ЖАЛМАН з а т. Балтаның, қылыштың,
п ы ш а қ т ы ң жа л п а қ б ет і ( б ө л і г і ) .
Айбалтаның темірден жасалып шабатын
бөлігі – «басы», жалпақ бөлігі – «ж а л м
а н ы», қарсы жағы – «шүйдесі», шабатын
жері – «жүзі» деп аталады (Ата салты., 53).
ЖАЛПАҚ: Жалпақ білезік. э т н.
Білезіктің ені жалпақ түрі (А. Құралұлы,
Ұлттық., 1, 24).
Жалпақ жапырақ. б о т. Алақаны
жалпақ болып келетін жапырақ түрі.
Жаңғақ көбінесе ж а л п а қ ж а п ы р а қ
т ы ормандарда кездеседі (Биология, 13).
Жа л п а қ ж а п ы р а қ т ы . Ж а л п а қ
жапырақтары бар. Қылқан жапырақты
ормандардан оңтүстікке қарай ж а л п а қ
ж а п ы р а қ т ы ормандар орналасқан
(Ботаника, 224).
Жалпақ өрім. Жалпақ болып өрілетін
өрім түрі. Аттың басындағы ноқта, жүген,
айылдың төске, шапқа келетін бөліктерінің
ат денесіне жайлы болуы үшін ж а л п а қ
ө р і м қолданылады (Қаз. этнография., 2, 200).
ЖАЛПАҚҚҰРТ з а т. в е т. Қой-
ешкіде, сиырда, түйеде кездесетін ауру.
Қоздырғышы – мониезия деп аталатын
таспақұрт. Өзі жалпақ болады. Мал
шөппен бірге жұтып қояды. Ол аш ішекке
түсіп, паразитке айналады. Ауру малдың
іші өтеді, күннен-күнге арықтайды (ҚСЭ,
4, 240).
ЖАЛПАҚМҮЙІЗ з а т. п о э т. Бұлан
(Ə. Ахметов, Түркі тіл., 101).
ЖАЛПАҚТҰМСЫҚ
1
з а т. з о о л.
Үйректің тұмсығы жалпақ бір түрі. Өзен
үйректері де топтанып жүреді, олардың
тобында бізқұйрық, ж а л п а қ т ұ м с ы қ,
кіші шүрегей, сұр үйрек болады (Нау-
рызым, 205).
ЖАЛПАҚТҰМСЫҚ
2
з а т. и х т и
о л. Балықтың тұмсығы жалпақ бір
түрі. Онда [Сарықамыста] теңгебалық,
қойбалық, жайынбалық, сазан, ақамур, ж а
л п а қ т ұ м с ы қ балықтар өте көп (Ленин
туы, 25. 09. 1969).
ЖАЛПАҚШЕШЕЙ з а т. Көрінгенге
жалпақтай беретін адам. Тағы біреудің
көрінгенге «ж а л п а қ ш е ш е й» көрінгелі
түлкіше құйрығыңды бұлаңдатып жүрсің
(Ж. Аймауытов, Шығ., 424).
Жалпақшешей болды. Көрінгенге бас
иді, жалпақтады, бəйек болды. Əрине,
оқыған жанның сыпайыгершілігі шығар.
Сонда да кім көрінгенге ж а л п а қ ш е ш
е й б о л ғ а н н а н не табады (С. Сматаев,
Алғашқы асу, 67).
ЖАЛПАҢБАЙ с ы н. Жалпаң қаққан,
жағымпаз, жарамсақ, қошеметшіл. Ол кісі
өте инабатты адам екен. Ж а л п а ң б а й
л а р д ы ң өз бөлмесінен шыға тұруын өтін-
ді де, жас тілшіге жарты сағат бойы сұхбат
берді (Б. Омарұлы, 11-ші қаламұш, 77).
ЖАЛПЫАДАМДЫҚ з а т. с а я с. Бүкіл
адамзаттық. Тіл – ж а л п ы а д а м д ы қ
құбылыс (Б. Хасанұлы, Ана тілі., 19).
ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ с ы н. Бүкіл
адамзатқа тəн, адам атаулыға ортақ.
Бірақ семья ескі замандардан келе жатқан
ж а л п ы а д а м з а т т ы қ құндылық емес
пе? (Ана тілі, 20. 09. 1990, 6).
ЖАЛПЫЛДАҚША ү с т. Жалпылдақ
тəрізді, жалпылдақ сияқты. Ішіндегі суы
ыси берсін деген оймен қаланған сары
көң ж а л п ы л д а қ ш а лауылдайды
(М. Сқақбаев, Ұят тур., 144).
ЖАЛПЫНШАҚ з а т. Атты жара-
тып, баптаған кезде тер қатпас үшін
жабуға арналған жабу түрі. Ж а л п ы н
ш а қ аттың шоқтығынан бастап сауырына
дейін жететін, етегі қара санынан төмен
түсіп тұрады (Қаз. этнография., 2, 201).
ЖАЛПЫТҮРКІЛІК с ы н. Бүкіл түркі
халқына тəн (ортақ). Бір ғана мақсатты
көздедім. Ол – ж а л п ы т ү р к і л і к ар мен
намыс (Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 3, 177).
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ с ы н. Бүкіл ұлтқа
тəн, жалпыхалықтық. Əскербасылықтан
Əбілқайырдың аулақтауы сөйтіп əуелі
қазақтың ж а л п ы ұ л т т ы қ ұранынан
аздырды (Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 3, 260).
189
Байынқол Қалиев
ЖАЛТАЙ з а т. и х т и о л. Табан
балықтың ұсағы. Мысалы, сазанның
кішкенесін – қарабүрге, ұсағын – торман,
табан балықтың ұсағын – ж а л т а й деп
атаған (Қаз. этнография., 1, 403).
ЖАЛТАҚҚОЙ с ы н. Жалтақтай
беретін, жалтақ-жалтақ ететін. ≈ Балам
ж а л т а қ қ о й болып өсті.
ЖАЛТАҚҚОЙЛАУ с ы н. Аздаған
жалтаққой; үркектеу. – Япырай, ата?...
Онда шабдар атты ерттейін бе? Ж а л т а қ
қ о й л а у еді!.. (К. Мұқажанұлы, Ортеке, 15).
ЖАЛЫҚҚЫШ с ы н. Жалыға беретін,
зеріккіш. – Ж а л ы қ қ ы ш т а р ғана
ештеңе тындыра алмайды, - деді Құмырсқа
(Балдырған, 1977, №4, 18).
ЖАЛЫҚҚЫШТЫҚ з а т. Жалыға
бергіштік, зеріккіштік. ≈ Інімнің ж а л ы
қ қ ы ш т ы ғ ы бір қалмай-ақ қойды.
ЖАЛЫНЫШТЫЛАУ с ы н. Біреуге
аздап жалынышты; тəуелділеу. Ж а л ы
н ы ш т ы л а у үні құлақтан кетпей-ақ
қойды (Ə. Нұршайықов, Махаб. жырл.,
443). «Құнеке» деген нəзік те ұяң, əрі ж а
л ы н ы ш т ы л а у үнін естігендей болды
(М. Мəжитов, Құныскерей, 193). – Мен
ғой,– деді телефоннан. Үні жұмсақ, ж а л ы
н ы ш т ы л а у (Қаз. əдеб., 18. 04. 1975, 4).
ЖАМАҒАЙЫНДЫҚ з а т. Жамағайын
болғандық, туыстық. Медеубай қазір
аудандық өнеркəсіп комбинатында снаб-
женец – жабдықтаушы, бұларға ж а м а ғ
а й ы н д ы ғ ы бар адам (Р. Тоқтаров, Ғасыр
наны, 216). Əукеннің Əлілермен ж а м а ғ а
й ы н д ы ғ ы бар-тын (Жалын, 1974, №1, 3).
ЖАМАҒАТТАС с ы н. Ағайындас,
жұрағаттас. Кабинеттерге аттасып, Жаз
жайлап сонда, қыс қыстап. Алыпты ж а
м а ғ а т т а с ы п, Жатпайды қазір пыш-
пыштап (Е. Дүйсенбай, Бозала таң, 354).
ЖАМАҒАТШЫЛЫҚ з а т. Көпшілдік,
халықшылдық. Ұнамды деп ауызға ілінген,
ж а м а ғ а т ш ы л д ы қ ілтипатына бө-
ленген шығарманың көбінен осындай өнеге
табылатын (І. Есенберлин, Шығ. жин., 1, 6).
ЖАМАН__1'>ЖАМАН
1
с ы н. э м о ц. э к с п р. Жақсы
көргенде айтылатын ишара сөз. Оның
үстіне əлгі ж а м а н шешелерің де қыңқыл-
сыңқылын биыл молайтып жүр (Жалын,
1974, №4, 27).
ЖАМАН
2
з а т. в е т. с ө й л. Жамандат.
Ж а м а н – топалаң індетінің жылқыға тəн
түрі. Ол аса жұқпалы, зілді індет. Бұл ауру
төрт түлікте кездеседі (Ж. Бабалықұлы,
Мал ауру., 22).
ЖАМАНАТ з а т. «Жаман» деген атақ,
ұят іс. ≈ Сөйтіп, келмей жатып ж а м а н а
т қ а ие болдық.
ЖАМАНАТТАН е т. Жаманатты
болу, жаманатқа қалу. - Əй, қойшы... Ком-
мунизмді жалғыз өзім құратындай несіне
ж а м а н а т т а н а берем осы (Қ.Ботбай,
Егіз,117). – Көріп-біліп тұрып, өзім ешкімге
ж а м а н а т т а н б а й м ы н, – деп өз ба-
сын күйттеді (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 261).
ЖАМАНАТТАНУ Жаманаттан
етістігінің қимыл атауы.
ЖАМАНАТТАС е т. Ұрсысу, керісу,
сөзге келу, шекісу. Бір қой үшін ж а м а н а т
т а с ы п масқара болғанша, қайдан шықса
онан шықсын,– деп сиырдың тіліндей қа-
ғазды умаждап-умаждап аузына атып ұрды
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 43). – Ж а м а н а т
т а с ы п қайтесің, сылтау айтып сырғып өт
тағы, – деп ақылын айтты (Қ. Тоқмырзин,
Үш кие, 225). Өзің бір көрмей мықтап сын,
Өмірді қалай ұқпақсың? Ешкіммен ж а м а
н а т т а с ы п, Ешкімге қарсы шықпапсың
(Е.Дүйсенбай, Бозала таң., 162).
ЖАМАНАТТАСУ Жаманатт ас
етістігінің қимыл атауы. – Ондай ж а м
а н а т т а с у ғ а арым жібермейді, Нұреке!
(М. Айымбетов, Құмөзек., 160).
ЖАМАНАТТЫ с ы н. Жаманаты бар,
жаманатқа қалған. – Апа, енді мен үшін
ж а м а н а т т ы болмаңыз (М. Дулатов,
Шығ., 173).
ЖАМАНАУЫЗ: Жаманауыз болды.
с ө й л. Жаманатты болды. Оған «Сенің
бұл қылығың жарамайды» деп, ж а м а н
а у ы з б о л ғ а н н а н «Пəлі, сенікі оң-ақ»
деген оңды (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 9, 324).
ЖАМАНДАТҚЫРЛА е т. «Жамандат
ауруына шалдыққыр» деп қайта-қайта
айту. Ат қатты пысқырып қалса да, жолда-
сым «ж а м а н д а т қ ы р л а п», шаужайға
қағады (Ғ. Мұстафин, Жиырма бес, 7).
ЖАМАНДАТҚЫРЛАУ Жамандат-
қырла етістігінің қимыл атауы.
ЖАМАНДАТПА з а т. в е т. с ө й л. Жа-
мандат. Маңқа, делбе, өкпенің қабынуы,
чума, қарасан, ж а м а н д а т п а сияқты
аурулар жойылды (Қаз. ауыл шаруаш., 1965,
№10, 26).
ЖАМАНДАТУ з а т. в е т. с ө й л. Жа-
мандат. Əсіресе оларды маңқа, ж а м а н
190
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
д а т у, қан аздылық, күс, жем түсу сияқты
жұқпалы аурулардан сақтау керек (Ө. Жо-
лымбетов, Айгөлек, 53). Кітапшада малда
көп болатын топалаң, ж а м а н д а т у,
маңқа, күл, аусыл, қотыр сияқты індеттің
алғашқы белгілері, қалай жұғатыны... ай-
тылады (Қаз. ауыл шаруаш., 1965, №10, 60).
ЖАМАНҚАТТЫ м о д. Алайда,
мүмкін, тіптен. Ж а м а н қ а т т ы, сен
мені ұшпаққа шығарарсың (С. Жүнісов,
Ақан сері, 2. 13). Осы кеткеннің бəрі сен-
дерге ғана қымбат еді, ж а м а н қ а т т ы
(Б.Нұржекеев, Күй толғау, 45).
ЖАМАНСЫНУ Жамансын етістігінің
қимыл атауы.
ЖАМБАС: Жамбасқа ал. Күресте
қарсыласын жамбасқа келтіріп, аударып
тастау əдісі. Екі балуан күрескенде, ел
тыныш тұра ма, біреулері «шал-шал» десе,
екіншілері «ж а м б а с қ а а л»! деп өз
балуандарына əдіс үйретіп тұратын əдеті
(М. Тоқжігітов, Əн атасы., 43).
ЖАМПОЗ: Жампоз нар. Айыр түйе-
нің асыл жақсысын жампоз десе, нар-
дың тектісін ж а м п о з н а р дейді
(А. Сейдімбеков: Соц. Қаз., 18. 10. 1981, 4).
ЖАМПОЗДАН е т. ж е р г. Жағымпаз-
дан. Ол байғұс столдың қоқымын сы-
пырып, қолды-аяққа тұрмай шəй қойып,
күлше турап, ж а м п о з д а н ы п жүр еді,
Бекет қолынан ақ құманын тартып алып,
кухнядан қуып шықты (Қ.Ысқақов,
Қараорман, 148).
ЖАМПОЗДАНУ Жампоздан етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЖАМЫЛҒЫ: Жамылғы көрпе.
Жатқанда үстіне жамылып жататын
көрпе. Ж а м ы л ғ ы к ө р п е н і ң ұзын-
дығы кісінің бойына лайық жасалады
(Шаңырақ, 96).
ЖАМЫРАУЫҚ с ы н. Жамырай
беретін (қозы). ≈ Ж а м ы р а у ы қ қозы-
ларды бөліп алып, қораға қамап қойды.
ЖАН
1
: Жан демеді. Адам ғұрлы
көрмеді, адам деп есептемеді. Əжібай
қазір, міне, он сегізде, Əкесін билеп алған
осы кезде. Əке-шеше, қатынды ж а н д е м
е с т е н, Қырындап қызды ауылды болған
кезбе (С. Торайғыров, Таңд., шығ., 288).
Жан сұлулығы. Адамның əдептілік,
ибалық, арлылық, мейірімділік, қайы-
рымдылық сияқты адамгершілік қаси-
еттерінің болуы. Сұлулық пен сымбат тəр-
биесінде қазақ халқы ж а н с ұ л у л ы ғ ы н
бірінші орынға қойған (А.Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 2, 8).
Жан тəсілім қылды. Қайтыс болды,
өлді. Тоқсандағы қарт ж а н т ə с і л і м
қ ы л ы п, ағайындарын бақұлдасуға шы-
қырыпты (М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 165).
Жан түршігерлік. Жан шошырлық,
қорқынышты. Кезінде Қазақстандағы
ж а н тү р ш і г е р л і к ашаршылық жайлы
біреулер Сталинді хабардар етіпті. Сонда
Сталин «Ол пəлекеттерден тек осындай
жолмен ғана құтылуға мүмкіндік бар» депті
(Жас Алаш, 20. 01. 2011).
Жанын жаһаннамға жіберді. Өлтірді,
о дүниеге аттандырды. Ақмырза мұның
туған ағасы Сырлыбайды өлтірсе, оның
інісі Жанқожа енді өзінің ж а н ы н ж а һ а н
н а м ғ а ж і б е р е жаздады (Ə. Оспанов,
Жанқожа батыр, 230).
Жаның барда. Өлмей тұрғанда, тірі
жүргенде. Маған тағы да жалт қарап: –
Ж а н ы ң б а р д а іш! Əйтпесе мына тоқпақ
төбеңнен тоқ ете түседі, – деп жуан жұды-
рығын көрсетті (С. Мұқанов, Мөлдір., 352).
Жаны терезе тапты [таппады]. Жаны
жай тапты, тынышталды. – Байғұс зар
илеп, өзін қоярға жер таппай жүр екен, мен
барған соң-ақ ж а н ы т е р е з е т а п т ы
(Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 131). Кесілген
аяқтың шолақ түбірі ісіп, жара жарылып
барып ж а н ы т е р е з е т а б а д ы (К.
Сегізбаев, Біз қалада., 100). Кеше күндей
дуылдай ашып, ж а н ы н а т е р е з е т а п
т ы р м а ғ а н жарақатын жалап-жалап əрең
дегенде қарақотырландырған (К. Сегізбаев,
Жап-жасыл., 15).
ЖАН
2
: Жан арқан. Жолаушы жүргенде
немесе əртүрлі жорық кездерінде өзімен
бірге алып жүретін жіңішкелеу есілген
мықты арқан (Қаз. этнография., 1, 192).
Өздеріңіз елестетіп көрсеңізші, нағыз
жылқышының қосақ арқан, матау арқан, ат
арқан, ж а н а р қ а н, бұғалық арқан, керме
арқан деп аталатын аса қажетті жабдық
құралдары əртүрлі дайындалады (Лен. жас,
23. 11. 1972, 3).
Жан арық. Егіс алқабына жіберіле-
тін негізгі оқ арықтан тарайтын арық
(Қаз. этнография., 2, 209).
ЖАН
3
: Жанып тұрған от. Өткір,
өжет, батыл; алғыр. О бастан-ақ ж а н ы п
т ұ р ғ а н о т еді, Өзін-өзі қорғауға əлі
191
Байынқол Қалиев
жетеді. Бар ма əділет басқыншыда бірақ та,
Əне, əне бас салды оны екеуі (І. Есенбер-
лин, Шығ. жин., 10, 41).
ЖАНАЗА: Жаназасы оқылды. Құры-
ды, көзі жойылды. – Партияның ж а н а
з а с ы о қ ы л ғ а н ш а, ең соңғы талқан-
кеусенін тауысып жеген шырақ қой!
– деп мекірене күлгендер де болды (Қ.
Тоқмырзин, Керзаман, 3, 272).
Жаназасы шығарылды. Құрыды, жоқ
болды. Кеңшармен бірге бұл қырықтық-
тың да ж а н а з а с ы ш ы ғ а р ы л ғ а н
(Д. Рамазан, Жылап аққан., 65).
ЖАНАЗААҚЫ з а т. Өліктің жаназа-
сын шығарған адамға берілетін сый. Өзге
шығарған малдан бөлек, «ж а н а з а а қ ы»
деп, төрт түйе байлаған (Мəшһүр Жүсіп,
Шығ., 9, 241).
ЖАНАҚ з а т. к ө н е. Қанат. Сол ж
а н а қ т а – саны аз таулықтар қолының
басында – Шихым ханзада (М. Мағауин,
Аласапыран, 301). Əйтсе де, оң ж а н а қ
қолбасысы сəл-пəл мəртебелірек көрінер
еді (Бұл да, 301).
ЖАНАЛАҚАЙ м о д. с ө й л. Одан
əрі, құры д. м. Пенсияға кетсе орнына
мені ұсынып та кетпейді ғой бұл сараң!
Ұсынбаса ж а н а л а қ а й! (Ш. Мұртазаев,
Қара маржан, 48). Мейлі, маған десең
көшке берген тайыңды ал. Ж а н а л а қ а й!
(Бұл да, 75).
ЖАНАЛҒЫШТАП ү с т. Алқымнан
алып, аптықтырып. –Түу, тіпті ж а н а л ғ
ы ш т а п тұрып алды ғой, – деді Сəулетай
күліп (С. Мұратбеков, Дос іздеп жүр., 233).
ЖАНАМА: Жанама бүршік. б о т.
Өркен мен тамырсабақтың жанында
болатын бүршік. Бір жылдық өркенде
ж а н а м а б ү р ш і к болады (Ботаника, 140).
Жанама құда. э т н. Туыстығы жағынан
алыстау құда, қосалқы құда. Құдалыққа
байланысты жақындық атаулары – құда,
бауыздау құда, ж а н а м а қ ұ д а, құдағи,
құдаша, құда бала т.б. (Х. Арғынбаев, Қаз.
халқы., 58).
ЖАНАМАЛАУ з а т. Жанасалау,
қосарлану, қабаттасу əрекеті. Мұндай
ж а н а м а л а у д ы жақсылыққа жору қиын
(Қ. Қазиев, Үркер, 114).
ЖАНАН з а т. ж е р г. Үлкен кесе.
Ұрлап, жасырып əкелді ме, сұрап əкелді
ме, бір ж а н а н сары уыз қымызды қойып
кетті (С. Сматаев, Алғашқы асу, 46). Амал
жоқ, патшекең тентексудың бір ж а н а
н ы н төңкеріп салып, еліріп шыға келді
(Ə.Тарази, Басынан Қаратаудың., 236).
ЖАНАП з а т. к ө н е. Кеңесші, ақылшы
адам. Мысырдан қайтып оралған бетінде
ол (Əл-Фараби) Сайф ад-Даула өзінің ж а
н а п т а р ы м е н мəжіліс құрып отырған
үстіне кіріп келеді (Лен. жас, 03. 01. 1973,
3). Сайф ад-Даула төрт ж а н а б ы н ертіп,
оны жердеуге келеді (Бұл да).
ЖАНАРТАС з а т. г е о л. с ө й л. Мете-
орит. Ястребцев Өлеңтісаз үшін аспаннан
заулап түскен ж а н а р т а с құсап елесте-
ген оған (Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 194).
ЖАНАРТАУША ү с т. Жанартау
секілді, жанартау тəрізді. Ол ж а н а р
т а у ш а атылды (Б. Нұржекеев, Бір ғана
махаб., 36). Ғафу ұзақ поэмасын айтқанда
бір мүдірмей ж а н а р т а у ш а атқылады
(Қазақ, 17. 08. 2012, 5).
ЖАНАСАР з а т. к ө н е. Хан от-
басына сенімді адамға берілетін атақ.
Дастарханшыға – ж а н а с а р атағын,
ж а н а с а р ғ а бояр дəрежесін береді
(М. Мағауин, Аласапыран, 2, 243). – Біз – қожа,
боярлар, ж а н а с а р л а р, дворян атаулы
тегіс холопқа айналады. Жерді солар жыр-
тады, егінді солар салады (Бұл да, 303).
ЖАНАСҚЫШ с ы н. Жанасып, енесін
еміп қоятын (бұзау). ≈ Бұзауының ж а н а с
қ ы ш екенін білесің, неге қысқарақ байлап
қоймадың?!
ЖАНАТ: Жанат бөрік. Жанат
терісінен тігілген əдемі бөрік. Жиегі
ерекше қымбат аңдар терісінен жасалатын
кəмшат бөрік, құндыз бөрік, ж а н а т б ө
р і к, қарсақ бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік,
күзен бөрік деп аталатын бөріктің түрлері
ертеде киіт, кəделі сый, жасау қатарынан
орын алған (Қаз. этнография., 1, 539).
Жанат ішік. Жанаттың терісінен
тігілген ішік. Ер адамның сырт киімдерінің
ең бағалысы – аң терісінен жасалған
ішіктер. Олар аң терісінің атына сəйкес
бұлғын ішік, ж а н а т і ш і к, қасқыр
ішік, күзен ішік болып бөлінеді (Қаз. этно-
графия., 2, 76). Пұшпақ ішік, зорман ішік,
ж а н а т і ш і к, елтірі ішіктер қара күзде
жəне көктем айларында киюге арналған
(Шаңырақ, 327).
ЖАНАШЫРСЫМАҚ с ы н. Жаны
ашып жүргенсымақ, қамқоршы, ниеттес
болғансымақ. Теңіз неғұрлым тартылып,
192
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
жер неғұрлым азған сайын Аралдың əлгі-
бір ж а н а ш ы р с ы м а қ т а р ы соғұр-
лым жанталасып даңғырасын қаға түсер!
(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 382).
ЖАНАЯР з а т. Жанын аяйтын адам,
аянкөс. – Сынған түгіл дəнеңесі де жоқ,
одан да ж а н а я р м ы н десейші (Қ.
Омарұлы, Əке, 56).
ЖАНДАЙШАП з а т. с а я т. Аң басқа
жаққа бұрылып кетпес үшін жанай ша-
батын адам, аң қайырушы. Əуелі қосшы,
одан кейін қызылшы, содан соң ж а н д а
й ш а п, шолғыншы, барлаушы бола жүріп
қана даңғайырлардың қатарына қосыла
аласың (Ə. Көшімов, Қарт аңшы, 74).
ЖАНДАЙШАПТАП ү с т. Босқа
далақтап, қосамжарланып. Бұнда тартыс
төңірегінде далақтап, ж а н д а й ш а п т а
п жүрген кейіпкер жоқ (Қаз. əдеб., 29. 11.
1974, 3).
ЖАНДАЛБАСА з а т. Жанын сақтау
үшін жасалған əрекет. ≈ Ж а н д а л б а с
а м е н əйтеуір аман қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |