ЛАДТЫҚ ... Біздің электрлі аспаптар-
мен айналысып жүрген жастарымыз халық
əуендеріндегі л а д т ы қ негіздері мен
ұлттық интоннацияны жете меңгере алмай
жүр (Қаз. əдеб. 14.05.1976, 3).
ЛАЖДАУ ... Сіркелеу, л а ж д а у,
шыңылтырлау дейтін ұсталық, зергерлік
іс-əрекетке қатысты сөздерді білесің бе?
(Жетісу, 07.07.2011, 9).
ЛАЖЫ з а т. ж е р г. Тініке.
396
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Лажы жүргізу. ж е р г. Тініке жүргізу.
Кей жерлерде, əсіресе, оңтүстік өңірде ты-
ныке жүргізу əдісін, л а ж ы ж ү р г і з у,
лажылау деп атайды (Қаз. этнография., 2,
608).
ЛАЖЫЛА е т. ж е р г. Тінікеле.
Сабындағы ақық көздің төңірегін л а
ж ы л а п, атты адам түсіп, жаяу адам
жатып қарайтын əдемі бəкі соғады
(Д. Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22.06.1984,13).
ЛАЖЫЛАН Лажыла етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. ҚР МОМ қорында
л а ж ы л а н ғ а н шашпау сақтаулы.
Шашбаудың əрқайсысы гүл өрнектермен
л а ж ы л а н ғ а н үш тақта-алақаннан тұра-
ды (Қаз. этнография., 2, 608).
ЛАЖЫЛАНУ Лажылан етістігінің
қимыл атауы.
ЛАЖЫЛАУ Лажыла етістігінің
қимыл атауы.
ЛАЗЕРЛІК с ы н. Лазері бар, лазерге
тəн. Дина дереу чемоданын ашып л а з е р
л і к приборын алды (Жалын, 1972, №5, 59).
ЛАЙ: Лай балық. Шоғырланғандықтан,
топтанғандықтан лайланып жатқан
жердің (судың) балығы. Ол кезде кісілер
оқта-текте соғып тұратын л а й б а л ы қ қ а
аулары майланғанда өлгенін білмей рухта-
нып кететін (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 130).
Лай судан балық аулады. Нəтижесі
бұлыңғыр іспен əуре болды, өнбейтін
нəрсемен айналысты ≈ Л а й с у д а н б а
л ы қ а у л а м а, босқа əуре боласың.
ЛАЙЛАН е т. а у ы с. Бұлдырау,
тұмандану. Оның екі көзі баттиып ұясынан
шығып, л а й л а н ы п кетіпті (О. Сəрсенбай,
Шығ., 5, 261). Арыстанбаевтің көзі л а й л
а н ы п, мүлдем бұлдырап кетті (Бұл да,
5, 264).
ЛАЙСАҢДАН... Кеше ғана мөлдіреп
жатқан кəусар су бүгін ісіп-кеуіп, арнасы-
нан шығып, л а й с а ң д а н ы п, ботана боп
алас ұрып жатыр (Лен. жас, 04.07.1979, 3).
ЛАЙСАҢДАУ с ы н. Аздап лай, лай-
лылау. Л а й с а ң д а у, ботана су толқын-
толқын, алқынып ағып жатыр екен (Жалын,
1974, №4, 57).
ЛАЙШЫ з а т. Лай дайындаушы,
сылақшы. - Бастық жолдас, - деді л а й ш ы
қыз, - бір сұрақ беруге болар ма екен?
(Ж.Кəрменов, Ғашық., 196).
ЛАЙЫТ... 2. а у ы с. Көңіл күйі түсу,
мұңаю, қайғыру. Əбілқайыр сол бірте-
бірте л а й ы т ы п мағынасызданып
бара жатқан өлмеші жанарларға қарай
алмай көзін аударып əкетті (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 22). Сағынбаймын, сағынсам,
мұңайтады. Мұңайсам, көңіл тағы л а й ы
т а д ы. Əнуарды, Шəмшіні, Шəмілдерді,
Күн өткізген солай деп кім айтады
(М. Мақатаев, Соғады жүрек, 2, 68).
ЛАҚАЙ з а т. Түркі тілдес халық. Л а қ а й
– домбыра тартатын, жылқы етін жейтін,
кешеге дейін киіз үйде тұратын түркінің бір
бұтағы (Ана тілі, 11.04.2013, 1). Осы үлкен
ғылыми жиынға Насриддин Назаров есімді
л а қ а й ғалымы келді (Бұл да).
ЛАҚАЙ-ТƏЖІК з а т. Түйе тұқым-
дарының бірі. Шу бойында жабайынша
жайылатын ойсылқараның л а қ а й-
т ə ж і к т е н, біртумадан, мырзақоспақтан
тарайтын нəсілі көп (Жұлдыз, 1972, №8,
206).
ЛАҚҚАНДЫҚ з а т. Лағып кеткендік,
адасқандық. Ер балаларын бұрын орысша
оқытудан қашқан қандай л а қ қ а н д ы қ
болса, бұл күнде əйел балаларын орысша
оқытудан қашу да сондай адасқандық
(«Қазақ» газеті 1913, 174).
ЛАҚПАЛАУ с ы н. Аздап лағып кеткен,
жөнсіздеу. – Сіздің үйге Дүйсенбаевтың
туған-туыстары келіп-кетіп жүре ме? – деп,
л а қ п а л а у сұрақ қойды (О. Сəрсенбай,
Шеңбер, 35).
ЛАҚСА: Лақсасы шықты. Əбден тоз-
ды, жыртылды, қаңырады. Аяқ киіміңнің
л а қ с а с ы ш ы ғ ы п т ы ғой. Тігістерінен
түк қалмай қақырап тұр екен (А. Мекебаев,
Алапат, 137).
ЛАҚСАЛАУ с ы н. Əбден тозған,
ескілеу. Мөңке мен Дос су ағатын л а қ с
а л а у жаман қайықтың қасына тоқтады
(Ə. Нұрпейісов, Ымырт, 258).
ЛАҚСЫЗ с ы н. Лағы жоқ, лағын ерт-
пеген (Ертедегі əдеб. нұсқа., 145).
ЛАҚТЫРМАЛЫ с ы н. Лақтыруға
ыңғайлы етіп жасаған, лақтырып
тигізетін (найза). Айдай сұлу жігіттің
дəл жүрек тұсында қоқандықтардың л а қ
т ыр м а л ы қысқа сап найзасы қадалып
тұрса керек (О. Сəрсенбай, Шығ., 4, 206).
ЛАҚТЫРЫНДЫ з а т. Лақтырып
тастаған керексіз нəрсе. Батыстың
шығынға тастаған л а қ т ы р ы н д ы с ы н
«жерден жеті қоян тапқандай» иеленіп
отырмыз (С. Ордашева, Кек жуған, 81).
397
Байынқол Қалиев
ЛАҚЫЛДАҚТЫҚ з а т. Лақ ете
қалушылық, лепірмелік. Бұл жолғы əңгімеміз
ақындық мəдениет, ақындық кішіпейілділік
пен сезім ұстамдылығы, сөздегі л а қ ы л д
а қ т ы қ пен мақтанқұмарлықтан сақтану,
сыпайылық жайында ғана пікір қозғау
болды (Қаз. əдеб., 05.04.1974, 3).
ЛАЛ з а т. с ө й л. Лалагүл. Теңгегүлдің
жап-жасыл жапырақтарына ілініп, күн
сəулесімен ойнаған бірер түйір л а л ғ а көзі
түсті. Жап-жасыл теңгегүл, қып-қызыл л а л
(Ш. Мұртазаев, Қара маржан, 63).
ЛАМИНАРИЯ з а т. б о т. Балдырлардың
ең танымал түрі. Л а м и н а р и я –
көпшілікке белгілі теңіз орамжапырағы.
Оның көп түрін тамаққа пайдаланады (Тірі
табиғат, 68).
ЛАМАНТИН... Л а м а н т и н д е р өте
баяу көбейеді. Ұрғашысы əдетте 3-5 жылда
бір рет 12 ай буаз болып, бір бала туады да,
оны 1,5 жыл бойы сүтімен асырайды (Су
асты тіршілік., 86).
ЛАМПАСТ з а т. Əскери басшылар
киетін бұт киімнің екі бүйіріне түсті ма-
тадан тігілген ұзынша жолақ.
ЛАМПАСТЫ с ы н. Лампасы бар,
лампаст тігілген (шалбар). Есіктің алдына
шыққанда оның л а м п а с т ы жандарал-
мен сөйлесіп тұрғанын көрдік (С. Жүнісов,
Ақан сері, 2, 12, 105).
ЛАҢДЫ с ы н. Даулы, дамайлы, шулы,
бүлікті. Сойқанды, л а ң д ы істерді істеуге,
реті келсе, біреуге зиян тартқызып кетуге жа-
ным құмар (Т.Жақыпбайұлы, Лашын, 96).
ЛАПҚА з а т. к ө н е. Фин, карел жұрты.
Орманда орыс, тауда томан, қырда шер-
кес, ойда естек, суда л а п қ а – дүниенің
төрт бұрышын ғаділдікпен билеген хан
(М. Мағауин, Аласапыран, 2, 125).
ЛАПТА з а т. Балалар ойынының бір
түрі. Мұндағы балалар доптың орнына
«л а п т а» - мəшік ойнайды (Ж. Алтайбаев,
Таңд. шығ., 309).
ЛАПЫЛДАҒЫШ с ы н. Лап ете
қалатын, лаулап жанғыш. Нəпсі деген
нəлет тиіп кетсең лау ететін шайқурай
сияқты л а п ы л д а ғ ы ш пəле екен
(Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 97).
ЛАРИНГОЛОГ з а т. м е д. Ауыз,
мұрын, құлақ қуыстарын емдейтін дəрігер.
Сөйтіп, мен ойда-жоқта л а р и н г о л о г
болып, табаны күректей төрт жыл істедім
(З.Шашкин, Доктор Дарханов, 11).
ЛАРИНГОЛОГИЯ з а т. м е д. Ауыз,
мұрын, құлақ қуыстарын емдеудің теория-
сы мен практикасы. Əрине, бұл кезде л а р и
н г о л о г и я ғ а бойымды үйретіп, меңгеріп
алғам (З. Шашкин, Доктор Дарханов, 11).
ЛАТТА е т. ж е р г. Ласта. Бүйтіп жер
басып жүргеніңнен дүниені л а т т а м а й
құрығаның озық-ау (О. Бөкеев, Өз отыңды.,
301).
ЛАТЫНШАЛА ... Дəрігер бар білім
нəрін қоспайтын, Л а т ы н ш а л а п «ана-
лиз» деп тастайтын, Арылатын уақыт жетті
емес пе, Ескіліктен, артқа тартып баспай-
тын (М. Ахмет-төре, Ақ-қара, 200)
ЛАУЛА е т. Лау етіп міну. Əлекең салт
жүрмейді салпақ қағып, Колхоздың парлап
жегед шолақтарын, Кезекпен кез келгенін
л а у л а й д ы, Өзінің құр сақтайды төл
аттарын (Қаз. əдеб., 21.11.1975, 4).
ЛАУЛАТ Лаула етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Поселкеден поселке қуалап,
л а у л а т ы п жүріп, Еркебұлан мен
Қайсар Қараөткел қаласына кештетіп жетті
(Ғ.Мүсірепов, Кездеспей кеткен., 38).
ЛАУШЫЛЫҚ з а т. Лау айдаушылық,
лау тартушылық. Нұрым ара-тұра л
а у ш ы л ы қ қ а да қосылып кетіп
жүрді (Қ.Құрманғалиева, Атырау., 80).
ЛАФЕТШІ з а т. Лафетті ары-бері
қозғап, артилерия қаруының ұңғысын
қажетті деңгейге келтіріп отырушы адам
(Ш. Мұртазаев, Интернат., 88).
ЛАФСАН з а т. Жасанды талшықтан
тоқылған материал. Өзінің ақ нейлон
көйлегі мен л а ф с а н шалбары мынау
ыстықта адамды ешкі қотыр қылатын
бітеу мөшек екеніне Сиғаттың көзі жетті
(Қ.Ысқақ, Ақсу., 343).
ЛАШКАР з а т. с ө й л. Лəшкер.
Жəнібек аңнан келе жатып Əбілқайыр л а
ш к а р л а р ы шауып кеткен бір ауылдың
үстінен шыққан (І.Есенберлин, Алмас.,
34). «Қазақ елін құмға қашырып, қырып
тастаңдар» деп жіберген он мың л а ш к а
р л а р ы н ы ң қолынан ханның бұйрығын
орындау келмеді (Бұл да, 211).
ЛƏББАЙШЫЛЫҚ з а т. Кім не айт-
са да, «айтқаныңыз орындалады», «құп,
мақұл» деушілік. Кейбір басшылар қара-
қан бастарының қамын ғана ойлағандық-
тан, л ə б б а й ш ы л ы қ т ы ң күшті бо-
луы да келеңсіз көрініске жетеледі (Ата
салты., 8).
398
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЛƏЗЗАТШЫЛ с ы н. Лəззат алуға
ынтық, лəззатқұмар (адам). Ол тым л ə з
з ə т ш і л жан еді (А. Сейдімбеков, Тауға
біткен., 33).
ЛƏЗЗАТШЫЛДЫҚ з а т. Лəззат-
құмарлық, лəззат алуға ынтықтық. Бірте-
бірте сол л ə з з а т ш ы л д ы қ т а н да
суынғандай, салқындау тартқандай сезінді
(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 374).
ЛƏЙЛІК з а т. ж е р г. Лəйліп бос
жүретін адам. – Сенің мойның былқ-сылқ
еткенге л ə й л і к пе деп жүрсем, бірдеме
біледі екенсің ғой (Т. Əлімқұлов, Шежірелі
сахара, 31).
ЛƏМ з а т. Сөз, лебіз. – Ақсақал, бір
ауыз л ə м і ң і з д і қимай жатырмын. Енді
даусым жеткенше көрейін, соған риза бо-
ласыздар (К.Ахметбеков, Ақдала., 2, 451).
ЛƏМБІК з а т. с ө й л. Лəмбөк. Айжан-
ды қара дүрсін киіндіретін Зейнеп, л ə м б і к
аталатын матадан, бидайына түйенің жүнін
салдырып, астарымен сырмалатқан желең
тіктіріп берген еді (С.Мұқанов, Аққан
жұлдыз., 2, 81). Қазақ атын ақынға кигізіп,
үстіне л ə м б і к шапан жабады (Қаз. əдеб.,
05.12.1986, 11).
ЛƏМПЕС... Аузын шешіп Төлеш
екеумізге ішіндегіден үлестіріп жатыр:
қауынқақ, өрік, л ə м п е с, мейіз, қауынқұрт
(Жалын, 1974, №6, 109).
ЛƏПИ: Лəпи молда. э т н. Ұлттық
ойындардың бір түрі. Ойын созыла берді.
Хан қалай?, белбеусоқ, тақия жүгіртпек,
сақина тықпақ, мыршым, ондай қылма,
мұндай қыл, л ə п и м о л д а, қалдырма қақи,
балтамтап,.. (Ж.Аймауытов, Шығ., 384).
ЛƏПКЕШІ з а т. с ө й л. Лапкеші. Ашу-
лы урядник, л ə п к е ш і саудагерлердің ор-
тасына келіп тұрып, сыр бермей қаңырайып
жатқан қазаққа қарап, дағдылы жауыз
боқтығын айтты (М.Əуезов, Қилы заман,
16). Жаңажолда үлкен дүкен болатұғын.
Соған л ə п к е ш і де шыдамай, сыртаңдайды
(Ж.Молдағалиев, Самал,71)
ЛƏППАЙ о д. с ө й л. Лəббай. –
Шеше, бір əйел, бір еркек келді ме? Л ə п
п а й... Келді, қарағым (Ж.Нəжімеденов,
Кішкентай, 107). – Л ə п п а й, тақсыр,
айтқаныңыз құп болады (Оңтүстік
Қазақстан, 12.07.1998, 4).
Лəппай тутəлə. э т н. Балалардың
күлдіргі ойындарының бірі. Бұл түнде ұзақ
əсем əн де шырқалды. «Орамал тастау»,
«хан жақсы ма», «белбеусоқ», «л ə п п а й т
у т ə л ə» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс
ойналды (М.Əуезов, Таңд. шығ. 1, 345).
ЛƏППАЙЛА е т. «Лəппай», «лəппай»
деп жиі айту. Айтқаныңды л ə п п а й л
а п естіп, аяңшыл аттай бүлкіл қағатын
бейшаралардың дені мұның керегіне
жараған (Р.Отарбаев, Біздің ауыл, 67).
ЛƏППАЙЛАУ Лəппайла етістігінң
қимыл атауы.
ЛƏСТЕК з а т. Матаның бір түрі;
лəстік. Кемпірінің айқара жамылған қызыл
л ə с т е к көрпесі ысырылып аяқ жағында
жатыр (М.Дүйсенов, Меймандар., 148).
ЛƏУЕШКЕ... Л ə у е ш к і н і босағаға
қоя салып, жас жеңге шығып кетеді
(Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 33).
ЛƏУХИ с ы н. ж ер г. Жынды, есерсоқ.
- Əй, л ə у х и! Əкеңнін көз құны қалмаса,
мына балапан ағаштарды неге таптайсың?!
(Қ.Ысқақов, Қараорман, 124). Л ə у х и десе
дегендей, байқұстың бас терісі де келісіп
тұр екен (Бұл да, 125). – Ой сен де л ə у х и
екенсің (Ə.Асқаров, Таңд., 277).
ЛƏУҺІЛ: Лəуһіл мақбоз. д і н. Туғанға
дейін-ақ адамның тағдыры жазылып
қойылған журнал (тақта). Əрбір жан
иесі белгілі бір сағатта өлмек керек. Бұл
л ə у һ і л м а қ б о з д а жазылып қойыл-
ған (Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 135).
ЛƏШІҢКЕ з а т. ж е р г. Қорабы талдан
тоқылған жеңіл арба.
ЛƏШІҢКЕЛІ с ы н. Лəшіңке арбасы
бар, лəшіңке мінген (Ə.Нəбиев, Бейтаныс.,
7).
ЛЕБІЗДЕС с ы н. Пікірлес, əңгімелес;
сырлас. Ол ұлттық мақтанышымызға
айналған аяулы перзенттерімізбен дастар-
хандас, л е б і з д е с болыпты (Лен. жас.,
21.10.1983, 2)
ЛЕГЕШ з а т. Ойынның бір түрі. Біз
асық, л е г е ш ойнап, өзара күресеміз (Жас
алаш, 21.11.1997, 3).
ЛЕГИОНЕР з а т. ə с к. Легион
құрамында болған адам. Қазақстанда
қанша л е г и о н е р қалды? Түгендеген
жоқпыз (Жас алаш, 09.08.2012, 2). Л е г и о н
е р д і ң бəрі 92 жасаған Нұрманов емес қой,
олардың іштегі үмітпен қаншасы өмірден
өтіп кетті (Бұл да).
ЛЕЗГИНКА ... Жастарда би билеуге
болды талап, Сан ару салтанатпен тұрды
қарап. Жөнелді л е з г и н к а н ы дауыл-
399
Байынқол Қалиев
датып, кезекпен барлығы да тамашалап
(И.Байзақов, Құралай сұлу, 152).
ЛЕЗІМДЕ ү с т. с ө й л. Лезде. Ерекше
долы мінезіне мінген боран жер-көкті
шаңдатып, л е з і м д е жетті (Қ.Мұқажанұлы,
Ортеке., 12).
ЛЕЙТЕНАНТТЫҚ з а т. Лейтенант
болғандық, лейтенантқа тəн міндет.
Алғашқыда кіші лейтенант болып, взвод-
ты басқарып, кейіннен аға л е й т е н а н
т т ы қ қ а көтеріліп, ротаны басқарды
(Н.Исабаев, Өмір., 346).
ЛЕК з а т. к ө н е. Жүз мың əскер тобы.
Киіз туырлықты алаш елі екі л е к əскер
шығарды (Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 34).
Тəуке хан тұсында қазақ он л е к қол құрай
алушы еді (Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр
2, 63). Қазақ ордасының əскері далалық
дəстүр бойынша ру-тайпалық құрылымға
жəне ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он
мың), л е к (жүз мың) жүйеге негізделген
(Аңыз адам. 2011, №19, 32).
ЛЕК: лек жалау. з а т. ж е р г. Шүлдік.
Қазіргі кезде ауылды жерде көп тараған
«л е к ж а л а у» ойынының біз кездестірген
бестүрлі атауы бар (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт.
ойын.,). Табиғи денелерді қолданып ой-
найтын ойындар: бестас, л е к ж а л а у,
бақай пісті, жылмаң т.б. (Қаз. мектебі,
1974,№5, 14).
ЛЕКЕРЛЕС Лекерле етістігінен
жасалған ортақ етіс. Профессорға
тұрмысқа шықпай-ақ қойғанымда лаждап,
л е к е р л е с і п күнелтіп, халық қатарына
қосылып та кетер ме едік (Ө.Қанахин,
Құдірет., 290).
ЛЕКЕРЛЕСУ Лекерлес етістігінің
қимыл атауы.
ЛЕКУ Лекі етістігінің қимыл атауы.
ЛЕКІ е т. Желдің соғуы, есуі. Жанға жай-
лы жусан иісі аңқыған бөктер желі л е к і п
қоя берді (Лен. жас. 23.11.1977, 3).
ЛЕКІЛДЕКТІК з а т. Лекілдектеп
қалған, лекілдектеген қасиет. Зұлқарнай
тағы л е к і л д е к т і г і н е басып, елден
бұрын орағыта сөйледі (К.Ахметбеков,
Ақдала,2, 49).
ЛЕНТА: Лента тартып алу. Клуб-
тарда ойналатын ойын. Аралығы 4 м-дей
қашықтықтағы орындыққа 2 адам-
ды отырғызады. Бастаушының белгісі
бойынша орындарынан ытқып тұрып,
қарсыласының орындығын екі рет айна-
лып келіп, орнына отырып, араларында
созылып жатқан лентаны тартып алу
керек. «Лентаны тартып алу» ойынын
команда құрып та ойнауға болады (Ойын-
сауық, 239).
ЛЕПСІ з а т. ж е р г. Тамақтың баспа
ауруы. Тамағының л е п с і с і бар Жаңыл
да сыбырлай сөйлеп, Ақанның қайғысынан
мүлдем жүдеген (С.Жүнісов, Ақан сері,
2, 51). Жаңыл л е п с і с і н емдетемін деп,
Шəмбіл қожадан бармақ басындай алмас
алып, сары майға езіп ішіпті (Бұл да, 184).
ЛЕПІК з а т. ж е р г. Жүректің қатты
соғуы, лүпіл. Жайлауқос пен Мақпал келіп
екі қолтығынан ұстағанда ғана л е п і г і ба-
сылып, сəл икемделді (Т.Тілеуханов, Біздің
əпкелеріміз, 183).
ЛЕПІРМЕЛІК ... Өйткені, поэтикалық,
ақындық асқақтық пен л е п і р м е л і к
т і ң, құрғақ уəдешілдіктің, сыйымсыз
сертшілдіктің арасы аспан мен жердей (Қаз.
əдеб., 05.04.1974, 3).
ЛИКБЕЗ з а т. Сауатсыздықты жою
мектебі. Алғашқы кезде л и к б е з д е р
г е тек еркектер қатысып, əйелдер саны
өте аз болды (Х.Арынбаев, Қаз. халқы.,
290). – Жолдас өкіл, мен л и к б е з д е
оқып хат-мат түртінектеуді үйрендім, -
дейді (Т.Əлімқұлов, Ел мен жер). Л и к б
е з д е оқып, сауатын ашты (Ш.Шалқаров,
Серіккөл., 6).
ЛИКЕ з а т. Сиырдың шап майы. Қазақ
ұзын өріс кең жайлаудан, көк шалғын-
нан айрылған соң, түйеге қом, атқа үйек,
қойға шайыр, сиырға л и к е бітпей, мал-
дан шырай кетіп, мəйектене алмайды
(Ж.Аймауытов, Шығ., 130). Малшылар
үнемі сиырдың не əукесін, не л и к е с і н
байқап семіз арықтығын айырады (Соц.
Қаз. 09.04.1991, 4)
ЛИМАН з а т. Суды жайып жіберіп
суғаруға болатын жер; тегістелген егістік
немесе шабындық жер.
ЛИМАНДА е т. Суды көлтабанға
(лиманға) жайып жіберіп, суға əбден
қанғаннан кейін оны (суды) қайтадан
ағызып жіберу. Республикамызда қой
шаруашылығын онан əрі өркендете беру
үшін жайылымдар мен шабындықтарды
л и м а н д а п суаруды кеңінен қолдануымыз
керек (Қазақст. ауыл шаруаш. 1965, №1, 28).
ЛИМАНДАЛ Лиманда етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Алайда респу-
400
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
бликамыздағы л и м а н д а л ы п суарыла-
тын шабындықтарда агро-техникалық
шаралар мүлдем дерлік жүргізілмейді
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1965, №1, 28).
ЛИМАНДАЛУ Лимандал етістігінің
қимыл атауы.
Достарыңызбен бөлісу: |