ЕРКЕКТЕН е т. Пісіп, жетіліп, қатып
кету. Бидайықтай жайқалған қалың жуаны
аралады. Е р к е к т е н г е н д е р і н теріп
жеп емін-еркін ашырқанды (Т. Əлімқұлов,
Сырлы наз, 269).
ЕРКЕКТЕНУ Еркектен етістігінің
қимыл атауы.
ЕРКЕКШӨПТІ с ы н. Еркекшөп өскен,
еркекшөбі қалың. Өзен бойының сай-жы-
ралы кедір-бұдырлы ойпаттарын ғана құм
басқан. Өзге əлемнің бəрі бұрынғыдай
ағараңдаған тақыр, күңгірт сор, бұйыр-
ғынды, е р к е к ш ө п т і, жусанды түрсіз
дала (І. Есенберлин, Маңғыстау., 161).
Қарақұдық, Сеңгірбай сияқты қыстық
қонысымыз құмайтты, шөптері изенді, жу-
санды, е р к е к ш ө п т і болып араласқан
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1957, №2, 30).
ЕРКІНСІҢКІРЕ е т. Аздап еркінсу,
батылдану. Əрі-бері тілге келіп, бойым
үйренген соң е р к і н с і ң к і р е п кетсем
керек (Лен. жас, 22. 08. 1974, 4).
ЕРКІНСІҢКІРЕУ Еркінсіңкіре
етістігінің қимыл атауы.
ЕРЛЕТ Ерле етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Жалпы, əйел – еркекті е р л е
т е т і н, Қаратпай ер-жігіттің жерге бетін.
Əйел ғана батырды бақыр қылып, Тірідей
жерге көміп жерлететін (М. Ахмет-төре,
Ақ-қара, 69).
ЕРЛЕТУ Ерлет етістігінің қимыл атауы.
176
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЕРМАУЫТ з а т. к ө н е. Ер, батыр;
алпауыт. – Сонау Түркі қағанатының
тұсында алмауыт мінген е р м а у ы т т а
р ы м ы з емін-еркін жайлаған жерлер ғой
бұл (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 200). Темекі
шегіп отырып, өзін-өзі алмауыт мінген е р
м а у ы т т а й сезініп, қиял-ғажайыптарға
берілмек-ті (Бұл да, 19).
ЕРМЕНДІ с ы н. Ермені бар, ермен өскен
(жер). Е р м е н д і жерде ер өлмейтінін,
жалбызды жерде жан қалатынын ұрпаққа
жеткізіңдер, – деп өсиет етіпті (Қаз. əдеб.,
21. 04. 1976, 4). Қой күзде жаңа өрісте
болады. Шөбі шабылған жерге шыққан
көрпекөкке, аңызға, е р м е н д і, жусанды,
изенді жерге жайылады (Қазақст. ауыл
шаруаш., 1956, №7, 9).
ЕРНЕУЛЕ е т. Ернеу жасау, əдемілеу,
сəндеу. Саз құмыралар мен тастан, ағаштан,
сүйектен жасалған мүліктерді е р н е у л е п,
қырлап, бунақтап, қазмойындап əдемілеу
қажет болды (Қаз. əдеб., 15. 02. 1974, 4).
ЕРНЕУЛЕУ Ернеуле етістігінің қимыл
атауы.
ЕРНЕУЛЕН е т. Ернеу пайда болу,
жиектену. Жиектері тайқыланып барып
көтеріліп, е р н е у л е н і п тоқтайтын
жазаңның өсімдігі жұтаң (К. Ахметбеков,
Ақдала, 2, 196).
ЕРНЕУЛЕНУ Ернеулен етістігінің
қимыл атауы.
ЕРСЕК с ы н. к ө н е. Ер адамды тəуір
көретін, ержанды. Е р с е к ерге тимес,
желөкпе үйіне түнемес (Түбі бір түркі
тілі, 39).
ЕРСОҚТЫ з а т. Ат үстінде көп жүріп,
қалжыраған адам. Аттар отқа қойылып,
е р с о қ т ы болған жігіттер ас ішіп, күш
жинаған (К. Жүністегі, Едіге, 127). Е р с о
қ т ы болып жілігі жұқарып келе жатыр
(Д. Досжанов, Жолбарыс, 58).
ЕРСҮЙЕК з а т. к ə с і б. Құстың төс
сүйегінің төмен салбыраған үшкіл жерін
құсбегілер «е р с ү й е к» деп атайды
(Ж. Бабалықов.., Қырандар, 92).
ЕРСІ: Ерсі жіп. Өрмектің астылы-
үстілі, ерсілі-қарсылы етіп керілген
жіптерінің үстіңгі жіптері. Күзу жіпке
тек е р с і ж і п т е р ғана тізіледі (ҚСЭ,
9, 49).
ЕРТЕКҚҰМАР с ы н. Ертегіні
ұнататын, ертекке əуес. Болады қазақ
халқы е р т е к қ ұ м а р, Бос сөз жоқ жай-
ылып жұртқа шығар. Естігенін, білгенін
ертек қылып, Біреуінен біреуі ауызша ұғар
(Бабалар сөзі, 89, 247).
ЕРТӨЛЕ к ө н е. ə с к. Хабар жинаушы,
шолғыншы, барлаушы. Бұл қарауылдардан
бөтен əр қосынның, əр түменнің өзінің
е р т ө л е л е р і болған (І. Есенберлин,
Шығ. жин., 9, 367). – Менің е р т ө л е л е
р і м əкелген хабарлар бойынша Мұхамед-
Шайбани қазір Яссы шаһарын қоршап
алған көрінеді (І. Есенберлин, Алмас., 293).
ЕРУЛЕ е т. Көштің, жолға шыққан
жолаушының жолай тоқтап, түнемеге
аялдауы. Ауыл тұсына келіп е р у л е п
жатқан көшке, қалыптасқан салт бойынша
ерулік береді (Қаз. этнография., 2, 82).
ЕРШІМ з а т. э т н. Арқан есу үшін,
бір-біріне оратылып, ширатылатын үш
жіптің əрқайсысы.
ЕРШІМДЕ е т. Ершімдерді бір-біріне
орау, ширату. Əр жіпті жеке-жеке е р ш і м
д е п, үш жіпті арқан сияқты тартып қосады
(Ж. Бабалықұлы, Ер қанаты, 267).
ЕРШІМДЕУ Ершімде етістігінің
қимыл атауы.
ЕРІГУШІ з а т. Еріккен адам. Ол ермек
іздеген е р і г у ш і емес, əдебиеттің азабын
арқалап, асыл сөз теруші (Қаз. əдеб., 05.
09. 1975, 4).
ЕРІКСІЗДЕУ с ы н. Еркі аздау; толық
ерікті емес. Біреуі отырғысы келмесе де
араққа байыған еркектердің е р і к с і з д е
у і м е н қысыла-қысыла, қызара-қызара...
отырды (Ж. Тілепбергенов, Ізбасар, 107).
ЕРІМСУ Ерімсі етістігінің қимыл
атауы.
ЕРІМСІ е т. Ер болғансу, батырсу. –
Сен сияқты талай талай е р і м с і г е н д е р
«ал, мынаны ат!» деп алдына бандыны са-
лып берсең, қолы қалтырап, өлтіре алмай
əуре қылатын (С. Мұқанов, Мөлдір., 526).
ЕРІН: Ернінен емшек табы кетпеген.
Əлі жас, жап-жас. Əлі белі бекіп, буыны
қатая қоймаған, онжылдықты жаңа ғана
бітірген, əсірелеп айтса е р н і н е н е м ш
е к т а б ы к е т п е г е н кез еді-ау (Бал
дəурен, 99).
Еріндері сөз ұстамайды. Ауыздарында
сөз тұрмайды. Біздің кластағы балалардың
ауызы жеңіл, е р і н д е р і с ө з ұ с т а м а
й д ы (М. Мəжитов, Аманғали, 215).
Ерін дыбысы. л и н г в. Еріннің
қатысуымен, ерін арқылы жасалған ды-
177
Байынқол Қалиев
быс. Е р і н д ы б ы с т а р ы: о, ө, у, м, б, п
(Б. Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі, 29).
ЕРІНДІКТЕУ... Егер шəлкес асау үркек
болса, оны шідерлеу, мүмкін е р і н д е к т е у-
де, шұралау да артық емес (Ата салты., 95).
ЕРІНДІЛЕУ... Дəурен ша л кең
маңдайлы, қошқар тұмсықты, сəл-пəл е р
і н д і л е у, əнтек мұрындылау кісі еді-тін
(Ə. Байбол, Теміржол., 20).
ЕРІНШЕКТЕ е т. Еріну, еріншек тар-
ту. Шыжыған күннен жасқанды ма, əйтеуір
əлгінде біртүрлі е р і н ш е к т е г е н (Қ.
Ботбай, Егіз., 28).
ЕРІТТІР Еріт етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Бұдыры жоқ, бұлдыры көп сары
дала, жазғытұрым қар еріттіріп, күздігүні
су арттырып өткізеді (Қ. Мұқажанұлы,
Ортеке, 6).
ЕРІТТІРУ Еріттір етістігінің қимыл
атауы.
ЕС: Есі екеу, түсі төртеу болды. Не
істерін білмей, қатты қорқу, үрейлену.
Алтай елінің бүлінген хабары да дүңк-дүңк
естіліп, Іле қазағының одан сайын е с і е к е у,
т ү с і т ө р т е у б о л д ы (Т. Мəмесейіт,
Таңжарық, 2, 261).
Есін екеу, түсін төртеу қылды. Есін
алды, берекесін кетірді, есеңгіретті.
Қуаңшылық мыңғырған малы бар дəулетті
қазақтардың, күш-көлік көбіне қора-қора
ірі қара ұстайтын орыс кулактарының да
е с і н е к е у, т ү с і н т ө р т е у қ ы л д ы
(М. Сқақбаев, Қырық қыз, 136).
ЕСЕК: Есек аяң. Митыңдаған өнімсіз
жүріс. Өзін сол қоғамның белді мүшесімін
деп санайтын біздің геройымыз, қалай
дегенде де, баяғы е с е к а я ң м е н көш
соңында салпақтап жүре алмайды (Қ. Жи-
енбай, Даңқ., 40).
Есекке теріс мінгізді. Күнəлі адамды
жазалаудың ескілікті түрі. Мұны кейде
«көк есекке теріс мінгізді» деп те атайды.
Есек қақпай. «Ары жүр, бері жүр»
деп қақпайлау; өз еркінен айрылу. Əскерге
барып, құтылғандай болып едік, тағы да
е с е к қ а қ п а й ғ а тап болдық (Т. Алшын-
баев, Өткел, 65).
Есек пиғыл. Арам, қу, қара ниет.
– Қайсыбір есектер таяқ жеген адамын
ұмытпайды, – деп, ешкімнің ойында жоқ
бір күдіктің шетін шығарған. «Е с е к
п и ғ ы л» деген сөздің төркіні осында
(Ж. Ахмади, Айтұмар, 9).
ЕСЕКАҒАШ з а т. Бойы жетпеген
жағдайда үстіне шығып, үй сылауға, шеге
қағуға арналған ағаш құрал. Е с е к а ғ а ш
т ы құрылыста жекелей немесе бірнеше-
уін қатарластырып қойып, үстіне тақтай
төсеп пайдалануға болады (Қаз. этногра-
фия., 2, 87).
ЕСЕКАРҚА з а т . Екі керегенің басын
түйістіріп, уақытша жасалған күрке.
Үйлерін тікпеген екен. Керегеден е с е к а р
қ а, күрке қалқитқан. Ерттеулі, қаңтарулы ат-
тар тұр (С. Елубай, Ақ боз., 103). Екеуінде де
үн жоқ. Екі кереге басын қосып жіберіп, лез-
де е с е к а р қ а күрке жасады (Бұл да, 116).
ЕСЕП з а т. а у ы с. с ө й л. Күнəлі, ай-
ыпты. – Алмаса қойсын, тоңса өзіне е с е п!
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 4).
ЕСЕПҚҰМАР с ы н. Есептеп жүретін,
есепшіл (адам). Бас орнында бас емес – бір
доп – түйін, Пенделер бар нəпсісіне жоқ
тиым. Өсекқұмар, е с е п қ ұ м а р қуларға,
Қайран уақыт, құның сенің көк тиын
(Қ.Мырзалиев: Қаз. əдеб., 06. 04. 1973, 2).
ЕСЕПШОТТЫҚ с ы н. с ө й л. Есеп-
шотпен жұмыс істейтін, бухгалтерлік.
– Менің шалыма е с е п ш о т т ы қ жұмыс
табыла қояр деймісің? (Э. Төреханов, Тау-
дан түс., 210).
ЕСКЕРІМСІЗДІК з а т. Еске ұста-
мағандық, ескермегендік, байқаусыздық.
Асыл бір нəрсем е с к е р і м с і з д і к т е н
қалып бара жатқандай жүрегім сыздайды
(А. Мекебаев, Алапат, 311).
ЕСТЕ е т. Еске алу, ескеру. Қырғыз
ағайындар «ескеріп», «еске алып» дегенді
«е с т е п» дейді. Мен осы сөзді «Естай-
Хорлан» дастанына енгізгенім бар (Қаз.
əдеб., 14. 11. 1975, 3).
ЕСТЕК з а т. Ақбас пен жусан
қосындысының қайнатпасынан алынған
ақсары түсті бояу. Е с т е к п е н алаша
тоқылатын иірілген жіпті, сырмақ сыратын
киізді бояйды (Қаз. этнография., 2, 91).
ЕСТЕМЕ з а т. ж е р г. Естелік. «Жорық
жолында есте қалған оқиғалар» атты
соғысқа қатысқан əскерлердің е с т е м е
л е р жинағында мынандай жолдар бар...
(Қалибек Хакім., 201).
ЕСТЕУ Есте етістігінің қимыл атауы.
ЕСІК: Есіктегі күлін төрге шаш-
ты. Берекесін алды; тас-талқан етті.
Бəйбішесі «Менің үстіме қатын ұстайын
деген екенсің, е с і к т е г і к ү л і ң д і
178
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
т ө р г е ш а ш а й ы н» деп шыр салыпты
(Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 16).
ЕСІК-САЛМА з а т . Қазақ үйдің
түсірілетін киіз есігі. Мұнда оның аяққап,
е с і к-с а л м а, терме, қадамыш секілді
қазақы үйдің сəн-салтанат бұйымдары
қойылған (Қаз. əдеб., 10. 10. 1980, 12).
ЕСІКСЫМАҚ з а т. Тозығы жеткен,
есік аты ғана бар есік. Сынған топсаның
ізін сыммен шанди салған қира-қира жа-
ман е с і к с ы м а қ т ы ң тұтқалығына қол
жүгіртіп еді, əрі қармалап іліктіре алмай
қойды (К. Ахметбеков, Қасірет, 1, 223).
ЕСІК-ТӨР: Есік-төр көру [көрсету].
э т н. Жаңадан құда болысқан екі тарап-
тың бір-бірін етене жақын танысып-
білісу ұшін бірін-бірі қонаққа шақырысу
жосыны. Е с і к-т ө р к ө р у үшін жігіт
жағының арнайы шақыруы бойынша қыз
жағынан 15-20 шақты адам келеді (Қаз.
этнография., 2, 99).
ЕСІЛ Ес етістігінен жасалған ырықсыз
етіс. Бұрын басқұр, желбау, шаңырақ жəне
уық баулары таза жүннен, жылқы қылы
қосылып е с і л е т і н де, көгі түйенің
мойын терісінің көнінен жасалатын (Ком-
мунизм жолы, 13. 03. 1970).
ЕСІМДЕ з а т. Тобық ойыны. Бұл ойын-
ды кей жерлерде «тобық», кей жерлерде
«е с і м д е » деп атайды (Ойын-сауық, 168).
ЕСІП: Есіп сабау. Жүн сабаудың бір
түрі. Сабаудың қос қолдап сабау, е с і п
с а б а у, көсіп сабау, көпіртіп сабау деген түр-
лері бар (С. Қасиманов, Қаз. қолөнері, 45).
ЕСІРЕЙ з а т. к ө н е. Қолға түскен
тұтқын. Мұны да тұрғызған сол орұсут
жерінен əкелінген е с і р е й шеберлер
(І. Есенберлин, Алтын орда, 1, 5). Сендер
е с і р е й етіп ұстап келе жатқан жұрттың
көбі қартайды, жұмысқа жарамайды (Бұл
да, 1, 90). Ханның жарлығы бойынша е с і
р е й кəпір Коломонның мұсылман дініндегі
қыпшақ қызы Құндызды қатын етіп алуды
ойлаған күнəсі үшін инақ етіп тартылсын
(Бұл да, 1, 117).
ЕСІРТКІШІ з а т. с ө й л. Есірткі
тұтынатын адам. «Ақша қайда десек,
қулардың, жанкешті е с і р т к і ш і л е р
д і ң қолында жүрген екен ғой», - деп ол
күбірледі (Жас қазақ, 02. 03. 2010, 19).
ЕСІРТКІҚҰМАР з ат. Есірткіні
ұнататын, соған тəуелді адам. Қазақстанда
е с і р т к і қ ұ м а р л а р д ы ң саны 15 %-ға
азайды, оның ішінде жасөспірімдер мен
əйелдер арасында да айтарлықтай кеміп
отыр (Айқын, 07. 02. 2012, 6).
ЕСІРТКІҚҰМАРЛЫҚ з а т . Есірткіні
ұнатушылық, есірткіге тəуелділік. ≈ Ол
е с і р т к і қ ұ м а р л ы қ т а н арыла
алмай-ақ қойды.
ЕТ з а т. э т н. 1. Қазақтың ең басты
ұлттық тағамы. ≈ « Е т асты, е т жеді» де-
ген қолданыстар бар. Еттің сорпасы болады.
Мұны «бесбармақ» деу ұят, санасыздық. 2.
Өрік, шабдал сияқты жемістердің жеуге
жарамды жұмсақ жері. ≈ Өріктің сүйегін
е т і н е н ажыратып, тосап қайнатты.
Ет арсалау. Соғымды сойып, етін
бұзып, тұздап алған соң, арсаға жайып,
кептіріп алу тəсілі (Қаз. этнография.,
2, 102).
Ет жасау. э т н. Тойда, аста қазаннан
түсірілген етті қонақтардың ыңғайына
қарай мүшелеп, табақтарға бөліп салу
шеберлігі. Бұл «табақ жасау» деп те
аталынады (Қаз. этнография., 2, 103).
Ас бергенде жол-жораға жүйрік, е т ж а
с а у ғ а шебер, қолы берекелі адамға ет
жасатады. Оны «ет жасаушы» деп атайды
(А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 89).
Ет қару. Пышақ, кездік, бəкі. Есік ашы-
лып, үйге сары əйел кірді. Əрқайсысы е т
қ а р у ы н іздеп жатыр (З. Ақышев, Жаяу., 34).
Ет тарту. э т н. Кəделі мүшелерді
табақтарға бөліп салып, қонақтардың
алдына қою (Қаз. этнография., 2, 110).
ЕТЕК... 2. а у ы с. Таудың етегіндегі
(жазықтағы) ауыл отырған жер, кеңшар
орталық д. м. Осы соңғы айдың ішінде
бір-ақ рет е т е к к е түстік (Ə. Асқаров,
Таңд., 194).
Етегіне жел тимеген. Күнəсіз, пəк, абы-
ройлы. – Енді сіз осында тұрасыз. Кешке
таман е т е г і н е ж е л т и м е г е н хор
қызын əкеп береміз (Д. Рамазан, Жылап
аққан., 40).
Етегіне отырғызбады. Маза бермейді,
тыным таптырмайды. Ал, қайсыбір ауыл
қашан мойындары астына келгенше е т е к
к е о т ы р ғ ы з б а й д ы (С. Жүнісов, Ақан
сері, 2, 172).
Етегіне сүрінген... Апама жездем сай.
Əйелі де е т е г і н е с ү р і н г е н еріншектің
бірі (Ə. Асқаров, Таңд., 366).
Етегін жиып алды. Шаруасын бітіріп
алды, тамамдады. Қар түскенше шаруа-
179
Байынқол Қалиев
ның е т е г і н ж и ы п а л м а қ боп жанта-
ласып жатыр (М. Сқақбаев, Қырық қыз, 10).
Етегін кесіп, елден қуу. Ел намысын
қорлап, досқа күлкі, дұшпанға таба қылған
адамды дүйім жұрт алдында екі етегін
кесіп алып, елден қуу дəстүрі. Дүйім жұрт
алдында əлгі адамның қылмыстарын
мойнына салып, е т е к т е р і н к е с і п,
е л д е н қ у а д ы. Бұл етегін кесіп, елден
қуу деп аталады (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 1, 138).
Етек бау. Туырлық етегі жел соққан
кезде желпілдеп тұрмас үшін оның ішкі
жағының əр жерінен тағылатын, кереге
аяғынан байлап қоятын жіңішке бау (Қаз.
этнография., 1, 440).
Етек тартары жоқ. Баласы жоқ. Сол
күнде жетпіс төртте бидің жасы, Қуантып
е т е к т а р т а р ж о қ баласы. Пұшпағы
қанамаған бəйбішенің, Қайғысыз күн
өткізер жоқ шарасы (И. Байзақов, Таңд.
шығ., 1, 25).
ЕТЕК-ЕТЕК з а т. э т н. Қазақтың
ұлттық ойындарының бір түрі. Біз
е т е к-е т е к, белбеу тастамақ, ақсүйек,
алтыбақан, соқыртеке, қолүзбек сияқты
ойындардың бірінен-біріне ауысып жа-
рым түнге дейін ойнаймыз (Н. Қазыбеков,
Тұсаукесер, 4).
ЕТЕКТАРТТЫ с ы н. Етектен тар-
татын, кесірін тигізетін (əрекет). Бірақ
соның көлеңкесінде жүрген е т е к т а р т
т ы кемшіліктердің көзін ашып, айта жүру
жетпей жататынын жаны сезеді (Лен. жас,
12. 02. 1976, 2).
ЕТЕКТІ з а т. э к с п р. Əйел адам. –
Жалпы ер кісінің е т е к т і г е жалпақтай
бергенінің несі жақсы дейсің, қайным
(Т.Иманбеков, Тұт ағашы., 49).
ЕТЕКТІГЕР. э т н. Құдалыққа келген
адамдар күні бойы ұйықтамай, тойдың
қызығын қызықтауы керек, егер ұйықтап
кетсе, астындағы немесе іргедегі киізге
етегін тігіп тастап, оны ояту салты (ой-
ыны). Құдалық салтта «табалдырық аттар»,
«құйрық-бауыр асату», «құда тарту», «суға
шомылдыру», «е т е к т і г е р» дегендер сияқ-
ты түрлі ырым-салттар мен ойындар жаса-
лады (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 42).
ЕТЖЕҢСІЗ с ы н. 1. Толық емес,
арықтау. 2. Дене бітімі жараспаған, ом-
бай-домбай. Кемпірдің бойы аласа, өзі е т
ж е ң с і з (Қаз. əдеб., 09. 04. 1973, 2).
ЕТКЕЛ с ы н. ж е р г. Етті келген,
борбиған. – Осынша көп кітаптың қажеті
қанша? – деп е т к е л ернін бүлк еткізді
(М.Сқақбаев, Ұят тур., 70). Оның барқыттай
былбыраған шашақты былғары тығынын
е т к е л саусағына қыса суырып, бір шөкім
көк жентекті барбиған алақанына баппен
үйді де, таңдай астына тастап жіберді
(Е.Тұрысов, Құралай жолы, 6).
ЕТКЕЛДЕУ с ы н. Еттілеу, борбиыңқы.
Сəл шығыңқы шықшыты, е т к е л д е у
ерні сом тұлғасына лайық, құп жарасқандай
екен (М. Сқақбаев, Ұят тур., 168).
ЕТРАТ з а т. к ө н е. Қатардағы əскер,
жауынгер. Ал əлдеқалай кіре қалған е т
р а т бұраңдап жатқан жолмен бекініс
ортасындағы шепке жеткенше, қыпшақтың
бір ер жігітінің жебесіне душар болатын
(І.Есенберлин, Алмас., 59).
ЕТТОҚПАҚ з а т. э т н. Етті ұрып,
жұмсартатын құрал. Музейге келушілер,
əсіресе, Абайдың өзі тұтынған күміс кесе, ке-
беже, е т т о қ п а қ, тегене, қобыз, шылап-
шын, ер, тағы басқа да осы сияқты заттарды
қызыға көреді (Қаз. əдеб., 21. 05. 1965, 3).
ЕТШОЛАН з а т. с ө й л. Етхана. Апа-
йым е т ш о л а н ғ а кіріп кетіп, бір табақ ет
алып шықты (Ж. Нəжімеденов, Ақ шағыл, 60).
ЕТІКБАС: Етікбас алабұға. з о о л.
Алабұғаның басы етіктің басындай бір
түрі. Саптама етігі күрпілдеген шал
еңкеңдеп үй алдына келді де, құйрығы жер
сызған бір-екі шорағай, ақтабан, е т і к б а с
а л а б ұ ғ а тізілген шыбығын шөпке тастай
берді (А. Нұрманов, Құланның ажалы, 104).
Достарыңызбен бөлісу: |