Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет89/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   248
ЖОҚШЫҒА ДЕРЕК
«Еңбекші қазақ»тың 410-ншы санында «Қашан болады?» 
деб Нəзір сұрау салыб отыр. 
Дара қаріп.
Қазақ білімпаздарының тұңғыш тобында баспа қаріпті да-
ралау шарасына кірісу керек деген қаулы болған еді. Нəзір-
дің іздейтіні – сол. Қаулы бойынша не істелгені.


212
213
Сұрауына жауаб:
Қаріп тураы екі түрлі тəжірибе істеб байқадық: 1) «Əліб 
биі  қаріптерін  дара  тұрған  тұрпатында  ықшамдаб  алыб; 
2)  Қарыптардың  бас  тұрпатын  алыб,  керектеріне  бөленей 
құйрықша жалғаб. 
1-нші түрде алыб тізгенде, жазу жатырақ көрініб, үйренем 
деген көзге шабшаң оқуға ауырық қылды. 
2-нші түрде алыб тізгенде, осы күнгі басба қарыптардан 
айырысы аз болыб, жазуды көз жатырқамайтын болды. 
Баспа қана қарыптарын жасатып, тəжірибе істеу қаржыны 
көп  керек  қылатұн  болғандықтан,  қарып  тəірибелері  жазу 
машиналарына жасалды. Осы күнде Қазағыстанда қаріптің 
екі  түрі  менде  жасалған  жазу  машиналары  бар.  Екеуіде 
сыйғандықтан, басуға орыс машиналарынан да оңай болыб 
шықты: орыс машиналарында сипырлардың басқада өңшең 
ұлы  қарыптары  регепстер  арқылы  басылады;  қазақ  маши-
наларында, қарыпқа қосалқы екі құйрықшадан басқа, қаріп 
біткеннің бəрі рекіпстерсіз басылады. 
Даралауға қаулы жасалғандағы мақсат, тек даралау үшін 
емес, жазу машинасының басуын басбақананың қарып тізу 
жұмысын жеңілдету, арзандату үшін еді. Жазу машинаның 
басуын орыс машиналарынан да артық жеңілдетті. 
Аз қылабышқа қарып белгілері, аз ұяға жиыб, баспақана 
қарыптарын  тізу  жұмысында  жеңілдететүні  шексіз.  Олай 
болса, бұрынғы пəлен пүт қарып керек деб, адамның жүрегін 
ұшыратұн қорқыныш енді жоғалады. Қарып белгісі азайыб, 
алуы арзандаса, тізуі жеңілденсе, бізге сол болады. оның со-
лай  болатұндығын  істелген  тəжірибекөрсетіб  отыр.  Ендігі 
кеб тек қаржыда. Қаржы табылса, қанша машина керек бол-
са, соншасын жасаб шығаруға болады. оған мен міндеткер 
боламын. 
Кəзіргі  жасалған  машиналардың  қарпындағы  жалғыз 
айыб – сұлу еместігі. Онысы араб қарпы мен машина жасау-
ға  болмайтұндығын  көрсетбейді,  қазақта  зауыт  түгіл,  шеге 
басын  тойтара  білетін  шебер  жоқтығын  көрсетеді.  Біз  ма-
шина  қарыптарын  араб  қарпі  түсіне  енбеген  орыстың  ше-
лек жасайтұн шеберлеріне істетіб отырмыз. Орыс машина-
ларының  қарыптарын,  орыс  қарпі  түсіне  енбеген  қазақтың 
кездік сағатын ұстасына істетсе, көркем басыб шыға қоймас 
еді ақ деймін. 
Мекемелер қазақ машинасын керек қылыб, қаржысынан 
қашпай  істетбекші  болса,  онда  шелек  жамайтұн  шебер-
ге  істетбей,  зауытқа  істетуге  болады.  Онда  қарыптардың 
сұлулық жағының да міндері жоғалады.
Мекемелерде қазақ тілі жүрмей отырғаны машина жоқ-
тығынан деб, Нəзір жала жабқысы келеді. Бұлайша жала жабу 
орынсыз, Нəзірдің өзінеде тиімсіз: латын қарпы уылжыған 
жап-жас;  араб  қарпі  қураған  кəрі,  сондықтан  араб  қарпін 
жақтаушылар ескішіл, қазақ аға басуына бөгетшіл деп бізге 
жала жауыб, жұртты өзіне ұйытуға мүмкін еді; үйткені қай 
қарыптың кəрі, қай қаріптің жас екенін жұрт тісіне қараб да, 
түсіне қараб да айыра алмайды. Нəзірдің жұрт көзіне көрініб 
сөзіне ұйытайын деуі – батылдық ба? батырлық ба? немесе 
асқан адамшылық ба? Біле алмадым. 
Қалай  да  машина  мен  қарыпқа  қараб,  бөгеліб  түрған  іс 
жоқ. Бөгеу басқа нəрселер жағынан. Оны Нəзір көрмеседе, 
иə  көріботырыб,  көргісі  келмеседе,  басқалар  көріб  отыр. 
Былтырдан  бері  Нəзір  қарып  деб  отыр.  Ондағысы – латын 
қарпы мен жасалған дайын машинаны алуға бөгет болушы-
ларды қалың мақсатына қарсы адамдар қылыб көрсету. 
Латын  қарпі  мен  жасалған  машиналар  дайын  екені 
ырас.  Оған  бірақ  басқа  жағы  дайын  ба  екен?  Дара  қарып 
бенбасылған  жазуды  жатырқаб  отырған  жұрт,  латын  қарпі 
мен жазылған жазуды саулатыб оқыб кете ме екен? Болма-
са,  қазақ  ісінің  бəрі  дұрыстаныб  йауропаша  болыб  алыб, 
жалғыз  латын  қарпына  көшу  ғана  қалыб  тұр  ма  екен?  Не-
месе  соның  бəрінің  йауропаша  болыб  дұрыстану  жетілу 
тетігі латын қарпына келіб тіреліб тұр ма екен? Қысқасынан 
айтұанда,  Нəзір  сонша  қақсағандай,  қазақтың  кəзіргі  мау-
сымды мəселесі датын қарпінің мəселесі ме екен?
Менің ойымша, латын қарпы деген жұрт аңсаб, сөйлеп ке-
рек қылыб отырған нəрсе емес; Сондықтан латын қарпі үшін 
жұмсалған  еңбек,  жішер,  қайрат,  уақыт,  қанта  қараспа  бос 
шығын деб, былтырдан бері латын қарпы туралы лəм демей, 


214
215
жатыр  едім.  Қазақ  білімпаздарының  қарып  турасындағы 
қаулысы  қашан  орындалады  деб,  Нəзір  сұрау  салған  соң, 
жауап беру қажет болды. 
Ақымет
Басқармадан: жазушының латын қарпы туралы пікіріне 
қосыла алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет