Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет83/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   248
келін-кепшік, тау-тас. 
2 – істің үнемді-үнемсізін білдіретін, түрлі есімдерді (зат, 
сын, сан есімдік) термелейтін, одағай, ілездіктерді үдететін 
айнұусыз қайталама қос сөздер сызықша менен айырылып 
жазылады. 
Мыйсалы:  бара-бара,  жүре-жүре,  оқый-оқый,  жазып-
жазып,  көріп-көріп,  батпақ-батпақ,  құз-құз,  бір-бір,  мен-
менді, шық-шық, шақ-шақ, дүңк-дүңк, былдыр-былдыр. 
3 – Істің үнемді-үнемсізін білдіретін жəне түрлі есімдерді 
(зат, сын, сан есімдік) термелейтін айнұулы қайталама қос 
сөздер сызықша (-) менен айырылып жазылады. 
Мыйсалы:  жығыла-мығыла,  ала-мала,  ағаш-мағаш,  үй-
мүй, аз-маз, анау-мынау. 
4 – «ма-ме, ба-бе, па-пе, ды-ді, ты-ті, да-де, та-те» қосал-
қылары  қайталама  қос  сөздердің  ортасына  түсіп  айтыл-
са, алдыңғы сөзден сызықшаменен айрылып, соңғы сөзден 
сызықшасыз  бөлек  жазылады.  Бұл  қосалқылардың  дыбыс 
ықпалы қайталама сөздер дыбысын өзгертпейді. 
Мыйсалы:  қол-ма  қол,  тіл-ме  тіл,  ауыз-ба  ауыз,  көз-бе 
көз, бас-па бас, төс-пе төс, оң-ды оң, өз-ді өзі, бас-ты бас, 
ойнай-да ойнай, күле-де күле, нақ-та нақ, піш-те піш. 
5 – «ды-ді, ты-ті, мыс-міс» қосалқылары есім-есімшелердің 
соңынан айтылғанда, сызықша (-) менен айырылып жазылады. 
Мыйсалы: барған-ды, келген-ді, жас-ты, барыпты-мыс, 
жүріпті-мыс. 
6 – сөздің алдыңғы ашық бұуынына «п» дыбысы қосылып 
айтылатын  шырай  күшейткіш  бұуыны  сызықша (-) менен 
айырым жазылады. 
Мыйсалы: жақсы, жап-жақсы, қызыл, қып-қызыл, сары, 
сап-сары, рас, ып-рас. 
Ескерме: алдыңғы дыбыстары түбірі мен тұтасып, əбден 
кірігіп кеткен болса, сызықшасыз қосылып жазылады. 
ІІІ қосылып жазылатын сөздер. 
1 – бір-бірі  менен  кірігіп  айтылып,  бір  ғана  ұғымды 
білдеретін «құрама сөз»дер естіліуінше қосылып жазылады. 
Мыйсалы: бүгін (бұ күн, бұл күн емес), тəң ертең (таң 
ертең емес), ойпырмай (ой-пірім ай емес), сонысын сүйтіп.
Ескертіу: «ақа, ма, қана, сықылды» қосалқы сөздер түбір 
мен жалғаудың арасына кіріп кетсе, түбір мен де жалғау мен 
де бірігіп жазылады. 


196
197
Мыйсалы:  аманбысың,  жақсақпысың,  өзіңғанамысың, 
сенбісің, бармысың.
2 – адам атын, жер-сұу атын, қала атын, басқа зат атын 
білдеретін  бір  ұғымды  «қосымды  қос  сөз»дер  естіліуінше 
қосылып жазылады. 
Мыйсалы:  оқшантай  (ақшантай  емес),  қолғап  (қолқап 
емес), Тұрғамбай (Тұрғанбай емес), Еркімбек (Еркінбек емес), 
Ақмола (Ақ мола емес), Мойынқұм (Мойын құм емес). 
1-ескерту: айағы «п» болған түбір сөзге басы «б-п» ды-
быстары  мен  келген  тұлғалы  сөздер  қосылғанда,  бір  ғана 
ұғымды  білдіргендіктен,  есітіліуінше  қосылып  жазылады 
«н» дыбысы «м»ға айналып кетеді. 
Мыйсалы: Тұрғамбай (Тұрғанбай емес), Еркімбек (Еркін-
бек емес), жатпейіл.
ІІ  ескерту:  айағы  «н»  болған  түбір  сөзге  басы  «г,  ғ,  к» 
дыбыстары мен келген тұлғалы сөздер қосылғанда, бір ғана 
ұғымды білдіргендіктен, естіліуінше «н» дыбысы «ң»-ға ай-
налып жазылады. 
Мысалы: (Жійенғали  емес)  Жійеңғали,  Жаңгелді  (Жан 
келді емес).
ІІІ ескерту: қосынды қос сөздер бір жағы жұуан, бір жағы 
жіңішкелігіне қарамай қосылып жазылады. 
Мыйсалы:  Еркімбай  (Еркін-бай  емес),  Белғожа  (Бел-
қожа емес).
IV – дыбыстардың жазылұу орындары. 
Қазақтың сөйленетін сөзінде 29 дыбыс келеді. Бұлардың 9 
дыбысы созыңқы дауыстылар, жеті (7) дыбыс тартыңқы дауы-
стылар – үнділер, он үш (13) дыбыс дауыссыздар – үнсіздер, 
1 – созыңқы дауыстылар: а, ə, о, ө, ұ, ү, ы, і, е. 
2 – тартыңқы дауыстылар: у, и, л, р, м, н, ң.
3 – дауыссыздар: п, т, к, қ, ш, с, б, д, ғ, г, з, ж, һ.
Осы дыбыстардың айтылатын орындары менен жазыла-
тын орындары төмендегінше. 
1 – «ғ, г, и, у, һ, ң» дыбыстары қазақ сөзінің басына мүлде 
келмейді. Бұлардан басқа дыбыстардың барлығы да сөз ба-
сында келеді. 
Мыйсалы: рас (ырас емес), лек-лек (ілек-ілек емес), леп-
теулік (ілептеулік емес). 
Ескертіу:  ғ,  г,  у,  һ  дыбыстары  шеттен  тілімізге  кірген 
сөздердің ғана басынан келіп жазыла алады. 
Мыйсалы: ғаз, ғарыш, гүбірне, гүудөк, уақыт, уағыз, һем, һəм. 
Ескертіу: «j» (и) дыбыс шет сөздерге «ж»ға айналып жа-
зылады. 
Мыйсалы: Жамбы (Йамбы емес), жəмшік (йəмшік емес), 
жə (йə емес).
2 – «о, ө, ұ, ү, ə, б, д, ғ, г» дыбыстарының қазақ сөзінің 
айағына келіп жазылмайды. 
І ескертіу: ə, о, ұ дыбыстары тек бір бұуынды бір неше 
сөздің ғана айағына келе алады. 
Мыйсалы: жə, мə, кə, со, бұ (бұл). Егер «ə» дыбыс шет 
сөздерінің айағына келсе, «е»ге айналып жазылады. 
Мыйсалы:  жəне  (жəнə  емес),  пезінке  (пезінкə  емес), 
гүбірне (гүбірнə емес). 
3 – о,  ө,  ə  дыбыстары  қазақ  сөзінің  бірінші  буынынан 
соңғы буындарында мүлде келмейді. 
Ескертіу: шет сөздерде жоғарғы үш дыбыс келіп жазыла 
алады. 
Мыйсалы: ғарымапон, телекөп, тірəктір. 
4 – ғ, қ, ы, ұ, о, а дыбыстары келген қазақ сөзі, басынан 
айағына шейін ылғый жұуан айтылады. Жіңішкермейді. 
Мыйсалы: балалар, оқұушылар, жолдастар
– ə, ө, ү, і, к, г, е дыбыстары келген қазақ сөзі басынан 
айағына шейін ылғый жіңішке айтылады, жұуандамайды. 
Мыйсалы: жүріушілер, көргендері, егеді. 
6 – у, и, ч, л, м, н, ң, с, ш, ж, һ, п, т, б, д, з дыбыстары 
жұуан да жіңішке де айтыла береді. Сондықтан бұлар жұуан 
сөзге де, жіңішке сөзге де жазылады. 
7 – түбір  сөздің  айағындағы  к,  қ,  п  дыбыстары 
қосымшаларының  жалғанұу  ықпалынан  өзгеріп  б,  ғ,  г  ды-
быстарына айналып жазылады. 
Мыйсалы: жап – жабұу, жабады, тақ – тағұу, тағады, 
жек – жегіу, жегеді. 
V шет сөздерінің жазылыуы.
Шет сөздер қалың бұқараның ұғымына жеңіл бұларлық, 
қазақ тілінің заңына бағындырылып жазылады. Мұның үшін 


199
өткен төрт бөлімдегі жазұу ережелерінің шет сөздер жазұу 
жөнінен айтылған ескертүулері қолданылады. 
1 – ф, х, ц, (тыс), ч (іш), щ (орыстың) дыбыстары тілімізде 
болмағандықтан  сөздерде  айтылатын  жоғарғы  дыбыстар 
«п, қ, к, с, ш, б» дыбыстарымен алмасынып жазылады. «Ф» 
«п»ға алмасынады; «х» жіңішке сөзді «к» мен, жұуан сөзде 
«қ»  мен  алмасынады. «Ц» «с»  пен  алмасынады. «Ч»  жəне 
«үс»  дыбыстары  «ш»  пен  алмасынады. «В» (орыстың) «б» 
мен алмасынады. 
Мыйсалы:  панар  (фонар  емес),  пəбірік  (фəбірік  емес), 
қайыр (хайыр емес), Мұқтар (Мұхтар емес), текніке (тех-
нике емес), Бəселей (Вəселей емес).
2 – жағропа мен қалық аттарындағы сөздің түбірі алына-
ды да, қазақ тілінің дыбыс заңына бағындырылады. 
Мыйсалы:  Қарпат  (кəрпаты  емес),  Орал  (Урал  емес), 
орыс (рүусскій емес).
Ескерме:  дүнійе  кесегінің  аттары  төмендегіше  жазыла-
ды: – Əмірік, Əпірік, Еуропы, Ауыстыралы, Əзійе.
3 – шет  сөздерінің  айағында  айтылатын  «тор»  бұуыны 
«тыр-тір» болып жазылады. Логия, графия бұуындары лоғы, 
ғырапы болып жазылады. 
Мысалы: доқтыр, тірəктір (доқтор – тырактор емес), 
жағырап, педалог (география, педелогия емес).
4 – айағы «а» дыбыс болған сөздің ең соңғы екі бұуыны 
ашық болып, екпінді дауыс, алдыңғы ашық бұуынында бол-
ғанда, айаққы «а» дыбыс түсіп қалып жазылады. 
Сөздің  айағы  «арий,  и  ческий» (орысша)  қосымшалары 
болған сөздердің де түбірі ғана жазылады. Жоғарғы бұуын-
дары түсіп қалады.
Мысалы:  пəбірік  (пəбірікі  емес),  ісмет  (ісмета  емес), 
пұрылтар (пролетарий емес), електір (электрический емес). 
Ескерту:  егер  сөздің  екпіні  айаққы  «а»да  болса, «а» 
қалмай жазылады. Егер айағына «а» келген сөз бір пəн атын 
білдірсе, «а» дыбыс «е» дыбысына алмасынып кетеді. 
Мыйсал: ирба, смола, текніке, пезіке
Басымұлы Қасым
№ 15 (1620) 19-ғыныуар. 1930


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет