ЕТІКШЕШЕР з а т. э т н. Күйеу
жігіттің етігін шешкені үшін алына-
тын кəде. Қатындар қалыңдықты ортаға
алып, шымылдыққұрар, қолұстатар, шаш-
сипатар, төсексалар, е т і к ш е ш е р,
іргетебер, көрпеқимылдатар кəделерін
бөлісті (Ж.Аймауытов, Шығ., 387).
ЕТІКШІ з а т. з о о л. Басы үлкен,
ұзын мұртты, ірі қоңыз. Міне, жол бой-
ымен жай басып, жалпақ алып е т і к ш і
келеді. Бұл өзі осындай асықпайтын қоңыз
(Қ. Қараманұлы, Қайраң өткел, 31). Оған
кішкентай қара қоңыз қарсы жолықты. Ол
е т і к ш і н і ң ұзын мұртын көріп тайсақ-
тап тайқи берді (Бұл да, 32).
ЕТІСТІКТЕН е т. Есім сөздердің
етістікке айналуы. ≈ Есім сөздердің көбі
е т і с т і к т е н е алады.
180
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Е Т І С Т І К Т Е Н Д І Р Е т і с т і к т е н
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
Олардың өзара айырмашылығы есімдерді
етістікке айналдыратын (е т і с т і к т е н
д і р е т і н) көмекші етістіктердің сипат-
тарына байланысты болады (А. Ысқақов,
Қазіргі қаз. тілі, 133).
ЕТІСТІКТЕНДІРУ Етістіктендір
етістігінің қимыл атауы.
Е Т І С Т І К Т Е Н У Е т і с т і к т е н
етістігінің қимыл атауы.
ЕУРАЗИЯШЫЛ с ы н. Еуропа мен
А з и я ө р ке н и е т і н і ң т ұ т а с т ы ғ ы н
жақтаушы адам. Əйгілі орыс е у р а з и я
ш ы л тарихшы-ғалымы Лев Гумилевтің
«пассионарлар теориясын» көзі ашық
жұртшылықтың бəрі біледі (Қаз. əдеб., 16.
08. 2013, 6).
ЕУРОПЕОИДТЫҚ с ы н. Еуро-
пеоид нəсіліне тəн, соған қатысты.
Марқұмның антропологиялық типі – анық
монголоидтық белгілері бар аралас е у р о
п е о и д т ы қ түрге жатады (Қ. Назырбаев,
Қотанқарағай, 23).
ЕФРЕЙТОРЛЫҚ с ы н. Ефрейторға
тəн, соған қатысты. – Бұдан не таптың,
егер тəртіп сақтап жүрсең, көп ұзамай е ф
р е й т о р л ы қ шенге де ие болған болар
ең (Лен. жас, 09. 04. 1974, 4).
ЕХИДНА з а т. з о о л. Австрали-
яда кездесетін, денесін кірпі сияқты
тікен (ине) жапқан жануар. Е х и д н а
күшті тырнағымен термиттер ұясының
қабырғасын бұзып, жəндіктерді ұзын,
жабысқақ тілімен ұстайды (Тірі табиғат, 65).
Е х и д н а – тікенекті кірпіге ұқсайды. Бірақ
бұл жұмыртқа салушы ғажап сүтқоректі,
үйректұмсық тұқымдасына жатады (Қызыл
құмдар., 32-33).
ЕХРАМ з а т. а р. Қажылардың Меккеге
барғанда киетін шапаны.
ЕШКІ: Ешкі көзденді. Көзін алартты,
жақтырмай қарады. Ол е ш к і к ө з д е н е
қарап, үйден шыға жөнелді (Ə. Əбішев,
Замана перз., 16).
Е ш к і қ ұ й р ы қ с а қ а л . Е ш к і н і ң
құйрығындай селтиіп қалған сұйық сақал.
– Ау, əйелін ұрмайтын адам бола ма? – деп,
жұртқа естірте сөйлеген Шəріп е ш к і
қ ұ й р ы қ с а қ а л ы н тұтамдай берді
(С. Елубай, Ақ боз., 41).
Ешкі шөпшек . Ешкінің шөпті
шөпшеңдеп жеуі. Осы сияқты басқа
малдардың да шөпті қалай жейтінін
білдіретін мынадай сөз тіркестері ту-
ған: жылқы тістеуік, сиыр жұлма, қой іс-
кек, е ш к і ш ө п ш е к (Балдырған, 1971,
№9, 18).
ЕШКІЕМЕРШЕ ү с т. Ешкіемер
секілді, ешкіемер тəрізді. Сөйтіп жүріп
сенің еңбектеріңді өзі е ш к і е м е р ш е
еміп келген де сол (Қ. Мұханбетқалиев,
Қайдасың сен., 179).
ЕШКІМЕК з а т. Ешкінің асығы.
Арқардың асығын – құлжа, киік асығын –
шүкейт, ешкінікі – е ш к і м е к деп аталады
(Қаз. этнография., 1, 229). Мұрты кеткен
қуақы кеней мен бүйірі кемірілген кішкене
е ш к і м е к т е р д і ұстағанда көңілің тола
үйге жеткенше не тең келген еді? (Қ.Қазиев,
Иманжапырақ, 98).
ЕШКІМҮЙІЗ з а т. а с т р. Зодиактың
он екі шоқжұлдыздың бірі (козерог). Е ш к
і м ү й і з шоқжұлдызы желтоқсан айына
сəйкес келеді (М. Арын, Бес анық, 123).
Е ш к і м ү й і з аспанның оңтүстік жар-
ты шарында орналасқан. Ол жазда жəне
күзде көрінеді (ҚСЭ, 4, 207). Айдың [ян-
варь] екінші жартысында қызыл іңірде
Е ш к і м ү й і з шоқжұлдызынан Меркурийді
көруге болады (Қазақ календары, 04. 01.
1975).
ЕШКІШЕК
1
... Енді бір тұстан е ш к і
ш е к маңырап, елік əупілдеді (Ə. Асқаров,
Таңд., 263). «Е ш к і ш е к» – тауда өмір
сүретін кішкентай құс. «Е ш к і ш е к» деп
аталу себебі, кəдімгі ешкі секілді «мə-ə-
мə» деген дыбыс шығарады. Оны өзім
«Жартыбай» деген жерден көрдім (Қазақст.
пионері, 17. 03. 1971, 2).
ЕШКІШЕК
2
з а т. з о о л. Құмды
топырақта тіршілік ететін құрт.
Құмдауыт топырақтың ішінен е ш к і -
ш е к т і тауып алып, күс-күс табанға
жағып, қолдан келген «ырым-жырым-
ның» парызын түсіргенбіз (К. Сегізбаев,
Жылдың ең қысқа., 46). «Е ш к і ш е к т і
табанға жақса, адам жүйрік болады екен»,
– дегенді де шығарып жүрген Ештай (Бұл
да).
ЕШКІШІ з а т. Ешкі бағатын адам.
Е ш к і ш і кедей бұл екеуін жаны қалмай
күтті (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 272). –
Жолдастың сөзін жерге қалай тастайсың,
– дейді, е ш к і ш і шал Серəлі (Б. Шаханов,
Ғашықтың тілі, 24).
181
Байынқол Қалиев
ЖАБА
1
: Жаба аққу. Аққудың бір түрі.
Анда-санда тынық су бетіне барлық құстың
қиқуын ж а б а а қ қ у д ы ң сырнайдай
созылған дауысы естіледі (І. Есенберлин,
Шығ. жин., 1, 65).
ЖАБА
2
: Жаба тоқу. Тоқым аттың
арқасын түгел жауып тұратын ерттеу
тəсілі. Аттың қыр арқасы түгел жауыр
болып, ж а б а т о қ у ғ а келмей қалады.
Сондай кезде екі ішпекті ортасын қабаттап
ердің екі қапталына бекітеді. Аттың қыр
арқасын ашық қалдырады. Осы амалдың
аты – желқом (Ж. Бабалықұлы, Ер қанаты,
263).
ЖАБАҒЫ: Жабағы бұлт. Ұйысқан,
қалың бұлт. Түс ауа аспанда күздің ж а б
а ғ ы б ұ л т ы тұтасып, күн көзі жоғалды
(Жұлдыз, №1, 1972, 128).
Жабағы жүнденді. Ұйысу, тұтасу,
алба-жұлба болу. Суық сұр бұлт ж а б
а ғ ы ж ү н д е н і п, аспанның сұрқын
қашырып, салбырап-салбырап тұрған еді-
ау (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 65).
ЖАБАЙ з а т. ж е р г. Қара мал (сиыр)
асығы; томпай. Ж а б а й қорғасын
құйылмаса да тігулі тұрған асықты ұшырып
түсіретіндей салмақты болып келеді (Қаз.
этнография., 2, 131).
ЖАБАЙЫ: Жабайы алма. Алманың
жабайы өсетін түрі. Теңіз деңгейінен
1500-3000 метр биіктікте мəңгі көгеріп сұлу
шыршалар, онан төмен ж а б а й ы а л м а,
өрік өседі (Білім жəне еңбек, 1968, №6, 10).
Жабайы жылқы. Қолға үйретілмеген
тағы жылқы. Қазақ жерінде ерте заманда
жосып жүретін ж а б а й ы ж ы л қ ы л а р:
тарпан, құлан тағы басқаларды бұл күндері
зоопаркте ғана көреміз (Қаз. əдеб., 23. 10.
1970, 2).
Жабайы түйе. Қолға үйретілмеген
тағы түйе. Мəселен қазақ даласының төл
тағысы болған ж а б а й ы т ү й е мен
жабайы сиыр (тур), камшат (бобр), құлан,
тарпан (жабайы жылқы) секілді аңдарды
бұл күндері зоопарктен ғана көреміз (Лен.
жас, 20. 09. 1972, 4).
Жабайы сиыр. Қолға үйретілмеген
тағы сиыр; тур.
ЖАБАЛ ү с т. ж е р г. Жаппай. Əлде неге
ж а б а л жүгірісіп, шабалана үрген иттер
оқыс таласып қап жатыр (Қ. Мұқажанұлы,
Ортеке, 57). – Жалғыз барып мұны істедің,
ж а б а л барсаң қайтерімізді ойлайтын
шығар, миы бар болса, – деді (Бұл да, 127).
ЖАБАСАҚ: Жабасақ құс. з а т. з о о л.
Бөдене түстес, бірақ бөденеден құйрығы
ұзын, тау баурайын мекендейтін құс.
Ж а б а с а қ қ ұ с қауырсақ сияқты
шым астынан, ызалы-көгалды жерден
тұмсығымен шұбалшаң тартып жейді (Соц.
Қаз., 02. 04. 1991, 4).
ЖАБАСАЛМА з а т. к ө н е. Патша
үкіметі кезінде халықтан жиналатын
салықтардың бір түрі. Халықтан жинала-
тын рамат, ж а б а с а л м а, қара-шығын
сияқты түрлі алым-салықтан тұрмысын
түзеген кезде Қанапия ауылнайлықтан түсті
(С. Сауытбеков, Өртенген өлең, 29).
ЖАБЫ з а т. а у ы с. 1. Ауыр еңбектен
əбден қажыған, мойнын қамыт жара
қылған адам. – Ия, сөйтіп бір серпілме-
сек, əбден ж а б ы боп кеттік қой, түге
(Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 1, 68). 2. Тегі
нашар, тексіз адам. Жауыз бен қаскөй,
карерьист пен күншіл – дарынсыздан,
тоғышар – ж а б ы д а н, парықсыз дарақы
– кексізден (Қ. Ысқақов, Қараорман, 101).
Ж А Б Ы Қ : Жа б ы қ от ау. э т н .
Тоғызқұмалақтағы жұп санды құмалағы
бар отау. «Ж а б ы қ о т а у л а р» қашан
да қарсы жақтың қазанына түсіп кету
қаупінде тұрады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш
бесік., 4, 118).
Жабық тұқымды өсімдіктер. б о т.
Тұқымы аналық түйіннің ішінде тұратын
өсімдіктер. Ж а б ы қ т ұ қ ы м д ы ө с і
м д і к т е р – гүлді өсімдіктер (Биология,
215). Ж а б ы қ т ұ қ ы м д ы л а р – нағыз
жоғары сатыдағы өсімдіктер (Бұл да).
ЖАБЫҚБАУ з а т. Туырлықтың
жабықтарын айқастыра келіп, уық иініне
байлайтын бау. Ж а б ы қ б а у жіңішке
жіптен жасалады (Қаз. этнография., 1, 440).
ЖАБЫН з а т. б о т. Тұқымбаста-
маның сыртқы жұқа қабықшасы. Тұқым-
бастаманың ж а б ы н ы н а н тұқым қауызы
пайда болады (Ботаника, 110).
ЖАБЫСҚАҚ... Сіркеден биттің
дернəсілі – ж а б ы с қ а қ шығады. Ол
бірнеше рет түлеген соң ересек битке
айналады (Р. Сəтімбеков, Қызықты био-
логия, 90).
Ж
182
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЖАБЫСҚАҚТАН е т. Жабысқақ болу,
жабыса беру. Ернінің айналасы ж а б ы с қ
а қ т а н ы п тұрған соң шыдамай қолының
сыртымен сүртті (С. Үсенұлы. Елік., 94).
ЖАБЫСҚАҚТАНУ Жабысқақтан
етістігінің қимыл атауы.
ЖАҒАЛАҒЫШТА е т. Біреуді төңі-
ректеу, соны сағалау. Елғазы соңғы кезде
қалаға барғыштап, қалаға барған сайын
бастықтарды ж а ғ а л а ғ ы ш т а п жүрген
көрінеді (Ə. Тарази, Тасжарған, 308).
ЖАҒАЛАҒЫШТАУ Жағалағышта
етістігінің қимыл атауы.
ЖАҒАТ з а т. Маңғолмен туыстас
тайпалардың бірі. Бұлардың ішінде ой-
ратпен де ж а ғ а т п е н де, ноғаймен,
бұқармен де қайтпай шайқасқан бахадұрлар
аз емес-ті (М. Мағауин, Аласапыран, 9).
Ж а ғ а т т ы үйсін мен дулаттың өзі-ақ
талқандайды (Бұл да, 52).
ЖАҒАТ-МАҒҰЛ з а т. Жағат жəне
мағұл (маңғол) бірлестігі. Қазақ хандығына
қарасты ру, ұлыстардың шығыста қытай,
дүрбіт, ойрат, ж а ғ а т-м а ғ ұ л м е н,
солтүстікте – Көшім, батыста – ноғай
хандықтарымен тынымсыз қақтығыстары
Тəуекел ханға мүлде тосын ой салған еді
(Қаз. əдеб., 02. 04.1982,7).
ЖАҒАТСУ Жағатсы етістігінің
қимыл атауы.
ЖАҒАТСЫ е т. ж е р г. Жақсы көріну,
жағымпаздану; жақындау. Ол əйел маған
жалпаңдап, ж а ғ а т с и бастады (Т.
Əлқанұлы, Тірліктен., 93).
ЖАҒАТТА
1
е т. ж е р г. Қазбалап айту,
əйгілеу. Бұл отыз беске келгенше бас
құрап, отау тіге алмай жүрген сүр бойдақ
досымыздың сөз бастар осал тұсын ж а ғ
а т т а м а й-а қ қоялық дегендігіміз еді
(Қаз. əдеб., 16. 08. 1974, 4).
ЖАҒАТТА
2
е т. ж е р г. 1. Жағалау,
төңіректеу; ыңғайлану. Ал қазір қанын
соруға ж а ғ а т т а ғ а н көк бас сонаның
ызыңындай кісінің жынына тиеді (О.
Бөкеев, Мұзтау, 64). Кербұғы əлжуаз
тартқан əліне, боркеміктенген кəрілігіне
қарамай сүлініп, көп ж а ғ а т т а д ы
(Жұлдыз, 1972, №5, 119). 2. Жақын жүру,
ниеттес болу, жағу. Əуелі үлкеніңе ж
а ғ а т т а й біл, Ұзартып қысқа қолын
сабақтай біл, Қалсаң да өзің жалаңаш,
аштық халде, Қожаң үшін барыңды аямай
қыл (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 45).
ЖАҒАТТАУ Жағатта етістігінің
қимыл атауы.
ЖАҒДАН з а т. к ө н е. Түйе үстіне кісі
отыру үшін жасалған қоршау. Сексен түйе
қомға алған, Сексен түйе үстіне Алтынды
ж а ғ д а н орнаған. Асфаһани кілемдер
Жібектен гүлін торлаған (Нар заман., 345).
ЖАҒЫ з а т. к ө н е. Қалың көннен
жасалған сырт киім. Бастарындағы темір
дулығалар мен түйенің қап-қара көнінен
жасалған жылтырақ ж а ғ ы л а р күннің
нұрынан жалт-жұлт етеді (Ə. Кекілбаев,
Үркер, 136).
ЖАҒЫРАПИЯ з а т. «География»
сөзінің қазақша айтылуы. ≈ Бүгін ж а ғ ы
р а п и я сабағы болмай қалды.
ЖАҒЫРАПИЯЛАС з а т. Бір өңірдің
адамдары, жерлес. Оған қоса кейде бір
шығарманы талқылауға келген ақын-
жазушыларды қарасаң, ылғи «ж а ғ ы
р а п и я л а с т а р» болып шығады (Ғ.
Мүсірепов: Соц. Қаз., 04. 11. 1983, 3).
ЖАҒЫРАПИЯШЫЛДЫҚ з а т.
Жершілдік, туысшылдық. Мұнда да
коммунистік мораль, ар-ұят, əділдік қажет.
«Ж а ғ ы р а п и я ш ы л д ы қ т ы» тоқтату
шарт (Соц. Қаз., 04. 11. 1983, 3).
Ж А Ғ Ы С Т Ы Р У е т. а у ы с .
Жақындастыру, таныстыру. – Қызбен
ж а ғ ы с т ы р у ғ а жас əлі. Ол отау иесі
болғанша сен шыдай тұрасың (С. Мұқанов,
Мөлдір махаб., 155).
ЖАДАШЫ з а т. с ө й л. Жадылаушы.
Қазақы ортада абыздың функциясына ұқсас
міндеттерді бақсы, жырау, жауырыншы,
ж а д а ш ы атқара беретін болған (Қаз.
этнография., 1, 38).
ЖАДУАЛДАЙ с ы н. Жадуал сияқты,
жадуал тəрізді. Өз тегіңді ж а д у а л д а й
жаттап ал (Э. Төреханов, Таудан түс., 152).
ЖАДЫ
1
з а т. т е х н. Техникалық
құралдардың (ЭВМ, компьютер) енгізілген
ақпарататтарды сақтайтын блогі. Ж а д
ы н ы ң [память] міндеті процессорлардың
не істеу керектігін көрсететін программа-
ларды жəне процессор өңдейтін информа-
цияларды сақтау (Білім жəне еңбек, 1986,
№1, 7).
ЖАДЫ
2
з а т. Мал азықтық шөпті
турауға арналған кескіш құрал. Ж а д ы н
ы ң тұғыры қатарластырылып қойылған екі
төртбұрыш ағаштан тұрады. Ол екеуінің
арасы ж а д ы н ы ң пышаға еркін сиятын-
183
Байынқол Қалиев
дай орын қалдырылып, бір-біріне бекітіледі
(Қаз. этнография., 2, 143).
ЖАДЫБАСТАП ү с т. с ө й л. Жады-
лап. – Е, дігерлемей қайтсін! Өзі жас, өзі
сұлу келіншек ж а д ы б а с т а п қойған
соң (С. Сматаев: Жұлдыз, №6, 1972, 75).
ЖАДЫҒАТ з а т. ж а ң а. Ескерткіш.
Осы тұста ақ түске байланысты көп
ескерілмей жүрген бір тарихи ж а д ы
ғ а т т ы еске сала кететін (Ана тілі, 19.
09. 1991, 4).
Ж А Д Ы Н А М А з а т. Ұ м ы т п а с
үшін қағазға жазып қалдырған белгі.
Қазтерминком оны (памятка) ж а д ы н а м а
деп қабылдаған екен, көптің ойынан дөп
түсті (Ана тілі, 28. 02. 1991, 7).
ЖАДЫРА з а т. к ə с і б. Балық аулай-
тын аудың бір түрі. – Жігіттер, мұнда
сабын да, шылабыр да бар, - деп қайықтың
бөгеніне бір ұшы байланып ж а д ы р а с ы
суға сүйретілген шылабырды көрсетті
(С. Хайдаров, Теңіз самалы, 18).
ЖАДЫСЫЗ с ы н. Есіндегісін ұмыта
беретін, еске сақтау қабілеті жоқ (адам).
ЖАДЫСЫЗДЫҚ з а т. Ескерусіз
қалғандық, ұмытшақтық. «Апат – алты
ағайынды» дейді халық. Сол алты апаттың
бірі – ж а д ы с ы з д ы қ (Қаз. əдеб., 03.
03. 1989, 11).
ЖАДЫШЫ з а т. 1. Біреуді жады-
лаушы, басын дуалаушы, сыйқыршы. 2.
Жаңбыр жаудыра алатын адам. Қар,
нөсер, жауын жаудырып, найзағай түсірген
адамдар – ж а д ы ш ы, жайшы, жады-
герлер жайлы түркі халықтарының аңыз-
əңгімелерінде көп айтылады (Қаз. этно-
графия., 2, 144).
ЖАЗ: Жаз тоқсан. Жаздың үш айы. Ауа
райын бақылаушылар бір жылды төртке
бөліп, оны төрт тоқсан: көктем тоқсан,
ж а з т о қ с а н, күз тоқсан, қыс тоқсан
деп атаған (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік.,
1, 116).
ЖАЗБАША: Жазбаша пікір. Біреудің
еңбегіне жазбаша түрде берілген баға. Ол
академиктен ж а з б а ш а п і к і р алған
болатын (Соц. Қаз., 14. 02. 1980).
ЖАЗҒАНСУ Жазғансы етістігінің
қимыл атауы.
ЖАЗҒАНСЫ е т. Жазған болу, жазу
əрекетін істеу. Сосын ауаға сұқ саусағымен
əлдеқандай сандарды тез-тез ж а з ғ а н с ы
д ы (Қ. Омарұлы, Əке, 39).
ЖАЗҒЫРЫС Жазғыр етістігінен
жасалған ортақ етіс.
ЖАЗҒЫРЫСУ Жазғырыс етістігінің
қимыл атауы. Ауылдағы əйелдер «басыңа
көрінсін!», «қайдағы неме, қайдан кеп сіңіп
еді» десіп ж а з ғ ы р ы с у д а (Ж. Ахмади,
Айтұмар, 481).
ЖАЗҒЫШБЕК з а т. с ө й л. Газет-
журналдарға мақала жазатын адам, жур-
налшы д. м. – Сен өзі «ж а з ғ ы ш б е к т е
р д і ң» бірі емессің бе? – деді ол аузындағы
асын шайнаңдап жатып (Д. Бейсенбекұлы,
Əулиеағаш., 112).
ЖАЗДЫҚ: Жаздық алма. Жазда
пісетін алма сорты. – Қараөрік дейсіз...
ж а з д ы қ а л м а да жеуге кеп қалыпты
ғой, - деген дауыс шығып қалды (Ғ. Сланов,
Домбыра күйі., 11). Ж а з д ы қ а л м а н ы ң
неше түрлі сорттары жайқалып тұр (Агран.
анықта., 220).
Жаздық арпа. Жазда (көктемде)
егілетін арпа. Алматы облысының су-
армалы жерлерінде орта есеппен күздік
бидайдың əрбір гектарынан – 31, 5 цент-
нер, ж а з д ы қ а р п а д а н – 35 центнер,
жаздық бидайдан – 21, 7 центнер, сұлыдан
– 20 центнерден өнім алынған (Суармалы
егін., 82).
Жаздық бидай. Бидайдың ерте
көктемде себілетін сорты. – Елімізде ж
а з д ы қ б и д а й д ы ң жүз қырық түрі өсірі-
леді, - деп еді бір сөздің ретінде Бану,
бұған балалар таң қалды (М. Иманжанов,
Алғашқы, 147). Ж а з д ы қ б и д а й д ы
күзде себу – егісті қара күйеден құтқару-
дағы биологиялық əдіс (Ж. Жиембаев,
Дəнді дақыл., 79).
ЖАЗУ: Жазу машинасы. Қолдан
жазылған нəрселерді теретін машинка. Бір
кезде ж а з у м а ш и н к а с ы ақпараттық
техниканың сұлтаны болғаны белгілі (Б.
Омарұлы, 11-ші қаламұш, 151).
ЖАЗУЫНША ү с т. Жазуы бойынша,
жазуына қарағанда. Оның ж а з у ы н ш а
денсаулығы темірдей (Ш. Орынбаев,
Өмір., 32).
ЖАЗЫҚ: Жазық маңдай. п о э т. Кең,
тегіс, əдемі маңдай. Қара көз, қыйылған
қас, ж а з ы қ м а ң д а й, Алма бет, ақша
жүзі нұр тамғандай. Қыр мұрын, оймақ
ерін, меруерт тіс, Бейне мақпал қызыл
тіл шекер балдай (Қ. Аманжолов, Шығ.
жин., 167).
184
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Достарыңызбен бөлісу: |