Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет82/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   168

ҚАРҒАТҚЫЗ  Қарғат  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Кім  айтты  Тыны-

байды, Қ а р ғ а т қ ы з ы п Николайды? 

Тыныбайды ар оятты! (И.Байзақов, Таңд. 

шығ., 2, 77). 



ҚАРҒАТҚЫЗУ Қарғатқыз етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАРҒАТҰЯҚ  з  а  т.  қ.  ө  н  е  р.  Қар 

бетіне түскен қарғаның (құстардың) ізіне 

ұқсайтын  өрнек  түрі.  Қ  а  р  ғ  а  т  ұ  я  қ

кілем, алаша, басқұрларға су ретінде жүргі-

зілуде қолданылады (Қаз. этнография., 3, 311). 

ҚАРҒАТҰЯҚТАП  ү  с  т.  Қарғаның 

т ұ я ғ ы н д а й   е т і п ,   а р б и т ы п .   С и я 

қарындаштың ұшын тілімен жалап-жалап 

қойып,  бүктесіннен  қырқылған  сарғыш 

қағазға қ а р ғ а т ұ я қ т а п жаза бастады 

(Ж.Нəжімеденов, Ақ шағыл, 236). 

ҚАРҒЫБАУЛА е т. Қарғыбау тағып, 

жетектеп  алу.  Сенің  артыңнан  бұралқы 

иттей  еріп  келген  заржақ  немеңді  менің 

жылмаңдаған  тазыдай  қ  а  р  ғ  ы  б  а  у  л 

а  п  алғанымды  да  көрерсің  (С.Сматаев, 

Алғашқы  асу, 8). Атасы  белбеуін  шешіп, 

қонжықтың мойнына қ а р ғ ы б а у л а п  бай-

лады да, итше жетеледі (М.Құмарбекұлы, 

Жер иесі, 318). Қ а р ғ ы б а у л а п жетек-

теп, ырылдатып қосатын ием бар (Жұлдыз, 

1972, №7, 96). 

ҚАРҒЫБАУЛАУ  Қарғыбаула  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҚАРҒЫБАУЛЫ с ы н. Қарғыбауы бар, 

қарғыбау таққан (О.Бөкеев, Өз отыңды., 43). 

ҚАРҒЫБАУЛЫҚ  с  ы  н.  Қарғыбау 

боларлық,  қарғыбауға  жарарлық.  Ептеп 


342

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

алған, қ а р ғ ы б а у л ы қ бірдемесі де болса 

керек (С.Мұқанов, Таңд. шығ., 348). 

ҚАРҒЫҒЫШ  с  ы  н.  Қарғи  беретін, 

қарғығанды ұнататын (Ə.Нəбиев, Бейта-

ныс., 42).



ҚАРҒЫМАҚ  з  а  т.  э  т  н.  Белгілі  бір 

биіктікте  байланған,  болмаса  екі  адам 

керіп ұстап тұрған жіптен секіріп (қарғып) 

ойнайтын ескіден келе жатқан қазақтың 

ұлттық  ойыны.  Оның  мəні  осы  күнгі 

биікке секіру, алысқа секіру сияқты спорт 

ойындарымен шендеседі. Қ а р ғ ы м а қ ой-

налатын алаң не ұсақ құм, не ағаш ұнтағы 

төселген жұмсақ болуы шарт (Ойын-сауық, 

164). Қ а р ғ ы м а қ ойыны кедергілерден, 

арық,  жыралардан,  сондай-ақ  өзен  судан 

қарғып  өтуге  машықтандырады  (Қаз.  эт-

нография., 3, 473). 

ҚАРҒЫНШЫЛ  с  ы  н.  Қашықтыққа 

ғана  шабатын  ұшқыр  (ат).  Мұндай 

жылқылар  мүлдем  бағаланбайды,  қ  а  р  ғ 



ы н ш ы л д а жүрдектік қасиеті ғана болса 

мал  орнына  санайды  (А.Тоқтабаев,  Ер 

қанаты, 23). 

ҚАРДАР 1. з  а  т.  ж  е  р  г.  Зəру,  қат. 

Ол менің ақылыма қ а р д а р (Ғ.Сланов, 

Шалқар., 64). 2. Қажет, керек; дəркер. ≈ 

Бұл адам үшін өте қ а р д а р нəрсе. 



ҚАРДАРЛЫҚ з а т. ж е р г. Мұқтаждық, 

зəрулік, қажеттілік. «Бірдеңеден қ а р д а 

р л ы қ көріп жатсаңыз айтарсыз» - дейді 

(Ə.Кекілбаев,  Құсқанаты, 213). Жүріс-

тұрыстарынан, киім-киістерінен тап онша 

қ а р д а р л ы қ т ы ң сыңайы байқалмайды 

(Бұл да, 245). 



ҚАРЖЫЛА  е  т.  Қаржы  ету,  қаржы 

қылып жұмсау. Бірлі-жарым қараны сатып-

сауып қ а р ж ы л а ғ а н (Қ.Тоқмырзин, 

Үш кие, 207). 

ҚАРЖЫМ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Күш,  əл. 

Құныпия  да  атасына  еріп,  шидің  ірі 

сабақтарын  суырып  алғысы  келгенмен, 

қ  а  р  ж  ы  м  ы  жетпеді  (Ө.Қырғызбаев, 

Қырда., 265). 



ҚАРЖЫМАҚЫЛ з а т. Асық ойынының 

бір түрі. Бізде атпақыл, қақпақыл, қ а р ж 

ы м а қ ы л деген асық ойындары бар (Кирг. 

рус. словарь, 1903, 21). 



ҚАРЖЫМДЫ  с  ы  н.  Күшті,  əлді, 

қауқарлы. 

ҚАРЖЫМДЫЛАУ  с  ы  н.  Күштірек, 

əлдірек, қауқарлылау. – Сен менен гөрі қ а р 

ж ы м д ы л а у с ы ң  ғой, - деп бұранданы 

Құлахметке  бұратты  (Ө.Қырғызбаев, 

Қырда., 284). 

ҚАРИЛЫҚ з а т. Қари болғандық, қари 

дəрежесін алғандық. Оянып шошығандай 

тамам будан, Жүгіріп жан қалмастан жас 

пен қудан. Өтеді он екіде қ а р и л ы қ қ а Ба-

лалар құлын жастан сонда туған (Мəшһүр 

Жүсіп, Шығ., 253). 

ҚАРИЯГЕРШІЛІК  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Қариялық. Кейінгі ұрпақ қ а р и я г е р ш і 

л і к деген қазақтың асыл мұрасын сақтап 

қалады  деп  ойлайсыз  ба? (А.Əшімұлы, 

Шығ. жин., 5, 100). 

ҚАРИЯШЫЛ  с  ы  н.  Қарияларды 

сыйлағыш, қариялардың сөзін сөйлегіш. – 

Бұл жайында қариялар не болжам айтады? 

– деп Тəліптің аяқ астынан қазақшыл, қ а 

р и я ш ы л бола қалып сұрау беруі де шын 

ниеттен  шыққан  сөз  еді  (О.Сəрсенбаев, 

Жақсының., 92). 

ҚАРҚАРАЛЫ:  Қарқаралы  бөрік. 

Қыздарға арналып, төбесі конус тəріздес 

үшкір, етегі қиғаштау етіліп, қымбат аң 

терісімен  көмкеріліп  тігілген  бөрік  (Қаз. 

этнография., 1, 540). 



ҚАРҚАША  з  а  т.  Күлдіреуішті 

қозғалтпай  ұстап  тұратын  төрт-

төрттен  сегіз  көлденең  ағаш;  бақалақ. 

Күлдіреуішті  айнытпас  үшін  жасалған 

беріктікті қ а р қ а ш а немесе бақалақ деп 

атайды (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 27). 



ҚАРҚУАР  з  а  т.  з  о  о  л.  Сайрауық 

құстардың  бір  түрі.  Қ  а  р  қ  у  а  р  деген 

құс  ертеден  сайрағаннан  талмай  түннің 

біршамасында  сайрауын  қояды  екен 

(Қазыбек бек, Түп-тұқияннан, 44). 



ҚАРҚЫЛДАҚ з а т. з о о л. Тұзды жəне 

өзен суларына кең тараған, төбелері қара, 

қанаттары үшкір, шағалаға ұқсас құс. Қ а 

р қ ы л д а қ Қазақстанның барлық жерінде, 

су маңында ұялайды (Қазақст. жануар., 78). 



ҚАРЛЫҒЫҢҚЫЛАУ  с  ы  н.  Сəл 

қарлыққан,  қырылдаңқыраған.  Мəліктің 

қ а р л ы ғ ы ң қ ы л а у келген қоңыр үні 

ар  жағынан  ентіге  жеткен  көп  сауалдың 

тігісін жаймалап, сауал иесін сабырға қарай 

қайырып əлек (Н.Ақыш, Бейуақта., 277). 



ҚАРЛЫҚ з а т. с ө й л. Қарлұқ. Шаһар 

билеушісі қ а р л ы қ болса да, тұрғын хал-

қы тоғызоғыздар, яғни ұйғырлар жағына шы-

ғыпты (Л.Гумилев, Қиял патшалығы, 57). 



ҚАРЛЫҚТЫ с ы н. с ө й л. Қарлыққан, 

қарлығыңқы. – Табынып  болсаң  жүрейік, 

343

Байынқол Қалиев

- деген шаруа шалдың қ а р л ы қ т ы үні 

бұзды (О.Бөкеев, Мұзтау, 127). 

ҚАРЛЫҚТЫР  Қарлық  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Жарлылар жабыла-

рын  жарыстырып,  Жамбы  алып  жігіттері 

көкпар тартты. Əншілер қ а р л ы қ т ы р 

ы п əнмен даусын, Күйшілер күлдіретті он 

саусақты (Қ.Аманжолов, Шығ., 2, 40). 



ҚАРЛЫҚТЫРУ  Қарлықтыр  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҚАРМАҚ:  Қармақ  жұтқан  жайын-

дай. Бар пəрменін салды, жан ұшырды. Не 

ойдың да тұңғиығына қ а р м а қ  ж ұ т қ а н



ж а й ы н д а й тез батырылып, тез шешім 

қабылдайтын  Хақназар  енді  бөгелмеді 

(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 308). 

ҚАРМАЛЖЫҚ... Бағаналы орда, бас-

ты  орда,  Байсал  орда  қонған  жұрт.  Қара 

түлкі қ а р м а л ж ы қ, Ақсары атан аспалап, 

Ел жайлауға шыққан жұрт (Бұқар жырау: 

Нар заман., 84). 

ҚАРНАҚ з а т. Қаланатын немесе бір-

біріне  жалғанатын  нəрселердің  арасын 

байланыстыратын  жұқа  темір  шыбық 

(Бекітіл. термин., 50). 



ҚАРНАЛ Қарна етістігінен жасалған 

ырықсыз  етіс.  Енді,  міне,  алды-артын 

пайымдамай асығыс қимылдайтын асау ел 

қаралай қанжарға қ а р н а л ы п, шыбын-

дай  қырылып  жатыр  (Ə.Кекілбаев,  Елең-

алаң, 211). 

ҚАРСАҚ:  Қарсақ  бөрік.  Қарсақ 

терісінен  тігілген  сəнді  бөрік.  Жиегі 

ерекше қымбат аңдар терісінен жасалатын 

кəмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, қ 

а р с а қ  б ө р і к, сусар бөрік, түлкі бөрік, 

күзен бөрік деп аталатын бөріктің түрлері 

ертеде  кит,  кəделі  сый,  жасау  қатарынан 

орын алған (Қаз. этнография., 1, 539). 



Қарсақ жон сорпа. э т н. Құрт, сүзбе қа-

тылған сорпа. Арқа қазақтары мұны қ а р 

с а қ  ж о н  с о р п а деп атайды (Ана тілі, 

24.07.2008). 



Қарсақ  ішік.  Қарсақ  терісінен  тігіл-

ген ішік. Қасқыр ішік, түлкі ішік, қ а р с а қ

і ш і к, бұлғын ішіктер қыста киюге арнал-

ғандай (Шаңырақ, 327). 



ҚАРСЫ: Қарсы жіп. Өрмектің ерсілі-

қарсылы,  астылы-үстілі  етіп  керілген 

жіптерінің астыңғы жіптері; еркек жіп. 

Адарғыны ерсі жіп пен қ а р с ы  ж і п т і 



ң өзара айқасқан аралығын ашып, арқау жіп 

өткізу үшін пайдаланылады (ҚСЭ, 2, 49). 

Күзу жіп өрмек желісінің қ а р с ы  ж і п

(еркек жіп) жəне ерсі жіптерінің (ұрғашы 

жіп) арасын шатастырмай, бөліп, көтеріп 

тұру қызметін атқарады (Қаз. этнограафия., 

3, 253). 

Қарсы  талап.  з  а  ң.  Жауапкердің 

арызданушыға қоятын талабы. Қ а р с ы  

т а л а п тараптардың тиісті міндеттеме-

леріне қарай қойылуы мүмкін (Терминол. 

анықт., 8, 49). 

ҚАРСЫЛАН  Қарсыла  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Алайда күйеу бала 

айрықша құрмет, ерекше салтанатпен қ а р с 



ы л а н д ы (М.Мағауин, Аласапыран, 2, 246).

ҚАРСЫМƏНДЕС:  Қарсымəндес 

сөздер. л и н г в. Тұлғалары бөлек-бөлек, 

мағыналары  бір-біріне  қарама-қарсы 

сөздер (антонимдер). Қ а р с ы м ə н д е с 

с ө з д е р көбінесе бір ғана сөз табынан жа-

салынады (Б.Қалиұлы, Қаз. қазақ тілі, 81). 



ҚАРТ: Қарттар үйі. Қараушысы жоқ 

қартайған адамдар тұратын үй. Айтуын 

айтсам да, қаладағы қ а р т т а р  ү й і н д е 



г і көздері жаудыраған қазақ кəриялары ой-

ыма оралды (С.Рахымбек, Айдында., 103). 



ҚАРТА е т. с ө й л. Қартай. Ат жақсысы 

қ  а  р  т  а  д  ы,  негізіне  тартады  (Мақал). 

ҚАРТАҚҰМАР с ы н. Қарта ойнағанды 

жақсы көретін, қарташыл. 

ҚАРТАҚҰМАРЛЫҚ  з  а  т.  Қарта 

ойнауға  құмартқандық,  қартаны  көп 

ойнаушылық. Ол үшін араққұмарлық, қ а 

р т а қ ұ м а р л ы қ əншейін ермек қана 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 171). 



ҚАРТАПАЗ з а т. с ө й л. Қартақұмар. 

–  Ұры-қары,  қ  а  р  т  а  п  а  з,  құмарпаз, 

алдауыш,  алаяқ  емеспісіз? (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 172). 



ҚАРУТАНУ  з  а  т.  Соғыс  қару-

жарақтарын зерттейтін ғылым. Қ а р у 

т а н у ғылымы саласында көшпенділердің 

соғыс қаруына қатысты орыс əдебиеттерінде 

қамшыны  да  соғыс  құралына  жатқызып 

жүр  (Ата  салты., 41). Қ  а  р  у  т  а  н  у – 

Қазақстанда  кенжелеп,  дамымай  қалған 

ғылым саласы (Бұл да, 45). 



ҚАРУТАНУШЫ  з  а  т.  Қарутану 

ғылымымен  айналысушы,  қарутану  ма-

маны.  Орыс  тілінде  жарық  көрген  қ  а  р 

у  т  а  н  у  ш  ы  авторлардың  еңбектерін-

де  көшпенділердің  əскери  құрылымы 

ауыр  жəне  жеңіл  деп  екіге  бөлінеді  (Ата 

салты., 42). 



344

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚАРХАНА з а т. к ө н е. Қорған. Қала, 

қ  а  р  х  а  н  а  салу,  егін  егу,  сауда-саттық, 

бəрі-бəрі  былайғы  қара  халыққа  əкімдік 

жүргізетін  билік  иелерінің  мүддесіне  ай-

налды (І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 80). 

Құсайын  əмірдің  озбырлығынан  əбден 

мезі  болған  Самарқант  діни  адамдары, 

медрессе-мұғалима  шəкірттері,  қ  а  р  х  а 

н  а  шебер,  ұсталары  бас  көтеруге  қатты 

дайындық жүргізіп жатқан (І.Есенберлин, 

Шығ. жин., 9, 204). 

ҚАРШЫ з а т. к ө н е. 1. Хан ордасы. 

Қазыбек  бек  атандым.  Ханның  тізесін 

басып  оңқалы  болып,  қ  а  р  ш  ы  д  а 

отырдым  (Қазыбек  бек,  Түп-тұқияннан., 

99).  Осы  соғыстың  жорамалын  жасаған 

Қазыбек батыр қ а р ш ы ғ а (хан ордасы-

на) шақырылды (Соц. Қаз., 16.02.1991, 4). 

2.  Ханның  оң  қолы,  кеңесшісі.  Аңырақай 

соғысын  басқарып,  жеңіске  ие  болған 

Қазыбек батырға бек атағы беріліп, ол Жол-

барыс ханның қ а р ш ы с ы н а белгіленді 

(Егем. Қазақст., 20.03.1992, 3).



ҚАРШЫҒА:  Қаршыға  қанат.  э  п 

и  т.  Қанаты  қаршығаның  қанатындай. 

Иншалла,  балапанның  бітім-болмысы

қ а р ш ы ғ а  қ а н а т, жылан бас, қожыр 

аяқ, талтақ бұттың өзі болар деп отырмын 

(К.Сегізбаев, Беласқан, 204). 

ҚАРШЫҚ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Кемпір. 

«Алажіпті»  міндетті  түрде  қара  ала  киім 

киген қ а р ш ы қ кесетін болған» (Ана тілі, 

03.10.1991, 8). 



ҚАРШЫЛДАС  с  ы  н.  Қарш-қарш 

еткен (дыбыс). Қ а р ш ы л д а с темір үні, 

адам үніне араласып, қала үстінде белгілі 

еңбек əні гүжілдеп тұр (Ғ.Мүсірепов, Қаз. 

солдаты, 75). 



ҚАРШЫНДА  е  т.  Қарқындап,  ілгері 

басу, екпіндеу. Шаруашылығымыз қ а р ш ы 

н д а п ілгері басуда (Жетісу, 16.04.1992, 3). 

ҚАРШЫНДАУ Қаршында етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАРШЫНДЫ с ы н. с ө й л. Қарқынды. 

Əр аттың өзіндік қасиеттері бар. Мəселен, 

аяңшыл,  желісқор,  жортақ,  тепірек, 

шығымды, шыға салма, тыз етпе, қ а р ш ы 



н д ы, т.б. (А.Сейдімбеков: Ер қанаты, 176). 

ҚАРЫЗҚҰМАР з а т. Қарыз алғанды 

ұнататын, қарыз алғыш. Бас орнында бас 

емес – бір доп-түйін Пенделер бар тілдеріне 

жоқ тиым. Арызқұмар, қ а р ы з қ ұ м а р 

жандарға Қайран уақыт, құның сенің көк 

тиын (Қаз. əдеб., 06. 04. 1973, 2). 

ҚАРЫЗ-ПАРЫЗ  з  а  т.  Қарыз,  парыз, 

борыш, міндет. Қазақ халқының ел басқару 

дағдысында, билік алған адамдардың мой-

нына мынандай қ а р ы з-п а р ы з түседі... 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 122). 



ҚАРЫҚ__1'>ҚАРЫҚ

1

  з  а  т.  Қауын-қарбыз  егетін 



тақта жер. – Келер көктемде мына қ а р 

ы  қ  қ  а  əңгелек,  мынаған  қарбыз  егіңдер 

(Т.Тобағабылов,  Тағдыр., 59). Қорадан, 

əжемнің  жылда  көкем  əскерден  келеді 

деп  таза  торлама  тұқымын  бөлек  тігетін 



қ а р ы қ т а р ы н а н əйдік екі торламаны 

əкелдім  (Лен.  жас, 07.12.1967). Екеулеп 

əр  қ  а  р  ы  қ  т  ы  аралап  қауынды  үзеді 

(Лен. жас, 30.11.1972, 2). Біздің облыстың 

жағдайында  қауын-қарбыз  егілген  қ  а  р 

ы қ пен қ а р ы қ т ы ң арасы 4 м, ұялар 

арасының қашықтығы 1-1,2 м болуға тиіс 

(Ленин жолы, 23.05.1969, 3). 

ҚАРЫҚ

2

  е  т.  ж  е  р  г.  Шағылысу.  Ол 

(иттің қаншығы) қай кезде қ а р ы ғ а р екен, 

қашан күшіктейді, ол үйіне қашан жетеді?! 

(Ғ.Нұрпейісов, Аңшы сыры, 73). Жобала-

ушылар «бүркіт Орал тауына барып қ а р 



ы ғ а д ы, балапандары Оралдың ақиығы 

сияқты  ақшұбар  болуы  содан»  деседі 

(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз, 179). 

ҚАРЫҚ:  Қарық  басу.  ж  е  р  г.  Шөл 

басу.  Шəй  ішіп  қ  а  р  ы  қ    б  а  с  у,  қарын 

сипап солық басу деген сияқты тоқшылық 

салты  ешкімді  орнынан  қозғай  қоймады 

(Қ.Ысқақов, Қараорман, 206). 



ҚАРЫҚТАЛ  Қарықта  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Айдалған, қ а р ы қ 

т а л ғ а н жер жібектей есіліп жатыр (Лен. 

жас, 30.11.1972, 2). 



ҚАРЫҚТАЛУ  Қарықтал  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАРЫҚТАТ  Қарықта  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

Қарықтатып суару. Қарық (ирек арық) 

тарту арқылы суару тəсілі. Қ а р ы қ т а 

т ы п  с у а р у тəсілі көбінесе оталатын 

өсімдіктерде, мысалы: мақта, сəбіз, қауын 

т.б. өсімдіктерді суаруға қолданылады (Қаз. 

этнография., 2, 19). 



ҚАРЫҚТАУ...  Кейбір  диқандар  жері 

екінші  қайтара  өңделді,  қ  а  р  ы  қ  т  а  у 

жұмыстары  да  қызу  жүргізілуде  (Ленин 

жолы, 23.05.1969, 3).



ҚАРЫМАҚЫ з а т. с ө й л. Өтемақы. 

Бағаның өсуіне байланысты үкімет беретін 

65  сом  қ  а  р  ы  м  а  қ  ы  (компенсация) 


345

Байынқол Қалиев

төңірегіндегі  түсінбеушіліктен  туған 

алашапқын  жүгіріс  қаншама  (Қаз.  əдеб., 

05.04.1991, 1). 



ҚАРЫН з а т. Сойылған қойдың қарнын 

жуып-шайып,  түгін  қырып,  тазалап, 

ішіне жел үрлеп, кептіріп қояды. Кейіннен 

ыстап, оған май салады. Шайқалған май-

ды тұздаған соң, суын сығып осы қ а р ы 



н ғ а салады. Қарынға салынған май ұзақ 

сақталады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 235). 



Қарын  қуырдақ.  Қарынның  ішіне 

майдалап салып пісірген ет. Тас қуырдақ 

та, көмбе қуырдақ пен қ а р ы н  қ у ы р д 



а  қ  та  əлі  темір  ыдыстар  тарамаған,  есте 

жоқ  ескі  заманда  шыққан  тағамдар  ғой 

(Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 1, 214). 

Қарын  құда.  э  т  н.  Балалары  тумас 

бұрын құдаласқан құдалар. Бір ғана құда 

атауының өзі оннан асады. Мысалы, құда, 

бас құда, бесік құда, қ а р ы н  қ ұ д а, қарсы 

құда т.б. (Жалын, 1974, №3, 146). 



Қарын  құрышы.  Май  салынған 

қарынның  бір  бұрышы  (бөлігі).  Сарымай 

салған қ а р ы н н ы ң  қ ұ р ы ш ы н кесіп 

алып, қыздырды да баланың ішіне басып 

еді. Зұлке жылауын қойды (А.Жұмаділдин, 

Сең бұзыл., 30). 

Қарын салды. Жардай болып семірді. 

Халық аш-жалаңаш, кедей тұрып, əкімнің 



қ а р ы н  с а л у ы – жемеңгерліктің белгісі 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік, 1, 122). 



ҚАРЫНАЯҚ  з  а  т.  Əркімнің  тамақ 

ішетін меншікті (мөлшерлі) ыдысы. 

ҚАРЫНБАЙЛЫҚ...  Сондай-ақ  ел 

арасындағы  жағымсыз  қылықтарды, 

надандықты,  жалқаулықты,  пасықтықты,

қ а р ы н б а й л ы қ т ы аямай сынап, қатты 

əшкерелейді (Лен. жас, 03.03.1977, 3). 



ҚАРЫНДА е т. Уыққа қарын жасау. – 

Балам, - деді шебер, - уықты қ а р ы н д а п 

болған соң, - сызғышты əкеле қойшы (Қаз. 

əдеб., 13.08.1982, 14). 



ҚАРЫНДАЛ  Қарында  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Сонда уықтың қ 

а р ы н д а л ғ а н жағы иіннің іш жағына 

келіп, жарты доға пішінді имек жасалады 

(Қаз. əдеб., 13.08.1982, 14). 

ҚАРЫНДАЛУ  Қарындал  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАРЫНДАУ  Қарында  етістігінің 

қимыл атауы. Талдың осы жонылған бөлігі 

«уықтың қары» деп, бауырлап жонудың өзі 

«уықты қ а р ы н д а у» деп аталады екен 

(Қаз.  əдеб., 13.08.1982, 14). Үйші  уықты 



қ а р ы н д а у ғ а кірісті (Бұл да). 

ҚАРЫНДЫ  с  ы  н.  Қарынға  салған. 

Бұған  тіркелетін  қосымша  мүше  жəне 

бар:  қ  а  р  ы  н  д  ы  май,  табақты  құрт... 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 22). 



ҚАРЫНКӨМБЕ з а т. Малдың қарнына 

туралған  ет  пен  əртүрлі  дəмдегіштерді 

салып, қоламтаға пісірген тамақ. Қ а р ы н 

к ө м б е көбінесе сыртта жүретін малшылар 

мен аңшылар дайындайтын тағам түрі (Қаз. 

этнография., 3, 498). 

ҚАРЫНСАУ з а т. и х т и о л. Балықтың 

қарны  қампиған  бір  түрі  (пузанка) 

(М.Жұмалиев, Балықтар., 238). 



ҚАС  з  а  т.  Туырлықтың  керегеден 

жоғары тұрған ішкі жағына жалпақтығы 

70-80  см-дей  қызыл,  көк  түсті  матадан 

оюлап, өрнектеп жиектеме тігеді. Соны 

қас  деп  атайды.  Туырлықтың  қ  а  с  ы 

үзікпен астасып, үй ішіне əсем көрік беріп 

тұрады (ҚҰЭ, 8, 519). 

ҚАС: Қас ер. Ердің бір түрі; екі қасы 

бар ер. Қ а с  е р – ерлер үшін, сарт ер не-

месе  қоқан  ері - əйелдер  үшін  арналған 

(Білім жəне еңбек, 1986, №1, 32). 

ҚАСАБА

1

 з а т. к ө н е. Дулығаның биік 



(шошайған) төбесі. Басына киіп дулыға Қ а 

с а б а с ы н қақайтып, Ақ найзасын өңгеріп 

Атына мініп алады (Ақсуат, 2, 153).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет