Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет46/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   168

ЖАНДАЛБАСАЛА  е  т.  Жанын  сақ-

тау үшін қандай да бір іс-əрекетке бару. ≈ 

Ж а н д а л б а с а л а п жүріп, ағынды судан 

əрең шықты.



ЖАНДАЛБАСАЛАУ  Жандалбасала 

етістігінің қимыл атауы.

ЖАНДАЛБАСАЛЫҚ  з  а  т.  Жандал-

баса еткендік, жанұшырғандық. «Мүмкін 

танымас» деп, ж а н д а л б а с а л ы қ п е 



н бетін теріс бұрды (Б. Тоғысбаев, От пен 

күл, 128).



ЖАНДАР з а т. к ө н е. Əміршінің жеке 

басының қауіпсіздігіне жауапты жасауыл; 

телохранитель.  Меңді-Жамал  аз  уақыт 

ішінде сарай төңірегіндегі жасауыл бегінен 



ж а н д а р ғ а дейінгі аралықтағы еркек 

атаулының  бəрінің  балағын  көріп  шықты 

(М. Мағауин, Аласапыран, 165).

ЖАНДАРЫМША  ү  с  т.  Жандарым 

сияқты,  жандарым  тəрізді  (Х.  Рахимов, 

Сеңгір сырлары, 176).



ЖАНДАС е т. Соғысу, алысу, арпалысу, 

жағаласу;  өліспей  беріспеу.  Боз  ағаштан 

биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан. 

Ел  құтқарар  ер  едім, – Ж  а  н  д  а  с  п  а  й 

ақыры бір тынбан (Үш ғас., 131).



ЖАНДАСУ Жандас етістігінің қимыл 

атауы. Алыстан жау табылмаса, жақынмен 

ж а н д а с у ғ а да əзір (М. Мағауин, Ала-

сапыран, 76).



ЖАНДЫ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Өмірде  бар, 

нақтылы, дəл. Еңбектің бақыт-байлық кіл-

ті  екендігін,  еңбексіз  тапқан  бақыт-бай-

лықтың баянсыз болатындығын ж а н д ы

мысал, нақты дəлелдермен көрсетіп, еңбек-

тің қыры мен сырын егжей-тегжейлі түсін-

дірді (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 13).



Жанды  дауыс.  ж  а  ң  а.  Таспаға 

жазылған дауыс емес, өз даусы. Ендігі есеп 

беру концертімді ж а н д ы  д а у ы с т а 

өткізейін деп, дайындалып жатқан жайым 

бар (Айқын, 12. 02. 2009).



Жанды  су.  Қайнатпай-ақ  ішуге  бола-

тын  таза  су.  Ең  дұрысы – тау  басында 

еріген қардың суы. Оның «ж а н д ы  с у д ы 



ң» ішіндегі пайдалысы екендігі анықталды 

(Қ. Олжай, Қанат байла., 7). Ғалымдар да 

қарап жатпай, «ж а н д ы  с у д а н» кейін 

«өлі суды» тапқаны мəлім (Бұл да).



ЖАНЖАЛ: Жанжалдың отын жақты. 

Жанжал  туғызды,  ушықтырды.  Азырақ 

ұрттап  алсаң-ақ  Керістің  ашып  сағасын. 

Өзіңді жұрттан нəн санап, Ж а н ж а л д ы ң

о т ы н  ж а ғ а с ы ң (Т. Айбергенов, Бір 

тойым., 44).



ЖАНКЕШТІЛЕУ с ы н. Өлермендеу, 

өжеттеу.  Егер  ж  а  н  к  е  ш  т  і  л  е  у 

біреулердің  қағаздан  жасап  берген  оғы 

болса,  атқылай  беріңіз  (Ə.  Əбішев,  Ғала-

мат, 22).



ЖАНҚҰРДАС с ы н. Жасы емес, жаны 

(ниеті) құрдас (адам). Біздің тілімізде ж а 

н қ ұ р д а с деген де бар. Мұның мағынасы 

–  бірі  үлкен,  бірі  кіші  адамдардың  бірін-

бірі құрдас деп қабылдауы. Бұл жасы емес, 

көңілі, жаны құрдас деген сөзден шыққан 

(С. Кенжеахметов: Ана тілі, 29. 11. 1996, 7 ).

ЖАНПƏРЕ ү с т. ж е р г. Жан ұшыра, 

бар  пəрменін  сала. – Ай! – деп,  ж  а  н  п 

ə  р  е  ышқына  ұмтылды.  Бірақ  Хансұлу-

дың үні шықпай, болмашы ғана қорқырады 

(С. Елубай; Ақ боз., 445).

ЖАНПЕЗЕР с ы н. Жаннан безген, ер 

жүрек. Кейбір ж а н п е з е р жаршылар 

тіпті хан ордасына келуден де қаймықпайды 

(Ə. Əлімжанов, Махамбет. жебесі, 149).

ЖАНСАҚТАУ:  Жансақтау  бөлімі.

ж а ң а. Аурухананың науқасы ауыр адам-



дар жататын арнайы бөлімі. Олар ж а н

с а қ т а у  б ө л і м і н д е жатыр (Жас Алаш, 

26. 03. 2009). Аға ж а н с а қ т а у  б ө л і м 



і н д е жатқанда ізін басқан інілері барыпты 

(Астана хабары, 18. 03. 2008).



193

Байынқол Қалиев

ЖАНСАУҒА  з  а  т.  а  у  ы  с.  Жанын 

аман алып қалатын нəрсе. Орындығының 

астындағы жəшіктен ж а н с а у ғ а с ы н

суырып  алып,  қалайы  кружкаға  лекіте 

құйды (Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 4).



ЖАНСАЯ з а т. Жанға пана, тыныш-

тық. Ойдан осында қашып келуінің себебі 

де сол ж а н с а я іздеп шыққаны секілді 

(О. Бөкеев, Өз отыңды., 165).

Ж А Н С Е Б І Л Д Е П   ү   с   т.   с   ө   й 

л.  Өлерменденіп,  жанкештіленіп.  Ол 

Нұрашының  атам  заманғы  тер  сіңді  ит 

көйлегін иіскеп-иіскеп əл-қуат жинайды да, 



ж а н с е б і л д е п тұрып кетеді (Ж. Мусин, 

Туған үй.., 42).



ЖАНСЫЗ  з  а  т.  Ел  ішінде  жасырын 

жүрген  жау  адамы;  шпион.  Əмірхан 

Ақт арланын   іздеп   келіп ,  Ақырын 

қағыстырып  жөнін  біліп.  Жылқымен 

ж і бе р ге н і н   к ө з і   к ө р ге н ,   С о ң ы н а н 

жылқышының ж а н с ы з еріп (И. Байзақов, 

Құралай сұлу, 188).



ЖАНСЫЗДАН е т. а у ы с. Жасырын 

жүру, құпиялану. Əйтеуір, ол ауыл үй арасы 

қайда барса да мен ж а н с ы з д а н ы п 

сыртынан бақылап жүрем (С. Мұратбеков, 

Жабайы алма, 22).



ЖАНТАҚШЫЛ  с  ы  н.  Жантақты 

жақсы  көретін,  жантаққұмар.  Түйе  –

ж а н т а қ ш ы л, бие – б е т е г е ш і л (Қаз. 

əдеб., 25. 04. 1979, 1).



ЖАНТАНУ...  Абай  мен  Шəкəрімнің 

ж  а  н  т  а  н  у  іліміне  не  Батыстың,  не 

Шығыстың ақындары көтеріле алған жоқ 

(Алаш айнасы, 08. 08. 2013). 

ЖАНТОРСЫҚША ү с т. Жанторсық 

тəрізді, жанторсық секілді. Ж а н т о р с 

ы қ ш а бұлтиған ақ торайларды құшақтай 

көтеріп сарайға тасып жүр (Ғ. Мүсірепов, 

Таңд. əңгім., 19).

ЖАНТЫҚ  з  а  т.  а  у  ы  с.  Жағымпаз, 

екіжүзді. Жағымпаз бен кей жаман ж а н т 

ы қ т а р д а н, Жырыңды айтып мен ылғи 

өшімді алам (Қаз. əдеб., 23. 01. 1987, 12).



ЖАНТЫҚТЫҚ  з  а  т.  Біреуді  біреуге 

атыстырғыштық,  шағыстырғыштық; 

жымысқылық. – Қойыңызшы осы ж а н т 

ы қ т ы ғ ы ң ы з д ы. Біреуді мақтап, біреуді 

даттағаннан  мəртебеңіз  биіктей  қоймас

(М. Мəжитов, Аманғали, 28).

ЖАН-ТІНІ: Жан-тіні қалмады. Жаны 

қалмады. Сені сұрап, ж а н-т і н і  қ а л

м  а  д  ы.  Бекер  обалы  не,  Қалауымның 

жолдастарының бірде-біреуі алдымнан қия 

баспайды (Қ. Қазиев, Иманжапырақ, 77). 

ЖАНУЫШ з а т. с ө й л. Қайрақ. Ж а н у 

ы ш – пышақты жанитын зат (ҚСЭ, 4, 278).

ЖАНЫҚ е т. ж е р г. 1. Қызығу, құмарту. 

– Қойшы, ей, – деді Бектенберген ж а н ы 



ғ а түсіп. – Бұл сөзді кімге айтып жүр? (Қ. 

Сəрсекеев, Қызыл жалау, 2, 145). 2. Жанын 



жеу, жан ұшыру, жанталасу, аласұру. Аю-

кеге тағы да жаушы шаптырып, «қос қоса 

көріңіз» деп ж а н ы қ т ы (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 277). Рас,  көкпарға  келгенде  ж  а



н ы ғ а жөнелетін қырғыз жігіттері де теке-

жаумыттың өзі (С. Ақтаев, Дала тур., 57).



ЖАНЫМА  з  а  т.  т  а  б  у.  Пышақ. 

Бұл  сөздердегі  сарқыраманың – өзен, 

сылдыраманың – қамыс,  маңыраманың – 

қой, ұлыманың – қасқыр, ж а н ы м а н ы ң

–  пышақ,  білеменің – қайрақ  екенін  біле 

қояды (Қ. Толыбаев, Бабадан., 183).



ЖАНЫМПАЗ с ы н. с ө й л. Жанғыш. 

Таран  бастаған  жігіттер  танкілердің 

соңынан дүре тиіп, ауыр граната, ж а н ы 

м п а з зат құйылған бөтелкелермен күл-

талқанын шығарды (І. Есенберлин, Маңғ., 

109).

ЖАҢА:  Жаңа  жыл  ағашы.  п  о  э  т. 

Шырша. Шыршаны халық көбіне ж а ң а

ж ы л  а ғ а ш ы деп атайды (Гүлстан, 2005, 

№10, 9).


Жа ң а   қ а з а қ .   Қ а з і р г і   з а м а н ғ а 

бейімделген қазақ. Мен ж а ң а  қ а з а қ п ы н,

өзге  ұлттармен  бауырмал  қазақпын 

(І. Есенберлин, Шығ. жин., 1, 273).

ЖАҢАЛАУШЫ  з  а  т.  Бұрыннан 

бар  нəрсені  жаңа  деңгейге  көтеруші. 

Төле  Əлібекұлы – қоғамда  қалыптасқан 

құқықтық  қағидалар  мен  нормаларды 

өзгеше өрнекпен жаңғыртушы, ж а ң а л 



а у ш ы əрі жалғастырушы, толықтырушы 

болған кісі (Н. Мыңбатырова, Төле би., 80).



ЖАҢҒАҚ  з  а  т.  Жаңғақ  ағашының 

сүрегі. Ж а ң ғ а қ су тисе ісінбейтін, жа-

рылмайтын  мықты  ағаш.  Содан  ұсталар 

колхоздың  арбаларына  күпшек  жасайды 

(Қаз. əдеб., 21. 10. 1988, 3).



ЖАПҚАҚ  з  а  т.  Бір  нəрсенің  тесігін 

ашып-жауып,  реттеп  тұратын  тех-

никалық немесе биологиялық құрылғы; кла-

пан. ≈ Машина маторының ж а п қ а ғ ы.

Жүректің ж а п қ а ғ ы .



ЖАПҚЫ

1

  з  а  т.  с  ө  й  л.  Жапқыш. 

Амал жоқ, айтылған нəрсенің бəрі кереу-


194

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ет ж а п қ ы ғ а мұқият оралып буылған 

(Қ.Тоқмырзин, Үш кие, 210).

ЖАПҚЫ

2

 з а т. Киіз үйдің түрмелі есігі. 

Сұңғақ, ақ торғын келіншек есік ж а п қ 



ы с ы н ы ң бір шетін желп еткізіп ашып, 

сыртқа қайта шығып кетті (М. Айымбетов, 

Құмөзек., 7).

ЖАПҚЫЛЫ  с  ы  н.  Жапқысы  бар. 

Киіз ж а п қ ы л ы есіктің етегін бүктелген 

қамшының ұшымен көтере ашып, сырттан 

кеуделі,  ақсары  өңді,  дөң  мұрынды  жігіт 

кірді (М. Айымбетов, Құмөзек., 9).

ЖАПОН: Жапон тілі. Жапон халқының 

ұлттық тілі

ЖАПОНША  ү  с  т. 1. Жапон  тілінде

Əйелім аздап ж а п о н ш а, аздап кəрісше 

сөйлейді.  Қызым  өзбекше  сөйлеп  жүр 

(Қ.Əбілқайыр, Текес., 124). Хиросимаға кел-

гелі үйренген бар ж а п о н ш а м д ы тауы-

сып, сөйлесіп көрсем бе екен? (Б. Омарұлы, 

11-ші  қаламұш, 96). 2. Жапон  халқының 

өкілі тəрізді, жапондар сияқты. Қыз ж а 

п о н д а р ш а жұмсақ иіліп, тəжім етті, тіке 

қараған жоқ (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 354).



ЖАПСАР: Жапсар көз. Қысық, қиық 

көз. Бет терісі қатыңқы, ж а п с а р  к ө з, 

кейуана кісіге екіленіп, шалықтап қарайды 

екен (Ж. Ахмади, Айтұмар, 205).

ЖАПСЫРМА:  Жапсырма  қалта. 

Киімнің  сыртына  жапсырыла  тігілген 

қалта.  Орналасуына  қарай  қалта:  ж  а 

п с ы р м а  қ а л т а, төс қалта, омырау 

қалта жəне жан қалта болып ажыратылады 

(Шаңырақ, 328).

ЖАПСЫРМАЛАТ  е  т.  Біріне-бірін 

жапсыру,  жалғау,  қосу.  Оның  есесіне 

біріне-бірін  итіндіріп,  жалбайтып,  ж  а  п



с ы р м а л а т ы п сала берген қора қопсысы 

жатқан  бір  əлем  (Э.  Төреханов,  Таудан 

түс., 96).

ЖАПСЫРМАЛАТУ  Жапсырмалат 

етістігінің қимыл атауы.

ЖАПТЫРЫЛ  Жаптыр  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Оң жақ босағада 

ескілеу, күміс ж а п т ы р ы л ғ а н білтелі 

мылтық,  қылыш,  ескі  қорамса  ілулі  тұр 

(Жұлдыз, 1972, №6, 99).



ЖАПТЫРЫЛУ Жаптырыл етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖАПЫРАҚ:  Жапырақ  алақаны.

б о т. Жапырақтың жазық беті. Өсімдікте 

бір ғана ж а п ы р а қ  а л а қ а н ы болады 

(Биология, 66).



Жапырақ  бүршігі.  б  о  т.  Өсімдіктің 

жапырағы  бастау  алатын  (өсетін) 

бүршігі. Өсімдіктердің ж а п ы р а қ  б ү р 

ш і к т е р і н е н басқа, оның гүл бүршіктері 

де болады (Ботаника, 82).



Жапырақ жүйкелері. б о т. Жапырақ 

алақанында болатын жіңішке талшықтар. 

Жапырақ  алақанында  жүйкелер  болады. 

Оны ж а п ы р а қ  ж ү й к е л е р і деп 

атайды (Биология, 128).



Жапырақ кіндігі. б и о л. Жапырақтың 

өркенге бекіген жері. Қолтық бүршігі ж а п 

ы р а қ к і н д і г і н і ң үстінде орналасады 

(Биология, 65).



Жапырақ қолтығы. б и о л. Жапырақ 

пен одан жоғары орналасқан буынаралық 

арасындағы бұрыш. Сабақта, ж а п ы р а қ

қ о л т ы қ т а р ы н д а түйнектер пайда бо-

лады (Ботаника, 126).



Жапырақ негізі. б и о л. Пиязшықтың 

жапырақ  өсетін  түйіні.  Басты  пияздың 

басын  пиязшық  деп  атайды.  Пиязшықта 

түбіртек,  шашақ  тамырлар,  бүршік  жəне

ж а п ы р а қ  н е г і з і болады (Биология, 62).

Жапырақ  өңі.  б  и  о  л.  Өсімдіктің 

жабын  жасушасының  бір  түрі.  Ол 

жапырақты қаптап тұрады да, оны кеуіп 

кетуден сақтайды (Биология, 64).

Жапырақ  тақтасы.  қ.  Жапырақ 

алақаны.  Жапырақ  əдетте  ж  а  п  ы  р  а  қ

т а қ т а с ы н а н жəне оны сабаққа қо-

сатын  сағақтан  құралады  (Биология, 

63).  Өсімдіктер  жарықты  (күн  сəулесін) 

негізінен ж а п ы р а қ  т а қ т а л а р ы 

арқылы қабылдайды (Бұл да). 

ЖАПЫРАҚЖЕГІ з а т. з о о л. Жапырақ 

жейтін жасыл, көк, күлгін түсті қоңыз.

Ж а п ы р а қ ж е г і жапырақпен қоректе-

неді (Қызықты ботаника, 78).



ЖАПЫРАҚТЫ с ы н. Жапырағы бар, 

жапырақ өскен. ≈ Мұнда ж а п ы р а қ т ы

өсімдіктер мол. 



ЖАПЫРАҚШАЙЫР  з  а  т.  б  о  т. 

Жапырағы шайырлы болып келетін өсімдік 

түрі. Бұлардың ішіндегі ең көп кездесетіні 

жусан, күйреуік, изен, ж а п ы р а қ ш а й 



ы  р,  раң  шөптері  болып  табылады  (Оңт. 

Қазақст., 16. 08. 1963). 



ЖАПЫРАҚШАЙЫРЛЫ   с   ы   н . 

Жапырақшайыр  өскен,  жапырақшайыры 

мол.  Жылқыны – бетеге,  майқара, 

бұйырғын, бидайық, изенге, қарамалды – 

тарлау, жұмыр, қияққа, қойды – қарғатұяқ, 


195

Байынқол Қалиев

қызғалдақ,  ж  а  п  ы  р  а  қ  ш  а  й  ы  р  л  ы 

жайылымдарға  жайды  (С.  Мəуленов, 

Жұлдызды., 125).



ЖАР: Жар қабақтау. Қабағы шығыңқы, 

тіктеу. Кең маңдайлы, ж а р  қ а б а қ т а у,

шұңғылша  біткен  өткір  көзді  жас  жігіт 

сахнаға шықты (И. Байзақов, Таңд. шығ., 

2, 113).


Жар  қарлығашы.  з  о  л.  Қарлығаш 

тұқымдасына  жататын,  өзендердің 

жарқабақтарын мекендейтін кішкентай 

құс. Ж а р  қ а р л ы ғ а ш ы – жыл құсы. 

Қыстау үшін қыркүйекте Африкаға ұшып 

кетеді (Қаз. табиғ., 2, 54).

ЖАРА: Жараған бурадай. Күйі келген 

бура сияқты көзіне түскен жандының бə-

рін шайнап, таптап тастауға ұмтылу д. м.

ЖАРАҚ з а т. Қорғану үшін қажетті 

соғыс  құралдарының  жалпы  атауы  (Ата 

салты., 57).



ЖАРАҚШЫ з а т. Қолына қару-жарақ 

ұстаушы, қару-жарақты қолданушы. Не 

түзем  құрған  қол,  не  доп  атып,  мылтық 

барсылдатқан  ж  а  р  а  қ  ш  ы – тірі  жан 

көрінбейді.  Тып-тыныш. (М.  Мағауин, 

Аласапыран, 213).

ЖАРАПАЗАНШЫ... Ауылдың тайлы-

тұяғы қалмай ж а р а п а з а н ш ы л а р 



д  ы  ң  соңынан  шұбырып  жүр  (Қ.  Ысқақ, 

Тұйық, 152).



ЖАРАМСЫЗДАУ  с  ы  н.  Ешнəрсе-

ге  жарамайтындай,  қажеті  шамалы

(Ш. Айтматов, Қош бол., 16).



ЖАРАУҚҰРСАҚ  с  ы  н.  Бабына  кел-

меген,  іші  тартыңқы.  Малымыз  күйлі, 

ж а р а у қ ұ р с а қ бірлі-жарым тоқты-

торым  болса,  ағаштың  бүрін  берсек  те 

өлтірмейміз – деп  күпіршілік  ойлады

(О. Бөкеев, Қайдасың., 63).



ЖАРАША ү с т. Жара сияқты, жара 

тəрізді. ≈ Киіміме ж а р а ш а жабысып, 

мазамды алды. 



ЖАРҒЫШ з а т. в е т. Уақ малда бола-

тын ауру түрі. Ешкі малы қойда болатын 

топалаң, күл, сарып, бөгежек, баспақ, қара 

түйнек, ж а р ғ ы ш, қызылшу сияқты ауру-

лармен ауырады (Ана тілі, 25. 10. 1990, 8).



ЖАРҒЫШАҚТАНДЫР  Жарғы-

шақтан етістігінен жасалған өзгелік етіс. 

«Аулым көшіп барады-ау» деп ж а р ғ ы ш а қ



т а н д ы р а əн созған белгі естілісімен Са-

палай үзеңкі қағып қалды (К. Ахметбеков, 

Егіз қала, 375).

ЖАРҒЫШАҚТАНДЫРУ  Жарғы-

шақтандыр етістігінің қимыл атауы

ЖАРҒЫШЫ  з  а  т.  Жарғыны  оқушы, 

жариялаушы. – Тыңдаңдар, тыңдаңдар! – 

деді тағы сұмырай дауысты ж а р ғ ы ш ы 

(І. Есенберлин, Алтын орда, 1, 116).

ЖАР-ЖАРЛА  е  т.  «Жар-жар»  деу, 

жар-жар  жырын  айту.  Бір  топ  жастар 

«ж а р-ж а р л а п» шулап, қыз бен жігітті 

тойдың төріне шығарып салады (Қ. Толы-

баев, Бабадан., 151).

ЖАРИЯЛАМА з а т. с ө й л. Мəлімдеме. 

Компания  келісім  жолын  біржола  кесіп 

тастайтын  ж  а  р  и  я  л  а  м  а  жасады  (Ғ. 

Мүсірепов, Жат қолында, 306).



ЖАРИЯЛАТУШЫЛЫҚ з а т. с ө й л. 

Біреуге жария жасатушылық. Диваевтың 

этнографиялық  материалдар  жинағына 

жазған  рецензиясында  Н.  Катанов  оның

ж а р и я л а т у ш ы л ы қ еңбегіне зор баға 

берген (Жалын, 1974, №4, 139).



ЖАРИЯЛАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Жария-

лағандық, жария еткендік. 

ЖАРИЯСЫЗДАУ  с  ы  н.  Арнайы  ха-

барламай,  жария  етпей;  жасырындау. 

Ауылдағылардан  бұрын  аудандағылар 

жариялы түрде де, ж а р и я с ы з д а у, 

жасырындау  жағдайда  да  түсе  бастады

(М. Байғұт, Бұла бұлақ, 208).

ЖАРКЕЛЕШ с ы н. Жарбаңдап қалған, 

жағымпаз.  Жарамсақ,  ж  а  р  к  е  л  е  ш

Жұртқа күлкі жарым ес (Қаз. мақал., 165).



ЖАРҚАБАҚТЫ  с  ы  н.  Жарқабағы 

бар,  жарқабақ  болып  келген.  Жайпауыт-

ты  жағалау  қайықты  сыртқа  шығаруға 

қолайлы-ақ. Бұл жер тік ж а р қ а б а қ т ы 

болса, не істер едік? (Қ. Омаров, Əке, 100).



ЖАРҚҰС  з  а  т.  з  о  о  л.  Таулы 

аймақтарда  тіршілік  ететін,  тұмсығы 

ұзын,  қанаттарының  ортасында  үлкен 

қызыл  дағы  бар  кішірек  (салмағы 15-20 

г-дай) құс. Ж а р қ ұ с таудың ең жоғарғы 

қабатындағы  құздар  мен  шөгінділерде 

тіршілік етеді (Қазақст. жануар., 100). 

ЖАРҚЫРАУЫҚ:  Жарқырауық 

қоңыз.  з  о  о  л.  Түнде  жарық  шығара-

тын қоңыз түрі. Ж а р қ ы р а у ы қ  қ о ң ы з д а р

–  фосфор  шұғыласын  шашу  қабілеті-

мен  танымал  қоңыздар  тұқымдасы  (Жəн-

діктер, 34).



ЖАРЛЫ с ы н. Жары бар, жар болып 

келген. Əлім тентек сайдың шаппа ж а р 

л  ы  арғы  кемеріне  жағалай  көз  сүзді  де, 

196

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

аяғын сылти басып өткелге қарай жүрді (Ə. 

Сараев, Тосқауыл, 18).

ЖАРЛЫБАЙ з а т. э к с п р. Көңілі жар-

ты, жаны жұтаң адам. Бір емес, толып 

жатыр  осындай  кеп,  Бар  болып,  жоқтың 

ісін істейтін көп. Малы көп, көңілі жарлы 

адамдарға Ат қойған қанша теріс ж а р л 



ы б а й деп? (А. Байтұрсынов, Шығ., 74).

ЖАРЛЫ-ЖАҚЫБАЙШЫЛ  с  ы  н. 

Жарлы-жақыбайды  жақтаушы,  жоқ-

жітікті  қолдаушы.  –  Қошқарға  мінуге 

ерінетін қу жалқау еді. Ж а р л ы-ж а қ ы б 



а й ш ы л бола қалыпты (З. Иманбаев, Қос 

қайың, 495).



ЖАРЛЫҚНАМА з а т. с ө й л. Жарлық. 

Князь бұл ж а р л ы қ н а м а н ы тізе бү-

гіп  қабылдауға  əрі  ханға  өзінің  бағы-

нышты  екенін  айтуға  тиіс  еді  (СССР  та-

рихы., 32).

ЖАРМА

1

 з а т. к ө н е. Төрт доңғалақты 



арба үстіне тігілген алты қанат боз үй; 

хан ордасы. Бұдан соңғы бір айырма – ж а 

р м а ғ а түпте төрт, алда тіркесе қосарлан-

ған жеті жұп, жиыны он сегіз түйе жегілген 

(М. Мағауин, Аласапыран, 39).

ЖАРМА

2

 з а т. ж е р г. Канал. Керіз бой-

ынан ж а р м а қазып, Сырдың суын құмға 

шығармақшы болдым (Ы. Жақаев, Менің 

бақытым, 15). Ж а р м а қазыла бастады, 

оған араласпасқа шарам қалмады (Бұл да).



ЖАРМА:  Жарма  қалта.  Аузы  тілік 

сияқты  екіге  жарылып  тұрған  қалта. 

Қалтаның жапсырма қалта, ж а р м а  қ а л



т  а,  төс  қалта,  омырау  қалта,  ішкі  қалта

т.б. түрлері болады (Шаңырақ, 328).



ЖАРМАҚ

1

 з а т. ж е р г. Лəңгі. Күндіз 

əр түрлі ойын: қашпа доп, асық, ж а р м а қ

тебу, бəлди ойнап, сілеміз қатып ұйықтап 

қалатын едік (Қ. Ахметұлы: Жетісу: 30. 06. 

2001, 8).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет