Жауапты редакторлар


ЕМЕН:  Емен  жібеккөбелегі



Pdf көрінісі
бет41/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   168

ЕМЕН:  Емен  жібеккөбелегі.  з  о  о  л.

Емен  ағашының  жапырағымен  қорек-

тенетін  жібекқұртынан  пайда  болған 

көбелек.  Жібеккөбелегінің  дернəсілдері 

тек  тұт  ағашы  мен  емен  ағашының 

жапырақтарымен  қоректенетіндіктен, 

оларды  тұт  жібеккөбелегі,  е  м  е  н    ж  і 



б  е  к  к  ө  б  е  л  е  г  і  деп  екі  түрге  бөледі 

(Р.Сəтімбеков, Қызықты биология, 99). Мы-

салы, алтынкөз, тұтжібек, е м е н  ж і б е к 

к ө б е л е к т е р і н і ң тұмсығы жетілмеген 

əрі олар қоректенбейді (Бұл да, 77). 



ЕМЕРУ  з  а  т.  қ.  ө  н  е  р.  Күміс,  мыс, 

жездің  бетіне  асыл  тас  орнатқан-

да  əлгі  металдың  шетін  қайтарып  (бү-

гіп)  ұстату  тəсілі.  Күмістің  бетіне 

асыл  тас  қондырғанда  күміс  бетіне  жүр-

гізілген кертікті ішке қарай бүгіп, ұстатуды 

е  м  е  р  у  деп  атайды  (Қаз.  этнография., 

2, 48).


ЕМЕСКІЛЕН е т. ж е р г. Естен шығу, 

ұмытылу.  Бұл  заманда  оны  ақырет  сапа-

рына аттандырғандардың кімдер екені де 

ескіріп, естен е м е с к і л е н е бастағанды 

(Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 3, 9).



ЕМЕСКІЛЕНУ Емескілен етістігінің 

қимыл атауы. 

ЕМЕСТІК  з  а  т.  Емес  екендік, 

болмағандық. Сол нағашымның жел қуық 

байталша сыланған қағылез қаншығы бар 

деп естіп, осал ит е м е с т і г і н е іштей 

күмəнсіз құмарлықпен түйініп жүретінмін 

(А. Сейдімбеков, Ақиық, 74).

ЕМҚАРА  з  а  т.  в  е  т.  Қойдың  қауіпті 

ауруларының бірі. Дəрігерлік шаралардың 

бүкіл комплексін жүйелі түрде жүргізудің 

негізінде  совхоз  қызметкерлері  малдың 

көптеген қауіпті дерттерін – сібір язвасын, 



е м қ а р а н ы, оспаны, аусылды, қотырды 

жоюға ие болды (М. Əмірғалин, т.б. Биязы 

жүнді., 39).


172

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЕМҚОС  з  а  т.  Емші,  ем  жасау-

шы. Ағалы-інілі екеуі де ел ішіне аты жайыл-

ған  е  м  қ  о  с  болатын  (Лен.  жас, 17. 06. 

1992, 4).

ЕМҚОСТЫҚ з а т. Ем жасаушылық, 

емшілік. Сырқаттан сауығуға емшінің ерік-

жігеріне де, е м қ о с т ы қ шеберлігіне де 

сын (Денсаулық, 1990, №11, 4).

ЕМЛЕШІ з а т. Сөздердің дұрыс жа-

зылуымен айналысушы маман. Олай болса 

жаңа е м л е ш і л е р д і ң емле жобасының 

бұрынғыдан  басқалығы  қай  жерінде? 

(Алаш., 19).



ЕМСЕКТІ  с  ы  н.  Ем  жасай  білетін, 

шипасы  бар.  Ел  ол  қарттың  қолын  е  м

с е к т і деп мақтап жүр (С. Жүнісов, Ақан 

сері, 2, 293).



ЕМТИХАНШЫ...  Төрағаны  онша 

менсініңкіремей, тіпті е м т и х а н ш ы л а р 



д ы ң ешқайсысын онша мойындаңқырамай, 

маңғаз жүретін апайлары қасы-көзін кер-

бездене  жоғары  көтерді  (М.  Байғұт,  Бұла 

бұлақ, 135).



ЕМШЕК: Емшек таға. Атты тайғызбас 

үшін  арнайы  жасалған  сүйір  бүртіктері 

бар таға. Боз биенің төрт тұяғында бірдей 

е  м  ш  е  к  т  а  ғ  а  бар,  мұзды  қарш-қарш 

басады (Ə. Қалдыбаев, Таңд. шығ., 3, 202). 

Бір іңірде жүгіртіп барып Баяндағы Тұзбен 

ұстаға төрт аяғын бірдей е м ш е к т а ғ а 



м е н тағалатып алды (З. Ақышев, Ақбел, 

161). Кеше ғана соғылған е м ш е к т а ғ а 

сүрі қарға кірш-кірш кіріп бұлар тағы жүрді 

(Жұлдыз, 1972, 3, 168).



Емшек  төс.  Бір  жағы  шығыңқы 

(сүйірлеу) шойын төс. Əкемнің өзі жасап 

алған  шағын  е  м  ш  е  к  т  ө  с  і,  балғасы, 

кемпірауызы  бар  (Ə.  Қалдыбаев,  Таңд. 

шығ., 3, 140).



ЕМШЕМ:  Емшем  құрыды.  с  ө  й  л. 

Емешегі  құрыды.  Өзіңнен  менің  нем  бар 

жасырғандай? Білерсің жасық не зат, асыл 

қандай!  Мен  тұңғыш  өлең  жаздым  осы 

тілде, Бір қызға е м ш е м  қ ұ р ы п, есім 

қалмай (Қаз. əдеб., 30. 08. 1974, 2).

ЕМІЗІКТЕТ  Емізікте  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Сабасын е м і з і к 

т е т і п апам отыр (М. Сқақбаев, Қырық 

қыз, 123).



ЕМІЗІКТЕТУ  Емізіктет  етістігінің 

қимыл атауы.

ЕМІЗІКТЕТІЛ Емізіктет етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Əр үйге е м і з і к

т е т і л г е н саба-саба қымыз енгізіледі 

(Х. Арғынбаев, Қаз. халқы., 209). 



ЕМІЗІКТЕТІЛУ  Емізіктетіл  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ЕМІНІС  Емін  етістігінен  жасал-

ған ортақ етіс. Е м і н і с і п тоймайтын 

Бір  ерекше  дəмі  бар  (Қ.  Əбдіқадыров, 

Өлеңд., 209).

ЕМІНІСУ  Емініс  етістігінің  қимыл 

атауы.

ЕМІСТЕП ү с т. Еміс-еміс, əзер-мəзер, 

шала-пұла.  Қазіргі  е  м  і  с  т  е  п  жеткен 

дақпырттарға  қарағанда,  Торғай  жерінде 

көтеріліс туылған (Ғ. Білəл, Ғасырлық., 80).

ЕНАПАТ  с  ы  н.  Қыруар,  мол.  Адам-

дар  сол  табиғаттағы  е  н  а  п  а  т  тіршілік 

етушілердің  бірі.  Айырмашылығы 

саналылығында ғана (А. Мекебаев, Аңызақ, 

156). Көктем хабары келді бар ғой, сонша-

ма е н а п а т қардың бір жетінің ішінде 

қалайша ап-сап бола қалатынына ақылың 

жетпейді (Ө. Қанахин, Өз ақылымен, 5).



ЕНЕ:  Ене  көкірек.  Азық,  тамақ, 

қорек. – Бала-шағаның е н е  к ө к і р е к

қып  отырғаны – жалғыз  сиырдың  сүті

(Қ. Жұмаділов, Атамекен, 153).

Енеңді  ұрайын.  Біреудің  енесін 

боқтаған боқтық сөз. – Сөзіңе болайын,

е н е ң д і  ұ р а й ы н шірік, – деп кеңкілдей 

күлді  (Қ.  Жұмаділов,  Қаздар  қайт., 76). – 

Ендеше Құлмырзаның е н е с і н  ұ р д ы м 

деп, кемпірін оң тізесінен басып қойды (Ж. 

Түменбаев, Қардағы ізд., 123).



ЕНЕЛІ с ы н. Енесі бар төл, енесімен 

бірге.  Зулады  уақыт  ойлап  кеп,  Өріске 

шықты тайлақ боп, Е н е л і бота етжеңді 

Жүрсе, бұл əлі маймақ боп (Қаз. əдеб., 15. 

02. 1974, 4).



ЕНШІБАС з а т. э т н. Жеке отау бо-

лып  шыққан  жас  отау  иесінің  өз  қалауы 

бойынша  таңдап  алған  малы.  Мал  ара-

сынан е н ш і б а с деп тұқымы өсімтал, 

түр-түсі  ерекше,  сымбаты  келіскен  бір 

малды  (əдетте  жылқыны)  таңдайды  (Қаз. 

этнография., 2, 54). 

ЕНШІЛЕТ   Еншіл е   етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Дарқан  дала  мен 

дарақты тірлікті е н ш і л е т к е н табиғаттың 

құдіретті күші (Т. Жұртбаев, Жер-бесік, 37).

ЕНШІЛЕТУ  Еншілет  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЕҢБЕК

1

:  Еңбек  келісімі.  р  е  с  м  и. 

Жұмыс  беруші  мен  жұмысқа  тұрушы 


173

Байынқол Қалиев

арасында жасалған келісімшарт. Е ң б е к 

к е л і с і м і н д е төленетін еңбекақы көлемі 

көрсетіледі (Қ. Қадыржанов, Іс қағаз., 79).



Еңбек  өтілі.  ж  а  ң  а.  Еңбек  еткен 

жылдарының жиынтық саны (Бекіт. тер-

мин., 30).



Еңбек сауды. Еңбек етіп, тіршілік етті; 

еңбегімен күн көрді. Төремұраттың топшы-

лауынша, асып-тасып жатпағандарымен е ң 



б е к  с а у ғ а н біртоға қоңыр үй (Ө. Ахмет, 

Қарқаралы., 10).



Еңбек  сауған.  Еңбек  еткен,  еңбекпен 

күн  көрген.  Жаңылдың  əке-шеше сі 

Жазықбай  мен  Күлғайша  өзі  сияқты 

құдай деген, е ң б е к  с а у ғ а н момын 

адамдар  екен  (Т.  Мəмесейіт,  Таудан., 98). 

Кешегі кеңестік кезеңде осы бір е ң б е к

с а у ғ а н қарапайым жандардың өзі табан 

ақы, маңдай терінің де рахатын сезінбей, 

кіріптарлық күй кешті (Ана тілі, 24-30. 09. 

2009, 9).



ЕҢБЕК

2

:  Еңбегі  қатты.  Сəбидің 

еңбегі  (төбесіндегі  былқылдап  тұрған 

жері) толық қатайды, бекіді. Е ң б е г і

қ а т п а ғ а н сəбидің басына жұқа матадан 

тігілген жеңіл баскиім, ал е ң б е г і  қ а т



қ  а  н  сəбиге  қалыңдау  баскиім  кигізеді

(Қаз. этнография., 2, 55).



ЕҢҒҰРМАСА ү с т. с ө й л. Тым болма-

са, ең құрығанда. – Колхоздың жұмысына 

шамаларың  келмесе,  е  ң  ғ  ұ  р  м  а  с  а 

балаң  мен  келініңнің  үш  мезгіл  шайын, 

ас-ауқатын дайындап отырыңдар (Ұ. Дос-

панбетов, Шығ., 4, 72).

ЕҢЕЗДІК з а т. ж е р г. Қолайсыздық, 

жетімсіздік.  Енді  орыс  ұлықтарына 

қарағалы, ел ішіндегі е ң е з д і к т і айтайын 

деп жетсек те, тіліміз жетпей, араға тілмаш 

саламыз (С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 111).



ЕҢКЕЙГЕНДІК  з  а  т.  Басын  төмен 

салғандық,  иілгендік.  Кейбіреулері 

шұңқырлау  жерге  тырмыса  е  ң  к  е  й  г  е 



н  д  і  к  т  е  н  алдыңғы  аяқтары  дірілдеп, 

денесін  зорға  көтеріп  тұрған  сияқты

(Р. Райымқұлов, Жапанда., 190).

ЕҢКЕЙТПЕ з а т. с ө й л. Қалқайтпа. 

Төрт  ауызды,  асты-үсті  түгел  тақтайдан 

жасалған, алдында е ң к е й т п е с і бар үй 

көрінеді (Э. Төреханов, Таудан түс., 209).



ЕҢКЕУЛІК з а т. Еңіс жер, ойпаң жер. 

Төскейінде  теңіз  мөлтілдеп,  теріскейінде 

жұқалаң шағыл жолақтар иірімделген бұл 

е ң к е у л і к сонау бабалар заманынан бері 

Ақшұқыр аталып келеді (Қаз. əдеб., 08. 04, 

1977, 1).

ЕҢКІЛДЕС  Еңкілде  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Екеуі де е ң к і л д е 

с і п алды (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 37).

ЕҢКІЛДЕСУ  Еңкілдес  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЕҢКІЛДЕТУ  Еңкілдет  етістігінің 

қимыл  атауы.  Қос  жануар  сар  желіске 

салып, е ң к і л д е т у м е н келеді (Асқар 

Алтай, Қызыл бөлтірік, 26).

ЕҢКІШТЕНУ  Еңкіштен  етістігінің 

қимыл атауы. Өмірінің соңғы кезінде аздап 

е ң к і ш т е н у байқалды (Қаз. əдеб., 28. 

02. 1975, 4).



ЕҢЛІК  з  а  т.  з  о  о  л.  Еліктің  баласы 

(төлі). Жақындап саған келдік, Елік бала-

сы – е ң л і к (А. Құралұлы, Ұлттық., 1, 70). 



ЕҢСЕ з а т. а н а т. Адамның желкесі 

мен жауырын арасы (Ана тілі, 24. 01. 2002).

ЕҢСУ Еңсі етістігінің қимыл атауы. 

Əнеки,  кең  шатқалды  кернеген  су,  Түнде 

ұйқы,  күндіз  маза  бермеген  су.  Атылды 

құрыш құбыр қос өзектен, Өзеннің арна-

сына өрден е ң с у (Ж. Молдағалиев, Шығ., 

2, 347). 



ЕҢСІ е т. Еңіске қарай жүру, еңістеу.

ЕҢІРЕ  е  т.  Зымырау,  заулау.  Əкейдің 

лашын деп тұрған құсы лақтырған тастай 

боп е ң і р е п келген күйі үйрекке сақ ете 

қалды (А. Сейдімбеков, Тауға біткен., 38).



ЕҢІРЕП ү с т. ж е р г. Тұтастай, тегіс, 

сіресіп. Артына бірер күн салғасын сыпыра 

жағалау е ң і р е п қатып, көкше мұз көз 

ұшына асып кетті (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 

13).  Одан  гөрі  анадай  жердегі  е  ң  і  р  е  п 

қатып жатқан сіре мұзға таңырқай қарасады 

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 5).



ЕҢІРЕУ  Еңіре  етістігінің  қимыл 

атауы. – Ойбай-ай,  е  ң  і  р  е  у  і  н-а  й!

–  деген  Жəкеңнің  даусы  ерекше  естілді

(А. Сейдімбеков, Тауға біткен, 53). 

ЕПСЕКТІЛЕУ  с  ы  н.  Ептіл еу, 

ыңғайлылау, икемділеу. Ерғали мұның өзіне 

қарағанда  қалың  пұшпақтылау,  шаруаға



е п с е к т і л е у (Э. Төреханов, Алматыда., 

261). Ауыл балалары қанша дегенмен қала 

балаларындай  емес,  колхоз  жұмысына

е п с е к т і л е у келеді ғой (Қазақст. пион., 

29. 11. 1972, 4).



ЕПСЕКТІЛІК з а т. Ептілік, икемділік, 

ыңғайлылық. Өйткені бұл бала кездерінен 

бұғып жүріп, булығып жүріп, е п с е к т і



174

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

л і к п е н бетке шықты емес пе?! (Э.Төреханов,

 Алматыда, 379). Соның бəрі Серіктің е п с е 



к т і л і г і (Э. Төреханов, Таудан түс., 254).

ЕПТІЛЕУ  с  ы  н.  Ептірек,  икемділеу. 

Бөлмелерді  қолы  е  п  т  і  л  е  у  біреуге 

ақтатқан  екен,  бір  түстілеу  шыққан  (М. 

Қаназов, Арна, 6).



ЕР: Ер қосты... Ер жеткен соң Ақат үй 

ағашын  сырлап,  етік  тігіп,  кəсіп  қылды. 

Бері келгенде е р  қ о с а т ы н болды (Қаз. 

əдеб., 23. 12. 1988, 11).



Ер шабу. Шабу арқылы дөңбек ағаштан 

ер жасау. Ол – жас шағынан ағаштан е р ш 

а б у, домбыра жасаумен аты шыққан шебер 

(Ə. Тəжімұратов, Шебер., 84).



ЕРАПАТ з а т. с ө й л. Алапат, керемет. 

Павлов ғаламат қаһармандығыңыз жайлы 

звондаған.  Ерлігіңіз  е  р  а  п  а  т  көрінеді 

(Жалын, 1974, №1, 71).



ЕРАТ з а т. к ө н е. Арнаулы əскери топ

Ол  өзінің  бүкіл  əлемді  жаулап  алам  деп 

жинаған жаужүрек е р а т ы н да осы ажал-

мен қорқытып ұстаған жоқ па? (І. Есенбер-

лин,  Алмас., 10). Сарыбұлақ  басындағы 

екі  ауыл  екі  е  р  а  т  елдей  жіктеніп, 

бүгінде бір-біріне тура қарауды қойған еді

(Қ. Сəрсекеев, Қызыл жалау, 2, 168).



ЕРБЕГЕЙ с ы н. Ербеңдеген, ербиген, 

селтиген; көзге оғаш көрініп тұрған. Қара 

ешкінің  мүйізі  Е  р  б  е  г  е  й  де  сербегей. 

Саған  келген  пəлекет  Өзен-суды  өрлегей 

(Қ. Толыбаев, Бабадан., 93).



ЕРГЕЖЕЙЛЕН е т. Аласару, кішірею. 

Аласа адырлар е р г е ж е й л е н і п, қозы 

көш  оза  баспалдақтанып  биіктей  беретін 

(Повест. мен əңгім., 146).



Е Р Г Е Ж Е Й Л Е Н У   Е р г е ж е й л е н 

етістігінің қимыл атауы. 

ЕРГЕК з а т. Матаның бір түрі. – Мен 

е  р  г  е  к  көйлектің  бірнешеуін,  күдері 

шалбардың екеуін қатарынан тігіп берейін 

(М. Мағауин, Аласапыран, 37). Үстіне екі 

бойлығы  көк  ала  өрнектен  көрінбейтін 

қызыл е р г е к шалбар (Бұл да, 50).

ЕРГЕНЕКСІЗ  с  ы  н.  Ергенегі  жоқ, 

ергенегі  жабылмаған.  Е  р  г  е  н  е  к  с  і 

з,  жақтаусыз  болады  есік,  Ортақ  ішер 

тамағын ит пен күшік. Қазанының қақпағы 

жыртық келіп, Құманының қақпағы болар 

тесік (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 4, 96).



ЕРГҮДІК  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Əңгүдік, 

алаңғасар. Батыр, аңқау, е р г ү д і к жылқышы 

Омардың  басына  түскен  ауыртпалыққа 

қабырғасы қайысып, пенделік ізетпен жаны 

ашығандай (О. Бөкеев, Өз отыңды., 146).



ЕРҒАРА  з  а  т.  Қартайған,  ешкімге 

септігі жоқ, қалқиған ер адам. «Үйлері» 

дегенде,  енемізді  айтам.  Əйтпесе  атамыз 

құр е р ғ а р а екен. Үйде ештеңеге арала-

спайды  (Б.  Аманшин,  Гүл  көтерген, 81). 

Кешегі күні атанның жүгін арқасына артсаң 

мыңқ демейтін Шалонбайыңыз бұл күнде 

мына  кішкентайларға  е  р  ғ  а  р  а  болып 

қалды (Лен. жас, 30. 12. 1983, 4).



ЕРҒАШТЫ  с  ы  н.  Əбден  қажыған, 

мезі  болған  (ат,  адам).  ≈  Аттарымыздың 

да, адамдарымыздың да көбі е р ғ а ш т ы. 



ЕРҒАШТЫЛАН  е  т.  Ерғашты  болу; 

қажу,  шаршау.  Қойға  көп  мінілгеннен  е 

р ғ а ш т ы л а н ғ а н қағыр аты отардың 

алдына  шыға  алар  емес  (Қ.Тоқмырзин, 

Оқшау отау, 57).

ЕРҒАШТЫЛАНУ   Ерғаштыл ан 

етістігінің қимыл атауы.

ЕРҒАШТЫЛЫҚ  з  а  т.  Ерғашты 

болғандық, қажығандық. Байырғы нəсібі-

не тиісі жоқ жəйттерге келгенде де ол е р 



ғ а ш т ы л ы қ көрсетпей көзім қанттады 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 125).



ЕРЕЖЕП з а т. а р. ж е р г. Үш күндік 

ораза (А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 547).

ЕРЕЖЕП:  Ережеп  айы.  а  р.  к  ө  н  е. 

Ақпан.  Сөйтіп,  хижраның 804-і,  е  р  е  ж 

е  п  айында  (яғни, 1401 жылы  ақпанда) 

Əзірбайжаннан  Қайсарға  қарай  жорыққа 

аттандым (Алматы ақшамы, 07. 09. 1990, 3).

ЕРЕН  з  а  т.  б  о  т.  Шарын  өзенінің 

аңғарында  өсетін,  биіктігі 20-25 м-дей, 

геологиялық  заманнан  бері  сақталған 

реликті,  темірдей  қатты  ағаш.  Өте 

баяу өседі, суда шірімейді (ясень). Шарын 

шатқалындағы өзен аңғарында геологиялық 

замандардан  сақталған  реликті  е  р  е  н 

ағашы  шағын  тоғай  болып  өседі  (Ана 

тілі, 03. 05. 2012, 11). Е  р  е  н  ағашының 

тоғайы  қазіргі  кезде  дүниежүзінің  екі-ақ 

аймағында  ғана  сақталған:  бірі – Шарын 

өзенінің  аңғарында,  екіншісі – Солтүстік 

Американың  «Гранд»  шатқа лында

(Р. Сəтімбеков, Класс time, 10. 04. 2013, 16).



ЕРЕНСІЗДЕН е т. Бейқам тарту, мəн 

бермеу. Жұмекен іштей бір сойқан болар-ақ 

деген,  бірақ  жуыр  маңда  жауласа  қоятын 

еш сыңай аңғартпаған соң, е р е н с і з д е

н і п ол жайлы ештеңе ойламайтын (Жалын, 

1969, №4, 110).



175

Байынқол Қалиев

ЕРЕНСІЗДЕНУ Еренсізден етістігінің 

қимыл атауы

ЕРЕНТҮП  с  ы  н.  Басты,  негізгі; 

маңызды, мəнді. Біз елдігімізді танытатын 

е р е н т ү п құжаттарымыздың өзін əуелі 

орысша жазып, содан соң қазақшалап жа-

тамыз (Ана тілі, 06. 11. 1997, 7).

ЕРЖЕҢДЕ е т. ж е р г. Едіреңде. ≈ Е р 

ж е ң д е п қалыпсың ғой, қарның тойына 

бастаған-ау деймін. 



ЕРЖЕҢДЕС  Ержеңде  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Өзге бір молшылық 

еліне  келгенін  енді  сезінгендей,  жұрттың 

еңсесі көтеріліп, е р ж е ң д е с і п қалды 

(Қ. Жұмаділов, Таңғ. дүние, 402).



ЕРЖЕҢДЕСУ  Ержеңдес  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЕРЖЕҢДЕУ  Ержеңде  етістігінің 

қимыл атауы.

ЕРКЕЙ е т. к ө н е. Ерлік көрсету. Е р 

е р к е й с е, ел сүйер (Базар жырау).

ЕРКЕЮ Еркей етістігінің қимыл ата-

уы. Е р к е ю – ерлік көрсету, ер жетіп, ер-

ліктің марқаюы (Соц. Қаз., 02. 04. 1991, 4). 



ЕРКЕК:  Еркек  жүз.  Тарақтың  сирек 

жүзі. Осы тəрізді диірменнің астыңғы та-

сын ұрғашы тас, үстіңгісін еркек тас, өрмек-

тің астыңғы жібін ұрғашы жіп, үстіңгісін 

еркек жіп деп, тарақтың жиі жүзін ұрғашы 

жүз,  сирегін  е  р  к  е  к    ж  ү  з  деп  атайды 

(Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22. 06. 1984, 14). 



Еркек жүзді. Еркек пішіндес (Т.Ахтанов, 

Қаһарлы күн., 65).



Еркек  жүн.  Күзем  жүннің  түбіті 

аз,  қылшығы  молырақ  болып  келеді. 

Сондықтан оны еркек жүн деп атайды.

Еркек  қалып.  Қалыптың  үстіңгі

беті. Қалыптың үстіңгісін шеберлер е р к е к

қ а л ы п деп атайды (Д. Шоқпарұлы: Қаз. 

əдеб., 22. 06. 1984, 14).



Еркек тас... Қолдиірменнің үстіңгі е р 

к е к  т а с ы н ы ң бір шетінен ағаш тұтқа 

орнатып,  дəн  тарту  үшін  оны  оң  қолмен 

ұстап, сағат тіліне кері айналдырады (Қаз. 

этнография., 2, 77). Осы  тəрізді  диірмен-

нің астыңғы тасын ұрғашы тас, үстіңгісін 

е р к е к  т а с, өрмекшінің астыңғы жібін 

ұрғашы  жіп,  үстіңгісін  еркек  жіп  деп, 

тарақтың  жиі  жүзін  ұрғашы  жүз,  сирегін 

еркек жүз деп атайды (Д. Шоқпарұлы: Қаз. 

əдеб. 22. 06.1984, 14).

ЕРКЕКЖАНДЫ с ы н. Еркекті жақсы 

көретін, еркектерді ұнататын (əйел). Əрі 

осы құрғырдың бет боясы жаман, тегінде



е р к е к ж а н д ы болар – деді екіншісі 

(Лен. жас, 14. 04. 1973, 3).



ЕРКЕКЖЕТІМ  з  а  т.  э  т  н.  Қыз 

қалыңмалына қоса берілетін құл. Мəселен, 

деректерде қалыңмал есебінде «басжақсы» 

деп  берілетін  бес  түйеге  қосып  бір 

«қызжетім» (күң),  ал  «аяқжақсы»  деп 

беретін үш түйеге қоса бір «е р к е к ж е 

т і м» (құл) беретіндігі туралы баяндалған 

(Х. Арғынбаев, Қаз. халқы., 235).



ЕРКЕКҚОС з а т. Өңкей еркектерден 

құралған  қос  (топ). – Қасындағысы  əйел 

ме? Құдай ұрды десеңші! Е р к е к қ о с боп

емін-еркін  отыратын! (Қ.Ысқақов,  Қара-

орман, 202). Е р к е к қ о с үйдің іші астан-

ке с т е ң і   ш ы ғ ы п   ы б ы р с ы п   ке т і п т і 

(Д.Досжанов, Жолбарыс, 184).



ЕРКЕКСІЗ  с  ы  н.  Еркек  болмаса,  ер-

кек жоқ жерде. Е р к е к с і з үй өсекке 

көп  таңылғыш  келеді  (Б.Дəулетбаев, 

Сүмбілшаш, 65).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет