Жауапты редакторлар


ҚАПЫЛТУ Қапылт етістігінің қимыл  атауы.  ҚАПЫШЫЛ



Pdf көрінісі
бет80/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   168

ҚАПЫЛТУ Қапылт етістігінің қимыл 

атауы. 

ҚАПЫШЫЛ с ы н. Қапы кетуші, қапы 

қалушы. – Қ а п ы ш ы л неме, өзің де қапы 

кетпе! (Ғ.Мүсірепов, Оян. өлк., 1, 400). 



ҚАР: Қар адамы. м и ф. Таудың қарлы 

бастарында  тіршілік  ететін  жабайы 

адам. Біздіңше, қ а р  а д а м ы н маймыл 

мен адамға шейінгі арадағы мақұлық деуге 

болар (А.Мархабаев, Ғарышта., 69). 

ҚАР:  Қар  жілік.  с  ө  й  л.  Кəрі  жілік. 

Тоқпан  жілік,  тоқатай  жілік,  ортан  жілік, 

асық жілік секілді қары (қар) жілік бар. Аяқ 

астынан өзіміз «кəріге» айналдырып алған 



қ а р  ж і л і г і м і з кəдімгі «қол жілік» 

(қар – қолдың  синонимі). (С.Өтениязов: 

Ана тілі, 22.08.1991, 7). 

ҚАРА: Қара азық. Астық д.м. Соғыс 

зардабын елдің дендеп түсіне бастағаны да 

биыл жаз: қант-шай, қ а р а  а з ы қ т ы ң 

көзі кеміді (Ə.Сарай, Атырау, 310). 



Қара ала қаз. Қаздың қара ала түсті 

бір түрі. Көл бетін жапқан қ а р а  а л а 

қ а з бен қасқалдақ, сұқсұр менен сүңгуір, 

қарабай мен бірқазан, аққұтан мен көкқұтан, 

қамысы толы қырғауыл (Жұлдыз, 1966, №1, 

122). 


Қара  алтын  п  е  р  и  ф  р.  Тас  көмір 

д.м.  Қ  а  р  а    а  л  т  ы  н  шығарушы  жер 

асты алыптарының мақтанышы – көмірлі 

Қарағанды (Халық мұғ., 15.05.1989). 

Қара  аққұтан  з  о  о  л.  Қара  түсті 

аққұтан.  Алыстағы  оңтүстіктен  келетін 

экзотикалық қонақты – қ а р а  а қ қ ұ т а н



д  ы  (аист)  да  осы  көлден  [Қорғалжын] 

кездестіруге  болады  (Қазақстан  пионері, 

02.02.1972, 2). 

Қара арпа. Қауызынан арылмаған арпа, 

түктелмеген арпа. Анау тазалап отырған 

қ  а  р  а    а  р  п  а  ң  н  а  н  бір  келі  түктеп 

жіберіп,  көже  пісір,  көршілерді  шақыр 

(Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз майдан, 58). 

Қара  аспанды  қапылтып.  ж  е  р  г. 

Қара аспанды төндіріп. Былайғы уақытта 

да қ а р а  а с п а н д ы  қ а п ы л т ы п 

жүретін неме, əсіресе осы жолы үйі өртеніп 

бара  жатқандай  үстіне  емпелеңдеп  кірсін 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 12). 

Қара  балта.  Ағаш  кесуге  пайдаланы-

латын  қарапайым  балта.  Балтаның  ше-

берлер ұстайтын жүзі өткір ақ балта, отын 

жаруға пайдаланылатын қарапайым қ а р а 

б а л т а, бір жағы шот, екінші жағы балта 

сияқты  шотбалта  деген  бірнеше  түрі  бар 

(Қаз. этнография., 1, 397). 

Қара  бытықана.  ж  е  р  г.  Уақ  қара 

шыбын; шіркей. – Тіпті əлі қ а р а  б ы т ы 

қ а н а да көрінген жоқ емес пе? Балық та 


334

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

қоршуын  қойған  жоқ,  түнімен  бұрқақтап 

шығады (Ə.Сараев, Тосқауыл, 229). 

Қара жауын. Қара бұлт түнеріп келіп, 

нөсерлетіп құйып жіберетін жауын. ≈ Қ а 

р а  ж а у ы н құйып тұр. 

Қара  жер  қойнына  тапсырды. 

Қайтыс болған адамды жерледі. Оларды 

жазғытұрым  күн  жыли  бастағанда  ғана



қ а р а  ж е р  қ о й н ы н а  т а п с ы р а д ы

(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 304). 



Қара  жер  қылды.  Ұятқа  қалдырды, 

ұялтты. – Бағып-қағып,  тырнақтайынан 

қолда  өсіріп  ек  шіркін.  Қ  а  р  а    ж  е  р



қ  ы  п  кеткенін  қарашы,  қара  жер  болғыр 

(Б.Нұржекеев, Күй толғақ, 118). 



Қара жиде. Жиденің құмайтты, ыстық 

жерде өсетін түрі. Əсіресе қ а р а  ж и д е 

н і ң гүлдегендегі иісі қандай? Бүкіл дала-

ны жұпарға толтырып тұр (Қ.Тоқмырзин, 

Керзаман, 3, 73). 

Қара жұт. Қыс бойы қар жаумай, шөп 

болса  да,  ішерге  су  таба  алмай,  шөлден 

қырылуы.  Халқымыз  жұтты  ақ  жұт,  жақ 

жұт, қ а р а  ж ұ т деп үшке бөлген (Халық 

сөзі, 03.05.2013, 10). 

Қара көк. а у ы с. Атақты, даңқты; 

бай. Қ а р а  к ө к жеті атаңнан болсаң дағы, 

Өзіңнен адал өткен құлың озар. От жағып, 

су  тасыған  құл  мен  күнің,  Алдыңнан  өте 

шығар салмай назар (А.Үлімжіұлы, Шығ. 

жин., 2, 23). Қараса,  шаһизада  көркем-

дігі,  Жігіт  боп  ол  да  жетті  сегіз  қырлы. 

Тұқымы қ а р а  к ө к т і ң бір дегдар боп, 

Таңырқап, тамсанады көрген елі (Батырлар 

жыры, 6, 166). 

Қара көкірек. Жауыз, ешкімді аямай-

тын, имансыз. Қ а р а  к ө к і р е к аяуды 

да білмейді. Əдемі қыз Барлыбай үшін көз 

құрты ғой (З.Шүкіров, Қиын түйін, 32). 

Қара  қабырға.  Малдың  жауырын 

астында  тұрған,  қыртысы  жоқ,  еті  аз 

бірнеше қабырғасы. Ас-тағамдар жүйесінде 

қ а р а  қ а б ы р ғ а кəделі асқа қосымша 

ретінде сый табаққа салынбайды (Қаз. эт-

нография., 449). 

Қара  қа лмақ.  Еділ  бойындағы 

қалмақтар осылай аталады. Қ а р а  қ а л 

м а қ, құба қалмақпен соғыс, ұранқаймен, 

шүршітпен  қағыс  тарапына  да  барып 

қайтатын  (М.Мағауин,  Екі  томд., 2, 251).

Қ а р а  қ а л м а қ т а р, яғни Еділ қал-

мақтары  сол  маңдағы  кіші  жүз  рулары-

на  қанды  шабуыл  жасады  (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 398). Ақ  білектің  күшімен,  Ақ 

найзаның ұшымен, Наркескен қылыш дү-

зімен, Он сан қ а р а  қ а л м а қ т ы ң Жерін 

тегін алдым деп, Ойламай ақыл пішкенсің 

(Дулат Бабатайұлы: Нар заман., 217). 



Қара  қарға.  Қарғаның  түсі  қара 

қошқыл  келген  түрі.  Қ  а  р  а    қ  а  р  ғ  а  л 

а  р  Қазақстанның  барлық  аймағында 

кездеседі.  Олар  қорек  талғамайды,  кейде 

уақ құстардың балапандарын да жейді (Қаз. 

табиғ., 2, 385). 



Қара қатқақтанды. Жер беті тоңазып, 

қата  бастады.  Биылғы  ұлудың  қараөзек 

көктемі тоң торыс сыңай танытып, қ а р а 



қ а т қ а қ т а н ы п тұрып-тұрып, жер ағыл-

тегіл жіпсіп берді (Лен. жас, 23.09.1976, 2). 



Қара  құмырсқа.  Құмырсқаның  қара 

түсті  түрі.  Қала  сыртындағы  үйлерге 

мұнымен қатар қ а р а  қ ұ м ы р с қ а не-

месе  қызыл  құмырсқалар  да  əуес  келеді 

(Шаңырақ, 54). 



Қара  құндыз.  з  о  о  л.  Түгі  қап-қара, 

жылтыр  құндыз.  Көл  маңында  қылшық 

жүні  күмісше  жылтыраған  бəті  құндыз, 



қ а р а  қ ұ н д ы з көп болған (Тың өлкесі, 

10.07.1963, 3). 



Қара мөңке. Мөңке балығының қошқыл 

түсті бір түрі – Кілең таутан, қ а р а  м ө 

ң к е, алабұға! Саған мүлделі құрып кеткен 

бе? (Ертіс өңірі, 93). 



Қара  мысық  осқылады.  Қызғаныш 

оты  ішін  тырнады.  Еділ  жарының 

жанарындағы  мөлтілдеген  жасты  көрді. 

Сол-ақ екен қ а р а  м ы с ы қ қайта о с қ ы 

л а ғ а н (Қарақат тер., 60). 

Қара  омыртқа.  Ұзын  омыртқа  кейде 

осылай  да  аталына  береді.  Бұдан  кейін 

ұзын омыртқа (қ а р а  о м ы р т қ а) бөлінеді 

(Ана тілі, 21.02.1991, 6). 

Қара ормандай. Қалың, көп д.м. Қ а р а 

о р м а н д а й ауылдан қалғаны азып-тозған 

шағын көш (Ə.Əлімжанов, Жазушы, 63). 



Қара  орыс.  п  е  р  и  ф  р.  Тілін,  ділін 

жоғалтқан қазақ д.м. Яғни, кəріс те емес, 

шүршіт те емес, өзіміздің қазақтар немесе 

«қ а р а  о р ы с т а р» (Ə.Асқаров, Таңд., 126).

Қара от. Шөл-шөлейтті жерлерде өсе-

тін ащы шөптердің жалпы атауы. ≈ Қ а р а

о т т ы негізінен түйе жейді. 

Қара су жүргізу. э т н. Қорғасын, күміс, 

мыс, күкірт бөліктерін қосып, ерітеді. Еге-

умен егеп, одан ұнтақ жасайды. Металл 

бетіне ойылған өрнекке (сызыққа) желім 


335

Байынқол Қалиев

жағылып, соған əлгі ұнтақ себіледі де, киіз 

кесіндісімен  ысқылайды  (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 78). 



Қарасы  батты.  Құрыды,  жоқ  болды. 

Су  бетінде  сеңдей  соғылысып  жүретін 

баяғы мол балықтың қ а р а с ы  б а т қ а н

(Б.Омарұлы, Қаратерең., 5). 



Қарасын жықты. э т н. Қайтыс болған 

кісіге  тігілген  қараны  аза  тұту  мерзімі 

біткен соң, алып тастады. Қ а р а с ы н 

ж ы қ т ы деген қайтыс болған кісінің бата 

оқырын  күту  ақырласты,  тіккен  қарасын 

жықты,  аза  тұту  мерзімі  бітті  деген  сөз 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 78). 



Қара  тал.  Талдың  бір  түрі.  Қабығы 

қара  сұр  түсті,  сүрегі  мықты  болады. 

Халық шеберлері сала-сала боп тік өсетін 



қ а р а  т а л д а н жасайтын киіз үйлер өте 

берік,  шыдамды  болушы  еді  (Мəдениет 

жəне тұрмыс, 1973, №3, 7). 

Қара тұнжыр. з о о л. Тұнжырдың қара 

қоңыр  түсті  түрі.  Қаршыға  ақ  тұнжыр, 

қ а р а  т ұ н ж ы р, бұқатана деген текке 

бөлінеді (Ш.Айманов, Қыран). 



Қара түлкі. Түлкінің жүні қара түсті 

түрі. 

Қара тырқылдақ. з о о л. Тырқылдақ 

құсының  қара  түсті  бір  түрі.  Қ  а  р  а 

т ы р қ ы л д а қ қ а ұқсаған ерекше бір 

құс бар. Оған күн сəулесі түссе-ақ болды 

қауырсыны құбылып көк түске, қою көктен 

көгілдір түске айналады. Міне, осы қасиеті 

оған  көкқұс  деген  поэтикалық  ат  таққан 

(Алматы қорығы, 58). 



Қара  тырнағына  дейін.  Түгі  қалмай, 

бəрі, түгел. Қ а р а  т ы р н а ғ ы н а  д е 

й  і  н  күйіп  тұрғасын  ба,  ағасының  «ана-

лар»  дегенінен  басқа  сөзін  естіген  жоқ 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 88). 

Қара тігу. э т н. Қаза болған адамның 

жасына қарай ақ, қара, қызыл түсті туды 

найзаның  ұшына  байлап,  үйдің  оң  жақ 

белдеуіне қыстырып қою дəстүрі. Қ а р а 

т і г у д і ң екі мəнісі бар: ас бермек екенінің 

белгісі болса, екіншісі – əркім қараны көріп 

келсін, құран оқысын, оның сауабы өліктің 

рухына тисін дегені (Ата салты., 137). 



Қара  уылдырық.  Балықтың  қара 

түсті  уылдырығы.  Ұлмекен  керегінің 

бəрін  тапқан,  қызыл  уылдырық,  қ  а  р  а 



у ы л д ы р ы қ, тресканың бауыры, қымыз, 

шұбат – бəрі  бар  (Ə.Тарази,  Тасжарған, 

49). Балықтардың қ а р а  у ы л д ы р ы ғ ы, 

қызыл уылдырығы аса қымбат бағаланады 

(Қаз. этнография., 1, 402). 

Қара шəйнек. с ө й л. Шəугім. Бұл кезде 

Валя кемпірдің шойын пеші гулеп жанып, 

үстіне қойған қ а р а  ш ə й н е к бу атып 

тұрады (Д.Досжанов, Жолбарыс., 6). 



Қара шешек. м е д. Шешек ауруының 

ең  ауыр  түрі.  Ақлимажан  тағы  да  хабар 

жіберіпті. Ауылдарында қ а р а  ш е ш е к 

бар көрінеді (Ғ.Мүсірепов, Таңд., 3, 566). 

Қара шіре. з а т. Мақта өсімдігінің ау-

руы. Мақтаға «қ а р а  ш і р е н і» түсіретін 

мақта  биті,  орысша  тля  (Ақ  алтын., 80). 

Қанша мол өнім алғанымен қ а р а  ш і р е

болған  соң  мақта  бағасы  өте  төмендейді 

(Бұл да, 81). 

ҚАРАБАЙЫР  з  а  т.  Қазақ  жылқысы 

мен арғымақты будандастырудан шыққан 

жылқы тұқымы. Қ а р а б а й ы р л а р – 

арғымақтың шапшаң шабысын, бойының 

биіктігі мен сұлулығын, қазақ жылқысының 

төзімділігі мен шыдамдылығын бойларына 

дарытқан. Қ а р а б а й ы р л а р салт мінуге, 

жеңіл жүк тасуға оңды болды (Ер қанаты, 

22). Ал қ а р а б а й ы р ежелден келе жатқан 

қолтумамыз. Жал-құйрығы сұйықтау, жүні 

тықыр, құйма тұяқ. Мініске де, жүріске де 

берік.  Аяң  жүрісте  шаршауды  білмейтін 

жылқы (Бұл да, 84). 

ҚАРАБАРҚЫНДЫ с ы н. Қарабарқын 

өскен, қарабарқыны қалың. Өзектің ішінің 

кей жеріне жиде, жыңғыл, сексеуіл қалың 

өскен. Кей жері қ а р а б а р қ ы н д ы ала 

шабыр (Қ.Омаров, Əке, 19). 



ҚАРАБАС__1'>ҚАРАБАС

1

  з  а  т.  з  о  о  л.  Қоңыржай 



аудандарында тіршілік ететін, басы қара 

əнші құс (славка). Қ а р а б а с – торғайдай 

ғана  кішкене  құс.  Ол  өзінің  басындағы 

бас киім сияқты қара қауырсындары үшін 

осылай аталған (Құстар, 88). 



ҚАРАБАС

2

  з  а  т.  Қаратау  аңғарынан 



тұрақты  түрде  дүркін-дүркін  соғып 

тұратын  суық  жел.  Қаратаудың  күнгей 

жағының  күзі  «Қ  а  р  а  б  а  с»  атты  суық 

желді  болғанмен  қар  түскенше  Нұрəлі 

экспедиция жұмысын тоқтатқысы келмеді 

(І.Есенберлин, Алтын., 285). 

ҚАРАБЕТТІК з а т. Қарабет болғандық, 

ұяттылық. – Мені  өлімнен  алып  қалған 

парызыңды  қалай  қайтарамын  деп  жүр 

едім,  қ  а  р  а  б  е  т  т  і  г  і  м  д  і  айтып, 

бетіме  түкірдің,  сөйтіп  өзің  қайтардың 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 213). Əрине, 


336

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

өзіңді  өлімнен  құтқарған  адамды  өлтіру



қ а р а б е т т і к емей немене, сөз жоқ,

қ а р а б е т т і к (Бұл да). 

ҚАРАБҰҚА з а т. с ө й л. Паровоз. – Қ а 

р а б ұ қ а с ы басып кетпей ме бұл жерден? 

– Басып кетсе, мына жұрт қырылмас па еді? 

(Қ.Əбдіқадыров, Əңгім., 27). 

ҚАРАҒАЙ... 2. с ы н. Қарағай ағашының 

(өсімдігінің)  сүрегінен  жасалған.  Сөз 

о сыған  келіп  тірелгенде  Қоңырбай 

бұрышта сүйеулі тұрған жеңіл қ а р а ғ а й

домбыраны  қолына  алды  (Ə.Көшімов, 

Екі бүркіт, 51). Ол енді осылай қарай бет 

қойған бұғыларға қарап тұрып, қ а р а ғ а й

сапты  найза  ұстаған  қалың  қол  əскерді 

елестетті  (Р.Тоқтаров,  Ертіс., 2, 104). 3. 

а  у  ы  с.  Қарағай  секілді  арбаған,  үлкен, 

ірі.  Қойдың  арғы  шетінен  қ  а  р  а  ғ  а  й 

мүйіз  қара  серке  мекіренді  (Т.Ахтанов, 

Боран, 9). 

Қарағай  ағызу.  Таудан  жыққан 

қарағайды  бұтақтап,  қабығын  аршып, 

бөлшектеп кесіп, басын тұжырып, төмен 

(еңіске) қарай сырғытып жіберу. Одан соң 

қарағайды сүйменнен екі жақтап, екі адам 

қозғап,  төмен  қарай  сырғытып  жібереді, 

мұны қ а р а ғ а й  а ғ ы з у деп атайды (Қаз. 

этнография., 1, 50). 

ҚАРАБАТҚЫЛ  з  а  т.  б  о  т.  Ащы 

ш ө п т е рд і ң   б і р   т ү р і .   А қ   қ ұ рт т а н 

сақтандыратын  жақсы  оттарға  баялыш, 

жусан, ермен, қ а р а б а т қ ы л, кекіре, 

итсигек, бұйырғын т.б. қыр шөптері жатады 

(Қаз. этнография., 1, 109). 

ҚАРАБҮРГЕ з а т. и х т и о л. Сазан-

ның  кішкене  түрі.  Мысалы,  сазанның 

кішкенесін – қ а р а б ү р г е, ұсағын – тор-

ман, табан балықтың ұсағын – жалтай деп 

атаған (Қаз. этнография., 1, 403).



ҚАРАҒАН... 2. Қараған  бұтасының 

кесілген шыбығы. Қосты тігіп, Дөңқараның 

тобылғысы мен қ а р а ғ а н ы н маздатып 

жағып қойып, жата бермей ме (Т.Ахтанов, 

Боран, 8). Бұл жерге бұрын да бірнеше арба 

қамыс пен қ а р а ғ а н əкелініп төгілген 

(Т.Сағымбаев, Кездесу, 74). 



ҚАРАҒАН-БҮРГЕН  з  а  т.  Əртүрлі 

тікенді  бұта.  Қарның  ашып,  көзіңнің 

қарайғаны, тілің аузыңа сыймай шөлдегенің, 

тіпті киіміңді қ а р а ғ а н-б ү р г е н г е 

тырнатып  жыртқаныңның  қарымтасы  бір 

сəтке ақталып сезінерің бар (К.Сегізбаев, 

Жап-жасыл., 4). 



ҚАРАҒАНДЫ  с  ы  н.  Қараған  өскен, 

қарағаны бар. Тобылғылы, шеңгелді, қ а р 

а ғ а н д ы сайдың шөбінің қау-қау болып 

өсетініне негіз – қардың мол түсуінен ғой. 

Яғни, тобылғы қараған, шеңгел, топты ши 

қар ұстайды (Қаз. əдеб., 26.08.1988, 3). 



ҚАРАҒАШ... 2. Қарағаштың  сүрегі 

(ағашы). Қ а р а ғ а ш ауыр, əрі дыбысты 

жұтып  алады.  Алма  ағашының  түбірі 

жақсы  (М.Сүндетов,  Үзеңгі  жолдас, 66). 

Көнімтал  өлуге  де,  өлтіруге,  Патшамен 

соғысуға жүр сарбаздар. Ұстаған біреу сой-

ыл, біреу шоқпар Саптаған қ а р а ғ а ш қ а

балта, орақтар (С.Керімбеков, Өлең., 74). 

ҚАРАДҮРСІНДЕН е т. Қарабайырлану, 

қарапайымдану,  қасаңдану.  Халық  тілі 

жұтаңданып, қ а р а д ү р с і н д е н і п бара 

жатқандығын жасырудың қажеті жоқ (Қаз. 

əдеб., 02.06.1989, 13). 



ҚАРАДҮРСІНДЕНУ  Қарадүрсінден 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚАРАЖ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Жер  үшін 

халықтан алынатын (жиналатын) салық. 

Отырықшы  егіншілер  мен  егіншілікпен 

шұғылданатын қала тұрғындары қ а р а ж 

(яғни жер үшін алым) төлеуге тиіс болды 

(ҚазССР тарихы, 2, 348). 

ҚАРАЖƏШІК  з  а  т.  т  е  х  н.  Ұшақта 

болатын,  оның  ішкі  көрсеткіштері  мен 

экипаж мүшелерінің өзара əңгімесін жа-

зып алатын құрал. Сіз ұшақтағы қ а р а ж 

ə ш і к т і ң түсі қара емес, қызыл екендігін 

білесіз бе? (Ана тілі, 20.05.2010). Қ а р а 



ж ə ш і к ұшудың негізгі өлшемдерін, ұшақ 

жүйесінің ішкі көрсеткіштерін, экипаждың 

өзара  əңгімесін  жазып  алуға  арналған 

техникалық құрал (Бұл да). 



ҚАРАЖЕМІТ  з  а  т.  б  о  т.  Шөптесін 

өсімдіктердің бір түрі. Оның сабақтары, 

жапырақтары  тығыз  өседі.  Құдық 

шегенін  құрастыратын  ағаш  жəне 

басқа  материалдардың  аралығындағы 

саңылауларды тығындау үшін қ а р а ж е 



м і т қолданылады (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1960, №3, 87). Қ а р а ж е м і т қоңырбас 

өсімдігі  шығатын  жерде  болады.  Ол 

шірімейді, құдық суының дəмін бұзбайды 

(Бұл да).

ҚАРАЖОН__1'>ҚАРАЖОН

1

  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Жоны 



қара  түсті  балық  түрі  (черноспин-

ка)  (М.Жұмалиев..,  Балықтар., 238). 

Балықтардан – көксерке, шоқыр, шортан, 



қ а р а ж о н тəрізділері тұр (Туған жер., 72). 

337

Байынқол Қалиев

ҚАРАЖОН

2

  с  ы  н.  Еңбекпен  піскен, 



ысылған, шаруақор (адам). Жаң да, оның 

інісі  де  шаруаға  піскен,  қ  а  р  а  ж  о  н

еңбеккер  жандар  көрінеді  (Қ.Жұмаділов, 

Тағдыр, 244). 



ҚАРАЙҒАНСЫЗ с ы н. Қарайған еш 

нəрсе жоқ, аппақ. Ал Хан-Тəңірінің батыс 

түстігі бір қ а р а й ғ а н с ы з ұшы-қиыры 

жоқ  мұзтауларға  ұласып  кете  береді  екен 

(Т.Мəмесейіт, Таудан., 308). 



ҚАРАЙҒЫР  з  а  т.  к  ө  н  е.  Паровоз.

Қ а р а й ғ ы р, қара алып, жүйткиді, Жа-

нуар  күшіне  сенеді  (С.Сейфуллин,  Шығ., 

67).  Мысалы,  алпауыт  (помещик),  кіндік 

(орталық),  күйсандық  (пианино),  қ  а  р 



а  й  ғ  ы  р  (паровоз)  сияқты  историзмдер 

тілімізде орнықпады (М.Белбаева, Қазіргі 

қаз. тілі, 87). 

ҚАРАЙЫМ: Қарайым тілі. Қарайым 

халқының ұлттық тілі. Қ а р а й ы м  т і л 

і түркі тілдерінің қыпшақ (солтүстік батыс) 

тобының батыс-қыпшақ бұтағына жатады 

(Ана тілі, 06.06.2013, 4). 

ҚАРАКЕМІК  з  а  т.  в  е  т.  Суық  тию-

ден  малдың  жіліншігінің  басы  (кемігі) 

қарайып  кететін  ауру.  Онда  автор 

халқымыздың  көнеден  келе  жатқан 

бай  тəжірибесіне  сүйене  отырып,  қой 

малында болатын қ а р а к е м і к ауруы 

туралы  ой  толғаған  (Білім  жəне  еңбек, 

1985, №6, 19). 



ҚАРАКЕМІКТЕН  е  т.  Мал  жілігінің 

басы, қарайып кету. Баптаймын деп таптап 

берсең, күйі ауып қ а р а к е м і к т е н і п

құмжілікке айналады (Саятшылық, 176). 

ҚАРАКЕМІКТЕНУ  Қаракеміктен 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚАРАКЕНЕЙ з а т. б о т. Тамыр-түйнегі 

жеуге  жарамды  құм  өсімдігі.  Бір  кезде 

дала  кезіп,  адыраспанның  түйнегімен 

атысып, қ а р а к е н е й қазып, көсік жеп 

өскен  Қаратереңнің  қара  сирақ  балалары 

қазір  осы  саланың  тізгінін  ұстап  отыр 

(Б.Омарұлы, Қаратерең., 24). 



ҚАРАКЕС з а т. к ө н е. Матаның бір 

түрі. Сен туғанда, Нұралым, Қ а р а к е с 

к е бөлеттім. Ал қ а р а к е с батады деп, 

Балакеске бөлеттім (Батырлар жыры, 28). 



ҚАРАКЕСЕКТЕУ с ы н. Майы аздау, 

қарасы көптеу (ет). 

ҚАРАКӨЖЕ  з  а  т.  Талқаннан,  ұннан 

жасалған,  майсыз,  қатықсыз  көже. 

Мұнда еті тым мардымсыз қ а р а к ө ж е

деуге  лайық  асты  ғана  талғажу  етеді 

(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 148). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет