Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет85/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   248
ұ  мен  ы-ның  артынан  келгенде,  ұзын  естіледі,  мысалы: 
ұу,  қосу.  Басқа  дауысты  дыбыстардың  алды,  артынан  кел-
генде,  қысқарып  естіледі  деуіміз  керек  (мысалы:  ауқат, 
уақыт,  аудан,  ауыз).  и – дауыссыз  дыбыстардың  алды-
артынан  келгенде  дауысты  естіледі.  Мысалы:  ит,  Əли, 
Жəми, ине, мəдени, қима, пима. Қ мен ғ əрпінің артынан ғана 
жуан  естіліп,  басқа  дауыссыз  дыбыстардың  алды-артынан 
жіңішке естіледі. Сондықтан олардың артында жуан естілу 
керек болғанда ғана алдына қою керек. Мысалы: жіңішкесі 
ит, жуаны тый. 
Қай жерде болса сол жерде «и» алдынан, мəселелен: «Ыйса», 
«сыйса», «киім», «тыйын»  сықылдыларға  «ы»  қосылмай-ақ, 
«Иса», «сиа», «киім», «тин» – жазылатын болсын. 
Міне,  қысқаша  түрде  айтылған  негіздерді  қолдансақ, 
емленің  негізі  де  дұрыс  болады,  жазу  жинақы,  көркем, 
түсінікті болады. 
Ескі емленің сарынымен у, и жазған уақытта қай жерлер-
де қысқа етіледі екен деп, ол дыбыстардың негізін бұзу жа-
рамайды. Негізі қандай заңға құрылғанын жоғарыда айттым. 
Емлеге  айрықша  ұсынатыным  осы.  Басқа  өзгерістері  тура-
лы Қызылжардағы қазақ оқушыларының қорытқан пікіріне 
қосылам. 
Малдыбайұлы Білəл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет