Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет86/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   248
ЕМЛЕ ЖАЙЫНДАҒЫ ПІКІРЛЕР
Емле жайында түскен мақалаларды түгел басып отыруға 
газетте орын тар болғандықтан, бірнеше адамдардың пікірін 
қорытып, ең тійімді ұсыныстарын басуды қолайладық. 
Бұл мақалада төрт адамның пікірі көрсетіледі. Олар: 
Ақдəулет ұлы Əбілда.
1. 
Мұқан ұлы Сəбит.
2. 
Есенғали
3. 
Малабай ұлы 
4. 
Бұл жолдастардың емле жайында біріне-бірі қосылатын 
пікірі мынау: 
1.  Бір  мағына  көрсететін  жалқылағыш  қос  сөздер  (жер-
бау, ақту, Ақтөбе, Ақмола, Есқали...) бірге жазылсын. 
2. Үндестік заңы еленбесін. «Түркістан, тилгірам, Маркіс, 
камійсар» сыйақты сөздер естіліуінше тұтас жазылсын. 
3. Демеу, жалғаулық, қосалқы, қосымша сөздер бірге жа-
зылсын. Үйткені оларды айырып жазу қыйын. «Тіл құрал» 
шыққалы ешкім айыра алған жоқ (Есенғали). 
4. «ай», «ау»  одағайлары  сөзге  тіркелгенде  бірге  жа-
зылсын  (Əбілда,  Есенғали).  Енді  бір-біріне  қайшы  келетін 
пікірлеріне келейік. 
5. «у» мен «и» – дауысты дыбыстар. Жарты дауысты де-
ген дыбыс жоқ. Бұлар созуға жақсы келеді (Сəбит).
Бұл пікірді Əбілда да, Малабайұлы да қуаттайды. Малабай-
ұлы: «Қазақ  тілінде  ұзын  «ұу»,  ұзын  «ый»  бар.  Оларды  екі 
əріппен жазбай, бір-ақ əріппен жазу керек», – дейді. Əбілда айта-
ды: «сұуға бір-ақ «у» жазылсын деп Есенғали бұған қарсы. 
«У» мен «и» - дауыссыз дыбыстар. Сондықтан олар дау-
ыссыздар ережесімен жазылу керек дейді. 
Сүйтіп «у», «и» жөнінен үшеуі бір жақ біреуі бір жақ. 
Демеулер туралы Əбілда өзгешелеу қылып дəлірек айтады: 
«да» («де») демеу, сөзге қосылып жазылу керек. Үйткені 
демеу «да»ны жалғау «да»-дан айыру қыйын. Бірге жазғаннан 
сөздің мəнісі бұзылмайды. Бұл «да» дегеніміз – құрау демеу. 
Ал енді «ма», «ме, «ба», «бе» деген сұрау демеулер бар. Олар 
бөлек  жазылсын  дейді.  Сүйтіп  Əбілда  бір  демеу  атындағы 
бөлімшелердің өзін екі түрлі жазуды ұсынады.
6. Бітеу буын да «ы» жазылмасын. Үйткені ноқат көбейеді. 
Əмірейке (Америка) əдісімен қат танытуға қолайсыз. Жəне 
орыстарда оқытқанда қиын соғып жүр. Мысалы, «ійірілді» 
деген сөзді орыстар өмірі жаза алмайды (Есенғали). 


203
Тұйық буын «ы» жазылмасын деп Малабайұлы да айта-
ды, бірақ келтіретін дəлелі жоқ.
Бұл «ы» туралы Əбділда мен Сəбит пікір айтпайды. 
7. Сөз басында «ұ» мен «ы» естілген жерде қоймай жазы-
ла берсін. Мысалы, ұрықсат, ылайық (Есенғали). 
Бұл туралы өзгелердің пікірі жоқ. Бұдан соңғы бір ерек-
ше пікірді Малабайұлы айтады:
«Орыста  ё,  ю,  я  деген  дауысты  дыбыстар  бар.  Бізде  де 
солар сияқты айрықша дауыстылардың таңбалары болуы ке-
рек», – дейді. 
Бұ кісі əріпті азайтады, емлені оңайлатады десе, көбейтіп 
қиындатуды  ұсынып  отыр.  Орыстың  ол  дыбыстары  екі 
əріптен  құралғанын  бұ  кісі  ескермей  отыр  ма?  Əлде  солай 
жазғанына  орыс  білімпаздары  ырза  деп  біле  ме?  Қалай  да 
бұл  оғашырақ,  жатырақ  пікір.  Бірақ  пəлендей  келтіретін 
дəлелі жоғырақ боп қалған. 
Мұның ішінде тағы бір ескеретін нəрсе, Есенғали жолдас: 
«демеу, жалғаулық, қосалқы, қосымша сөздер бірге жазылсын» 
деп бəрін жалпағынан бір-ақ айдаған. Мұны кішкене жіктемесе, 
болмайды-ау дейміз. Демеу дегеніміз, орысша айтқанда «союз». 
Ол бізде да, ғана, ғой, ма, бірақ, əйтсе де, қайткенмен... деген 
сөздер боп шығады. Мұның бəрін мұрнынан тізіп, бірге жазуға 
бола ма екен? Қосалқысы да демеу ғой. 
Ал «жалғаулық» деп отырғанымыз: «мен», «бен», «үшін», 
«туралы», «тақырыпты» сияқты сөздер. Мұның ішінде ыңғай-
лы тұрған «мен», «бен» болмаса, өзгелерін тұтас жазудың реті 
қалай болар екен?
«Қосымша»  деп  отырғаны  жалғау,  жұрнақтар  болса, 
олардың бірге жазылуына талас жоқ. Бұрыннан солай жазы-
лып жүр ғой. 
Қ.Ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет