ƏСКЕРИ: Əскери ер. Көбінесе əскерлер
мінетін жеңіл ер. Ердің қазақы ер, қалмақы
ер, қоқандық ер, ə с к е р и е р деген түрлері
болған (Қаз. əдеб., 01.11.1974, 3).
ƏСКЕРКОМ з а т. с ө й л. Əскери
комиссариат. Тоғызыншы класты бітіре
салып ə с к е р к о м ғ а барады (Ана тілі,
26.04.1990, 2).
ƏСҚИЯШЫЛ с ы н. Əсқияға жаны
құмар; сықақшыл, мысқылшыл. Осының
өзі қазақ бақсысы емес, қашқарлық ə с қ и я-
ш ы л масқарампаз да болуы мүмкін-ау
(А.Сатаев, Бəрі де., 218).
ƏСПЕ з а т. Ақталған күріштен бөрт-
тіріліп жасалған тағам. Оның үстіне
біздің шешелеріміз ол тұста осы ақталған
күріштен палауды айтпағанның өзінде
шəуле, ашымал, пəтір, талқан, түшпара,
80
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ə с п е сияқты толып жатқан тəтті тағамдар
əзірлейтін (Қаз. əдеб., 28.10.1983, 3).
ƏСПЕНСІ е т. Күшею, асқыну. Ол күні
шілденің ми қайнатар қақтама ыстығы,
тіпті, ə с п е н с і п алған (О. Бөкеев, Үркер,
35). Желдің ағымы бағанадан бетер ə с п е
н с і п алған (Бұл да, 97).
ƏСПЕТ з а т. Құрмет, сый, қошемет.
ƏСПЕТТЕГЕНДІК з а т. Қастер-
л е г е н д і к , ə рл е г е н д і к . Б і р ке зд е р і
қабырғаларын əшекейлі қағазбен ə с п е т
т е г е н д і г і н е н не пайда, қазір көрсең
жүрегің айниды (Қ. Жиенбай, Даңқ., 16).
ƏСІР з а т. к ө н е. Тұтқын. Хазірет
Сұлтан мешітін салған бас шебер 1387 ж.
Əмір-Темір ə с і р (тұтқын) қылып алған
Шираздық қожа Хұсайын деген адам екен
(«Қазақ» газеті – 1913, 171).
ƏСІРЕЛЕН е т. Ерекше əсерге ие болу,
əсер алу. Ол осы орайда ə с і р е л е н і п,
айналаға құмар пішінмен қарап алып,
туған мекеніне айналған бұл тұрақты мақ-
тан етіп, серпінді сөйлейді (Б.Мұстафин,
Жайнаған., 7).
ƏСІРЕЛЕНУ Əсірелен етістігінің
қимыл атауы.
ƏСІРЕҢКІЛІК з а т. Əрі-сəрілік, та-
банының бүрі (бедері) жоқтық. Жанардың,
əсіресе, кешкі демалыс кезіндегі ə с і р е ң
к і л і г і н айтсаңшы (Ə. Табылдиев, Қой
бағу., 98).
ƏТЕК: Əтек етті. Əтек жасады,
белсіздендірді. Қылмысы үшін ə т е к е т у
(ақтау) жазасына өкім етілді (Егем. Қазақст.
31.07.2002, 8).
ƏТЕШШЕ ү с т. Əтеш тəрізді, əтеш
сияқты. Еш өнері болмаған қонақты ə т е
ш ш е шақыртып, сиырша мөңіретіп келеке
ететін (Х. Арғынбаев, Қаз. халқы., 102).
ƏТУЕРЛЕ е т. ж е р г. Беделін өсіру,
қадірлеу. Арман мектептен бес алып келсе
де, «көкесіне тартқан» деп ə т у е р л е й т і -
н і н қайтерсің (Қ. Жұмаділов, Атамекен, 83).
ƏТУЕРЛЕУ Əтуерле етістігінің қимыл
атауы.
ƏТШУЛЕ е т. «Əтшу», «əтшу» деп,
малды жүргізу. Бұйдасынан тарта ə т ш у
л е п «ақшелек келгір, жатқан жеріңде
жайрап, пышаққа ілінгір иттің малы» деп
қарғаған қатындардың дауысы естіледі
(А.Жұмаділдин, Сен бұзыл, 42).
ƏТШУЛЕУ Əтшуле етістігінің қимыл
атауы.
ƏТІРƏТ з а т. с ө й л. Отряд. 1943 жыл-
дың қысынан өңірдің əр жерінде партизан
ə т і р ə т т е р і құрылып, төңкерістік кү-
ре сті күшейте түсті (Т.Мəме сейіт,
Таңжарық, 2, 375).
ƏТІРЛЕТ е т. Əтір сепкізу, əтір жақ-
тыру. Жүрер күні Мұса ə т і р л е т і п
шашын, сақал-мұртын бастырды, қылаулы
бұйра басқа шляпа киді (Ə.Тарази, Тас-
жарған, 276).
ƏТІРЛЕТУ Əтірлет етістігінің қимыл
атауы.
ƏТІСТАТ з а т. Орта мектепті
бітіргендігі туралы берілетін құжат. -
Өзің деп келдім, барымды қалтама басып
келдім, түсір оқуға менің баламды, екі
күннен соң келеді ə т і с т а т ы н алып
(Ə.Тарази, Тасжарған, 135).
ƏТІШКІР з а т. Шоқ, көмір, т.б. қол
күйетін заттарды ұстауға арналған
құрал; шымшуыр (Ə.Нұрмағамбетов,
Түрікм, қаз. тілі, 72).
ƏУЕДОП з а т. ж а ң а. Валейбол.
ƏУЕДОПШЫ з а т. ж а ң а. Əуе доп ой-
наушы. Ə у е д о п ш ы арулар Олимпиадаға
барады (Айқын, 27.05.2008).
ƏУЕГЕР з а т. с ө й л. Ғарышкер. Не
тапқырдан ой тапқыр – Ғарышқа зымырап
жүргізген; Не тəңірден ой тəңір – Көкке ə у
е г е р жүргізген (Қаз. əдеб., 14.04.1976, 4).
ƏУЕЗДЕН е т. Əуезге ие болу. Əуелі
құлаққа бұл қаңғыр-күңгір мазасыз тиген-
мен, əуен бірте-бірте ə у е з д е н і п, мына
түнмен үндес бір қоңыр күмбірге ауысты
(Ш. Мұртазаев, Қара маржан, 47).
ƏУЕЗДЕНУ Əуезден етістігінің қимыл
атауы.
Ə У Е ЗД Е С е т. Ү н д есу, ү й л есу.
Маңыраған, қойлар азан-қазан, ысқыра
соққан боранмен ə у е з д е с і п, көз
көрмейтін түнекке сіңіп жатты (Лен. жас,
13.06.1974, 2).
ƏУЕЗДЕСУ Əуездес етістігінің қимыл
атауы.
ƏУЕЗЕ з а т. Құмар, əуес, сəн. Айтты –
бітті, құр шапқылай бергенді ə у е з е көріп
алған екенсіңдер түге (Т. Тілеуханов, Біздің
əке., 138). Мəселен, соғыстан кейінгі жыл-
дары əскери киімге ұқсас тік иық, жалтырақ
белбеу ə у е з е болды (Білім жəне еңбек,
1986, 7, 40).
ƏУЕЙІЛЕНДІР Əуейілен етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Кейбіреулер
81
Байынқол Қалиев
жылмаңдап, адамның іші-бауырынан
өтіп, ауылдың жастарын ə у е й і л е н д і р е
т і н д і шығарды (Б. Майлин, Таңд., 132).
Өз балаларын ə у е й і л е н д і р і п, ақымақ
қылғанмен тұрмай, менің балаларымды
əуейі қылғысы келеді (С. Торайғыров, Таңд.
шығ., 337).
ƏУЕЙІЛЕНДІРУ Əуейілендір етіс-
тігінің қимыл атауы.
ƏУЕНДІК с ы н. Əуенге қатысты,
əуенге байланысты. Əр музыкалық
шығарманың оркестрге лайықталып
өңделгендегі өзіндік ə у е н д і к, ырғақтық,
тональдық ерекшелігі болады (Аңыз адам,
2012, 15, 22).
ƏУЕНШІЛ с ы н. Əуенді жақсы
көретін, əуен салатын. Бұл бірақ –
тығырыққа тірелген сары уайым емес,
кездейсоқ қара шыбын қонса, «дың» ете
қалатын домбыраның шегіндей əсершіл,
ə у е н ш і л толқыма көңіл сырын байқаймыз
(С. Жұмабеков, Гүлзар, 4).
ƏУЕТ з а т. с ө й л. Əуіт. Аманкелді
ə у е т т і ң жылғасымен жағалап барып,
судағы қармаққа қол сала берген Бекешті
жұдырықтай күйдірген кесекпен қойып-ақ
өткен еді (Р. Аманкелдиев, Батырдың., 26).
ƏУКЕШ з а т. э к с п р. Жас бұзау, бұзау-
қан. Əукім-əукім, ə у к е ш і м, Қасыйыншы
əукесін. Енең əне келеді, Ақ мамасын
береді (І. Жансүгіров, Шығ., 62).
ƏУКІМДЕ е т. Əукім-əукім деп шақыру.
Əлгіндегі бар əбігер: біреу мөңкесін іздеп,
біреу көкқасқасын «ə у к і м д е г е н» дабыра
абыр-сабыр басыла қалған (Ш. Құмарова,
Сəуірдің., 78).
ƏУЛЕКІЛЕУ с ы н. Əңгүдіктеу,
əумесерлеу. – Сенің, Нұрбегің ə у л е к і л е у
ме, қалай?! (Т. Əлімқұлов, Шежірелі., 84).
ƏУЛЕТЕСІМ з а т. ж а ң а. Фамилия.
Сондықтан да біз алғашқы қадамнан-ақ
ə у л е т е с і м д е р і м і з д е г і отарлық
« - ов», « - ев» жұрнақтарын жоюды
көтердік (Ана тілі, 01.08.1991, 7).
ƏУЛИЕ з а т. т а б у. Шешек ауруы. Бір
жолы бүкіл тұла бойымды қалың ə у л и е
(шешек) басып, тұралап жатқанда, ауыл
шетіне жау таянғанын естідім (Қаз. əдеб.,
21.06.1985, 12).
ƏУЛИЕ: Əулие ағаш. Иен далада
жалғыз өскен ағаш, қасиетті ағаш. Қазақ
жапан далада жалғыз өскен ағашты ə у л и е
а ғ а ш немесе киелі ағаш деп санап, оны
кеспейді, зақым келтірмейді. Сол жерлерде
түнейді, шүберек байлайды (Қаз. этногра-
фия., 1, 46).
Əулиелердің əулиесі. п е р и ф р. Қожа
Ахмет Яссауи д.м. Ə у л и е л е р д і ң ə у л
и е с і Қожа Ахмет дін ислам туының иесі
еді (Түркі əлемі, 2006, 7, 7).
ƏУЛИЕАТА: Əулиеата сиыры.
Сиырдың Оңтүстік Қазақстан облы-
сына кең тараған, түсі қара ала, сүтті
тұқымы. Ə у л и е а т а с и ы р ы жергілікті
жердің ауа райына тез бейімделеді (Қаз.
табиғ., 1, 195). Қырдың қызыл сиыры,
ə у л и е а т а с и ы р ы сияқты арнаулы
сүт малдарын өркендетуге даңғыл жол
ашу керек (Қазақст. ауыл шаруаш., 1968,
4, 50).
ƏУЛІКПЕ... Жастықтың ə у л і к п е с
і м е н барып қалғандардың бірсыпырасы
екі-үш айдан кейін қожырап, кері қайтып
жатты (К. Ахметбеков, Егіз қала, 432).
ƏУМЕСЕРЛЕНДІРУ Əумесерлен-
дір етістігінің қимыл атауы. Ол шар
соққан сайын қошаметші жұрт «О, пəле-
ай!» десіп, мақтаншақ қазақты одан сайын
ə у м е с е р л е н д і р у д е (Ə. Нұршайықов,
Ақиқат., 115).
ƏУПЕЙІ с ы н. Əуес, құмар. Əуелде ат
үстіне құмар, ə у п е й і емес еді, ел-жұрты
қошеметтегесін қорсынғысы келмеді (О.
Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 26).
Ə У П Е Й І Л І К з а т. Қ ұ м а рл ы қ ,
құштарлық, əуестік. Осындай алапат қару
иесін қартайғанға жорып шамына тиюім
анық ə у п е й і л і к екенін біліп, шеттеп
кеттім (Бұл да, 143).
ƏУПІЛДЕС Əупілде етістігінен
жасалған ортақ етіс. Иек астындағы
жотаның ар жағынан ə у п і л д е с е үрген
иттердің даусын естілді (С. Сматаев,
Алғашқы., 19).
ƏУПІР е т. ж е р г. Құтыру, еліру, есіру;
толқын ату. Жел көтерілсе, теңізде көк
толқынды көкке атып ə у п і р е бастайды
(Ə, Нұрпейісов, Соңғы., 132).
ƏУПІРУ Əупір етістігінің қимыл
атауы.
ƏУПІРІМ с ы н. ж е р г. Құтырған,
есірген. Оның үстіне осынау ышқынып
соғып тұрған ə у п і р і м желден,
өкірген теңізден, өкіректеген əумесер
толқындардың гүрілінен құлағы бітіп
қалды (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 290).
82
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ƏУПІРІМДЕУ с ы н. ж е р г. Күшті-
л еу, қарқындылау. Осы баласының
өзі алдындағы екі ағасынан гөрі ə у п і р і м -
д е у ме қалай! (Ə.Кекілбаев, Елең-
алаң, 104).
ƏУРЕГЕР с ы н. Ылғи əуреленіп
жүретін, əуреге түсуші (адам).
ƏУРЕГЕРШІЛІК з а т. Əуреге
түскендік, əуреленушілік. Жаз бойы ə у р
е г е р ш і л і к т і ң түйіні шешілгендей
болғанда, жұрт бірден қатты өзгеріске тап
келген (Ж. Ахмади, Айтұмар, 86).
ƏУРЕТ... Сасқа лақт ап , кереует
үстіндегі ақ жайманы жұлып алып ə у р
е т і н жапқан (Д. Бейсенбекұлы, Əулие-
ағаш., 22). Бұл қауыммен сіңісіп кету
үшін мен де түзкиімді тастап, ə у р е -
т і м д і көрсетуім керек екен (М.Мағауин,
Мен, 129).
ƏУІРЛЕП ү с т. ж е р г. Ысып, жалын-
дап. Шөбі күйіп кеткен жер беті ə у і р л е п
өртенгелі тұрғандай. Аптабы бет қариды
(С. Елубай, Ақ боз., 66). Күн ұлы сəскеге
таянғанда дала өлкесі ə у і р л е п ысуға
айналды (Бұл да, 256).
ƏУІТТІК с ы н. Əуіт боларлық,
əуітке жарамды. Ылдида ə у і т т і к
шүңейт қазып жүрген бульдозер келтірілді
(Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 25).
ƏШЕКЕЙҚҰМАР с ы н. Əшекейді
жақсы көретін, əшекейшіл.
ƏШЕКЕЙШІЛ с ы н. Əшекейді жақсы
көретін, əшекейқұмар.
ƏШЕКЕЙШІЛДІК з а т. с ө й л. Əше-
кейқұмарлық. Себебі: бұның шын аты –
жалған сұлулық, əшейін ə ш е к е й ш і л
д і к (М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 80).
ƏШИІН ү с т. с ө й л. Əншейін. – Ой,
Баеке, мұныңыз не бүлініп. Біздікі ə н ш
и і н, былайша алып қарағанда, не ғой...
(Жалын, 1974, 2, 47).
ƏШМӨҢКЕ з а т. с ө й л. Əшмүшке.
Туған нағашысы өтеуі деудің орнына бода-
уы дейді. Ширек деудің орнына ə ш м ө ң
к е дейді, бөліс деудің орнына пайда-шірік
дейді (Туған жер., 61).
ƏШМҮШКЕЛЕП ү с т. Əшмүшке-
əшмүшке етіп. Жүрген жерінен ə ш м ү ш
к е л е п шай алады. Тамақ сұрамаса ол не?
(М. Дүйсенов, Меймандар, 167).
Б
БАБАР: Бабар қылмады. ж е р г.
Місе тұтпады, менсінбеді. Ол ши қалпақ-
тыларды б а б а р қ ы л м а й, мақпал қал-
п а қ т ы К е н ж е м ұ р а т қ а б ұ р ы л д ы
(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 107). - Əй,
қайдам. Сенің екі көзің он саусақта болады
екен. Өзгелер шертісті б а б а р қ ы л м а й
д ы (Т. Əлімқұлов, Шежірелі., 151).
БАБТЫ с ы н. Бабы бар, бабқа бөлінген.
Аталған ереже сегіз б а б т ы (Т. Кəкішев,
Сəкен Сейф., 132).
БАБЫР з а т. з о о л. Қара қоңыр түсті
қабылан (пантера).
БАҒАМДАТ Бағамда етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Оқиғаның өзегіне
лирикалық шегіністер мен тебіреністер
қабаттаса өріліп, өмір сүрудің мəнін
тіршіліктегі көріністер арқылы б а ғ а м д
а т а д ы (Қаз. əдеб., 15.06.1974, 3).
БАҒАМДАТУ Бағамдат етістігінің
қимыл атауы.
БАҒАРАЛЫ с ы н . Бағарасы бар.
Сондықтан барлық б а ғ а р а л ы өңірлерде
топырақ өңдеудің негізгі міндеті –
топырақта ылғалды мейлінше көп жи-
нап, сақтау (Қазақст. ауыл шаруаш., 1958,
8, 22).
БАҒАРАЛЫҚ с ы н. Бағараға
жарарлық, бағара боларлық. Оңтүстік
Қазақстанның б а ғ а р а л ы қ аймағы үш
өңірге бөлінеді (Қазақст. ауыл шаруаш.,
1958, 8, 22).
БАҒЗЫЛАН е т. Қызығы кету, бағы
таю; баяғы қалыпқа келу. Сондықтан ба,
базары тарқап б а ғ з ы л а н ғ а н Көккөлге
айына бір рет соғып қайтпаса көңілі көншіп
көрген жоқ (О. Бөкеев, Мұзтау, 43).
БАҒЗЫЛАНУ Бағзылан етістігінің
қимыл атауы.
БАҒЛАН з а т. к ө н е. Бай баласы.
Байдың баласын мырза немесе б а ғ л а н
деп атайды (Ана тілі, 20.09.1990, 6).
БАҒЫ а р. с ы н. Береке-бірлігі кет-
кен, ел бет-бетімен босқан, бүліншілік-
ке түскен д.м. Мына заман қай заман –
б а ғ ы заман (Қаз. əдеб., 14.07.1989, 10).
БАҒЫЛАН з а т. з о о л. Теңіздерде тір-
шілік ететін құс. Мəселен, б а ғ ы л а н,
83
Байынқол Қалиев
шағала, шəндік жəне басқа құстар қан-
ша балық жейді десеңізші (С. Хайдаров,
Теңіз., 63).
БАҒЫНҰР з а т. к ө н е. Адамды қар-
тайтпайтын дəрі. Екеуміз б а ғ ы н ұ р
қосылған шарап іштік (Т. Сұлтанбеков,
Лұхман Хакім, 52).
БАҒЫНЫС з а т. с ө й л. Бағыныш.
Одақтық б а ғ ы н ы с т а ғ ы кəсіпорындар,
мекемелер Қазақ ССР Президентінің
келісімі бойынша ғана құрылуы мүмкін
(Алм. ақшамы, 22.11.1990, 1).
БАҒЫР з а т. т е х н. Соғылысу күшін
азайту үшін машинаның, локомотивтің
алдыңғы жағына орнатылған арнайы
құрылғы; буфер (Телекоммун. терм. ор-қаз.
сөздігі, 10).
БАҒЫСЫП-ҚАҒЫСЫП ү с т. Бірге
бағысып, көмектесіп. Көз алдыма бала
жасымнан өзім б а ғ ы с ы п-қ а ғ ы с ы п
жүрген момақан қойлар көз алдыма
елестейді (Лен. жас, 25.07.1974, 2).
БАДА з а т. к ө н е. Диқан мен қолөнер-
шілерден алынатын салық. Хан өз бағы-
ныштыларынан алым-салық: малшы-
дан – зекет, соғым, сыбаға, диқан мен
қолөнершілерден – ұшыр, тағар, б а д а,
хараж – жинады (ҚҰЭ, 5, 440).
БАДМИНТОНШЫЛ с ы н. Бадминтон
ойнағанды ұнататын, бадминтонқұмар.
БАДМИНТОНШЫЛДЫҚ з а т. Бадмин-
тон ойнағыштық, бадминтонқұмарлық.
БАДЫНА е т. Бадырайып анық көрініп
тұру, самсау. Бақшалықта сап-сары
əңгелектер, сопақ шытырлақ, ала қауын,
қара қарбыздар б а д ы н а п жатады (Тұл-
пар, 261). Қазір жемістері (қарамықтың)
самсап б а д ы н а п тұрғанмен əлі көк.
Əбден піскен соң жесең уылжып тұралы
(Тұлпар, 260).
БАДЫРА е т. Жүгері дəнін қуырған
кездегі ісініп бөртуі, жарылуы. Қазандағы
б а д ы р а ғ а н жүгеріше бір-біріне тиісіп,
сеңсоқ (Д. Рамаданов, Тастүлек., 43).
Бəйшешектің қуыс құлағы б а д ы р а ғ а
н жүгерідей ашылып, шоқ-шоғымен кемел
кезіне келген екен (Лен. жас, 04.07.1973,
3). – Бадырақ жүгері жейсің бе? Нəр-сөлі
аппақ болып сыртына айналып шығып кет-
кен жұп-жұмсақ б а д ы р а ғ а н жүгеріге
неге қызықпайсың (Лен. жас, 15.06.1973, 1).
БАДЫРАУ Бадыра етістігінің қимыл
атауы.
БАДЬЯН «Анис ағашы» кейде осылай
да аталынады (Т. Мұсақұлов, Биол. сөзд.
1, 54).
БАЖХАНА з а т. с ө й л. Кеден. Ол
бекініс б а ж х а н а с ы (таможня) басты-
ғының есік көзіндегі күңі – қазақ қызынан
туған (Ана тілі, 02.05.1991, 7).
БАЖЫНА е т. с ө й л. Бажылдап,
ақырып-бақыру. Дана жеті түн болға-
нына қарамай басы қақшаңдап б а ж ы н-
а ғ а н аңшылдар қоғамының инс-
пекторын жеті атадан қайырып кейіп
қалуға бір оқталған (Д. Досжанов, Жолба-
рыс., 22).
БАЖЫР с ы н. Бұжыр, шұбар.
(Х.Махм., Г. Бегал., Қаз. русс. с-рь, 1954,
38, 62).
БАЖЫРАҚ с ы н. Бажырайған, ашық.
– Кілең бір б а ж ы р а қ қызылды қайтем...
(М. Сқақбаев, Ұят тұр., 76).
БАЗ¹ е с і м. Кей, кейбір, баз бір. – Шы-
рағым, б а з бала əкесінен өтіп туады, б а з
бала əкесіне жетіп туады, б а з бала кері
кетіп туады, - деген. Сен соның қайсысың?
– дейді Төле би (Ел аузынан, 40).
БАЗ² з а т. ж е р г. Жерден қазылған ұра
(погреб). Қорасының ішінен қазылған б а з
бар екен. Б а з үлкен емес, ені-ұзындығы
2-3 метрдей ғана (Ұ. Доспанбетов, Ел
есінде, 125).
БАЗАР: Базар күні. ж е р г. Жексенбі.
Оңтүстікте жексенбіні «базар күні» дейді.
Б а з а р к ү н і ел базарға мал айдайды (Қаз.
əдеб., 19.12.1986, 3).
БАЗАРБАСЫ... Əлгінде батырдың
шақыртумен келіп, ұлыққа кездесіп
шыққанын естіген б а з а р б а с ы енді өзі-
нің ісі бір қадам болса да ілгері басаты-
нын түсінгендей (Қ. Тоқмырзин, Керзаман,
3, 216).
БАЗАРБАСЫЛЫҚ з а т. Базардың бас-
шысы болғандық, базарды басқарушылық.
Оның халықпен түсінісе алатынын білетін
əкімдік соңғы жылдары оған б а з а р б а с ы
л ы қ т ы сеніп тапсырыпты (Қ. Тоқмырзин,
Керзаман, 3, 216).
БАЗАРКОМ з а т. Базар бастығы,
базардың реттілігін сақтаушы. – Менен
саған сол б а з а р к о м жақын болғаны ма?
(Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 212).
БАЗАРЛАТ е т. Базарға апару, сату.
БАЗАРЛАТУ Базарлат етістігінің
қимыл атауы. Бəйбішесі Мəлике қолда
84
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
қалғанын б а з а р л а т у ғ а жол таба алмай
қиналды (Ғ. Білəл, Ғасырлық., 24).
БАЗАРШЫҚ з а т. Кішкентай базар.
Шағын б а з а р ш ы қ т а н тасылмаған зат
жоқ (Ш. Құмарова, Əйел шырағы, 259).
БАЗБАН з а т. к ə с і б. Ұста дүкеніндегі
қызған темірді соғатын үлкен (ауыр) балға.
Сол себеп болса керек, Нина апай теміршіге
жəрдемші болып орналасты да, бара-бара
Меруерт жеңгей екеуі кезектесіп б а з б а н
соғатын болды (С. Танекеев, Қиян асу, 123).
Достарыңызбен бөлісу: |