Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет90/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   248
ЛАТЫН ƏРПІН АЛУ ТУРАЛЫ
Жаңа əліппе жайында елдегі оқытушының дауысы
Өткен 4 – 5 жылдардан бері латын əрпін алу туралы, орталық-
гұбірналық газеттерде сөз болып, айтыс тартыста келеді. Кей 
біреу латыншылдар болып, кей біреулер арапшылдар болып, 
əр кім өзінше пікірлерін көрсетіп дəлелдейді.
Араб əрпінен латынға көшу жеңіл.
Латын əрпін көп жеңілдік, расқоты аз, жазу-сызу жағынада 
оңай дейді.
Екінші жағы: арапшылдар: қазақ əрпі жылдан жылға тү-
зеліп келеді. Əрпіміз емле жағынан басқа жұрттан артық деп 
мақтанады. Бұлай деушілер: Ақаң, Елдес – тағылар.
Əрине, бұл екі жақ өзінше тартып айтып жатыр. Ал енді 
елдегі  мұғалім  жолдастардан  бұл  туралы  бір  ауыз  баспа 
бетіне жазған сөз жоқ.
Бұлай айтыса беру: Ақаң – Əбекеңдердің еншісіне басып 
қойған жоқ. Бізде өзімізше пікірлерімізді білдіруге кірісуіміз 
керек емеспе?
Біздің 7-жылдан бергі бала оқытып келе жатқан тəжіриба-
мызға қарағанда араб əрпінің кемшілігін көріп келе жатқа-
нымыз жоқпа? Алғашқы жылдары, «аор»жазса келер жыл-
дары  а-ны  қалдырып  «ор»жазды.  Өткен  түрікшілдер  жиы-
лысында, бір мықынды əріпке көшуге қаулы етті. Қысқасы 
Ақаңдар қалай мақтансада əріпіміз құбылмалы екендігінде 
дау жоқ.
Оның бер жағында, балаларға қат таныту жағында кемші-
ліктері көп бір əріптің өзі əлде нешеге бөлінеді. ﺑ ﺒ ﺐ ﺏ болып 
жазылады.  Бұлайша  жазып  балаларға  ұғындырудың  өзіне 
көп уақыт кетеді. Бұлай ұғындырып үйретуге шебер ысылған 
іскер оқытушыны керек қылады. Айта берсек біздің оқытып 
отырған араб əріпінің кемістігі көп. Ақаңның жылда шыққан 
тіл құрал – басқа кітпарып түзетіп оқудың бейнеті қандай? 
Əрине, «Ашшы менен, тұшшының дəмін ішкен біледі».
Əріптің түзету жағынан көп қиыншылықтар ел мұғалім-
дерінің  басынан  кешкен  жұмысын,  сондықтан  жоғарғы 
сөзді  айта  келе  менің  айтайын  деген  пікірім:  құрғақ  керіс-
тартысты қойып латын əрпін алуға кірісуіміз керек. Алғанда 
ауыл  мектептерінде  латын  əріпін  бірер  сағат  мектептегі 
балаларға таныстыру қажет.
Тіпті  ең  болмағанда  мектепте  балалар  үйірмесінде  қолда-
нып,  істетіп  көру  керек.  Араб  əріпінің  түпкілікті  бізге  əріп 
болмайтындығын ескеріп, мұғалім жиналыстарында «қара ша-
руа жилыстарында қара шаруаларды таныстырып үгіттей бару 
керек. Латын əріпі туралы жазу көптік қылмайды ел мұғалімін.
Көзі ашық азаматтары, пікір алысу ретінде баспа сөз беті-
не жариялап тұрулары тиісті.
Нұрым ұлы Қ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет