БАҒБАНШЫЛЫҚ з а т. Бағбаншы
болушылық. Өзі күні бойы б а з б а н ш ы л
ы қ етіп шаршап жүрген жанға бұның бəрі
ауыр-ақ (С. Танекеев, Қиян асу, 124).
БАЗНИПЕ с ы н. ж е р г. Бұла, ер-
ке-тотай, шолжаң. Былқ-сылқ етіп,
сықылықтаса күлген, бұрала басып, буыны
құрыған жеңгелері байдың б а з н и п е
жігітін түн ортасы ауа отауға қарай алып
жүрді (Ж. Жұмақанов, Мен жұмысшы.,
135).
БАЙ з а т. Тоғызқұмалақ ойынында бір
отауға құмалақтың көп жиналуы. Егер
бір отауға құмалақ көп жиналса, ол «б а й»
деп аталады. Егер ойыншылар «б а й л а р
д ы» шауып алса, онда жағдайларын біраз
жақсартады (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 48).
БАЙБАҚ з а т. з о о л. Суырдың далалық
түрі. Дала суыры (кейде оны б а й б а қ
деп те атайды) Целиноград, Қарағанды,
Торғай, Қостанай, Ақтөбе облыстарында
көп кездеседі (А. Молдабергенов, Атаме-
кен, 25).
Б А Й Б А Л А М Д АС Б а й б а л а м д а
етістігінен жасалған ортақ етіс. –
Ақырзаман! – деп б а й б а л а м д а с ы
п, жау жағадан алғанда, бөрі болып етек-
ке жармасып жатқаны (Ш. Мұртазаев,
Жұлдыз., 87).
БАЙБАЛАМДАСУ Байбаламдас
етістігінің қимыл атауы.
БАЙБАЛАМШЫЛ... Б а й б а л а м ш
ы л шалдардың байбаламын естіместен-ақ
өздеріне таныс үйлерге түсіп, бір тоста-
ған қымыз ішіп, бір ишара білдіріп
қайтатынын естеріне алады (М. Разданұлы,
Алтай., 217).
БАЙБАРАҚ з а т. Тегі нашар ит. – Тым
болмаса, иттің құлы – б а й б а р а қ киіп
жатқан тряпкаға да қолымыз жетпейді, не
сұмдық! Неткен азап! (Ш. Мұртазаев, Қара
маржан, 98).
БАЙҒҰСТАН е т. Байғұс болу, мү-
сəпірлену. Қорғаны құлап қалғандай б а
й ғ ұ с т а н ы п, мөлтеңдеп əйеліне де тіктеп
қарай алмады (Қ.Ысқақов, Қараорман, 161).
БАЙҒҰСТАНУ Байғұстан етістігінің
қимыл атауы.
БАЙДАМТАЛ з а т. б о т. ж е р г. Ешкі
тал. Анау сай-сайдағы б а й д а м т а л д
ы ң табанын қытықтай, сыңғырлап күлген
бұлақ (О. Бөкеев, Өз отыңды., 373).
БАЙЕНЕК з а т. ж е р г. Семсердің
(қылыштың) дүзі (жүзі). Ол – кектің көк
семсері. Оның қынабы – халық, б а й е н е
г і – намыс (Қ. Салғарин, Үбедей, 46).
Б А Й Қ А Ғ А Н С У Б а й қ а ғ а н с ы
етістігінің қимыл атауы.
БАЙҚАҒАНСЫ е т. Байқаған болу,
аңғарту.
БАЙҚАЛЫНУ Байқалын етістігінің
қимыл атауы. ≈ Жамандықтың тез б а й қ
а л ы н у ы заңды.
БАЙҚАМАҒАНСУ Байқамағансы
етістігінің қимыл атауы.
БАЙҚАМАҒАНСЫ е т. Байқамай
қалғансу, білмегенсу. Қабылдың əдейі
жүйкесіне тиейік дей ме, түрмедегілер б а й
қ а м а ғ а н с ы п шөміштен қысады, аула сы-
пыртады, монша тазалатады (Қ.Жиенбай,
Даңқ., 118).
БАЙҚҰТАН з а т. з о о л. Көлдерде
мекендейтін құс. Құтанның бір түрі.
Екінші біреулер іргесіндегі Қорғалжын,
Теңіз көлдерінде көкқұтан, б а й қ ұ т а н
дейтін құстар бар деп еді (А. Сейдімбеков,
Серкер, 121).
БАЙЛА: Байлар көбейсін. «Құлын
көбейсін» деген тілек. Бие байлап жат-
са, «б а й л а р к ө б е й с і н» деу керек
(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 2, 39).
БАЙЛАМ-ТҰЖЫРЫМ з а т. Келген
қорытынды, байлам, тұжырым. Осы бір
қалыптасқан ережені өзіндік ой елегінен
өткізіп, байсалдау, өзіндік б а й л а м
т ұ ж ы р ы м д а р ы м е н байыту арқылы
танылады (Қаз. əдеб., 30.08.1974, 3).
Б А Й Л АС Т Ы Р Ы Л Б а й л а с т ы р
етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
Қарасам, бəтеңкемнің бауы бір-біріне б а й
л а с т ы р ы л ы п қойыпты (Лен. жас,
17.02.1973, 1).
БАЙЛАСТЫРЫЛУ Байластырыл
етістігінің қимыл атауы (Лен. жас,
17.02.1973, 1).
85
Байынқол Қалиев
БАЙЛАУ з а т. ш а х м. Алдымен тас-
ты беріп, артынша қарсыластың мықты
фигурасының бірін тапжылмайтындай
етіп қоюды байлау деп атаймыз (Ана тілі,
23. 05. 2013, 12).
Байлау байлады. э т н. Көшкенде
амандықты, саулықты тілейтін ырым.
Көш жүгіне орамал немесе мата байлап
қояды. Жүк тегіс артылып болды. Енді
«б а й л а у» б а й л а п, бұрау қыстыру, киініп
атқа міну ғана қалған-ды (Қ. Жұмаділов,
Соңғы көш, 186).
Байлау қою. Тоғызқұмалақ ойы-
нында өзінің құмалақтарымен қарсы-
ласының бірнеше отауында жатқан құ-
малақтарының жүрісін тарылту, кедергі
жасау немесе ұстап тұру. Б а й л а у қ о й ы п
ойнау отаудағы құмалақтарға стратегиялық
күш береді; позициялық үстемдік əпереді
(Ə. Ақшораев, Тоғызқұмалақ, 75).
БАЙПАҚ: Байпақ басу. Жүннен
байпақ басып шығару ісі, байпақ жасау.
Б а й п а қ б а с у да қазақ əйелдерінің
қолөнеріндегі елеулі табысы (Қ. Толыбаев,
Бабадан., 229).
БАЙПАҚШАҢДАН е т. а у ы с. Байпаң
қағу, құрдай жорғалау. Ол астамылығынан
аласарып, иіліп, ыржиып, б а й п а ң ш а ң
д а н ы п, баржиған ұлықтардың аузына
барын төсеп, бəйек болуды, дедек қағуды
шығарған (Ғ. Білəл, Ғасырлық., 79). Ол
бұрынғыдай айғырсып айқұлақтанбай,
құйрық-жалын жатқызып, б а й п а қ ш а ң
д а н ғ а н жорға жүріспен келді (Бұл да, 98).
БАЙПАҚШАҢДАНУ Байпақшаңдан
етістігінің қимыл атауы.
БАЙСА
1
з а т. к ө н е. Қаған тара-
пынан билік иелеріне берілетін құқық;
бағалы металдан жасалған белгі. Ертеде
билік иелері: бектерге, əмірлерге, билерге,
керуенбасыларына б а й с а деп аталатын
арнайы құқықтық белгі беретін болған (Қаз.
этнография., 2, 38).
БАЙСА
2
з а т. Жылқының семіз жалы;
желке майы (Білгенге маржан, 111).
БАЙСАҚ с ы н. Байқұмар, байын жақ-
сы көретін. «Жаман қатын б а й с а қ, жаман
күйеу қайынсақ» деуші еді (Ə. Кекілбаев,
Үркер, 448).
БАЙСАЛДЫЛАН е т. Байсалды
қалыпқа түсу, байсал тарту, тынышта-
лу. Соңғы уақытта жігіттің ақ сары ашаң
жүзі б а й с а л д ы л а н ы п, күреспен өткен
мазасыз күндердің айқын таңбасы түсе
бастаған (Жұлдыз, 1970, 4, 111).
БАЙСАЛДЫЛАНУ Байсалдылан
етістігінің қимыл атауы.
БАЙСЫН з а т. к ө н е. Жайлы қоныс,
жерұйық. Туран – түркі тайпаларының
жерұйығы, б а й с ы н ы аталған (Ана тілі,
30.08.1990, 5).
БАЙТАҚЫТ з а т. Топырағынан май
тамған, құнарлы жер. Меркі – қарабас
шалғыны аттың жалпақ тізесін қағып,
жетіліп тұрған б а й т а қ ы т мекен (Ə.
Байбол, Теміржол., 29).
БАЙТАЛ: Байтал күзеу. Кекілін
шырпып, жалын сыпыра, ал құйрығын
«шыбынқағар» қалтырып, сыпыра күзейді
(Шаңырақ, 523).
БАЙШІКЕШТЕН е т. Бай сияқтану,
байсымақтану. Ырымбек Ұлпанның
жылқысын баға жүріп, бұл кезде б а й ш
і к е ш т е н і п алған еді (Ғ. Мүсірепов,
Ұлпан, 230).
БАЙШІКЕШТЕНУ Байшікештен
етістігінің қимыл атауы.
БАЙЫЛ с ы н. ж е р г. Байыз тапқан,
тынышталған. Қазір жел жоқ, б а й ы л сəт
(М. Əбдіхалықов, Ленин., 15).
БАЙЫРҒЫЛАН е т. Ежелгі, көнерген.
Лексикалық тəсіл арқылы жасалған зат
есімдерге байырғы я б а й ы р ғ ы л а н ғ а н
зат есімдер жатады (А. Ысқақов, Қазіргі
қаз. тілі, 210).
БАКАЛАВР... Ағылшын-американ
жоғары білім беру жүйелерінде б а к а л
а в р мен ғылым докторы аралығындағы
ғылыми дəреженің магистр аталатынын
естігенбіз (Егем. Қазақст., 15.05.1992, 2).
БАКТЕРИАН з а т. Қос өркешті
түйенің таза қандысы. Түйенің екі түрі
бар. Мұның біреуі – қос өркешті, екіншісі
– нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе).
Қос өркештінің таза қандысын – б а к т е р
и а н, нардың таза қандысын дромадер деп
атайды (Қаз. мал атау., 46).
БАҚ: Бағы ашылды. Бақытты болды,
бағы жанды. ≈ Ана сорлы қыздың б а ғ ы
а ш ы л д ы.
БАҚА: Бақа бастау. Басы бақаның
басы сияқты жалпағырақ. Бүркіттің
аталығы аналығынан кішілеу, б а қ а б а с
т а у болады (Саятшылық, 66).
Бақа қара. Қара өңді, тарбиған (кісі).
Арбадағының алдындағысы домалақ бет-
86
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ті, көзі кішірек келген, б а қ а қ а р а кісі
(Б. Майлин, Таңд., 206).
БАҚАЙ: Бақай пісті. Ұлттық
ойындардың бір түрі. Табиғи денелерді
қолданып ойнайтын ойындар: бестас, лек
жалау, сиқырлы таяқ, б а қ а й п і с т і,
жылмаң т.б. (Қаз. мектебі, 1974, 5, 14).
Бақайына сүрініп жүр. Жұмыс
басты болды; мұрнынан шаншылды,
мұрнына су кетті. Ой ыбылжыған байғұс,
мұрныңнан құрт түсіп, б а қ а й ы н а
с ү р і н і п ж ү р г е н д е сенің шаруаң
оңушы ма еді! (Ж. Мусин, Туған үй., 184).
БАҚАЛАҚ з а т. Қоржының аузындағы
ілмектерді бекітетін ағаш тиек. Тұрман
жанындағы ала қоржынның б а қ а л а
ғ ы н ағытып, аузын ашты (А. Мекебаев,
Алапат, 335).
БАҚАЛШЫҚ з а т. м и н. Теңіздегі ұлу
сүйегі мен құмнан түзілген тас. – Мен
не айтам, - Хұсайын салмақпен сөйледі,
- онан қайта мынау машинамен табиғат
қойнауындағы б а қ а л ш ы қ тасты қалай
кесіп жинаймыз, соны көріп жаза берсін де
(Лен. жас., 16.04.1976, 1).
БАҚАНДЫ с ы н. Бақаны бар. Олардың
дəл ортасында боз ордалы, күміс б а қ а н
д ы, атағы жаңа дүрілдей шығып келе
жатқан Төре бидің ауылы (І. Есенберлин,
Шығ. жин., 9, 109).
БАҚАНТАСТАР қ. Бақан аттар.
Неше жігіт ер жетсе, сонша құда түсер,
күйеу аттанар, есік ашар, ұрын келер, иты-
рылдар, б а қ а н т а с т а р, қолұстатар,
шашсипатар, төсексалар... (М. Тиесов,
Жиделібайсын., 57).
БАҚАСТЫР е т. с ө й л. Айтысу, тарты-
су, кергілесу. Сығыр Құдайдың онымен б а
қ а с т ы р ы п қойғанына назаланып қатты
қынжылды (Ж. Қорғасбек, Жынды., 77).
БАҚАСТЫРУ Бақастыр етістігінің
қимыл атауы.
БАҚАТАМАҚ з а т. м е д. Алқымы ісіп
кететін ауру; зоб. Болгар халық медици-
насында індетшөпті лимора түйіндерінің
қабынуларын, б а қ а т а м а қ т ы, жемсау-
ды, буын ауруларын емдеу үшін қолданады
(М. Қожабеков, Дəрілік өсімд., 150).
БАҚАТАМАҚТАН е т. а у ы с. Адыраю,
ісініп кебіну. – Кəне, қайда отыр? – деп
Балғын Айжан жаққа адырайып, б а қ а
т а м а қ т а н а қарады (Т. Қосуақ, Мəр-
мар., 34).
БАҚАТАМАҚТАНУ Бақатамақтан
етістігінің қимыл атауы.
БАҚАНТІРЕС с ы н. с ө й л. Бірімен-
бірі алысып, аңдысып қалған; айтысты,
тартысты. Армия дегенің де б а қ а н т
і р е с, иттартыс тірлік екен (Ə. Асқаров,
Таңд., 164).
БАҚАТІС з а т. з о о л. Суда тіршілік
ететін, кесіртке тəрізді жəндік. Денесінің
ұзындығы 24 см-дей. Басы жалпақ,
тұмсығы дөңіс келеді. Бүйірінде 10-13
көлденең жолағы бар. Жетісу өлкесіндегі
бұлақтар да ғана кездеседі (А. Молдабер-
генов, Атамекен, 96). Б а қ а т і с (тритон,
лягушкозуб) тек біздің республикамызда
Жоңғар Алатауында мекендейтін хайуанат.
Жоны сарғыш жасыл немесе қара қошқыл,
бауыры ақшыл. Суық суда тіршілік етеді.
Терісі балық тəрізді қолға тұрмайтын
жылпылдақ (Балдырған, 1981, 2, 21).
БАҚАУЫЗ¹ з а т. к ə с і б. Тездің
астыңғы жағы (тісі) мен үстіңгі жағының
(тісінің) арасы. Үйші балқып жатқан
ағаштарды алып, тездің б а қ а у ы з ы н
а қойып тұрып, сықауырынмен нығарлап
отырып, əр түрлі формаға келтіріп иеді
(Қазақст. ауыл шаруаш, 1969, 7, 60).
БАҚАУЫЗ² з а т. к ə с і б. Қызған
темірді соққанда ұстап тұратын тіссіз
аспап (Ана тілі, 21.11.2002, 12).
БАҚАШТАУ с ы н. ж е р г. Аласалау,
тапалдау, кішілеу. Алданға қарағанда б а қ
а ш т а у болса да, Сəкен жеңілгісі келмеді
(Ə. Байбол, Теміржол., 26).
БАҚБАҚ... Тек əлдеқайдан бебеулеген
нəзік үн естіледі. Құстың даусы, кекілік, əл-
де б а қ б а қ болар (Ə. Асқаров, Таңд., 295).
Б А Қ И Л АС У. . . А р а қ т ы ау з ы н а
алғаш алуы. Шалқар жағында тұратын
жұрағаттармен б а қ и л а с у ғ а барғанда
еді (Жалын, 1974, 5, 46).
БАҚПА с ы н. Бағып, тосып, жайымен
сөйлейтін (адам). Шалдардың біреуі – б а қ
п а, екіншісі – ақпа, үшіншісі – лақпа. Олар
əрқилы сөйлейтін (Жалын, 1974, 4, 120).
БАҚСАЛАП ү с т. ж е р г. Бабымен,
рет-ретімен, тəптіштеп. Меншікті сиы-
рын соғымға жыққандай-ақ, б а қ с а л а п,
əдемілеп сойғаны соншалық тіпті терісіне
дейін тұздап, керіп, жайып кетіпті (Қаз.
əдеб., 08. 06.1984, 8).
БАҚТАЛАЙСЫЗДЫҚ с ы н. Бағы
жанбағандық, бақытсыздық. ≈ Б а қ т а
87
Байынқол Қалиев
л а й с ы з д ы ғ ы н а адам кейде өзі кінəлі
сияқты.
БАҚТАЛАСТАУ с ы н. Аздаған бақ-
таластығы, көреалмаушылығы бар. Екі
колхоздың шығыршылары аздап бақастау,
аздап б а қ т а л а с т а у да келеді (Қаз.
əдеб., 14.12.1984, 14).
БАҚТЫЛЫ с ы н. Бағы бар, бақытты.
Байтақтан озған б а қ т ы л ы, Сүлеймендей
тақтылы басың бар... Сол олқы келді ме?!
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 371).
БАҚҰЛХАТ з а т. Бақұлдасу үшін
жазылған хат. Заманымыздың заңғар
суреткері М. Əуезов дүниеден қайтар
кезден сəл бұрын Москвада жатып елдегі
бір топ талантты інілеріне б а қ ұ л х а т
жазғаны көпке аян (Лен. жас, 25.10,1983, 3).
БАҚШАГЕР з а т. с ө й л. Бақшашы.
Бəрі бар өрік, мейіз, құрма ағашы, Əмірі
сондай күшті б а қ ш а г е р д і ң. Егіні – би-
дай, арпа, тары, сұлы, Көркі ғой бақшадағы
шүйгін жердің (Н. Байғанин, Шығ., 244).
БАҚШАЛЫҚ з а т. Бақша дақылдары
өсетін жер (алаң); бақша. Шіркін-ай,
шіркін алмасы, Əр үйдің алды б а қ ш а
л ы қ. Алшасы мен шабдалы, Піскен бе
дейсің қант салып (А. Тоқмағамбетов,
Шағалалы., 68).
БА Қ Ы Л . . . М ы н а а р а ғ а ке л ге л і
бақалардың б а қ ы л ы қосылған. Бірінен
бірі озғындап, қалмай жарысып, құрыл
шайқайды (Қ. Қазиев, Үркер, 83).
БАҚЫРАЙЫС Бақырай етістігінен
жасалған ортақ етіс. Кімнің көзі бұрып
талады деп б а қ ы р а й ы с ы п біраз жатқан
(Қ. Ысқақов, Қараорман, 68).
Б А Қ Ы РА Й Ы С У Б а қ ы р а й ы с
етістігінің қимыл атауы.
БАҚЫРАШ з а т. с ө й л. Бақыр (ақша).
Нəзік денелі, көзі жылтылдаған бір қыз
қара ала б а қ ы р а ш т а р д ы кассаға та-
стап жіберді де, сыр еткізіп билет жыртып
алды (Лен. жас, 14.03.1973, 2).
БАҚЫРАШТАП ү с т. Бақырашпен
(шөмішпен) алып, бақырашпен құйып.
Есбике мен қызы Ұлбике үйге кіріп,
іркілген суды б а қ ы р а ш т а п құйып,
шелектеп далаға төкті (Ж. Тілепбергенов,
Ізбасар, 82).
БАҚЫРЫҚ з а т. с ө й л. Бақырған
дыбыс, бақырғандық. Түйенің бұйдасы
тұсаудай титықтатып, б а қ ы р ы ғ ы жүйке
қажайды (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 245).
БАЛА: Балалар бөлмесі. Балаларға
арналған бөлме. Бөлмелердің б а л а л а р
б ө л м е с і, жатын бөлме, жұмыс бөлмесі
деген түрлері болады (Шаңырақ, 23).
БАЛАБАҚ з а т. с ө й л. Балабақша.
Анада Гүлзада баласын б а л а б а қ қ а апар-
са, Айнагүлдің де баласы бұрыннан сонда
екен (Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 3, 320).
БАЛАБАСТЫЛЫҚ з а т. Көп балалы
болғандық, баладан қолы босамаушылық.
Мүмкін, б а л а б а с т ы л ы қ т а н болар,
бəлки тұрмыс күйдің төмендігінен болар,
тістен айырылыпты (Ғ. Білəл, Ғасырлық.,
51).
БАЛАЖАНСУ Балажансы етістігінің
қимыл атауы.
БАЛАЖАНСЫ е т. Баласын жақсы
көргенсу. Көргенді келін атасы алдында б а
л а ж а н с ы м а у ш ы еді (Қ. Мұқажанұлы,
Ортеке, 13).
БАЛАКЕС з а т. к ө н е. Жұмсақ
матаның бір түрі. Сен тұрғанда, Нұралым,
Қаракеске бөлеттім. Алқаракес батады деп,
Б а л а к е с к е бөлеттім (Батырлар жыры,
28).
БАЛАКӨШ з а т. Салынған бөкесті
үймек салатын жерге итеріп (сырғытып)
əкелетін құрал.
БАЛАКӨШШІ з а т. Балакөшпен
жұмыс істейтін адам. Жаз бойы б а л а к
ө ш ш і л е р м е н бірге сіңірі созылып мая
салды (Жалын, 1973, 6, 45).
БАЛАҚ: Балағының биті бар. Та-
лантты, талапты, өнерлі д.м. – Е, бəсе!
Шоқан ағамның да б а л а ғ ы н ы ң б и
т і б а р екенін сезген едім! Кəне, кəне,
тыңдалық. Шоқан скрипкада ойнайды (А.
Сатаев, Бəрі де, 222).
БАЛАҚБАУ з а т. э т н. Біреудің қыран
құсын қалап, сұрап аларда беретін кəде.
Жай қалау емес, б а л а қ б а у ы деп ат
ұсынып, атан өгіз жетектетіп те келеді
құсқа қызыққандар (А.Сейдімбеков,
Ақиық, 15).
БАЛАҚСЫЗ з а т. с ө й л. Турси. –
Нұржанның шешесі: - Биыл суға б а л а қ с
ы з ы ң д ы тастап түсетін бол. Мен саған
ай сайын бір балақсыз тігіп бере алмай-
мын, ақша жоқ, - депті (Ғ. Мүсірепов, Жат
қолында, 421).
БАЛАЛАЙКАЛЫ с ы н. Балайка-
сы бар. - Өзің от ауыз, орақ тісті біреу
борларсың-ау, - деп, Құрманғазы б а л а й к
88
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
а л ы орысқа жайдары жүзбен қарады (Қаз.
əдеб., 02.087.1974, 4).
БАЛАЛЫҮЙРЕК з а т. – Екінші
саусақ; сұқ саусақ; балан үйрек. Онан
соң «басбармақ, б а л а л ы ү й р е к, ор-
тантерек, шылдыршүмек, кішкенебөбек»
деп бес саусақты бір-бірлеп бүктіреді
(А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 31).
... Саусағын ұстай алып, соза тартты...
Басбармақ, б а л а л ы ү й р е к, ортантерек,
шылдыршүмек, кішкенебөбек (Х. Əдібаев,
Таңбалы., 202). Бүгіле қалған б а л а л ы
ү й р е г і н Елеукенің ұстарамен қырылған
айнадай басына ойнатып-ойнатып алып еді,
Елеуке басын қалқалап: - Атама айтам! –
деді (М. Қабанбаев, Жиһанкез., 165).
БАЛАМАЛАН Баламала етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Бұл ұғымдар
салыстырыла келе, бірімен бірі б а л а м
а л а н а д ы. «Гаремнің» «шəукен» деп
б а л а м а л а н ғ а н ы есімізде (Қаз. əдеб.,
08.06.1984, 6).
БА Л А М А Л А Н Д Ы Р Б а л а м а л а н
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Олар-
ды б а л а м а л а н д ы р ы п тұрған нəрсе
– екеуіне де ортақ белгі (Қаз тіліндегі пе-
рифраз., 28).
Достарыңызбен бөлісу: |