  жетпеген  балалар  детдомда  жүріп  қат 
таниды.  Тіліміздің  ырайына,  імламыздың  жайына,  əріптері-
міздің  түріне  қарағанда  біз  детдомда  балаларға  мантесо-
ри əдісі мен қат танытуымыз керек. Мантессори италияның 
атақты  педагогы,  жас  балаға  қат  танытудың  соныдан  жеңіл 
жолын  салған  адам,  детдомда  бала  тəрбиелеген.  Кеңестер 
одағында  мантессоридың  жолын  ұстап  отырған  паусек  де-
ген əйел педагок. Баланы өз ауаны мен жылжытып отырып, 
мантессори 4 – 5 жасар балаға қат танытады. Біз мантессори 
əдісін жақтауымыздың себебі – италия тілінің імласы дыбысы 
жүйесіне құрылған біздің імла сияқты əрпі латынша, мантес-
сори əдісі Аурыпаның иə Америкенің басқа өнерлі жерлерінде 
шықпай италияда шығуында да осындай мəн бар.
Мантессори əдісі дыбыс əдісінің жетілген бір түрі. Біздің 
дтдом  педагоктер  Мантессори  əдісі  мен  жете  танысатын 
уақыт  толды.  Оны  таныстыру  «Жаңа  мектептің»  борышы. 
Мұнан  былай  «Жаңа  мектептің»  нөмірі  сайын  мантессо-
ри  əдіс  жазылып  тұрсын.  Өз  беті  мен  таныса  берем  деген 
адамдарға  орыс  тіліндегі  мына  кітаптарды  оқуға  кеңес 
береміз: 
Мантессори  «Балалар  бақшам» (мой  дет.  Сад) «Əдісіме 
жетекшім» (Руководство к моему мет.) Паусектің «Мантес-
сори əдісі мен қат танытып тіл ширату» (Обучение грамоте 
и развитие речи по системе Монтессори) деген кітабы. Онан 
соң детдом тəрбиешілері Ленинграттағы паусектің балалар 
бақшасын барып көріп, əдісі мен танысуы керек, детдомда 
жаңа əліппе мен дұрыс сауаттандыруды сонда аяққа басты-
рамыз.
Детдом  түгіл  жай  мектептерімізге  де  Мантессори  əдісі 
келеді. Жазғы курстерде канперенселерде оқытушылар Ман-
тессори əдісі мен таныстырылу керек.
2. Мектеп балаларына қат таныту үшін біздің оқытушыла-
рымыз Мантессориден соң неміс мектептерінің əдістері мен 
таныстырылуы керек. Үйткені Аурыпа елдерінің ішінде жа-
зуы, імласы бізге жақындасатын ел əуелі Италия, сонан соң 
немістер,  олар  мен  жақсы  танысқанша  да  қат  таныта  беру 
керек.  Əзіргі  інститоттың  тəжірибесіне  қарағанда,  біздің 
жаңа  əліппеміз  бен  осы  імламызға  орыстың  Шапушников 
деген  педагогы  таратып  жүрген  «Қимыл-сурет» (образно-
моторный метод) əдісі қолайлы. Бұл əдісті биыл Абай мек-
тебіне  Қызыл  орда  інстітоты  қолданып  көрді.  Міне  осы 
тəжірибаны  «Жаңа  мектепте»  қалың  оқушылардың  алды-
на  тартамыз.  Əзір  айтарымыз – жаңа  əліппе  қимыл-сурет 
əдісіне  үйлеседі.  Імламыз  бұған  кесел  болмайды.  Бұл  əдіс, 
Америке  əдісінің  бір  тарауы,  біздіңше  ең  ұнамды  тарауы. 
Былтыр  Абай  мектебі  араб  əліппесін  Америке  жолы  мен 
оқытқанда,  жазғы  баласының  дені  сауатсыз  қалған;  араб 
əліппесі Америке жолына үйлесімді дегендер ісінің, сөзінің 
шарлатанство екенін көрсеткен. Биыл жаңа əліппе мен, Аме-
рике əдісінің бір тарауы мен Абай мектебінің балалары тегіс 
оқу жылының ортасына бармай қат танып отыр.
Курстерде, канперенселерде оқытушыларды қимыл-сурет 
əдісі мен таныстыру керек. Қимыл-сурет əдісі мен танысам 
деген адамға мына кітаптарды оқуға кеңес береміз.
Шонан ұлы: «Жаңалыққа жетекші (жаңа əліппе мен қазақ 
тілінде),  Шапошников  «Жанды  дыбыстар» (Живые  звуки) 
орыс тілінде.
3.  Қат  таныған  ересектерге  жаңа  əліппені  үйрету  оңай, 
мұның  үшін  əдіс  іздеп  машақаттанбай,  үйреншікті  дыбыс 


470
471
əдісін қолдансақ болады. Əр сабақта бір-екіден латын əріпін 
көрсетіп, ол араптың қандай əрине келетінін түсіндіріп отыр-
са, сауатты адам бір жетіде, асықса бір екі күнде жаңа əліппе 
мен  қат  танып  кетеді.  Тасқа  басқан  түрі  мен  қатар  əріптің 
қол жазбасын да көрсетіп отыру керек. Латын əріпінің бас-
пасы мен жазбасы бірдей, тек r, v, g, l əріптерінің жазбасы 
баспасынан өзгерек. Бұл 4 əріпті соңынан үйретсе болады.
Оқытуға ең жақсы материял – газет сөздері. Ересектер га-
зет оқып дағдыланады. Газет алуға ықыластанады. Тұрмысқа 
үйлесімді деректер біледі.
Қол жазбаны осы күні жұрттың көбі дұрыс жаза алмай-
ды. Оның себебі, қай əріп жолдан жоғары, қай əріп төмен, 
қай əріп жол арасына жазылатынын білмейді. Əріпті дұрыс 
жаза білу үшін латын əрпі (бас əріпті алмағанда) 4 жол ара-
сына жазылатынын білу керек. Бір сыдырғы əріптер екі жол 
арасына  бір  келке  жазылады;  мысалы  u   ,  ш,o, r, u, e, c, a 
сияқтылар, бр сыдырғылары екі жол арасындағы əріптен екі 
есе ұзайып жоғарғы жолға шейін жетеді; бұлар h, t, k, l, d, 
в  деген  алты  əріп,бұларды  жоғарғы  үшінші  жолға  таямай, 
ұзындығын n дардай  қылып  жазсаң,  қата  болады.  Енді  бір 
сыпыра əріптер екі жол арасындағы əріптен екі есе ұзайып, 
төменгі сабағы төртінші жолға шейін созылады; бұлар  j, p, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет